Четверг , 5 марта 2026

ӘЛИЯБАТЫР ҚЫЗЫ СЕН ХАЛҚЫМНЫҢ

Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Ұлы Отан соғы­сы тура­лы көп­те­ген кітап жарық көр­ді, әлі де шығып жатыр. Уақыт өткен сай­ын қаза­қстан­дық аза­мат­тар­дың Екін­ші дүни­е­жүзілік және Ұлы Отан соғы­сы­на қаты­суы тура­лы тың мәлі­мет­тер шығып жатыр. Соңғы кез­де әділет­ті әрі терең зерт­те­улер көбей­ді, қанқұй­лы соғы­стың себеп­тері мен баста­лу кезеңі жаңа­ша қарас­ты­ры­ла баста­ды. Мыса­лы, бұл соғы­стар бір жағы­нан А.Гитлердің кінәсі бол­са, екін­ші жағы­нан И.Сталин бастаған топ КСРО елін мүл­дем дай­ын­да­май кел­генін көру­ге бола­ды. Әдет­те соғыс қара­пай­ым аза­мат­тар­дың мүд­десіне, әйел тағ­ды­ры­на жат екенін қоғам түсіне бастаған сияқты.

Кез кел­ген соғыс, әсіре­се оған әйел­дер қатыс­са – жеке адам­ның орас­ан тра­ге­ди­я­сы әрі тұтас қоғам­ның қасіреті. Соғыс – даңға­за ән де, қуа­ныш та, мей­рам да емес, ол – қасірет, қан, кір-қоқыс, көбіне еш кінәсі жоқ жас адам­дар­дың қаза­сы. Өкініш­ке қарай, сол қанқұй­лы соғы­сқа қаты­сқан көп­те­ген жан­ның өмір­ба­ян­да­ры ұзақ жыл­дар бойы біз­ге бей­мәлім бол­ды. Осы орай­да Қаза­қстан­дық батыр­лар тура­лы кітап­тар қазы­на­сы­на еле­улі үлес қосқан еңбек – бел­гілі қоғам қай­рат­кер­лері Аман­гел­ді Нұғы­ма­нов пен әске­ри тарих­шы, гене­рал-лей­те­нант, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Абай Тас­бо­ла­то­втың өткен жыл­дың соңын­да жарық көр­ген «Әлия Мол­дағұ­ло­ва – Өшпес ерлік / Бес­смерт­ный подвиг» атты зерт­те­уі. Бұл зерт­теу-кітап­тың құн­ды­лы­ғы – соғы­сқа қаты­су­шы­лар­дың, отан­дастар­дың, оның ішін­де Кеңес Одағы Батыр­ла­ры­ның өмірін көбіне сұл­ба­лы түр­де ғана баян­да­у­мен шек­тел­мей, ашы­ғын айтқандығында.

Екін­ші дүни­е­жүзілік және Ұлы Отан соғы­сы­на қаза­қстан­ды­қтар­дың қаты­суы тура­лы бірқа­тар кітап­тың авто­ры ретін­де менің біраз зерт­теу тәжіри­бем бар. Менің редак­ци­ям­мен және қаты­суым­мен Қаза­қстан ғана емес, Ресей, Укра­и­на, Бела­русь, Қырғыз­стан, Поль­ша ғалым­да­ры атса­лы­сқан бір­не­ше кітап жарық көр­ген бола­тын. Біз әріп­те­стері­міз­бен бір­ге 1941–1942 жыл­дар­дағы алға­шқы шай­қастар қасіретін, ауыр жеңілістер­ді, қара­пай­ым қызы­ләс­кер­лер­дің, қор­ша­уда қалған­дар­дың неме­се тұтқы­нға түс­кен жауын­гер тағ­ды­рын қам­ты­ған күр­делі мәсе­ле­лер­ді жазған едік. Сон­дай-ақ сол моно­гра­фи­яда 1941–1945 жыл­да­ры май­данға шақы­ры­лған әйел­дер­дің қыз­меті де сөз болды.

1. Бала­лық шақтың ауыр дәмі

Оқыр­ман наза­ры­на ұсы­ны­лған зерт­теу Кеңес Одағы­ның Баты­ры Әлия Мол­дағұ­ло­ва­ның бала­лық шағы­нан бастап, Каза­чи­ха кен­ті маңын­дағы қаза тапқан сәтіне дей­ін­гі жолын қам­ти­ды. Өкініш­ке қарай, ұзақ уақыт бойы Әли­я­ның бала­лық шағы мен жастық кезін­де­гі ауыр тағ­ды­ры көмес­кі қалып, көп­шілік­ке бей­мәлім бол­ды. Кітап автор­ла­ры өмір­ба­ян деректер­ді пай­да­ла­на келе, әрқи­лы кезең­дер­ді атап өте­ді. Мәсе­лен, Әлия – Нұр­мұ­хам­бет қызы Мол­дағұ­ло­ва емес, Сарқұ­ло­ва бола­тын. Заман­даста­ры Нұр­мұ­хам­бет­ті былай сипаттай­ды: «Бойы ұзын, мұр­ны қыр­лы, қара сақал­ды, жігіт­тің сұл­та­ны, сөз­ге ұста еді. Жылқы ұста­ды, аңшы­лы­қты сүйді». Нұр­мұ­хам­бет ауқат­ты адам ретін­де мұсыл­ман­ша сау­ат ашқан. 1921 жылы Мар­жан есім­ді қызға үйленіп, 1925 жылы тұңғы­шы Әлия дүни­е­ге келеді. Әли­я­ның шын есі­мі «Ілия» бола­тын, ал құжат бой­ын­ша дет­дом­да (жетім­дер үйін­де) Әлия (Лия) ата­нып кет­кен. Әли­ядан кей­ін Бағ­дат атты ұл туады.

Әли­я­ның туған сәтін ол өмір­ге кел­ген Ақтө­бе өңірі, Бұлақ ауы­лы­ның көнекөз­дері ұмыт­паған. Мыса­лы, 1980 жыл­да­ры Мар­жан – Әли­я­ның ана­сы­ның боса­нуы­на қаты­сқан, Іли­яға «иткөй­лек» кигізіп қабыл­даған Ұлсе­кер апай секіл­ді адам­дар әлі тірі бола­тын. Алай­да Іли­я­ның (Әли­я­ның) бал­дай сәби кезеңі 1930-жыл­да­ры Нұр­мұ­хам­бет Сарқұ­лов «бай тұқы­мы» ретін­де қуғы­нға ұшы­ра­уы­мен аяқта­ла­ды. Сол кезең­де Нұр­мұ­хам­бет бауы­ры Шай­ке­мел­мен бір­ге қуғын­нан ығы­сып, Ақтө­бе­ге қарай ауып келе, Ілек өзенінің жаға­сы­на қоны­ста­на­ды. Сол жер­де жаңа бір кол­хоз ба неме­се басқа бір меке­ме ме – күздік кар­топ­ты теру кезін­де сотқар күзет­ші өнім­ді жинап жатқан әйел­дер­ге қарай оқ ата­ды. Оқ тиген Мар­жан жер­гілік­ті мед­пункт­те бес күн жатып, ауыр жарақат­тан 1931 жылы қай­тыс бола­ды. Әлия 6 жаста ана­сы­нан айырылады.

Екі бала­мен жалғыз қалған Нұр­мұ­хам­бет туы­ста­ры­ның үйін саға­лап, күнел­ту­ге мәж­бүр бола­ды. Қуда­лау да тоқта­май­ды. Сон­ды­қтан Нұр­мұ­хам­бет алты жасар Әли­я­ны Мар­жан­ның ана­сы­на, наға­шы­ла­ры­на тап­сы­ра­ды, ал Бағ­дат­ты өз туы­ста­ры, әпкесі Қан­жан алып қала­ды. Кей­ін келісім­мен Әлия Мар­жан­ның аға­сы Әбубәкір­ге (наға­шы­сы­на) беріледі, өйт­кені Нұр­мұ­хам­бет­ті «бай­дың бала­сы» ретін­де қуда­лау күшей­ген еді. Әбубәкір жағ­дай­ды түсініп, Әли­я­ны тәр­би­есіне алып, келісім бой­ын­ша оны ана­сы, наға­шы­лар фами­ли­я­сы­на – «Мол­дағұ­ло­ва» деп жаз­ды­ра­ды. Әлия фами­ли­я­сы­ның не себеп­ті өзгер­генін жақ­сы біл­ген, тек амал қан­ша?! Туы­ста­рын­да қалған бауы­ры Бағ­дат көп ұза­май шешек­тен қай­тыс бола­ды. Бәл­кім, ол кенет ана-ата­дан айы­ры­лған сағы­ны­штан да сырқат­танған болуы түм­кін. Оның үстіне қазақ қоға­мы сол жыл­да­ры ашты­қты, азық-түлік­тің тап­шы­лы­ғын, ауыл­дар­да меди­ци­на­лық көмек­тің жоқты­ғын бастан өткер­ген кезең еді.

Кей­ін Нұр­мұ­хам­бет­тің жағ­дай­ы­ның қиын­ды­ғын көр­ген туы­ста­ры оны Ақсұлуға үйлен­діреді. Бірақ 1937 жылы НКВД қыз­мет­кер­лері інісін қамаған­да, Нұр­мұ­хам­бет бой таса­лап қалады.

2. Ленин­град. Дет­дом-интер­нат. Соғыс

Осын­дай ауыр жағ­дай­да енді «Мол­дағұ­ло­ва» атанған Әлия Әбубәкір­дің ұйым­шыл отба­сы­на сіңі­седі. 1934 жыл­дан бастап ол Әулие-Ата қала­сын­да (кей­ін Жам­был, қазір­гі Тараз) мек­теп есі­гін ашып, оқи бастай­ды. Әбубәкір 1934 жылы Әске­ри-көлік ака­де­ми­я­сы­на түс­кен соң, отба­сы алды­мен Мәс­ке­у­ге, кей­ін 1938 жылы Ака­де­ми­я­ның қай­та орна­ла­сты­ры­луы­на бай­ла­ны­сты Ленин­гра­дқа көшеді. Әли­я­ның өз өтіні­ші бой­ын­ша наға­шы­сы оны Гур­дин көше­сін­де­гі интер­нат-мек­теп­ке орна­ла­сты­ра­ды. Сынып­та­ста­ры кей­ін Әли­я­ның (мек­теп­те – Лия) мінезі әділет­шіл, бірақ тез жіби­тінін, әділет­сіздік­ке төз­бей­тінін еске ала­ды. Мұғалім М.Голубева Әлия оқы­ған сынып­тың өте ауыр, тәр­тіп дең­гейі төмен болға­нын айтқан. Бала­лар­дың ара­сын­да репрес­си­ядан неме­се өзге де нәу­бет­тен ата-ана­сы­нан айы­ры­лған­дар көп болған сияқты. Сол орта­да да Әлия мінезінің берік­ті­гі­мен ерекше­ле­неді. Сынып­та­ста­ры оны сал­мақты­лы­ғы, ұқып­ты­лы­ғы, еңбекқор­лы­ғы үшін құр­мет­те­ген. Қыз жасы­на қара­май ерте есей­ген еді.

Әлия 4–6‑сыныпта оқуын үздік аяқтап, мақтау қаға­зын ала­ды, тіп­ті «Артек» лагеріне дема­лы­сқа жіберіледі. Ана­сы мен әкесі­нен айы­ры­лған, жат тіл­дік орта­дағы алып қалаға тап болған, бірақ өжет­ті­гі арқа­сын­да қар­ша­дай қыз бала­ның мой­ы­май, мұн­дай жетістік­ке жетуі таңға­лар­лық іс! Сынып­та­ста­ры Әли­я­ны сынып ста­ро­ста­сы етіп сай­лай­ды. Орыс тілі оған қиын соққа­ны­мен, көп ұза­май бұл пән­нен де «бес­тік» ала бастай­ды. Қызы­ғы, оны ұл бала­лар да тың­дап, сөзін екі етпей­тін. Тұр­мыстың тар­шы­лы­ғы­на қара­ма­стан – сегіз адам бір бөл­ме­де тұрған – Мол­дағұ­ло­втар әулеті бір­лі­гін сақтай­ды. Ленин­град қала­сын­да Әлия Слуц­кий көше­сін­де­гі №2 мек­теп­те оқуын жалға­сты­ра­ды, оны мұн­да да «Лия» деп атай бастай­ды, кей­ін бала­лар үйінің шта­ты­на алы­на­ды. Ленин­град қала­лық оқу бөлі­мінің архивін­де мына­дай жаз­ба сақталған: «Мол­дағұ­ло­ва Лия Нұр­мұ­хам­бетқы­зы, 1925 жылы туған. Туған жері: Ақтө­бе қ., ҚКСР. №46 бала­лар үйіне 1938 жылғы 19 шіл­де­де Әбубәкір Мол­дағұ­лов Мол­дағұлұлы­ның отба­сы­нан түсті. Әкесі – Сар­ку­лов Нұр­мұ­хам­бет» (Ленин­град мем­ле­кет­тік архиві қоры, 1‑қор, 7‑тізбе, 15-іс, 132-парақ).

Ака­де­ми­я­ны 1941 жылғы мамыр­да бітір­ген соң, Әбубәкір жаңа қыз­мет орны – Таш­кент қала­сы­на атта­на­ды. 1941 жыл­дың жазын­да Әлия «Сиверск» бала­лар лагерін­де болған­да, сол жер­де ол фаши­стік Гер­ма­ни­я­ның Кеңес Одағы­на шабуыл жасаға­нын ести­ді. Әбубәкір­дің отба­сы оның соңы­нан көшпек болған­да, олар Әли­я­ны да елге алып кет­кісі келеді. Бірақ Әлия үзіл­ді-кесіл­ді бас тар­тып: «Тәте, мен қала­мын, оқуым­ды бітіруім керек. Ал егер Ленин­град­ты қорғау қажет бол­са, қолы­ма қару ала­мын. Аға рен­жі­месін. Оған түсін­діріңіз­дер», – дей­ді. Осы­лай­ша жас өспірім қыз Ленин­град­та қала­ды. 1941 жылғы 4 қара­ша­да бала­лар үйін­де Әлия Мол­дағұ­ло­ва ком­со­молға қабыл­да­на­ды. Ол қала­да қорға­ныс құры­лы­ста­рын салуға, әуе шабуы­лы кезін­де өрт сөн­діру­ге қаты­са­ды. Бала­лар үйі Яро­славль жағы­на эва­ку­а­ци­я­ланған­нан кей­ін, Әлия оқуын жалға­сты­рып, одан әрі авиа­ци­я­лық тех­ни­ку­мға түседі. Әли­я­ның өзі­мен жасы құр­дас, тете­лес, руха­ни өте жақын болған Сапу­ра әпкесіне жазған хат­та­ры сақталған. Әли­я­ның қол­жа­зуы анық, ойы жинақы әрі ықшам. 1943 жылғы 15 мамыр­да ол Сапу­раға сәлем жол­дап: «…Ауыл­дан хат бар ма, онда жағ­дай қалай? Қарт­тар аман ба, сау ма? Егер оларға жаз­саң, менен сәлем айт, маң­дай­ла­ры­нан сүй», – деп жаза­ды. Сол хатын­да «тех­ни­кум­да үш ай оқы­ған­нан кей­ін Қызыл Армия қата­ры­на жібе­ру тура­лы өтініш бер­генін» хабар­лай­ды. «18÷12.42 ж. Рыбин­скі­ден коман­да­мен мер­ген­дер мек­тебіне кел­дім, әлі күн­ге дей­ін осын­да оқып жүр­мін… Жақын­да сынақтар баста­ла­ды, одан кей­ін, бәл­кім, май­данға атта­нар­мын». Орыс тілін­де жазыл­са да, соны­мен бір­ге ол хат­та­рын­да ана тілін­де – қаза­қ­ша жақ­сы сөй­леп, жаза ала­ты­нын біл­діреді. Сон­дай-ақ Әлия: «Сапу­ра, бала­лар үйін­де мет­ри­ка­ны қай­та қал­пы­на кел­тір­ген­де, фами­ли­ям­ды қате жазып­ты: “Мол­дағұ­ло­ва” орны­на “Маг­дағұ­ло­ва” деп жібер­ген, ал атым­ды “Лия” қылып өзгерт­кен». Сол жыл­дың 16 мау­сы­мын­да Әлия Сапу­раға: «Сен тәте, әжем­нен (мәтін­де – ажем­нен) және басқа туы­стар­дан хат алып тұра­сың ғой. Маған өзің және олар тура­лы егжей-тег­жей­лі жаз. Сен түсі­несің ғой, бұл мені қалай қуан­та­ты­нын: мен өзім­ді сен­дер­мен бір­ге, туған Қаза­қста­ным­да өмір сүріп жүр­ген­дей еле­с­те­те­мін, ара­да қан­ша­ма шақы­рым бол­са да. О, сен­дер­ді көр­гім келеді, туған ауы­лға барғым келеді!» – деп ашы­на жаза­ды. Әрі қарай: «Снай­пер­лер мек­тебін­де оқып жүр­мін… Міне, бір­не­ше күн­нен бері Отан­ның түк­пір-түк­пірі­нен біз­ге кур­сант­тар ауы­сып келіп жатыр. Маған ең бол­маған­да бір қазақ қызы кел­се екен дей­мін, біздің топ­та менен басқа бір­де-бірі жоқ», – дейді.

3. Өшпес ерлік

1943 жылғы мау­сым­да Әли­я­ны Әбубәкір аға іздеп келіп, оны Қаза­қстанға қай­туға үгіт­те­мек бола­ды. (Бұл уақыт­та Әбубәкір мен Бей­сем­бай Хаби­ев аға­сы май­дан­да еді). Әли­яға мер­ген­дер мек­тебін­де бөлім­ше коман­ди­рі болып қалу ұсы­ны­ла­ды, бірақ ол тағы май­дан­ды таң­дай­ды. 1943 жылғы шіл­де­де ол Холм қала­сы­ның маңын­да тұрған әске­ри бөлім­ге келеді. Оның алға­шқы коман­ди­рі Кра­со­виц­кий­дің естелі­гі бой­ын­ша, Әлия тым жас, қара­пай­ым, ұяң бола­тын, әрі ол игер­ме­ген жат­ты­ғу бол­маған. Мек­теп­тен кел­ген қыздар 54-ші жеке атқы­штар бри­га­да­сы­ның сапер­лар рота­сы құра­мын­да ұры­сқа кірі­седі. Сол жер­де Әлия өзінің жеке снай­пер­лік «есебін» ашады.

Снай­пер взводын­дағы қыз­мет аса қауіп­ті, өйт­кені олар көбіне әскер­дің алғы шебін­де болып, үлкен қатер­ге ұшы­рай­ды. Жау олар­ды үздіксіз аңди­ды, қолға түс­кен мер­ген­дер­ді бір­ден жой­ып жібе­ретін. Ауыр сап­та­ма етік, ват­ник (мақта фуфай­ка), каму­фляж киім киген қыздар арнайы топ­та, ерекше жүретін. Май­дан­да жауын­гер­лер мер­ген­дер­ге, әсіре­се қыз бала­ларға зор құр­мет­пен қараған. 4‑батальон коман­ди­рі Ф. Мои­се­ев пен май­ор Сала­ев жауын­гер­лер іші­нен Шығы­стан кел­ген, бойы ала­са, «қарақат­тай қара көзді, қимы­лы шап­шаң» қызға ерекше назар ауда­ра­ды. Ф. Мои­се­ев: «Ол май­данға қалай кел­ді өзі? Әлі бала ғой», – деп сұрай­ды. Қыз бол­са нық жау­ап береді: «Мен – Қаза­қстан­нан кел­ген Әлия Мол­дағұ­ло­ва, бала­лар үйінің тәр­би­е­ле­ну­шісі­мін. 18 жаста­мын. Ком­со­мол­мын. Май­данға ерік­ті түр­де кел­дім». Әлия дор­ба­сын­да Жам­был Жаба­ев­тың өлең­дері басы­лған газет­тер­ді, сон­дай-ақ май­дан­гер Бауыр­бек Бұлқы­шев­тың (ол да орал­маған) мақа­ла­ла­ры­ның үзін­ділерін үне­мі алып жүр­генін жаза­ды. Соғы­стан Әли­я­ның тете­лес наға­шы­сы Абдул­ла Хаби­ев те қайтпайды.

Әлия май­дан­да алға­шқы күн­дер­ден-ақ ерекше­ле­неді. Бір күні мер­ген қыздар бей­та­рап аймаққа кіріп, тұза­ққа (заса­да) түс­кен жағ­дай­ын да еске ала­ды. Сол сәт­те Әлия «Отан үшін!» деп айғай­лап, жауға көз­деп оқ жібе­реді. Қасын­дағы құр­бы­ла­ры да дереу ес жиып, ұры­сқа кірі­седі. Сол жолы қор­шаған­дар­дың бір бөлі­гін жай­ра­тып, снай­пер­лер еңге­зер­дей екі неміс сол­да­тын тұтқы­нға алып, бөлім­ге алып келеді.

1943 жылы 12 қаңтар­да Холм қала­сы­на жақын орна­ласқан Щенай­ло­во, Вол­ги­но, Каза­чи­ха ауыл­да­ры, Насва стан­ци­я­сы үшін ауыр ұры­стар бастал­ды. Ол кез­де Ленин­град қор­ша­уын бұғат­тан шыға­ру жөнін­де­гі аса ірі опе­ра­ция басталған бола­тын. Алай­да қар­сы­лас қорға­ны­сқа мұқи­ят дай­ын­да­лып, екі күн ішін­де кеңес жауын­гер­лері бата­льон жеке құра­мы­ның 50 пай­ы­зы­на жуы­ғы­нан айы­ры­ла­ды. Соған қара­ма­стан, жаудың тірек пункт­терін алу мін­деті орын­да­луға тиіс еді. 13 қаңтар­да таңсәрі­де бата­льон Каза­чи­ха ауы­лы­на басып кір­ген­мен, қызыл әскер­лер­дің шабуы­лы тоқта­ты­ла­ды. Сол ең қиын сәт­те Әлия Мол­дағұ­ло­ва жеке үлгісі­мен жауын­гер­лер­ді жігер­лен­дір­ді. Ол рота­ны көтеріп, «Отан үшін!» деп ұран­дап жауға ұмты­ла­ды. Осы ұры­ста Әлия он шақты жауды жояды, бірақ өзі де өлім­ші боп, ауыр жара­ла­на­ды. Қолын көтер­ген неміс офи­цері оны көз­деп оқ атқан­да, Әлия құлап бара жатып, оны авто­мат­пен жай­ра­тып түсіреді. Ұрыс дала­сы­нан оны құр­бы­ла­ры – снай­пер­лер Надя Мат­ве­е­ва, Зина­и­да Попо­ва және Поля­ков есім­ді жауын­гер алып шыға­ды. Жара­лы Әли­я­ны жеке тұрған үйге алып барған кез­де ол үйге сна­ряд түсіп, тас-талқа­ны шыға­ды. Әлия сол үйде қаза табады.

Әлия Мол­дағұ­ло­ва­мен бата­льон 1943 жылы 14 қаңтар­да қошта­са­ды. Оны қаза тапқан жауын­гер­лер­мен бір­ге Каза­чи­хаға жақын «Бай­ко­во» ауы­лы­ның алма бағын­да жер­лей­ді. Қаза­қстан пар­тия ұйы­мы­ның хат­шы­сы­на әске­ри бөлім­нің сая­си бөлім басты­ғы пол­ков­ник В. Ефи­мов жазған хатын­да 18 жасар қазақ қызы­ның ерлі­гін егжей-тег­жей­лі баян­дай­ды. Ол Әли­я­ның (құжат­та – Лия) алды­ңғы шеп­те жүр­генін атап көр­се­те­ді. Каза­чи­ха ауы­лы үш рет қол­дан-қолға өтті. Кезек­ті шабуыл басталған­да, мер­ген Лия қолы­на авто­мат алып, жой­қын оқ жаудыр­ды. Қар­сы шабуыл­дар­дың бірін­де қол­ма-қол ұрыс болып, Лия Мол­дағұ­ло­ва 8 гит­лер­шіл­ді жой­ып, ерекше көз­ге түс­кені көр­сетіледі. Сол жер­де жауын­гер­лер батыр қыз­бен қошта­са­ды. Кей­ін Әлия Нұр­мағам­бетқы­зы Мол­дағұ­ло­ва соғы­ста көр­сет­кен ерлі­гі үшін Кеңес Одағы­ның Баты­ры деген жоға­ры мара­патқа ұсы­ны­ла­ды. Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы ефрей­тор Әлия Нұр­мұ­хам­бетқы­зы Мол­дағұ­ло­ваға 1944 жылы 4 мау­сым­да беріледі. Батыр атағы беріл­гені тура­лы хат оның әкесі Сарқұ­лов Нұр­мағам­бет­ке КСРО Жоғарғы Кеңесі Пре­зи­ди­у­мы­ның төраға­сы Н. Швер­ник тара­пы­нан 1950 жылы 13 қыр­күй­ек­те жіберіледі. Сол жылы ауыр науқас Нұр­мұ­хам­бет Сарқұ­ло­вқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің гра­мо­та­сы табыст­а­лып, қызы­ның Отан қорға­уда ерлік­пен қаза тапқа­ны ресми хабар­ла­на­ды. Кей­ін оған қызы­ның соңғы сәле­мі жете­ді: «Көке, мен үшін уай­ым­да­маңыз, қызы­ңыз өлмей­ді. Қай­тып кел­ген­де сіз­дер­ді қолы­ма көтеріп жүре­мін. Қан­ша­им­ды сүй­е­мін. Сіздің Ыли­я­шы­ңыз» (хат­тағы­дай). Бұл хабар­ды алған әкесі есі­нен танып қала­ды. Көп ұза­май өзі де дүние салады.

1965 жылы оның сүй­е­гі «Бай­ко­во» село­сы­нан (Каза­чи­ха маңайы) Мона­ко­во биік­ті­гінің ете­гіне қай­та жер­ле­неді. Құл­пы­тасқа: «Мына гра­нит­тің мәң­гілік қорға­нын­да қазақ қызы Әлия Мол­дағұ­ло­ва жатыр. Ол 19 жаста еді», – деген сөз қашалған. Сол жер­де Яко­влев, Аврам­ков, Сала­хов, Райн­берг секіл­ді қаза тапқан­дар­дың есім­дері де жазы­лған. Мұн­да басқа қаза­қстан­ды­қтар да мәң­гілік тыныс тапқан, олар­дың есім­дері – гвар­дия капи­та­ны Тұр­сын­бек Жағал­ба­ев, лей­те­нант­тар – Дәу­лет Нұғы­ма­нов, Сағи­лан Қаса­ба­ев, Алпы­с­бай Төле­ба­ев, Тұрғын Оралбаев…

Әли­ядан кей­ін әкесінің екін­ші жары Ақсұлу­дан туған екі сіңлісі – Әліп пен Тәжен қала­ды. Олар үлкен әпкесі тура­лы бар мұра­ны ұқып­тап жинап, сақтап өткен. Әсіре­се Әлия Мол­дағұ­ло­ва­ның Сапу­ра сіңлісіне жазған хат­та­ры айры­қ­ша наза­рға лай­ық. Тәте, туыс, жиен­дер, аға­тай­ға деген сүй­іспен­шілік­ке толы бұл жол­да­у­лар жас қорға­у­шы­ның бай руха­ни әле­мін аша­ды, соны­мен қатар олар­да асқақ адам­гер­шілік пен мұң да қатар өріледі. Әли­я­ның есі­мін қай­та жаңғыр­туға сол кез­де атқы­штар бри­га­да­сы­ның коман­ди­рі, кей­ін гвар­ди­я­лық диви­зия коман­ди­рі болған Нико­лай Ураль­ский көп еңбек сіңірді.

Отан қорғау жолын­да қаза тапқан уыздай жас қыздың ерлі­гі бүгін­гі күні де Отан тағ­ды­ры, жақын­дар­дың өмірі үшін жау­ап­кер­шілік сияқты маңы­зды мәсе­ле­лер­ді күн тәр­тібіне қояды. Мей­лі, жаста­ры­мыз отан­шыл, жақын­да­ры үшін жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала­тын сана­лы, батыр ұрпақ болып өсе бер­сін! Бірақ мұн­дай соғы­стар енді ешқа­шан қайталанбағай!

Бүр­кіт­бай АЯҒАН, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор,

ҚР ҒЖБМ Мем­ле­кет тарихы инсти­ту­ты дирек­то­ры­ның орынбасары

Республиканский еженедельник онлайн