Пятница , 13 февраля 2026

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алқа отырысы өтті.

Шараға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің, Үкі­мет Аппа­ра­ты­ның, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың, өңір­лер әкім­дік­терінің, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың өкіл­дері, сон­дай-ақ Қоғам­дық кеңес мүше­лері мен ведом­ствоға қарас­ты ұйым­дар­дың өкіл­дері қаты­сты.

▪️ Оты­рыс бары­сын­да Мини­стр­лік­тің 2025 жылғы қыз­метінің қоры­тын­ды­ла­ры және алдағы кезең­ге арналған жос­пар­ла­ры қарал­ды.

💬 Алқа оты­ры­сын ашқан Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрі Ерсай­ын Нағас­па­ев Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да және Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да Мини­стр­лік алды­на бірқа­тар нақты мін­дет­тер қой­ы­лға­нын атап өтті.

«2025 жыл­дың қоры­тын­ды­ла­ры өнер­кәсіп пен құры­лыс сала­сы­ның жаңа даму кезеңіне қадам басқа­нын дәлел­дей­ді. Өндірістің өсуі, тұрғын үйдің рекорд­тық көлем­де пай­да­ла­нуға берілуі, жаңа инве­сти­ци­я­лық жоба­лар және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну сала­сын­дағы рефор­ма­лар – бұл әрі қарай сапа­лы сер­піліс жаса­уға негіз бола­тын берік ірге­тас», — деп атап өтті Ерсай­ын Нағаспаев.

🏭Өңдеу өнер­кәсібін­де­гі өсім

📊 Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрінің мәлі­метін­ше, 2025 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша өңдеу өнер­кәсібін­де­гі өндіріс көле­мінің өсі­мі 6,4%-ға жет­ті.

▪️ Оң дина­ми­ка метал­лур­гия (1,2%-ға), маши­на жасау (12,9%-ға), химия өнер­кәсібі (9,8%-ға), құры­лыс мате­ри­ал­да­ры өндірісі (9,7%-ға), резең­ке және пласт­мас­са бұй­ым­да­ры өндірісі (7,6%-ға) және басқа да сала­лар­дағы өсім есебі­нен қам­та­ма­сыз етіл­ді.

▪️ Жал­пы сома­сы шама­мен 1,5 трлн тең­гені құрай­тын 190 жоба пай­да­ла­нуға беріліп, 22 мың­нан астам тұрақты жұмыс орны құрыл­ды.

 Қаза­қстан­дық тау­ар өндіру­шілер­дің тізілі­мі іске қосы­лып, жүй­е­де 800-ден астам ком­па­ния тір­кел­ді.

 Үш жаңа арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақ («Ақтө­бе», «Аты­рау» және «Қорқыт Ата» АЭА) құры­лып, ірі жоба­лар бой­ын­ша 13 инве­сти­ци­я­лық келісім­ге қол қойылды.

🏗 Құры­лы­стағы рекорд­тық көр­сет­кі­ш­тер

💬 Ерсай­ын Нағас­па­ев атап өткен­дей, құры­лыс сала­сын­да да оң нәти­же­лер­ге қол жет­кізіл­ді.

📊 Жос­пар­ланған 19,2 млн шар­шы метр­дің орны­на 20,1 млн шар­шы метр тұрғын үй пай­да­ла­нуға беріл­ді, бұл 185 мың­нан астам тұрғын үйді құрай­ды (НКИ – 105,1%). Бұл көр­сет­кіш алды­ңғы кезең дең­гей­і­нен асып, жаңа рекорд орна­тыл­ды.

 Сон­дай-ақ сала­ның тұрақты дамуы­на негіз бола­тын жаңа Құры­лыс кодексі қабылданды.

🔹Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну сала­сын­дағы рефор­ма­лар

💬 Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрінің ақпа­ра­ты­на сәй­кес, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну сала­сын рет­тей­тін Жер қой­на­уы тура­лы кодек­с­ке өзгерістер енгізіл­ді. Құжат аясын­да елдің мине­рал­дық-шикі­зат база­сын толы­қты­руға және орны­қты дамы­туға бағыт­талған заң­на­ма­лық және инсти­ту­ци­о­нал­дық рефор­ма­лар іске асы­рыл­ды.

 Мем­ле­кет­тік есеп­ке Көк-Жон, Алтын-Шоқы, Самомбет, Сту­дент­тік және Тақыр-Қал­жыр­ды қоса алған­да 17 жаңа кен орны қабыл­дан­ды.

▪️ Ағым­дағы жылы жаңа буын­ның 1:50 000 мас­шта­б­тағы егжей-тег­жей­лі кар­та­ла­рын жасау шең­берін­де ел аумағы­ның 100 мың шар­шы шақы­ры­мы зерт­те­леді, кей­ін­нен бұл көлем жыл сай­ын 30 мың шар­шы шақы­ры­мға ұлғай­ты­ла­тын бола­ды. Кар­таға түсі­ру жұмыста­рын жүр­гізу­ге қой­ы­ла­тын жаңа талап­тар бекітіліп, 20 жоба­лық-сме­та­лық құжат­та­ма әзірленді.

💻 Цифр­лан­ды­ру

💬 Ерсай­ын Нағас­па­ев­тың айтуын­ша, қазір­гі уақыт­та Қаза­қстан­да Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­дың біры­ңғай плат­фор­ма­сы жұмыс істей­ді. Онда 22 мем­ле­кет­тік қыз­мет қол­жетім­ді, элек­трон­дық аук­ци­он­дар және қол қою бону­сын онлайн төлеу жүй­есі іске асы­ры­лған. Жал­пы 700-ден астам лицен­зия беріл­ген. Шама­мен 4,6 млн гео­ло­ги­я­лық есеп цифрландырылды.

Республиканский еженедельник онлайн