Четверг , 12 марта 2026

Біз – жетім ұлтпыз, қазақтар !

Импе­ри­ал­дық, коло­ни­за­тор Ресей соңғы рет ала­шор­да­лы­қтар­ды түп-тұқи­я­ны­мен жер беті­нен жой­ған­нан кей­ін, біз жетім қалдық.

Біз­де енді интел­ли­ген­ция жоқ.

Біздің ұлт­та енді бас жоқ. Дене ғана бар.

Дене тек ішіп-жеумен айналысады.

Қазір Қаза­қстан­да Ресей мясо­руб­ка­сы­нан тура­лып, қида­ла­нып шыққан мута­ция ұлт тұрады.

Түр­леріне қара­саң – қазақ. Ішіне үңіл­сең – өзінің ана тіліне өлер­дей қас, қазақ екеніне қор­ла­нып қарай­тын мәң­гүрт­тер мас­са­сын көресің. Олар көп. Көп­ті­гі­мен қорқы­та­ды. Олар­дың қолын­да ақша мен билік бар. Және тұтас мем­ле­кет алып жағым­паз­дар орда­сы­на айналған.

Билік басын­дағы аз ғана шоғыр сатуға бол­май­тын ең аяу­лы құн­ды­лы­қтар­дың бәрін сатып жібер­ген. Мәң­гүрт­тер мас­са­сы енді менің үйі­ме дей­ін кіріп алға­ны­на куә болып жатырмын.

Мен өз ұрпағым­мен бұл үйде орыс­ша сөй­ле­су­ге бол­май­ды. Мені­мен менің бала­ла­рым тек қазақ тілін­де сөй­ле­суі керек деп алы­сып, арпа­лы­са­тын күн­ге жет­тік. Ал олар қазақ бала­бақ­ша­сы мен қазақ мек­тебіне бара­тын ұлан­дар ғой.

Менің ана тілім­ді олар Ота­ным­да оты­рып-ақ, үйім­нен, қара шаңы­рағым­нан, жүре­гім­нен суы­рып алып бара жатқа­нын сезінемін.

Мен басым­нан бақай­шы­ғы­ма дей­ін, сүй­е­гім­нің әр тіні­мен жазыл­май­тын ала­шор­да­лық екенім­ді біле­мін. Мен 5 тіл­де сөй­лей­мін. Бірақ соның бір­де-біре­уі менің жүре­гім­нен қазақ тілін ығы­сты­рып шыға­рып тастай алмады.

Мен қаза­қ­ша ойлай­мын, қаза­қ­ша сөй­лей­мін, қазақ болып өмір сүре­мін, қазақ болып өле­мін. Бірақ менің алып Ота­ным­да осы қаси­ет­тер­ден тек қаза­қы ази­я­лық түрі ғана қалған мутант­тар­ды көремін.

Жаным ауы­ра­ды…

Еу, жаным ауырады!..

Бұл ауы­рған жан­ды қай жаққа апа­рып көмеміз?

Қаза­қстан­да қазақ болып кең тыны­стап, кеудесін керіп өмір сүре алмаған қай­ран жетім қазағым!

Талай жетім­ді көр­ген­мін! Бірақ сен сияқты тұл жетім­ді, қадір­сіз жетім­ді, иттен де, құстан да көңілі қалып жасы­ған, қор­ланған, тап­талған, таланған, тып-типы­лы қал­май тоналған жетім­ді бұрын-соң­ды көрмеппін…


Тана­көз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ

Республиканский еженедельник онлайн