Вторник , 3 марта 2026

ТОПТАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ТОКАРЬ ҚЫЗ

4‑курс сту­ден­ті ірі ком­па­ни­яда жұмыс істеп жүр

Әйел­дер бұрын­нан-ақ едәуір физи­ка­лық күшті талап ететін «еркек­тік» жұмыс­шы маман­ды­қтар­ды мең­геріп келеді. Бірақ С. Мұқа­шев атын­дағы Аты­рау поли­тех­ни­ка­лық жоға­ры кол­ле­джінің 4‑курс сту­ден­ті Рай­хан Жұма­бай­қы­зын көр­ген­де, оны токар­лық ста­н­ок­тың алдын­да еле­сте­ту қиын сияқты. Алай­да бола­шақ токарь өз таң­да­уы­на сенім­ді. Бүгін­де ол AtyrauOil Service ком­па­ни­я­сын­да цифр­лық басқа­руы бар ста­н­ок­тар­дың опе­ра­то­ры болып жұмыс істеп, мұнай сала­сын­да қол­да­ны­ла­тын маши­на­лық жаб­ды­қтар­дың бөл­шек­терін дай­ын­дап жүр.

Жер­гілік­ті әріп­тесі­міз Жанат Шаях­ме­то­ваның айтуын­ша, жалғыз қызда­ры­ның бұл шеші­мін ата-ана­сы қол­даған. Әсіре­се мұнай­шы әкесі қар­ша­дай қызға үлгі болып келеді.

Жал­пы, Рай­хан бала кезі­нен мұнай сала­сын­да жұмыс істе­гісі келіп, әрқа­шан бар­лы­ғын­да үздік болуға ұмты­лған. Маман­дық таң­дай­тын уақыт кел­ген­де, ол тех­ни­ка-меха­ник болу­ды жөн көріп­ті. Көп­шілік оның шеші­міне таңғалған­мен, қыз бұл «ерлер­ге тән» жол­дан жасқан­бай өте білді.

Меха­ни­каға қызы­ғу­шы­лы­ғы Рай­хан Жұма­бай­қы­зын Аты­рау поли­тех­ни­ка­лық кол­ле­джіне алып кел­ді. Онда ол қабілет­ті, мақ­сат­кер сту­дент ретін­де тез таны­лған. Әсіре­се оның қызы­ғу­шы­лы­ғын оқы­ту­шы­ла­ры­ның токар­лық іс бой­ын­ша сабақта­ры арт­ты­ра түсті.

Талап­шыл қыз оқу бары­сын­да бір­не­ше рет өз таң­да­уы­ның дұрыс екенін дәлел­деді. Ол облы­стық WorldSkills кәсі­би шебер­лік чем­пи­о­на­ты­ның «ЧПУ ста­н­ок­та­рын­да токар­лық жұмыс» құзы­рет­тілі­гі бой­ын­ша жігіт­тер­мен қатар жары­сып, 2‑орынды иелен­ді. Соны­мен қатар «Дарын­ды бала­лар» рес­пуб­ли­ка­лық бай­қа­уы­ның жеңімпазы.

Бүгін­де Рай­хан «Маши­на­лар мен жаб­ды­қтар­ды пай­да­ла­ну» маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алу үстін­де. Оның жұмыс­шы білік­тілі­гі – ЧПУ опе­ра­то­ры. Нақты айтқан­да, жоға­ры білік­ті маман. Оның мін­детіне фре­зер­лік, токар­лық, бұрғы­лау, тегістеу, кесу құрал-жаб­ды­қта­ры­мен (көбіне металл­дан) бөл­шек­тер жасау, сон­дай-ақ бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету арқы­лы басқа­ры­ла­тын ста­н­ок­тар­ды жүр­гі­зу кіреді.

Осы­лай­ша ерін­бей еңбек ету­ден қашпай­тын Рай­хан кол­ле­дж­ді аяқтаған соң орта буын тех­ник-меха­ник дипло­мын алып шыға­ды. Онда ол алды­мен меха­ни­ка­лық ста­нок­пен жұмыс істе­уді мең­гер­ген. Одан кей­ін зама­на­уи сан­дық бағ­дар­ла­ма­мен басқа­ры­ла­тын ста­н­ок­тар­ды оқып-үйре­ну­ге көшті. Бұл рет­те кол­ледж база­сын­да DMG MORI токар­лық ста­н­ок­та­ры­мен жаб­ды­қталған токар­лық іс бой­ын­ша құзы­рет­тілік орта­лы­ғы құры­лған еді. Чер­тёж­дер­ге сәй­кес бағ­дар­ла­ма жазы­ла­ды да ком­пью­тер ол ақпа­рат­ты өңдеп, ста­н­ок­ты іске қоса­ды. Ал опе­ра­тор жұмысты бақы­лап отырады.

Бұрын токарь­лар меха­ни­ка­лық жұмыстың бар­лы­ғын қол­мен атқар­са, қазір жап­пай цифр­лық ста­н­ок­тар іске қосы­лған. Сту­дент­тер тек бағ­дар­ла­ма­лар­мен жұмыс істей­ді, сыз­ба­лар жасай­ды және т.б.

– Біз бағ­дар­ла­ма­ны, сыз­ба­лар­ды жоба­ла­уды, ста­н­ок­ты бап­та­уды, бөл­шек­тер жаса­уды толық мең­гер­дік. 3D-модель­деу бағ­дар­ла­ма­сын оқып жатыр­мыз. Сүй­ік­ті іс бол­са, оқу қиын емес. Маған сапа­лы білім бер­ген оқы­ту­шы­ла­ры­ма, кура­тор­ла­ры­ма риза­мын, – дей­ді Рай­хан Жұмабайқызы.

Кол­ле­дж­де­гі ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар жөнін­де­гі дирек­тор­дың орын­ба­са­ры Нұр­лы Нұр­жан­ның айтуын­ша, Рай­хан топ­тағы токарь маман­ды­ғын таң­даған жалғыз қыз екен. Үздік оқи­ды, қызыл дипло­мға ұмты­лыс бар.

– 3‑курстан бастап ол 12 сту­дент­тің қата­рын­да кол­ле­дж­дің әле­умет­тік серік­тесі – AtyrauOil Service ком­па­ни­я­сын­да өндірістік тәжіри­бе­ден өтті және жақ­сы нәти­же көр­сет­ті. Тәжіри­бе­ден кей­ін ком­па­ния Рай­ханды және тағы 4 сту­дент­ті алғыс хат­тар­мен мара­пат­тап, жұмысқа шақыр­ды. Қазір Рай­хан дуаль­ды оқы­ту жүй­есі аясын­да осы ком­па­ни­яда жұмыс істей­ді. Ол меха­ни­ка­лық цех­та ЧПУ опе­ра­то­ры болып еңбек ете­ді, жаб­ды­қтар­ды жинай­ды, мон­таж, демон­таж жасай­ды, мұнай сала­сы­на қажет металл бөл­шек­терін ста­н­ок­та дай­ын­дай­ды, – дей­ді Нұр­лы Нұржан.

Осы­лай­ша, аты­ра­улық сту­дент Рай­хан Жұма­бай­қы­зы «токарь маман­ды­ғы тек ерлер­ге тән» деген ескі сте­рео­тип­ті бұзып жүр. Өндірі­сте ол зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды ынта­мен мең­геріп, тәжіри­белі шебер­лер­ден үйреніп, өз кәсі­би жолын­да нық қадам жасап келеді. Өзінің айтуын­ша, бар мақ­са­ты тек токарь болу ғана емес, бұл маман­ды­қта әйел­дер де табысты еңбек ете ала­ты­нын дәлел­деу екен. Осы­лай­ша өзге де қыздар­ды тех­ни­ка­лық және жұмыс­шы маман­ды­қтар­ды таң­да­удан қоры­қ­па­уға шабыт­тан­ды­рғы­сы келеді.

Айта кет­сек, С. Мұқа­шев атын­дағы Аты­рау поли­тех­ни­ка­лық жоға­ры кол­ле­джі кәсі­по­рын­дар­дың сұра­ны­сы­мен талай токарь, ЧПУ опе­ра­то­рын дай­ын­даған. Бұл маман­дық түлек­тері «Аты­ра­у­неф­те­маш», «Ембі­мұ­най­газ», «Жігер­мұ­най­сер­вис», АНПЗ, «Қазтур­бо­ре­монт» және басқа да кәсі­по­рын­дар­да жұмыс істеп жүр. Ал 2023 жылғы 3 түлек қазір Татар­стан­дағы «Тат­нефть» ком­па­ни­я­сын­да ЧПУ операторы.

Республиканский еженедельник онлайн