Вторник , 3 марта 2026

Ирандағы қандастарды елге тартудың маңызы

Бел­гілі қоғам бел­сен­дісі, «Оңтүстік­тен – Сол­түстік­ке» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сын қол­дап, оны іс жүзін­де жүзе­ге асы­рып жүр­ген елжан­ды аза­мат Бура­хан Дақа­нов Иран­дағы қазақ диас­по­рас­ы­ның тағ­ды­ры­на алаң­да­у­шы­лық біл­дір­ді. Біз­ге бер­ген сұх­ба­тын­да ол соғыс өрті тұтанған Иран елін­де­гі қан­дастар­ды тари­хи Ота­ны­на қай­та­ру мәсе­лесін көтеріп, нақты ұсы­ныс айтты.

Бура­хан Дақа­но­втың айтуын­ша, Иран­ның Гор­ган, Күм­бет, Түр­кі­мен-Бен­дер қала­ла­рын қоса алған­да, шама­мен 6–7 мың қазақ отба­сы тұра­ды. Олар­дың 98 пай­ы­зы – Кіші жүздің өкілдері.

«Жал­пы, Иран­дағы қаза­қтар елге кел­гісі келеді. Өмірі қар көр­ме­се де, Сол­түстік­тің суы­ғы­на да шыдай­мыз дей­ді. Бірақ өкініш­ке қарай, олар­дың құжат­та­рын­да ұлты «қазақ» деген аны­қта­ма жоқ. Сол бір тілім қағаз болған­да, Қаза­қстанға бір жыл­да кемін­де 500 отба­сын көшіріп алуға болар еді. Әттең», – дей­ді ол.

Қоғам бел­сен­дісі бұл мәсе­ленің жүй­елі сипат алға­нын айта­ды. Жыл сай­ын Қаза­қстан­ның Иран­дағы елшілі­гі диас­по­ра­мен түр­лі іс-шара­лар өткіз­генін баян­дап, орта­лы­ққа есеп береді. Диас­по­ра­ның барын ресми түр­де мой­ын­дай­ды. Алай­да елге оралғы­сы кел­ген қаза­қтар «ұлты­мыз қазақ» деген аны­қта­ма сұраған­да, ондай құжат берілмейді.

Бура­хан Дақа­но­втың өзі – Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да шет­тен кел­ген этни­ка­лық қаза­қтарға қан­дас мәр­те­бесін беретін ресми комис­сия мүше­сі. Оның айтуын­ша, комис­сия өтіні­ш­тер­ді тек құжат­тағы «ұлты – қазақ» деген жаз­баға сүй­ене оты­рып қарай­ды. Соңғы бір жыл ішін­де облы­сқа өтініш бер­ген жүз­де­ген ада­мға қан­дас мәр­те­бесі беріл­ген. Алай­да Пәкістан­дағы, Ауған­станға депор­та­ци­я­ланған 300 қаза­ққа және Иран­дағы ағай­ы­нға дәл осы ұлт­ты рас­тай­тын құжат­ты алу қиы­нға соғып отыр.

Осы­ған бай­ла­ны­сты қоғам бел­сен­дісі батыл ұсы­ныс таста­ды. Ол – шетел­де­гі қаза­қтар­ды аны­қта­уда рулық-шежірелік жүй­ені қол­да­ну мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру. Оның пікірін­ше, шет елде­гі қаза­қтар өз руын, ата-тегін, шежіресін жақ­сы біледі. Егер әр елде­гі қазақ диас­по­ра­ла­ры­на арнайы шежі­ре жинақтау тап­сы­ры­лып, ол деректер Қаза­қстан­дағы тари­хи мәлі­мет­тер­мен салы­сты­рыл­са, этни­ка­лық тиесілік­ті айқын­да­удың бір жолы табы­лар еді.

«Зама­нын­да Изра­иль әлем­нің түк­пір-түк­пірін­де­гі еврей­лер­ді осын­дай тари­хи-гене­а­ло­ги­я­лық тәсіл­дер арқы­лы жина­ды. Неге біз­ге де соны қарас­тыр­масқа? Егер арнайы комис­сия құры­лып, шежірелік деректер­ді ресми негіз­де қарап, соның шеші­мі­мен қан­дас мәр­те­бесін беру теті­гі енгізіл­се, бұл мәсе­ленің бір шеші­мі болар еді», – дей­ді Бура­хан Дақанов.

Әрине, бұл ұсы­ныс қоғам ішін­де түр­лі пікір туын­да­туы мүм­кін. Бірі оны ұлт­тық мүд­де тұрғы­сы­нан қол­да­са, енді бірінің құқы­қтық және құжат­тық талап­тар­дың сақта­луын алға тар­та­ры анық. Деген­мен шетел­де­гі қазақ диас­по­рас­ы­ның тағ­ды­ры, әсіре­се соғыс өрті шар­пы­ған аймақтар­дағы ағай­ын­ның жағ­дайы – бей­жай қара­уға бол­май­тын мәселе.

Қан­дастар­ды елге тар­ту – тек көші-қон сая­са­ты ғана емес, демо­гра­фи­я­лық, әле­умет­тік және стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар бағыт. Сон­ды­қтан Бура­хан Дақа­нов көтер­ген баста­ма кең талқы­ла­нып, құқы­қтық тұрғы­да сара­ла­нып, мүм­кін бол­са, нақты тетік­тері қарас­ты­ры­луға тиіс. Елде­гі қазақ санын арт­ты­ру – жай ұран емес, жүй­елі шешім­ді қажет ететін мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі мәселе.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн