Әр жыл сайын ерекше өтетін, көктемнің алғашқы күн шуақтарымен келетін 8 наурыз — ол әйелдерге деген құрмет пен алғыс білдіретін ерекше мереке. Қазақстанда бұл күн тек мерекелік құттықтаулармен ғана емес, түрлі мәдени іс-шаралармен, қайырымдылық акцияларымен және ресми құттықтаулармен қатар атап өтіледі. Аталмыш мереке, яғни халықаралық әйелдер күні қоғамдағы әйелдеріміздің еңбегі, олардың отбасы мен мемлекет дамуындағы рөлі мен үлесін бағалап, құрметтеуге арналған елеулі күндердің бірі болып саналады.
Елімізде өтілетін мерекелік іс-шаралар
Жылдағыдай елімізде бұл мереке жылы әрі әсерлі атмосферада салтанатты түрде өтеді. Жасы мен жағдайына қарамай еліміздің барлық ер азаматтары , мектептерде, университеттерде, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда арнайы концерттер, сыйлықтар, ұйымдастырылған құттықтаулар мен марапаттаулар дайындайды. Ер адамдар мен балалар аналарың, сыныптастарың, әпке-қарындастарың, әжелерің және әріптестерің гүлмен,сыйлықтар мен жылы лебізбен құттықтайды.
Оған қоса, еліміздің көптеген қалаларында мүмкіндігі шектеулі жандарға, яғни көпбалалы аналарға, еңбек ардагерлеріне және әлеуметтік қолдауды қажет ететін әйелдерге арнайы қайырымдылық акциялары мен көмек көрсетілетін болады.
Президенттің арнайы мерекелік құттықтауы
2026-шы жылдың 6 наурызында еліміздің елордасында өткен салтанатты жиында 8 наурыз қарсаңына орай Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандық әйелдерді құттықтады.Бұл іс-шара Ақорда резиденциясында өтті.
Өзінің айтқан сөзінде мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлі мен маңызын ерекше атап өтті. Президентіміздің айтуынша, аталмыш мереке нәзіктік пен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың символы болып табылады. Ол әйелдерімізді өмірдің негізі мен тірегі, отбасындағы бірліктің қозғаушысы мен берекесі, қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жүрген азаматтар ретінде бағалап, мәртебесін айқындады.
Одан бөлек, әйелдердің еліміздің тарихында да ерекше орны бар екенін атап өтті. Ол батырлығымен және асқан ерлігімен ел жадында мәңгі қалатын тарихи тұлғаларды атап өтті.Олардың қатарында Томирис патшайым, Айша Бибі, Айғаным мен Зере секілді елеулі тұлғалардың есімдерін ерекше атап өтті.Бұл әйелдер өз батылдығы мен даналығының арқаснда үлкен құрметке ие
Мемлекеттік марапттау
Ақордада өткен бұл салтанатты жиын еліміздің көркендеуіне ерекше үлес қосқан бірқатар әйелдер мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Президентіміз еліміздегі түрлі салаларда зор үлесін қосып, табысқа жеткен азаматшаларымыздың еңбегін жоғары бағалап, марапаттар табыстады.
Мәселен, медицина саласында ұзақ еңбек етіп, зор тәжірбие жинаған Марфуға Әжіғалиева жоғары мемлекеттік марапат саналатын «Отан» орденімен марапатталды. Ал ауыл шаруашылығы саласында жарты ғасыр еңбегі мен ауқымды үлесі бар Шакира Идрисова «Еңбек даңқы» орденінің І дәрежесіне ие болды.
Сонымен қатар, әлемге танылған шахматшымыз Бибісара Асаубаева еліміздің интелектуалдық әлеуетін танылтып, әлемдік деңгейге шығарғаны үшін «Барыс» орденімен марапатталатыны атап өтілді. Ал конькимен спринт жарысы бойынша жас спортшымыз Кристина Шумекова аталмыш спорт бойынша жеткен халықаралық жетістіктері үшін «Парасат» орденіне ие болды.
Әйелдердің қоғамдағы рөлі
Жаңа айтылып кеткендей, Президент өз сөзінде еліміздің әйелдерінің қоғамымыздағы пөлі ерекше екенін тағыда атап өтті. Қазіргі таңда әйелдеріміз білім беру, ғылым, медицина, саясат, спорт және бизнес сияқты көптеген салаларда табысты еңбек етіп, еліміздің көркеюі мен дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ел басшысы әйелдерімізге «ұлттың жаны» деп атау қойып, олардың ерең еңбегі мен саналы тәрбиесі арқылы болашақ ұрпақ қалыптасатынын айтып, зор үміт пен құрмет білдірді.
Қорытынды
8 наурыз әйелдердің еңбегін, даналығын және қоғамдағы рөлін дәріптейтін ерекше күн. Алайда тек осы күні ғана емес, әйел маңызын күнделікті қастерлеп, мадақтау шарт. Осындай мерекелер арқылы қоғам әйелдердің еңбегі мен маңызын бағалап, құрметпен еске алатын болады.
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын