Четверг , 26 февраля 2026

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

ҚР ПІБ Пре­зи­дент­тік орта­лы­ғын­да «Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма: ген­дер­лік сая­сат пен отба­сы­лық құн­ды­лы­қтарға жаңа көзқа­рас­тар» тақы­ры­бын­да халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция өтті.

Іс-шараға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тінің депу­тат­та­ры, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың өкіл­дері, үкі­мет­тік емес ұйым­дар, халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар, ғалым­дар, сон­дай-ақ жоға­ры оқу орын­да­ры­ның сту­дент­тері, маги­странт­та­ры мен док­то­рант­та­ры қата­ры­нан бар­лы­ғы 60 адам қатысты.

Кон­фе­рен­ци­я­ның мақ­са­ты – кон­сти­ту­ци­я­лық жаңғыр­ту жағ­дай­ын­да ген­дер­лік сая­сат­тың негіз­гі бағыт­та­ры мен отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды нығай­ту мәсе­ле­лерін талқы­лау үшін сая­си диа­лог­ты, ака­де­ми­я­лық сарап­та­ма­ны және аза­мат­тық қаты­су­ды бірік­тіретін маңы­зды ұлт­тық алаңға айналу.

««Бүгін­де елі­міз ауқым­ды кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ның табал­ды­ры­ғын­да тұр. Оның маңы­зды кезең­дерінің бірі – ағым­дағы жыл­дың 15 науры­зы­на бел­гі­лен­ген рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум. Мем­ле­кет бас­шы­сы 10 ақпан­да өткен Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да сөй­ле­ген сөзін­де: «Ұсы­ны­лып оты­рған өзгерістер мем­ле­кеті­міздің кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­дерін түбе­гей­лі қай­та жаңғыр­ту қажет­ті­гін күн тәр­тібіне қояды. Негізі­нен, сөз мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың жаңа жүй­есін құру тура­лы болып отыр», – деп атап өтті. Елі­міздің жаңа Негіз­гі заңы жоба­сы аясын­да қарас­ты­ры­лып оты­рған маңы­зды мәсе­ле­лер­дің бірі – ген­дер­лік және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат. Соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да ген­дер­лік теңдік­ті нығай­ту және әйел­дер­ге қаты­сты кем­сіту­шілік­ті жою бағы­тын­да бірқа­тар жүй­елі әрі прак­ти­ка­лық шара­лар қабыл­дан­ды. Қаза­қстан­да қоғам­дық ұйым­дар­дың дамы­ған желісі қалып­тасқан. Атап айтқан­да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­сия, Қаза­қстан­дағы «БҰҰ-Әйел­дер» құры­лы­мы, Қаза­қстан іскер әйел­дер қауым­да­сты­ғы және басқа да ұйым­дар бел­сен­ді жұмыс жүр­гі­зу­де. Біздің Халы­қа­ра­лық әйел­дер күні – 8 наурыз қар­саңын­да бас қосуы­мы­здың өзін­дік терең сим­вол­дық мәні бар. Бұл күн ген­дер­лік қаты­на­стар сала­сын­да бір ғасыр­дан астам уақыт бұрын орын алған шынайы сер­пілісті біл­діреді. Қазір­гі Қаза­қстан жағ­дай­ын­да да біз ген­дер­лік және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат­ты жетіл­ді­ру бағы­тын­да нақты әрі тиім­ді қадам­дар жаса­уы­мыз қажет», – деп атап өтті өз сөзін­де ҚР Пре­зи­дент­тік орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры Бақыт­жан Темірболат.

«Бүгін­гі таң­да ген­дер­лік теңдік инклю­зив­ті және орны­қты даму­дың негіз­гі эле­мен­ті болып қала береді. Сая­си кон­текстің өзге­руі, демо­гра­фи­я­лық үдерістер мен кли­мат­тың өзге­руі жаңа шын­ды­қтар­ды қалып­та­сты­рып, бір жағы­нан мүм­кін­дік­тер ашса, екін­ші жағы­нан сақта­лып оты­рған теңсіздік­тер­ді айқын­дай түсу­де. Осын­дай жағ­дай­да кон­сти­ту­ци­я­лық жаңғыр­ту негіз­гі құқы­қтар­ды рас­та­уға, инсти­ту­ци­о­нал­дық кепіл­дік­тер­ді нығай­туға және ген­дер­лік теңдік­тің ұлт­тық даму басым­ды­қта­ры­ның ажы­ра­мас бөлі­гі болып қалуын қам­та­ма­сыз ету­ге маңы­зды сер­пін береді. Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма мем­ле­кет­тік басқа­ру мен құқы­қтық жүй­е­лер­де кепіл­дік­тер­ді күшей­тудің құқы­қтық негізін қалып­та­сты­ра­ды», – деді БҰҰ-ның Әйел­дер құры­лы­мы­ның Орта­лық Азия бой­ын­ша үйле­сті­ру кең­сесінің бас­шы­сы, Қаза­қстан­дағы БҰҰ-ның Әйел­дер құры­лы­мы­ның елдік өкіл­ді­гінің өкілі Гюр­эс Дже­рен Гювен.

Оты­рыс бары­сын­да тең құқы­қтар мен мүм­кін­дік­тер­ді қам­та­ма­сыз ету­ге, отба­сы, ана мен бала­ны қорға­уға бағыт­талған жаңар­ты­лған кон­сти­ту­ци­я­лық тәсіл­дер­ге тал­дау жасал­ды. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың, сарап­та­ма­лық қауым­да­стық пен халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың өкіл­дері озық тәжіри­бе­лер­мен, зерт­те­улер­мен және деректер­мен алма­сып, пікір­та­ла­сты жаңа иде­я­лар мен көзқа­рас­тар­мен байытты.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Нұр­гүл Таудың пікірін­ше, кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма – бұл заң мәтінін өзгер­ту ғана емес, халы­қтың өмір сүру фило­со­фи­я­сын және мем­ле­кет пен аза­мат ара­сын­дағы жаңа қоғам­дық келісім­ді айқын­дай­тын үдеріс. Қазір­гі ген­дер­лік сая­сат пен отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар тақы­ры­бы – сырт­тан енген үрдіс емес, тари­хи тәжіри­бе­міз­бен үндес бағыт.

«Соңғы жыл­да­ры қаза­қстан­дық қоғам ауқым­ды өзгерістер­ді бастан өтке­ру­де: цифр­лан­ды­ру, еңбек нары­ғы­ның транс­фор­ма­ци­я­сы, урба­ни­за­ция, жастар­дың дүни­е­та­ны­мы­ның жаңа­руы. Осын­дай жағ­дай­да отба­сы инсти­ту­ты­ның рөлі мен оны нығай­ту­дың маңы­зы арта түсу­де. Әлем­дік тәжіри­бе көр­сет­кен­дей, әйел­дер­дің сая­сат пен эко­но­ми­каға қаты­суы артқан сай­ын әле­умет­тік сая­сат­тың сапа­сы да жоға­ры­лай­ды. Қазақ қоға­мын­да әйел әрдай­ым маңы­зды рөл атқарған – ол тек отба­сы­ның ұйы­тқы­сы ғана емес, ел тағ­ды­ры­на жау­ап­ты тұлға. Сон­ды­қтан ген­дер­лік сая­сат­ты ұлт­тық дәстүр­лер­ге қар­сы құбы­лыс ретін­де емес, қазақ мәде­ни­етінің зама­на­уи жалға­сы ретін­де қарас­ты­ру қажет», – деді депутат.

Өз кезе­гін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­си­я­ның мүше­сі, «Цифр­лық транс­фор­ма­ция» қоғам­дық қоры­ның негізін қала­у­шы Ази­за Шужeе­ва Кон­сти­ту­ци­я­ның жаңа редак­ци­я­сын­да аза­мат­тар­дың дер­бес деректерін қорғау, цифр­лық орта­дағы жеке өмір­ге қол сұқ­па­у­шы­лық, хат-хабар алма­су және банк құпи­я­сын сақтау құқы­қта­ры тіке­лей бекітіл­генін атап өтті. Осы­лай­ша, аталған кепіл­дік­тер заң нор­ма­сы ғана емес, кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бе­ге ие болды.

Соны­мен қатар, дөң­ге­лек үстел аясын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­тат­та­ры Ека­те­ри­на Смо­ля­ко­ва, жур­на­лист, теле­жүр­гі­зу­ші, редак­тор және про­дю­сер, Қаза­қстан тарихы­на арналған теле­бағ­дар­ла­ма­лар мен деректі фильм­дер­дің авто­ры Майя Бек­ба­е­ва, Аста­на қала­сы про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Мем­ле­кет­тік айып­та­уды қол­да­ну және апел­ля­ци­я­лық саты­ға қаты­су басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Айжан Аймаға­но­ва, Дене шыны­қты­ру және бұқа­ра­лық спорт ака­де­ми­я­сы­ның (APEMS) рек­то­ры Тұр­сын­за­да Қуанға­ли­е­ва, «Ата­ме­кен» кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның Аста­на қала­сы бой­ын­ша Іскер әйел­дер ара­лық кеңесінің төраға­сы, Аста­на қала­сы әкім­ді­гі жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі комис­сия мүше­сі, «Eligai» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің пре­зи­ден­ті Сания Ирса­ли­е­ва, Қаза­қстан іскер әйел­дер қауым­да­сты­ғы­ның мүше­сі, «PANA» жоба­сы­ның жетек­шісі, Әйел­дер күш­тері аль­ян­сы­ның басқар­ма мүше­сі Лари­са Ли, Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл­дің Аста­на қала­сы бой­ын­ша өкілі Баян Жал­маған­бе­то­ва сөз сөйледі.

Кон­фе­рен­ция қоры­тындысы бой­ын­ша қаты­су­шы­лар ген­дер­лік сая­сат­ты дамы­ту­дың басым бағыт­та­рын айқын­дап, зама­на­уи әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық және мәде­ни өзгерістер жағ­дай­ын­да отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды нығай­ту­дың маңы­зды­лы­ғын атап өтті. Бұл бағыт­тар инклю­зив­ті және орны­қты қоғам қалып­та­сты­руға негізделген.

Республиканский еженедельник онлайн