Четверг , 5 марта 2026

Жаңа Конституция: «ИӘ» мен «ЖОҚТЫҢ» арасындағы сөз

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да депу­тат Ермұрат Бапи өзінің депу­тат­тық сау­а­лын қаза­қстан­дық қоға­мға арнап жол­да­ды. Жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­ду­мға ұсы­ны­лған Кон­сти­ту­ци­я­ның жаңа жоба­сы­на аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­пен дауыс беруді ұсы­нған депу­тат сөзі пле­нар­лық оты­ры­стың регла­мен­тіне сый­май қалған­ды­қтан, біз депу­тат­тық сау­ал­дың толық нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз

Бүгін мен Пар­ла­мент мін­бері­нен өкілет­ті орган­ның депу­та­ты ғана емес, қазақ қоға­мы­ның бел­сен­ді аза­ма­ты, тәжіри­белі жур­на­лист ретін­де сөз сөй­леп, қоғам жұрт­шы­лы­ғы­на үндеу жасағым келеді. Оның үстіне жер шары­ның үлкен ауқы­мын соғыс өрті шар­пып, біз­ге тақау Пар­сы шыға­нағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағы­на айналған кез­де мен бұл сөзім­ді елдің ертеңі мен қауіп­сізді­гіне деген аза­мат­тық жана­шыр­лы­қ­пен және сая­сат­кер­лік жау­ап­кер­шілік­пен арнаймын.

Ескер­те кетей­ін: әлдекім­дер әле­умет­тік желілер­де айтып жүр­ген­дей, мен билік­тің наси­хат­шы­сы емес, мем­ле­кет­тілік пен мем­ле­кет­шіл­дік­тің, тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғы мен елдің тұта­сты­ғын сақта­удың наси­хат­шы­сы­мын. Менің бұл ұста­ны­мым­да жаңы­лыс жоқ екенін сырт­тан сөз айту­шы­лар­дың қапе­ріне саламын.

Біз қазір әлем елдері ара­сын­дағы қарым-қаты­нас тәр­тібі күрт өзгеріп, күр­делі сая­си тәу­е­кел­дер қарқын алған, эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лық тең­селіс­ке тап болған, алмағай­ып әрі өліа­ра кезең­де тұр­мыз. Бүкіл әлем­нен тыны­штық кетіп, дүние отқа ора­нып жатқа­нын көріп отырмыз. 

Кей­ін­гі жыл­да­ры орын алған қақты­ғы­стар мен түр­лі «сауда соғы­ста­ры», пошли­на шоқ­па­рын шошаң­да­ту, санк­ци­я­лық қақты­ғы­стар мем­ле­кет­тер ара­сын­дағы ұзақ жыл­дық бай­ла­ны­старға да нұқ­сан кел­тір­ді. Бұл әлем елдерін сая­си және мораль­дық дағ­да­ры­сқа тіреп отыр.

Біз бұған дей­ін талай сын­дар­лы кезең­нен өтіп, бір­лік пен бере­кенің қажет­ті­гін терең түсін­дік. Қазір­гі сәт – қателік­ті кешір­мей­тін, пара­сат пен пай­ым­ды шешім­ді қажет ететін кезең. Осын­дай аума­лы-төк­пе­лі уақыт­та Қаза­қстан өзі таң­даған жолы­нан тай­май, ел қауіп­сізді­гі үшін батыл баста­ма­ларға бет бұруға тиіс еді.

Осы бағыт­тағы біз үшін ең маңы­зды баста­ма – жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­ду­мға ұсы­ны­лған жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сы. Алай­да біз көп­тен күт­кен нақты сая­си өзгерістер баста­ма­сы­ның маңы­зын түсін­бей, қоғам­да қиям­пұрыс қылық таны­тып жүр­ген жеке­ле­ген аза­мат­тар бар.

Осы рет­те бір­ден сұрай­ын: жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сын оңды-сол­ды, «тисе – терекке, тиме­се – бұтаққа» деп сына­у­шы­лар ескі жүй­енің «диір­меніне су құй­ып» жүр­ген­дерін біле ме екен? Жал­пы, елдің іші мен сыр­тын­дағы нақты сая­си реа­лизм мен кон­струк­ти­виз­мнен жұр­дай сын­шы­лық бүгін­гі жағ­дай­да тап-таза попу­лиз­мнің үлгісі болмақ.

Иә, Ата заң­ның жоба­сын­дағы жеке­ле­ген бап­тар­да сыр­тқы тәу­е­кел­дер­ді өз қолы­мы­з­бен тудыр­мас үшін, сабы­рға дес берудің сақтық қажет­тілі­гі жасалға­нын жасы­руға бол­май­ды. Бұл әсіре­се тіл­дер төңіре­ген­де­гі текетіре­стен туды. Бірақ елде­гі үлес сал­мағы 70 пай­ы­здан асқан халы­қтың тілі табиғи тұрғы­да үстем дамуын тоқтат­пай­ты­ны ешқан­дай күр­делі дәлел­ді қажет етпе­се керек. Бұл – жаһан­дық тұрақ­сыздық күшей­ген кезең­де мем­ле­кет­тің ішкі бір­лі­гін, басқа­ру тиім­ділі­гін және елдік қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бағыт­талған сақтық шара­сы еді.

Қоғам­дағы екін­ші бір түсініс­пе­ушілік «Жаңа Кон­сти­ту­ция супер­пре­зи­дент­тік жүй­ені қай­та­дан қал­пы­на кел­тіреді» деген қаңқу сөз­ге бай­ла­ны­сты тарап жүр. Жоға­ры лау­а­зым­ды мем­ле­кет­тік тұлға­лар Сенат­тың келісі­мі­мен тағай­ын­да­ла­тын бұрын­нан бар про­цес­су­ал­дық тәр­тіп енді­гі кезек­те бір пала­та­лы Құры­л­тай­дың құзіретіне ауы­сқа­ны бол­ма­са, басқа қосым­ша пәр­мен бер­мей­тіні Пре­зи­дент­тің құзіретін күшей­туі мүм­кін бе? 

Бұл – сала­у­ат­ты санаға сый­май­тын, негізі жоқ жаң­сақ пікір. Біз бұл жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­даған соң, «ескі Қаза­қстан­мен» толық қош айты­са­мыз! 2022 жылғы кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар кезін­де біз супер­пре­зи­дент­тік модель­ден бас тар­тып, бір рет сай­ла­на­тын жеті жыл­дық клас­си­ка­лық пре­зи­дент­тік жүй­е­ге көштік. Мем­ле­кет­тік сая­си қыз­мет­те­гі туы­стық ықпал мен мүд­де­лер қақты­ғы­сы кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­де жойылды.

Сон­ды­қтан ескі жүй­енің етжақын «өкілі билік­ке қай­тып келеді» деген қау­е­сет­тің ешқан­дай негізі жоқ. Жаңа Кон­сти­ту­ция Қаза­қстан­ды мен­шік мүл­кіне айнал­ды­рған экс-пре­зи­дент түгілі, бүгін­гі пре­зи­дент­тің туған-туы­ста­ры­ның билік­ке келуіне мүм­кін­дік бер­мей­ді. Жаңа Ата заң жеке­ле­ген тұлға­лар­дың неме­се бел­гілі бір топ­тар­дың ықпа­лын күшей­ту­ге емес, керісін­ше, билік тар­мақта­ры­ның тепе-теңді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге және туы­стық, жеке сыбай­ла­стық арқы­лы сая­си үстем­дік орна­ту мүм­кін­ді­гін шек­тей­ді. Бұл – жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның бұл­жы­мас қағи­да­ты, өзгер­мес нор­ма­сы­на айналады.

Әлдебіре­у­ге құрғақ фра­за сияқты болып естілетін «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» қағи­да­сы бас­шы­лы­ққа алын­ды. Бірақ бұл қағи­да бір дем­де жөңки жөнел­ме­генін тағы да жасы­руға бол­май­ды, «көш жүре түзеліп» келе жатыр.

Мем­ле­кет басқа­ру жүй­есін­де тежеу мен тепе-теңдік прин­ци­пін бекіт­кен нақты, стра­те­ги­я­лық бұл қадам қадау-қадау даму үстін­де. Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да бұл даму жолы кей­ін­нен тари­хи шешім бол­ды деп баға­ла­на­ры кәдік.

Қадір­лі әріптестер!

Біз жаңа Кон­сти­ту­ция арқы­лы Қаза­қстан­ды тұрақты, әділ және зама­на­уи мем­ле­кет­ке айнал­ды­руы­мыз керек. Біз регрес­ске емес, жасам­паз про­грес­ске қыз­мет етей­ік! Біз аза­мат­тар­дың сені­мін басты оры­нға қой­ып, бірін­ші кезек­те мем­ле­кет мүд­десін қорға­уы­мыз қажет. Бұл – біздің тари­хи мис­си­я­мыз, стра­те­ги­я­лық бағы­ты­мыз, аза­мат­тық пары­зы­мыз болуы тиіс.

Енде­ше пре­ам­бу­ла­сы мен жеті бір­дей бабын­да тәу­ел­сіздік пен еге­мен­дік­ті, елдің тұта­сты­ғы мен мем­ле­кет­тілік­ті қорғау маңы­зды­лы­ғы күйт­тел­ген жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның шұғыл қажет­тілі­гін енді түй­сіне алдық па? Даб­ы­лы дүлей тәу­е­кел туған шақта қоғам­ның онлайн-про­те­стік бөлі­гі қоз­ды­рып жатқан ішкі толқу мен тұрақ­сыздық қан­дай қатер туды­ра­рын бағам­дай ала­мыз ба?

Әлбет­те, рефе­рен­дум­да Ата заң­ды қол­дау неме­се оған қар­сы дауыс беру қақы­сы әркім­нің аза­мат­тық ерік-жігеріне бай­ла­ны­сты шешім бол­мақ. Сай­лау бюл­ле­теніне түсетін «иә» неме­се «жоқ» деген шешім­ге ешкім­нің ара­ла­су құқы жоқ.

Бірақ жер-дүние соғыс дүм­пуі­мен тең­селіп тұрған кез­де біз­ге бітіс­пес текетірес қажет пе, жоқ әлде елдің ертеңі мен тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғы­на жан­дәр­мен аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік артық па? Біз елдік және тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ққа тән­ті­міз бе, әлде бізді іштен іріту­ге әуес әлдекім­дер­дің әупіліне желі­гіп, тоз-тоз боп жүре берей­ік пе?

Осы сұрақтар­дың сұл­ба­сы тұрғы­сы­нан айтар бол­сам, мен 15 науры­зда бар­шаңы­зды рефе­рен­ду­мға қаты­суға шақы­ра­мын. Әрбір дауыс – Қаза­қстан­ның орны­қты дамуы­ның кепілі, әрбір аза­мат – елі­міздің бола­шағы­ның кепілі болуы тиіс деп санаймын! 

Енде­ше бір­ге шешім қабыл­дай­ық, келе­шек­те ұрпағы­мыз баға беретін, кеше қай­да бол­дың деп сұрау қой­ы­луы мүм­кін жаңа тарих­ты бір­ге жазайық!

  •  
Республиканский еженедельник онлайн