Вторник , 3 марта 2026

Тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі

Қаза­қстан – жүз­де­ген этнос пен түр­лі кон­фес­сия өкіл­дері бір қоғам­да өмір сүретін көпұлт­ты мем­ле­кет. Мұн­дай көпқыр­лы құры­лым­да қоғам­дық келісім­ді сақтау – стра­те­ги­я­лық маңы­зды мін­дет. Ұлта­ра­лық келісім мен діни татулық тек қоғам­дық үйлесім­ділік­тің көрінісі емес, елдің ұза­қ­мерзім­ді дамуы­ның кепілі. Эко­но­ми­ка­лық өсім, әле­умет­тік рефор­ма­лар, инфрақұры­лым­дық жоба­лар тек қоғам бір­лі­гін­де ғана тиім­ді жүзе­ге асады.

Жаһан­да­ну дәуірін­де этни­ка­лық және діни қай­шы­лы­қтар кез кел­ген елдің дамуын тежей ала­ды. Иран­дағы соңғы толқу­лар мен Ауған­стан­дағы ради­кал­ды ағым­дар­дың күше­юі Қаза­қстанға қоғам­дық келісім­нің қан­ша­лы­қты маңы­зды екенін тағы бір дәлелдейді.

Қаза­қстан­дық сая­сат­тың өзе­гі – әр аза­мат­тың заң алдын­да теңді­гі. Оның ұлты, тілі, діні неме­се наным-сені­мі маңы­зды емес. Мем­ле­кет этно­мә­де­ни бір­ле­стік­тер­ді қол­дап, олар­дың дәстүрі мен мәде­ни­етін дамы­туға жағ­дай жасайды.

Бұл сая­сат айыр­ма­шы­лы­қтар­ды мой­ын­дай оты­рып, ортақ құн­ды­лы­қтар төңіре­гін­де бірік­тіру­ге бағыт­талған. Қаза­қстан үлгісі – әртүр­лілік­ті сақтай оты­рып, аза­мат­тық біре­гей­лік­ті нығайту.

Этно­са­ра­лық келісім­ді қам­та­ма­сыз ету­де арнайы инсти­тут­тар­дың рөлі зор. Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы – этно­са­ра­лық диа­лог алаңы ретін­де қалып­тасқан. Ол мәде­ни шара­лар­мен ғана шек­тел­мей, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді талқы­ла­у­ға, қоғам­дық баста­ма­лар­ды іске асы­руға қатысады.

Жақын­да Ассам­бле­я­ның орны­на Қаза­қстан­ның Халық кеңесі құры­лып, 126 адам­нан тұра­тын жоға­ры кон­суль­та­тив­тік орган мәр­те­бесіне ие бола­ды. Бұл инсти­тут халық пен билік ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты күшей­тіп, шешім қабыл­дау про­цесін ашық әрі тең­герім­ді етеді.

Қаза­қстан зай­ыр­лы мем­ле­кет ретін­де әр кон­фес­си­яға тең мүм­кін­дік беру­ге ұмты­ла­ды. Сенім бостан­ды­ғы әр аза­матқа заң­мен қорғалған. Соны­мен бір­ге мем­ле­кет ради­кал­ды идео­ло­ги­я­лар мен экс­тре­ми­стік ағым­дар­дың тара­лу қау­піне жауапты.

Иран­дағы діни шие­леністер, Ауған­стан­дағы ради­кал­ды ағым­дар, Еуро­па­дағы мигрант­тар мәсе­лесі – дін­ді құқы­қтық негіз­де рет­те­удің маңы­зын айқын көр­се­те­ді. Қаза­қстан­да діни бір­ле­стік­тер заң аясын­да жұмыс істей­ді, бұл сенім бостан­ды­ғын сақтай оты­рып, қоғам­дағы тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз етеді.

Ислам мен пра­во­сла­вие хри­сти­ан діні Қаза­қстан­ның дәстүр­лі кон­фес­си­я­ла­ры болып сана­ла­ды. Олар халы­қтың руха­ни өміріне, мәде­ни­етіне және адам­гер­шілік қағи­дат­та­ры­ның қалып­та­суы­на ықпал етті.

Дін тек ғиба­дат­пен ғана шек­тел­мей, отба­сы инсти­ту­тын нығай­туға, қай­ы­рым­ды­лық мәде­ни­етін дамы­туға, жастар тәр­би­есіне ықпал етуі тиіс деп ойлай­мыз. Бірақ дін­ді сая­си­лан­ды­ру қауіп­ті сал­дарға әке­луі мүм­кін, сон­ды­қтан оның қоғам­дағы орны айқын және тең­герім­ді болуы керек.

Отба­сы инсти­ту­ты демек­ші, бүгін­гі жастар ақпа­рат­тық орта­да экс­тре­ми­стік және ради­кал­ды идео­ло­ги­я­лық ықпалға тез ұшы­рай­ды. Сон­ды­қтан діни сау­ат­ты­лы­қты арт­ты­ру және сыни ойла­уды дамы­ту да стра­те­ги­я­лық мін­дет бол­са керек.

Ұлта­ра­лық және кон­фес­си­яа­ра­лық келісім­нің мақ­са­ты – ортақ аза­мат­тық біре­гей­лік­ті қалып­та­сты­ру. Бұл этни­ка­лық неме­се діни ерекшелік­тер­ді жою емес, керісін­ше, әртүр­лілік­ті сақтай оты­рып, ортақ құн­ды­лы­қтар төңіре­гін­де біріктіру.

Мем­ле­кет­тік тіл­ге құр­мет, заң үстем­ді­гі, тари­хи жады мен елдік мүд­де – қоғам­дық тұта­сты­қтың тірек­тері. Әр аза­мат өзін Қаза­қстан­ның толы­ққан­ды мүше­сі ретін­де сезін­ген­де ғана тұрақты даму мүм­кін болады.

Эко­но­ми­ка­лық жетістік­тер мен әле­умет­тік рефор­ма­лар қоғам­дық бір­лік жағ­дай­ын­да ғана нәти­желі. Сон­ды­қтан қоғам­дық келісім­ді сақтау – әр аза­мат­тың, әр ұйым­ның ортақ жауапкершілігі.

Қаза­қстан әлем­дік тәжіри­бе­ден сабақ алып, этно­са­ра­лық және кон­фес­си­яа­ра­лық келісім­ді мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басым бағы­ты ретін­де дамы­ту­ды жалға­сты­рып жатыр. Иран­дағы толқу­лар, Ауған­стан­дағы ради­кал­ды ағым­дар, мигрант ағы­мы сияқты оқиға­лар қоғам­дағы тұрақты­лық пен қауіп­сіздік­тің маңы­зын көрсетеді.

Ұлта­ра­лық келісім мен діни татулық кез­дей­соқ қалып­тасқан құбы­лыс емес, ұзақ жыл­дар бойы жүр­гізіл­ген жүй­елі сая­сат­тың нәти­же­сі. Қаза­қстан қоғам­дағы тұрақты­лы­қты сақтап, әрбір аза­мат­тың қауіп­сізді­гі мен құқы­қта­рын қорға­уға бағыт­талған стра­те­ги­я­лық сая­сат жүр­гізіп жатыр.

Енде­ше қоғам­дық тұрақты­лық даму­дың кепілі бол­са, ал келісім сол тұрақты­лы­қтың ең берік тіре­гі бола­ды деп сенім­мен айта аламыз.

Сұл­тан ҒАЛЫМБЕК

Республиканский еженедельник онлайн