Четверг , 5 марта 2026

КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

2026 жылғы 15 науры­зда жал­пы­ха­лы­қтық дауыс беру­ге шыға­ры­ла­тын жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы – мем­ле­кет­тік құры­лы­сты жай ғана құқы­қтық жаңар­ту емес. Мұн­да бұдан да терең мін­дет тұр: қазір­гі қоғам­да мем­ле­кет қалай жұмыс істе­уі керек және бұл жүй­е­де адам мен аза­мат­тың орны қан­дай болуы тиіс деген мәсе­лені айқын­дау. Негіз­гі идея қара­пай­ым – мем­ле­кет аза­мат үшін қыз­мет ете­ді, яғни адам мем­ле­кет үшін емес, мем­ле­кет адам үшін.

Осы логи­ка­дан Кон­сти­ту­ци­я­ның бүкіл архи­тек­ту­ра­сы туын­дай­ды. Жаңа модель­дің өзе­гін­де ада­мға бағ­дар­ланған тәсіл тұр. Мем­ле­кет­тің ең жоға­ры құн­ды­лы­қта­ры ретін­де адам, оның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры тіке­лей ата­ла­ды. Бұл сая­си ұран емес, бүкіл құқы­қтық жүй­енің бағы­тын айқын­дай­тын заң­ды қағи­да. Заң­дар, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың шешім­дері және сая­си инсти­тут­тар­дың қыз­меті жеке тұлға­ның мүд­десі­мен және адам­ның қадір-қаси­етін қорға­у­мен үндесуі тиіс.

Алай­да адам құн­ды­лы­ғын мой­ын­дау нақты қорғау тетік­тері­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген­де ғана мән­ге ие бола­ды. Сон­ды­қтан жаңа Кон­сти­ту­ция тек қағи­дат­тар­ды ғана емес, нақты құрал­дар­ды да бел­гілей­ді. Сот арқы­лы қорға­ну құқы­ғы күшей­тілу­де және мем­ле­кет­тік орган­дар­дың заң­сыз әре­кет­тері­нен кел­тіріл­ген зиян­ды өтеу мін­деті мем­ле­кет­ке толы­қтай жүк­те­лу­де. Аза­мат үшін бұл түсінік­ті жайт: егер оның құқы­қта­ры бұзыл­са, олар­ды қал­пы­на кел­тірудің заң­ды жол­да­ры бар. Құқы­қтық мем­ле­кет дәл осы жер­ден – адам­ның өз құқы­ғын қорғай алу мүм­кін­ді­гі­нен басталады.

Келесі логи­ка­лық қадам – ере­же­лер­дің болжам­ды­лы­ғы. Құқы­қтар қан­ша мықты болға­ны­мен, егер заң тұрақ­сыз бол­са, олар­дың мәні әлсірей­ді. Сон­ды­қтан аза­мат­тар­дың жағ­дай­ын нашар­ла­та­тын заң­дар­дың кері күшіне тый­ым салу ерекше маңы­зға ие. Ере­же­лер өткен­ге қарай өзгер­ме­уі тиіс. Бұл – қоғам мен мем­ле­кет ара­сын­дағы сенім­нің ірге­та­сы. Адам мем­ле­кет түсінік­ті әрі тұрақты нор­ма­лар­мен әре­кет ететініне сенім­ді болуы керек. Мұн­дай сенім­сіз эко­но­ми­ка­лық даму да, инве­сти­ция да, ұзақ мерзім­ді стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау да мүм­кін емес.

Құқы­қтар қорға­лып, ере­же­лер тұрақты болған кез­де аза­мат­тар­дың ел басқа­руға қалай қаты­са­ты­ны тура­лы сұрақ туын­дай­ды. Бұған демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­ды дамы­ту жау­ап береді. Жаңа Кон­сти­ту­ция демо­кра­ти­я­ның бей­бе­ре­кет­тік те, анар­хия да емес екенін айқын­дай­ды. Бұл жүйе – қоғам өз еркін құқы­қтық нысан­да біл­діретін рәсім­дер мен кепіл­дік­тер жүй­есі. Халық билік­тің қай­нар көзі ғана емес, соны­мен бір­ге еге­мен­дік­тің иесі ретін­де бекітіледі. Мем­ле­кет­тік орган­дар аза­мат­тар­дың өкілет­тік беруі негізін­де және Кон­сти­ту­ци­я­мен бел­гі­лен­ген қатаң шек­тер­де әре­кет етеді.

Бұл жүй­е­де жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум ерекше орын ала­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы жал­пы алған­да халық пен ел үшін айры­қ­ша маңы­зы бар түй­ін­ді мәсе­ле­лер рефе­рен­дум арқы­лы шешілуі тиіс екенін бір­не­ше рет атап өткен бола­тын. Рефе­рен­дум аза­мат­тар­дың тіке­лей ерік біл­діруін көр­се­те­ді және олар­дың өмір­лік маңы­зды шешім­дер­ді қабыл­да­уға қаты­суын қам­та­ма­сыз ете­ді. Осы ұста­ным­ның қисын­ды жалға­сы – енді Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін кез кел­ген өзгерістер тек рефе­рен­дум арқы­лы жүзе­ге асы­ры­луы тиіс деген баста­ма. Бұл ұсы­ныс Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның 92-бабын­да көрініс тапты.

Осы­лай­ша, жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум тіке­лей демо­кра­ти­я­ның негіз­гі құра­лы­на айна­ла­ды. Оның рәсі­мі шешім­дер­дің орны­қты­лы­ғы мен кең қол­да­уы­на бағыт­талған. Кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер сай­лау құқы­ғы­на ие аза­мат­тар­дың нақты көп­шілі­гінің келісі­мін талап ете­ді. Құқы­қтық құры­лым­ның негіз­дерін қорғай­тын қосым­ша кон­сти­ту­ци­я­лық бақы­лау жұмыс істей­ді. Бұл қара­пай­ым шын­ды­қты біл­діреді: демо­кра­тия эмо­ция арқы­лы емес, нақты ере­же­лер арқы­лы жұмыс істейді.

Негіз­гі түй­ін айқын: демо­кра­ти­я­лық жүй­енің тұрақты­лы­ғы құқы­қтық тәр­тіп­тің сапа­сы­мен айқын­да­ла­ды. Демо­кра­ти­я­ның негізі – Кон­сти­ту­ция, ол құқы­қтар мен бостан­ды­қтар­ды жүзе­ге асы­ру­дың айқын әрі әділ қағи­да­ла­рын бел­гілей­ді. Бұл қағи­да­лар мүд­де­лер­дің үйлесім­ділі­гі мен бар­шаға ортақ теңдік­ті қам­та­ма­сыз етіп, әрбір адам­ның құқы­қта­рын өзге тұлға­лар­дың құқы­қта­ры мен қоғам­дық мүд­де­лер­ді құр­мет­тей оты­рып іске асы­руға мүм­кін­дік береді. Дәл осын­дай құқы­қтық негіз қоғам мен мем­ле­кет­тің ортақ мүд­де­леріне сүй­ене оты­рып, демо­кра­ти­я­ның тұрақты­лы­ғы мен сая­си бағыт­тың келісім­ділі­гін қам­та­ма­сыз етеді.

Осы тұста жау­ап­кер­шілік мәсе­лесі туын­дай­ды. Егер құқы­қтар қорға­лып, инсти­тут­тар жұмыс істеп, ере­же­лер түсінік­ті бол­са, аза­мат­тың өзі қан­дай рөл атқа­ра­ды? Бұған жау­ап – жасам­паз пат­ри­о­тизм иде­я­сы. Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы жау­ап­ты пат­ри­о­тизмді ілгеріле­туді мем­ле­кет қыз­метінің қағи­да­ты ретін­де бекі­те­ді. Бұл – аза­мат­тық кемел­дік тура­лы ұғым. Нағыз пат­ри­от – заң­ды, өзге аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын құр­мет­тей­тін және ел бола­шағы­ның дамуы­на жау­ап­кер­шілік­пен қарай­тын адам.

Жасам­паз пат­ри­о­тизм құқы­қтар мен мін­дет­тер­ді бірік­тіреді. Жау­ап­кер­шіліксіз құқы­қтар мүд­де­лер қақты­ғы­сы­на және құқы­қтық ниги­лизм­ге әке­леді. Құқы­қ­сыз жау­ап­кер­шілік қысы­мға айна­ла­ды. Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы аза­мат­ты мем­ле­кет­тің серік­тесі ретін­де қарас­ты­ра­тын тең­герім­ді ұсы­на­ды. Ол сырт­тай бақы­ла­у­шы емес, құқы­қтық тәр­тіп­тің толы­ққан­ды қаты­су­шы­сы. Дәл осын­дай модель қоғам­дық сенім­ге сүй­е­нетін орны­қты демо­кра­ти­я­ны қалыптастырады.

Сенім – абстракт­ты ұғым емес. Бұл – даму­дың басты ресур­сы. Аза­мат өз құқы­қта­ры­ның қорға­ла­ты­ны­на сенім­ді болған жер­де ол қоғам­дық өмір­ге қаты­суға, бола­шаққа инве­сти­ция салуға және ұзақ мерзім­ді жос­пар құруға дай­ын бола­ды. Құқы­қтық мем­ле­кет – адам өз құқы­қта­ры­ның қорғалға­нын және ере­же­лер­дің бар­шаға бір­дей екенін түсі­нетін сенім­ділік кеңістігі.

Сон­ды­қтан жаңа Негіз­гі заң арқы­лы Әділет­ті Қаза­қстан тұжы­рым­да­ма­сы нақты маз­мұнға ие бола­ды. Әділет­тілік – заң алдын­дағы теңдік, сот төрелі­гіне қол­жетім­ділік және адам­ның қадір-қаси­етін құр­мет­теу. Мем­ле­кет білім мен ғылым­ды, ада­ми капи­тал­ды дамы­ту­ды стра­те­ги­я­лық бағыт ретін­де мой­ын­дай­ды. Бұл – тұлға­ны дамы­ту арқы­лы ел бола­шағы­на салы­нған инвестиция.

Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы мем­ле­кет­тің құқық қорғау әле­уетін күшей­те­ді. Жеке тұлға­ның қол сұғыл­мау­шы­лы­ғы кепіл­ден­діріледі, про­цес­су­ал­дық кепіл­дік­тер нығай­ты­ла­ды, дер­бес деректер­ді қорғау тетік­тері кеңей­тіледі. Заң көме­гіне құқық әділет­ке қол жет­кі­зудің әмбе­бап құра­лы ретін­де қарас­ты­ры­ла­ды. Цифр­лық дәуір жағ­дай­ын­да мұн­дай кепіл­дік­тер­дің маңы­зы ерекше.

Осы­лай­ша, жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы құқы­ққа құр­мет мәде­ни­еті қалып­та­са­тын тиісті жағ­дай­лар­ды жасай­ды. Адам ере­же­лер кеңісті­гін­де өмір сүруді, еркін­дік шегін және қоғам­дық диа­лог құн­ды­лы­ғын түсі­нуді үйре­неді. Кемел қоғам қорқы­ны­шқа емес, құқы­қтық мәде­ни­ет­ке негізделеді.

Қоры­тын­ды­лай келе, күшті мем­ле­кет құқы­қтық тәр­тіп­тің сапа­сы­мен айқын­да­ла­ды. Заң адам мүд­десіне қыз­мет еткен жер­де сенім пай­да бола­ды. Сенім бар жер­де эко­но­ми­ка­лық өсім, әле­умет­тік тұрақты­лық және инно­ва­ци­я­лар мүм­кін бола­ды. Жасам­паз пат­ри­о­тизм – мем­ле­кет­тілік­ті дамы­туға қаты­су, жау­ап­кер­шілік пен құқы­ққа құр­мет арқы­лы күн­делік­ті өмір тәжіри­бесіне айналады.

Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы кемел қоғам­ның моделін ұсы­на­ды: мем­ле­кет – адам үшін, демо­кра­тия – инсти­тут­тар арқы­лы, еркін­дік – заң арқы­лы, ал пат­ри­о­тизм – жау­ап­кер­шілік арқы­лы жүзе­ге аса­ды. Бұл – аза­мат пен мем­ле­кет Әділет­ті, жасам­паз әрі про­грес­сив­ті Қаза­қстан­ды бір­ле­се құра­тын бүгін мен бола­шақтың стра­те­ги­я­лық көрінісі. Басқа­ша айтқан­да, бұл – еркін­дік құқы­ққа сүй­е­нетін, ал даму жау­ап­кер­шілік пен аза­мат­тар­дың бел­сен­ді қаты­суы­на негіз­де­летін Қаза­қстан. Жасам­паз­дық – мем­ле­кет пен қоғам­ның бір­лес­кен еңбе­гі, ал про­гресс – болжам­ды ере­же­лер, әділ құқық қол­да­ну және әрбір адам­ның құқы­ғын қорғау.

Түп­теп кел­ген­де, елі­міздің бүгіні мен бола­шағы өз қолы­мы­зда –жау­ап­кер­шілік, мем­ле­кет­ті дамы­туға қаты­су және құқы­ққа деген құр­мет көр­се­ту дең­гей­ін­де. Бұл – біздің ортақ тари­хи мис­си­я­мыз: құқы­қтық мем­ле­кет­ті нығай­ту және Әділет­ті Қаза­қстан­ды дамыту.

Ерлан СӘРСЕМБАЕВ, ҚР Әділет мини­стрі, Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­сия мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн