Среда , 11 февраля 2026

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады

Кон­сти­ту­ци­я­лық комис­си­яда жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның күшіне ену тәр­тібі талқыланды

Жаңа Кон­сти­ту­ция өтпе­лі кезең­де толық құқы­қтық айқын­ды­лы­қты қам­та­ма­сыз етеді

Кон­сти­ту­ци­я­лық комис­сия мүше­лері қазір­гі Пар­ла­мент­тің өтпе­лі кезең­де­гі өкілет­тік мерзім­дерін талқылады

Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда бар­лық өтпе­лі рәсім­дер, мерзім­дер мен регла­мент­тер нақты жазы­ла­ды – Сне­жан­на Имашева

Мәжіліс депу­та­ты Сне­жан­на Има­ше­ва Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­си­я­ның 11-ші оты­ры­сын­да елде­гі сая­си үрдістің үздіксізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін Қаза­қстан­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы жоба­сын­да бар­лық өтпе­лі ере­же­лер­ді нақты­лап жазу қажет деген пікір білдірді.

Мәжіліс депу­та­ты ең алды­мен жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның тәр­тібі мен күшіне ену мерзім­дерін бір­жақты етіп аны­қтау қажет екенін атап өтті.

«Жоба­да оның ере­же­лері нақты қай сәт­тен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­ның нәти­же­лері ресми жари­я­ланған күн­нен бастап па әлде нақты бел­гі­лен­ген өзге күн­нен бастап па?», — деді ол.

Оның айтуын­ша, сон­дай-ақ өтпе­лі кезең­де­гі қазір­гі мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры­ның мәр­те­бесі тура­лы мәсе­лені рет­теу керек.

Атап айтқан­да, қазір­гі Пар­ла­мент өз өкілет­ті­гін қай сәт­ке дей­ін жүзе­ге асы­ра­ты­нын аны­қтау қажет, Құры­л­тай сай­ла­уы қан­дай мерзім­де және қан­дай тәр­тіп­пен өткізіледі?

«Менің ойым­ша, бұл мәсе­ле­лер­ді заң­на­ма­лық функ­ци­я­ны жүзе­ге асы­ру­дың үздіксізді­гін қам­та­ма­сыз етіп, оның ішін­де Кон­сти­ту­ци­я­ның инсти­ту­ци­о­нал­дық жаңа­шыл­ды­қта­рын іске асы­ру қажет­тілі­гін еске­ре оты­рып қарас­ты­ру керек», — деп атап өтті депутат.

Сне­жан­на Има­ше­ва өтпе­лі ере­же­лер­де Кон­сти­ту­ци­я­лық сот, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы және Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның жаңа құра­мын қалып­та­сты­ру тетік­терін қарас­ты­ру маңы­зды екенін айтты.

Бұған қоса, негіз­гі мем­ле­кет­тік орган­дар­дың лау­а­зым­ды тұлға­ла­рын тағай­ын­дау тәр­тібі де регла­мент­те­уді талап етеді.

«Осы рәсім­дер­ді нақты бекіту құқы­қтық айқын­ды­лы­қты қам­та­ма­сыз ете­ді және инсти­ту­ци­о­нал­дық ауы­су кезеңін­де кон­сти­ту­ци­я­лық орган­дар­дың жоқты­ғы жағ­дай­ын бол­дыр­мауға мүм­кін­дік береді», – деді ол.

Депу­тат­тың айтуын­ша, қазір­гі заң­на­ма­ны қол­да­ну мәсе­лесі ерекше назар ауда­ру­ды талап ете­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сын­да Кон­сти­ту­ция күшіне енген күні қол­да­ны­лып жүр­ген заң­дар мен өзге де нор­ма­тив­тік құқы­қтық актілер күшін сақтай­ды ма және олар қан­дай мерзім­де ере­же­лер­ге сәй­кестен­дірілуі тиіс екенін нақты бел­гілеу қажет деді ол.

«Аталған ере­же­лер­ді бекіту құқы­қтық айқын­ды­лы­қты, мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың жұмыс істе­уін болжа­уды және өтпе­лі кезең­де­гі әрбір орган­ның өкілет­тік­терінің шегін нақты бел­гі­ле­нуін қам­та­ма­сыз ете­ді», – деп қоры­тын­ды­ла­ды Сне­жан­на Имашева.

Республиканский еженедельник онлайн