Четверг , 12 февраля 2026

МҰНАЙШЫНЫҢ МҰҢАЗАСЫ

Киік­бай Әбіл­бай­ұ­лы Меде­уов – бай­ы­рғы мұнай­шы­лар әулеті­нен. Маңғы­ста­удың Түбі­жік қоны­сын­да туған. Өзі де көп­те­ген мұнай-газ меке­ме­лерін басқар­ды. Қазақ елінің әр түп­кірін­де кри­зис-мене­джер маман ретін­де түр­лі мен­шік­те­гі ком­па­ни­я­лар­ды басқарған. Талай қисай­ып бара жатқан кен орын­да­рын иығы­мен тіреп, тікей­тіп жібер­ген толағай-тұлға аза­мат. Көп­тен бері мұнай­дың қазақ ұлты­на, елі­міз­ге бер­ген пай­да-зия­ны жөнін­де сарап­та­ма мақа­ла­лар жазып, жари­я­лап жүр. Ола­рын­да небір күбірт­ке-сау­ал­дарға жау­ап бар. Бірақ оның ішіне үңіліп, түбі­жік­теп түсініп жатқан жан­дар некен-саяқ. Төмен­де­гі өзек­ті мәсе­ле­лер­ді қозғаған жаз­ба­сын да өзінің рұқ­са­ты­мен жари­я­ла­уды дұрыс көрдім.

Бүгін­гі қаза­қтың жүріп келе жатқан жолы төмен­де­гі айты­лғанға келеді.

Біз бай­ғұс соци­а­ли­стік құры­лы­стан нары­ққа өте­міз деп ондаған жыл­дар бойы жинаған бары­мы­здан жұр­дай бол­дық, орнын алма­сты­рар­лық, ертеңі­мізді қам­та­ма­сыз ететін ештеңе тауып енгі­зе алма­дық. Нары­қтық эко­но­ми­ка тала­бы деген желе­умен қоғам­ды бай мен кедей­ге бөл­дік. Әлем­дік тәжіри­бе бой­ын­ша, эко­но­ми­ка­ның қозға­у­шы күші деп таны­ла­тын бел­гілі пай­ы­зда орта тап пай­да болуы тиіс деген тео­рия бар. Осы­ған күш салы­нуы керек еді, ол да болмады.

90-жыл­дар­дың басын­да жеке­ше­лен­ді­ру деп қара халы­қтың маң­дай тері­мен тапқан, жыл­дар бойы ортаға, мем­ле­кет­тік деп жинақтаған бүкіл бай­лы­ғын ат төбелін­дей қолы ұзын арам­дар бөліп алып, мол ақшаға айнал­ды­рып, шет­ке шыға­рып, елден қашып кетті.

Осы күн­дері «Ютуб» арна­сы­нан Дубай­дағы қарақ­шы­лар­дың мил­ли­ард­таған қар­жы тұра­тын дүние-мүлік­терін көр­сетіп жатыр, сол жыл­да­ры елді, тіп­ті біздің облы­сты басқарған­да­ры да бар ара­сын­да, кілең әкім-қара, министрлер.

Тәр­бие мен білім беруді талқан қылып, жік­ке бөліп таста­дық, ең азы бала­бақ­ша, мек­теп­ке дей­ін эли­та­лық және жай деп бөлін­ді, жоға­ры оқу орын­да­ры ақша төлеп оқи­тын, не грант, т.б. деп, білім беру емес, керісін­ше, ақша табу көз­деріне айналдырылды.

Осы күні тек­се­ру бары­сын­да бел­гілі болған­дай, олар да тек ақша жеу көзіне айнал­ды­ры­лған екен. Дай­ын­дап шығарған маман­да­рын, олар­дың сапа­сын көріп жүр­сің­дер. Бар­лық сала осын­дай жазыл­май­тын, әзір ем де қон­бай­тын аса ауыр кесел­ге ұшы­раған. Білім, ден­са­улық, спорт, мәде­ни­ет, т.б., тіп­ті сау сала қалмаған.

НӘН дәуірі қаза­қтың 80–90%-ын, яғни бүгін­гі зей­нет жасы­на жет­кен­дер­ді, соған дей­ін­гілер­ді түгел жеке пікір­сіз, бауы­здап өлтіріп жат­са да тұяқ серіп­пей­тін, қызы­қ­шыл-қызы­л­шыл орта­ның ада­мы­на, қуыр­шақ 7 пар­ти­я­ның тіл­сіз-құлақ­сыз мүрит­теріне, дұры­сы – дүние мен құлқын құл­да­ры­на айнал­ды­рып жібер­ді. Қалған­да­ры түрік-корей сери­ал­да­ры­на, «Қала­у­лым» көр­сетілі­міне, «шегірт­ке­лер» әніне, коуч-әртістер­ге, ту көтеріп ұран­да­у­шы­лар топ­та­ры­на, әсі­ре пат­ри­от­та­ры –Әбі­ля­зов, Біләш сияқты­лар­дың уағы­зда­ры­на, ауыл-үй чат­та­ры­на бай­ланған, оты­рғы­зы­лған. Бұл адам­дар­дың ара­сы­нан тұр­мыс жай­ы­мен, күнел­тіс қамы­м­ен, жан сақтау жолын­да, бала-шаға­сын асы­рау үшін осын­дай қамыт­ты киген­дерін ғана ақтап алуға да болар, ал қалған­да­ры тура­лы не айтуға бола­ды? Немен, қалай түсін­дірерсің? Ертең­гі қаза­қтың жайы, яғни өз ұрпағы­ң­ды ойлай­сың ба? – деп кім сұрай­ды, «әлде Құдай жет­кі­зе ме»? Олар­дың бола­шағы қалай бола­ды? Бұл бағыт­пен, «құлақ кесті құл бола­ды» деген сөзді айтқың, естіп тың­дағың, мой­ын­дағың кел­ме­се де, тап солай бағыт­тап келе жатқа­ны­мы­зға күмән жоқ!

Осы күн­дері (соңғы 30 жыл­да) тәр­бие мен білім­ге жары­май қалған неме­се жұмыс­сыз, бірақ қал­та­сын­да (қалай алса да) қалақтай 2–3 дипло­мы бар жастар «жауын­нан соңғы саңы­ра­уқұлақтай» қап­тап кет­кен. Түр­лі дәстүр­лі діні­міз­ге жат діни ағым­дар­дың, сек­та­лар­дың (сала­фит, гулен­ші, тәңір­ші, деобан­дит), т.б. ықпа­лын­да кету­де. Балақ­сыз дам­бал киіп, жұма­лап мешіт жаға­лап, сақал­да­ры қауға­дай бәле­кет­тер ата-ана­сын да, әули­есін де, ота­нын да мой­ын­да­май кет­кені қаншама?!

Тоқ етері – бұл күр­ме­улі мәсе­ле­лер жеке адам­дар­дың, топ­тар­дың қолы­нан келетін, емде­летін нәр­се емес. Себебі бұл тұтас қоғам­ның ауруы, егер елде­гі «мен арлы, таза қаза­қ­пын» деген­дер­дің саны 5–6 млн бол­са, осы­лар­дың ертең­гі ұрпағы­ның жайы, болашағы.

Қалып­тасқан жағ­дай қан­ша­ма қиын, күр­делі бол­са да, оны рет­те­уші, жөн­де­уші, керекті амал­дар­ды іске асы­ру­шы – дұрыс идео­ло­ги­я­сы бар мем­ле­кет­тік жүйе екені анық. Алды­мен бар­лық сала­да тәр­тіп орна­ты­луы тиіс. Жемқор­лық бат­пағы­нан шығып, көшін түзеп алған елдер әлем тарихын­да баршылық.

Яғни, бәрі де билік­тің қолын­да, әлі де кеш емес деген сөз. Тек ниет болуы керек! Сосын пәр­мен керек!

Идео­ло­гия демек­ші, жоға­ры­да жазы­лған, кете­уі кетіп қалған бұл сала­ны өзгер­ту, жөн­деу билік­тің құзы­рын­дағы шаруа, егер қажет­сін­се. Бұл рет­те Қаза­қстан­ның бола­шағы мен ұлт­тық мүд­де тура­лы әңгі­ме­ге тоқтал­май кете алмаймыз.

Бүгін­гі әлем­дік сахна­да гео­са­я­си текетіре­стер күшей­іп, мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­лық үстем­дік­ке ұмты­лы­сы жаңа дең­гей­ге көтеріл­ген шақта Қаза­қстан осы үдерістер­дің көлең­кесін­де қалып қой­ған­дай әсер қал­ды­ра­ды. Ресей-Укра­и­на соғы­сы, Пале­сти­на-Изра­иль қақты­ғы­сы, Иран­дағы жағ­дай – жаһан­дық шие­леністің әзір­гі көріністері ғана. Ал біз сол дауыл­дың сыр­тын­да бол­сақ та, ішкі тір­шілі­гі­міз осы күр­делі халы­қа­ра­лық жағ­дай­ға тәу­ел­ді күй­де. Ұлт­тық табыс – сыр­тқы ойын­шы­лар­дың қолында.

Бүгін­гі таң­да елі­міздің мем­ле­кет­тік бюд­жеті мен Ұлт­тық қор­дың негіз­гі бөлі­гін шетел­дік инве­стор­лар өндіріп жатқан (Кас­пий теңізі қай­раңы­нан және Теңіз кен орны­нан) көмір­су­тек­тен түсетін қар­жы ұстап тұр. Бірақ сол қазы­на­ла­ры­мы­здың билі­гін кіл­ті­мен қоса біз баяғы­да сол шет­тік­тер­дің қолы­на өзі­міз ұстатқан­быз. Енді оны қай­та­рып алу өте қиын­дап кет­ті, тіп­ті мүм­кін емес десе де болады.

Ал елде­гі мұнай-газ өндірісінің 70 пай­ы­зы шоғыр­ланған Қара­шы­ға­нақ, Теңіз, Қашаған сияқты алып кен орын­да­ры АҚШ, Ита­лия сын­ды дер­жа­ва­лар­дың қол­да­уы­на ие шетел­дік кон­сор­ци­у­м­дар­дың бақы­ла­у­ын­да. Кен орын­дар­да Ақтө­бе мен Қызы­лор­да­да толық, Маңғы­стау мен Аты­ра­уда жар­ты­лай Қытай­дың ықпа­лы орнаған.

2030–2040 жыл­дар біз үшін шешу­ші кезең бол­мақ. Алдағы 10–15 жыл­да аталған үш алып жоба­ның қазір­гі келісім­шар­тта­ры­ның мерзі­мі аяқта­ла­ды. Бұл біз үшін эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­мы­зды түбе­гей­лі өзгер­тетін кезең болмақ.

Сала маман­да­ры әлдеқа­шан ескерт­кен­дей, Қашаған мен Теңіз­де­гі басқа­ру­дың басы­мен кетуі бізді орас­ан үлкен шығын­дарға батыр­ды. Бұл кен орын­да­ры­ның алдағы уақыт­та біз­ге жыл­дап өсіп оты­ра­тын, мол табыс әке­летін­дей жағ­дайы жоқ. Тұта­сы­мен бақы­лау бол­маған­ды­қтан, негіз­сіз қарыз бен шығы­нға батырылған.

Егер жағ­дай өзгеріс­сіз, осы­лай сақта­лып қала­тын бол­са, 2035–2040 жыл­дарға қарай біздің нені экс­порт­тай­ты­ны­мыз бел­гісіз? Ұлт­тық қорға түсетін табысты қай­дан ала­мыз? Кім­нен несие, кім­нен көмек сұраймыз?

Бұл – бүгін­гі билік­тің емес, бола­шақ ұрпақтың тағ­ды­ры­на әсер ететін сауал.

Әлем­де­гі кей­бір елдер біз­ден әлдеқай­да қолай­сыз жағ­дай­лар­мен бас­та­са да, дамып, күрт алға шықты. Қытай – 1,4 млрд халқы бола тұра, ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы нары­қтық эко­но­ми­ка­ны өз бақы­ла­у­ын­да тіз­гін­деп ұстап, мем­ле­кет­тік мүд­дені бірін­ші оры­нға қоя білді.

Жапо­ния – ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын сақтай оты­рып, жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лы эко­но­ми­ка­ны әлем­дік дең­гей­ге жеткізді.

Нор­ве­гия – небәрі 5 млн халқы бар мем­ле­кет, бірақ 30 жыл­да ұлт­тық қорын сау­ат­ты басқа­рып, даму­дың ең жоға­ры саты­сы­на жетті.

Өзбек­стан – соңғы 7–8 жыл­да тиім­ді рефор­ма­лар жаса­уда, енді 10–15 жыл­да эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан үлкен жетістік­тер­ге жете­ді деп болжануда.

Бұл елдер­дің нен­дей кере­меті, арты­қ­шы­лы­ғы бар десек, олар­да – Ұлт­тық идео­ло­гия, бағыт пен мақ­сат­тың аны­қты­ғы, жүй­елі басқа­ру бар.

Қаза­қстанға не жетіспейді?

Біз­де эко­но­ми­ка­лық әле­ует бар, ресур­стар мол, халық еңбекқор. Бірақ бір нәр­се – ұлт­тық идео­ло­гия, мем­ле­кет­тік мүд­денің біры­ңғай тұжы­рым­да­ма­сы әлі күн­ге дей­ін қалыптаспаған.

Ұлт­тық идео­ло­гия ұран неме­се пла­кат емес, ол:

– эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың өзе­гіне айна­ла­тын ұлт­тық мүдде;

– табиғи ресур­стар­ды басқа­ру­дың біры­ңғай моделі;

– білім мен мәде­ни­ет­тің стра­те­ги­я­лық бағыты;

– қоғам­ның өзін-өзі тануы;

– мем­ле­кет қай­да бара­ды деген нақты бағдар.

Онсыз елдің дамуы әр кезең­де әртүр­лі топ­тар­дың еркіне тәу­ел­ді күй­де қала береді.

Өз тағ­ды­ры­мыз үшін кім жау­ап­ты? «Біз­ге кім­нің жаны ашуы керек?» деген сұрақтың жау­а­бы, шын мәнін­де, біреу-ақ:

– өз ресур­ста­ры­мы­зды өзі­міз басқар­ма­сақ – өзге­лер басқарады;

– ұлт­тық идео­ло­гия қалып­та­стыр­ма­сақ, сыр­тқы ықпал күшейе береді;

– қазір әре­кет етпе­сек, 2030–2040 жыл­да­ры кеш қаламыз!

Қаза­қстан­ның бола­шағы сыр­тқы күш­тер­ге емес, ішкі ерік-жігер мен бір мақ­сатқа жұмы­лған ұлт­тық санаға тәуелді.

Қазақ жерін­де­гі мұнай мен газ өндірілетін, «3 кит» деп ата­лып жүр­ген Теңіз, Қашаған және Қара­шы­ға­нақ кен орын­да­рын­дағы бүгін­гі қалып­тасқан жағ­дай жүре­гін­де пат­ри­от­тық сезі­мі бар кез кел­ген қазақ бала­сын, отан­дық маман­дар­ды алаң­да­туы тиіс деп санаймын…

Біз бұлар­дың ара­сы­нан Теңіз кен орнын­да 2025 жыл­дан бастап іске асы­ры­ла бастаған 1 ғана жоба­ның төңіре­гін­де­гі жай­лар­ды мысал ретін­де қарастырдық.

Сонау мұхит­тың ар жағы­нан қаза­қтың қамын, бола­шағын ойлап шетел­дік­тер кел­мей­ді. Мақ­сат­та­ры – осы кен орын­нан мол пай­да табу ғана, ал «біздікілер» есі кетіп, инве­сти­ция тар­ту­да, осы­лар бізді «көк­те­те­ді» деп қоймайды.

Ал жақ­сы, оны­сын да қабыл­да­дық дей­ік, бірақ шетел­дің ком­па­ни­я­сын әспет­теп кір­гізді, енді қар­жы­лық бақы­лау қай­да? Анау Қашаған­да ита­льян­дық «сыған-ком­па­ния» АДЖИП-тің не жасаға­нын көр­дік, енді «Шев­рон­ды» оқып отыр­сы­ң­дар. Еni ГПЗ-ны «мен сал, сен сал­мен» иттар­тқы қыл­дық. Ең берісі – өзі­міз­де­гі ММГ мен КБМ-ге кір­ген мына қытай­лар кел­гелі нені дамыт­ты, қан­дай жаңа тех­но­ло­гия мен «арба» әкел­ді, мысалы?

Ештеңе де жоқ, кел­ген­дер келісім­шар­тта­ры­на сүй­еніп, қаза­қтың бар бай­лы­ғын өздері көк тиын шығар­май-ақ жыл­дар бойы есеп­сіз алу­да. Бақы­лау мен талап­тың жоқты­ғы­нан қолы­нан кел­генін жасап та жатыр, одан бөлек өзі­міздің шене­унік­тер ара­сын­да сатқын­дық көп, яғни ел мүд­десін сату.

Теңіз – әлем­де­гі ең ірі мұнай-газ кен орын­да­ры­ның бірі. Келісім шарт мерзі­мінің аяқта­луы­на дей­ін қалған 6 жыл ішін­де инве­стор­лар мұнай өнді­ру көле­мін ұлғай­ту үшін барын салу­да. Бола­шақ кеңей­ту жоба­сы (ПБР) мен сква­жи­на аузын­дағы қысым­ды басқа­ру жоба­сы (ПУУД) тек осы мақ­сат­та ғана іске асы­ры­лып жатқа­нын маман­дар ғана жақ­сы түсі­неді. Жоба­ны жос­пар­лау, жоба­лау, басқа­ру және бақы­лау дең­гей­ін­де қан­ша­ма қате­лер, сәй­кес­сіздік­тер, жүй­елі кем­шілік­тер­дің көп­ті­гі көз­ге ұрып тұр. Жоба баға­сы­ның 24 млрд дол­лар­дан 48 млрд дол­ларға дей­ін өсуі, іске қосы­лу мерзі­мінің бір­не­ше жылға созы­луы әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық тәу­е­кел­дер­дің артуы­на алып кел­ді. Жоба­лау кезеңін­де­гі қате­лер және баға­ны жасан­ды өсі­ру, жоба­лау мен жұмысты бір қолға беру Жоба­ның жал­пы құнын жасан­ды түр­де көбей­ту­ге әкел­ген. Инже­нер­лік шешім­дер­дің құры­лыс кезін­де қай­та жасақта­луы, тех­ни­ка­лық талап­тар­дың әлде­не­ше рет өзгер­тілуі бүкіл про­це­сті тұрақ­сыз еткен. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау жет­кіліксіз болған, тәу­е­кел­дер дұрыс баға­лан­баған, мер­ді­гер­лер­дің жұмысы­на бақы­лау өте әлсіз болған. Тіз­бек­те­гі орын­да­у­шы­лар жүй­есінің әдейі көбей­тілуі жау­ап­кер­шілік­ті де бөл­шек­теп жібер­ген. Қай­та жоба­лау көбей­ген, логи­сти­ка өзгер­ген, модуль­дік құры­лы­сқа өту арқы­лы шығын­дар­ды жасан­ды өсіріп, келісім­шарт құнын арт­ты­рған. Қым­бат жаб­дық, кешік­кен жет­кізілім­дер, ақа­у­лар, артық төлем­дер орын алған. Қар­жы­лық аудит­тің жүй­есізді­гі және есеп­тілік­тің бірізді бол­мауы басқа­ру­шы­лық шешім­дер сапа­сын төмендетті.

Бұл күн­дері ТШО жылы­на 9 млрд м³ газ өндіру­де, оның 2−2,5 млрд м³ зауыт­тың өз мұқта­жы­на кете­ді. Нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­каға беріліп тұрған газ көле­мі 6 млрд м³ қана, ол бола­шақта мұнай өндірудің дең­гей­ін ұстап тұра­мыз деген желе­умен қабатқа көбірек айда­лып, тағы да төмен­де­уі мүм­кін. Мұн­дай жағ­дай­да Қаза­қстан­да ішкі газ тап­шы­лы­ғы өседі. Газ импор­ты өсіп, ком­му­нал­дық тариф­тер көтеріліп, қым­бат­шы­лық пай­да болмақ.

Келісім­шар­ттың мерзі­мі аяқта­луға жақын­даған сай­ын, инве­стор­лар мұнай өндіруді жедел арт­ты­руға тыры­су­да. Chevron үшін жоба­ның өзін ақтау баға­сы шама­мен мұнай­дың сату баға­сы бар­реліне $150 дол­лар­дан кем бол­маған­да ғана мүм­кін, алай­да бүгін Жоба шығы­н­мен жұмыс істеп тұр деп баға­ла­нып, ол шығын жал­пы өнім есебі­нен жабы­лу­да. Сон­ды­қтан да инве­стор­лар келісім­шар­тты ұзар­туға барын­ша мүд­делі, бұл елі­міз үшін стра­те­ги­я­лық тәу­е­кел де, мүм­кін­дік­тер де тудырады.

Бұл Жоба­ны іске асы­ру Қаза­қстан­дағы жос­пар­лау, инже­нер­лік дай­ын­дық, мер­ді­гер­лер­ді басқа­ру, қар­жы­лық бақы­лау, кадр сая­са­ты, логи­сти­ка, кор­по­ра­тив­тік басқа­ру сияқты бар­лық негіз­гі дең­гей­лер­де жүй­елік про­бле­ма­лар­дың бар­лы­ғын ашып көрсетті.

Теңіз кен орнын­дағы мұнай өні­мін ұлғай­ту деген атпен іске асы­ры­лу үстін­де­гі жоба­да (ПБР / ПУУД) (Қашаған мен Қара­шы­ға­нақ жоба­ла­ры­ның жағ­дайы да осы шама­лас екенін еске­ре оты­рып), өте­лу­ге жатқы­зы­лған шығын­дар­дың негіз­сіз өсірілуі, жоба­дағы өрес­кел ауы­тқу­лар және қар­жы­лық бақы­ла­удың дұрыс бол­мауы орын алға­нын көр­се­те­ді. Инве­стор­лар­дың мұнай өндіруді барын­ша жедел­де­ту­ге тыры­суы ішкі газ тап­шы­лы­ғы­ның ұлға­юы­на және ұлт­тық мүд­де­міздің шек­те­луіне әке­лу қау­пін арттырады.

Мәсе­ле­лер­дің маңы­зды­лы­ғын еске­ре оты­рып, осы үш жоба бой­ын­ша тәу­ел­сіз аудит жүр­гі­зу, мұнай мен газ ресур­ста­рын пай­да­ла­ну тәр­тібін қай­та қарау және келісім­шар­ттар­ды мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сы­нан Пар­ла­мент­те қарап, баға беру қажет деп есептейміз!

Айт-Ман НҰРЖАН

Республиканский еженедельник онлайн