Понедельник , 7 июля 2025

Айдар ӘЛІБАЕВ: Шағын және орта бизнесті ТӨПЕП ТЕКСЕРУДІ ТЫЙМАЙ, мәселе ешқашан шешілмейді

Осы­дан бір ай бұрын «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның сая­си кеңесін­де пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан орта және шағын биз­не­сті (ШОБ) тек­се­руді тоқта­ту жай­лы жари­я­ланған мора­то­рий 2015 жылы 1 қаңтар­да аяқта­ла­ды деп, кәсіп­кер­лер­дің есіне салған еді. Тоғыз ай бойы әбден дем алған мем­ле­кет­тік тек­се­ру­шілер енді жаңа күшпен жұмы­ла іске кірі­сетін бола­ды деп, елба­сы тіп­ті әзіл­де­ген де болатын.

Бұл мора­то­рий отан­дық кәсіп­кер­лер­ге қан­ша­лы­қты пай­да­лы неме­се зиян­ды болға­ны жай­лы «Қар­жы­лық тұты­ну­шы­лар қоға­мы» қоғам­дық бір­ле­сті­гі басқар­ма­сы­ның төраға­сы Айдар Әлі­ба­ев зер­де­лей келе, елба­сы мысқыл­дап айтқан бір ауыз сөздің аста­ры бар екені және де сол рет­сіз әзіл­дің, шыны­мен де, өмір­де орын алып оты­рға­ны жай­лы қын­жы­ла әңгі­ме­леді. Соны­мен, төраға­мен болған бүгін­гі әңгі­ме­міз­де мора­то­рий ШОБ өкіл­деріне не бер­ді, енді оны алып тастаған жағ­дай­да кәсіп­кер­лер қан­дай күй­де бола­ды және тек­се­ру­ші орган­дар тара­пы­нан салы­на­тын айып­пұл­ды қан­ша­лы­қты төмен­де­ту­ге бола­ты­ны жай­лы сөз болды.

–Айдар Бай­дәу­летұ­лы, мора­то­рий қан­дай жағ­дай­да жари­я­лан­ды? Сіздің ойы­ңыз­ша, оның қан­ша­лы­қты қажет­тілі­гі болды?

– Бұл мора­то­рий 2014 жылғы 2 сәуір­ден 31 жел­тоқ­санға дей­ін жари­я­ланған бола­тын. Ұмыт­па­сам, бұл осы­мен төр­тін­ші мора­то­рий. Оның себебі – кәсіп­кер­лер­ден, шағын және орта биз­нес өкіл­дері­нен, өз күнін өзі көріп жүр­ген адам­дар тобы­нан түс­кен шағым хат­тар­дың көп­ті­гі. Олар қол­да­ры­нан кел­ген­нің бәрін өздері істеп отыр­са да, аудан­дық әкім­дік­тер­ден бастап, пре­зи­дент пен оның әкім­шілі­гіне дей­ін­гі бар­лық мем­ле­кет­тік орган­дар­дан қысым көріп келеді. Міне, осы арыз-шағым­дарға одан әрі көз жұмуға бол­май­тын еді, сон­ды­қтан да мора­то­рий жари­я­ланған болатын.

Шынын айту керек, мем­ле­кет­тік орган­дар ара­сын­дағы бар­лық бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы және салы­қтық-қазы­на­лық жүй­е­лер биз­не­стің дамуы­на кедер­гі кел­тіреді. Кедер­гі кел­тіріп қана қой­май­ды, олар дамуға жол бер­мей­ді, аяқтан шала­ды. Пре­зи­дент өзінің баян­да­ма­ла­рын­да, кезек­ті жол­да­у­ла­рын­да ШОБ-ке қол­дау көр­се­ту керек, Ішкі жал­пы өнім­ніңнің 50–60 пай­ы­зын ШОБ құрай­тын алды­ңғы қатар­лы елдер­дің тәжіри­бе­лері­нен үлгі алу керек деп, қан­ша рет айтқа­ны­мен, одан түк те шыға­тын емес.

Мен дүни­е­жүзілік әртүр­лі рей­тинг­тер­ді әдейі ақта­рып көріп едім, Қаза­қстан жай­лы мына­дай қызы­қты көр­сет­кі­шті тауып алдым: біз бақы­ла­у­шы, қадаға­ла­у­шы, тек­се­ру­ші және лицен­зия беру­ші орган­дар­дың саны бой­ын­ша алды­ңғы қатар­лы елдер­дің ара­сын­да екен­біз. Олар­дың саны біз­де 60 шақты бола­ды екен. Мұны бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы­лар­дың жап­пай шек­тен шығу­шы­лы­ғы деп ата­уға бола­ды. Мұн­ша­ма бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы­лар­ды асы­рап, күтіп-бағу мүм­кін емес, әрі сон­ша­ма бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы­лар­дың қол астын­да бола тұра, биз­нес жүр­гі­зу, ШОБ төңіре­гін­де игі баста­ма­ларға жол беру мүм­кін емес. Мен тіп­ті ондай шек­тен шығу­шы­лы­қ­пен ең көп айна­лы­са­тын орган­дар­ды да біле­мін: бірін­ші орын­да – ең көп тек­серіс жасай­тын сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық бақы­лау орган­да­ры, екін­ші орын­да – өрт қауіп­сізді­гі, үшін­ші – салық органдары.

– Деген­мен, бақы­лау­сыз бол­май­ды ғой…

– Жап­пай тек­серіс­сіз де бола­ды ғой. Гру­зия пре­зи­ден­ті Миха­ил Саа­ка­шви­ли кезін­де сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық бақы­лау орын­да­ры мен өрт қауіп­сізді­гі инспек­ци­я­сын жауып тастап, олар­ды кіші­гірім зерт­ха­на ретін­де ғана қал­ды­рған еді. Бірақ олар­ды тек­серіс жүр­гі­зу құзы­ры­нан айы­рған болатын.

Мыса­лы, сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық бақы­ла­уды қалай жүр­гі­зеді? Бір бұры­штан кіш­кене ғана шаң көріп қал­са біт­ті – айып­пұл дай­ын дей беріңіз. Сөйт­кен Саа­ка­шви­лидің өз ойы­нан қоры­ққан жері де бол­ды: оның ойын­ша, осы­дан кей­ін бар­лық кафе-ресто­ран­дар­ды лас, кір басып, өрт­ке шал­ды­ғып қалар ма екен деп қоры­ққан көрі­неді. Алай­да ондай қорқы­ны­шты ештеңе де болған жоқ, керісін­ше, бәрі де жақ­сы болып кет­ті. Ақы­сы­на ол ШОБ өкіл­дері­нен қан­ша­ма рет алғыс алды десеңізші!

Ал енді Қаза­қстан­ның рей­тин­гісіне келетін бол­сақ, құры­лы­сқа рұқ­сат беру жағы­нан біз 200 елдің ішін­де 145-орын ала­ды екен­біз. Ал жаңа­дан салы­нған құры­лыс объ­ек­тілерін электр­мен қорек­тен­ді­ру жағы­нан алған­да 86-орын­да екен­біз. Сана­лы адам­ның ойын­ша, егер де биз­нес­мен жоға­ры­да аталған ере­же­лер­дің бәрін дұрыс орын­дап, ақша­сын уақы­тын­да төлеп оты­ра­тын бол­са, ешқан­дай қиын­дық туын­да­мауы керек қой. Жоқ, құрып кет­кен­де жылу, су және кәріз жүй­есі секіл­ді кез кел­ген қара­пай­ым ғана ком­му­ни­ка­ци­яға қосы­лу­дың өзі үлкен бір қия­мет екен. Бұлар­дың әрқай­сысын­да ақша­ны кере­гін­ше сорып оты­рған бір-бір жал­мауыз бар.

Ал енді ШОБ жүр­гі­зу үшін несие алу жағы­нан біз 89-орын­да­мыз. Біздің бүгін­гі тақы­ры­бы­мы­зға оның ешқан­дай да қаты­сы жоқ, деген­мен де бұл Қаза­қстан­да биз­не­сті дамы­туға кедер­гі болып оты­рған мәсе­ле­лер­дің бірі. Ал халы­қа­ра­лық сауда қаты­на­сы­ның дең­гейі жағы­нан біз тіп­ті 186-орын­да екен­біз. Міне, осын­дай көр­сет­кі­ш­тер­ден кей­ін қан­дай инве­сти­ция жай­лы айтуға бола­ды? Жағ­дай­ы­мыз осы­лай болып тұрған­да, инве­стор­лар біз­ге қан­ша шақыр­саң да кел­мей­ді ғой.

Мен жақын­да бри­тан­дық бір кіші­гірім ком­па­ни­я­ның бас­шы­сы­мен сөй­ле­стім. Ол біздің елде 10 жыл бойы кен өндіру­мен шұғыл­да­нып­ты. Енді сол биз­несін жауып, өз еліне қайт­пақ­шы екен. Менің: «Нелік­тен? Шыны­мен де, қаз­ба бай­лы­ғы­мы­здың тау­сы­лға­ны ма?» – деген сұрағы­ма: «Жоқ, шикі­зат жет­кілік­ті. Біз сіз­дер­дің шене­унік­теріңіздің қой­ып оты­рған талап­та­рын орын­да­уға қауқар­сыз­быз. Олар біз­ге жұмыс істе­у­ге мүм­кін­дік берер емес», – деп жау­ап берді.

Биз­нес­мен өзінің жасаған зерт­те­улері­мен бөлісті. Оның айтуы бой­ын­ша, әртүр­лі аны­қта­ма­лар­ды жинап өткі­зу мен қай­та-қай­та есеп беру жұмыста­ры өте көп уақыт пен қар­жы­ны талап ете­ді екен, бұл жүйе тым шек­тен шығып кет­кен. Негіз­гі жұмыспен айна­лы­суға уақыт жет­пей­ді. Оның ком­па­ни­я­сы Қаза­қстан­нан басқа тағы да 8 елде жұмыс жасай­ды екен. Бірақ та сол 8 елде­гі есеп беру жұмыста­рын бір­ге қосқан­да, тек бір ғана Қаза­қстан­дағы есеп беру жұмыста­ры­нан әлдеқай­да аз, әрі өте жыл­дам екен. Оның ойын­ша, Қаза­қстан­дағы өнер­кәсіп орын­да­рын­да жұмыс істеу қызы­қты, бірақ кел­тіретін кедер­гілері жұмыс жүр­гізу­ге жол бер­мей­ді, сон­ды­қтан кетіп қалған дұрыс екен.

– Деген­мен де, біз­де тек­серістер заңға негіз­деліп жүр­гізіледі ғой. Ал заң­сыз жүр­гізіл­ген тек­серіспен келіс­пеу керек…

– Біз­де­гі заң­дар­дың қалай жұмыс істей­тінін білетін шығар­сыз, оны мен сіз­ге айт­пай-ақ қояй­ын. Тек бір ғана мысал: 2013 жыл­дың 9 айын­да, сол кез­де­гі Аймақтық даму мини­стр­лі­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, ШОБ субъ­ек­тілеріне 138 мың жос­пар­лы түр­де­гі тек­серіс жүр­гізіліп­ті. Не үшін? Оның қажеті қан­ша? Сон­ша­ма нені тек­се­реді? Оның үстіне Қаза­қстан­дағы тек­серістер­дің 50 пай­ы­зы жос­пар­сыз жүр­гізілетіні бел­гілі. Енді ойлай беріңіз: жоға­ры­да аталған көп­те­ген бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы орган­дар­дың жос­пар­лы түр­де­гі тек­серісі бар, ал сон­да жос­пар­сыз жүр­гізілетін тек­серісі қаншама?!

Сана­лы түр­де ойлай­тын бол­сақ, бұл бақы­ла­у­шы-қадаға­ла­у­шы орган­дар­дың қыз­мет­кер­лері ком­па­ни­я­ларға неге жос­пар­сыз бара береді? Оның жау­а­бы оп-оңай: жұқа­рып қалған қал­та­сын қай­та­дан тол­ты­ру үшін ғана. Енді ойлаңыз­шы: тіп­ті неше жер­ден мора­то­рий жари­я­лан­са да, ол тек­се­ру­шіні қуып шығуға қан­дай биз­не­смен­нің дәті бара­ды? Ол мора­то­рий­дің өмір бақи жүр­мей­тіні бел­гілі, сон­ды­қтан да кел­ген «қонақтың» көңілін қай­тар­май, риза­шы­лы­қ­пен тыныш қана шыға­рып салу биз­не­смен­нің өзіне де тын­шу береді.

Міне, 1 қаңтарға дей­ін аз-ақ уақыт қал­ды. Содан кей­ін олар заң­ды түр­де келіп, «тек­серіс» жүр­гі­зеді. Сөй­тіп, оларға тәу­ел­ді болып жүр­ген биз­не­смен­дер тек­се­ру­шілер­дің айтқан­да­рын істеп, айдаған­да­ры­на көнеді. Осы­лай­ша, ашы­лған заң бұзу­шы­лы­қтың саны мен төлен­ген айып­пұл­дың көле­мі тек­се­ру­ші мем­ле­кет­тік орган­дар­дың жұмысы­ның көр­сет­кі­ші ретін­де алы­нып оты­рған кез­де, жағ­дай одан сай­ын сиы­рқұй­ым­шақта­нып, төмен­дей береді.

– Мен шене­унік­тер­мен сөй­лес­кенім­де, мора­то­рий кезін­де биз­не­смен­дер өздерін еркін сезініп, бас­сызды­ққа жол бер­ген­дерін айт­ты. Мыса­лы, туризм жөнін­де­гі коми­тет­тің төраға­сы «Гүл­нар тур» ком­па­ни­я­сы­нан шу шыққан кез­де Бас про­ку­ра­ту­ра­ның рұқ­са­тын­сыз ком­па­ни­я­ның қыз­метіне тек­серіс жүр­гі­зе алмай­тын­ды­ғын, ол жер­де­гі ала­яқтық әре­кет­тер көз­ге ұрып тұрға­нын ашық айт­ты. Сон­да ол айқай-шу рес­пуб­ли­ка көле­міне тарап кет­кен­нен соң ғана оны тек­се­ру­ге рұқ­сат етіл­ді ғой. Алай­да рұқ­сат бер­ме­у­ге де бола­тын еді. Дәл осын­дай тиім­сіз тек­се­ру­лер­дің аста­рын­да не бар деп ойлайсыз?

– Әрине, кәсіп­кер­лер­дің бәрі бір­дей сүт­тен ақ, судан таза деп айта алмай­мын. Олар да тұты­ну­шы­лар­ды алдай­тын кез бола­ды. Ал енді жал­пы тури­стік биз­нес жөнін­де айтар бол­сақ, ол жер­де көп­те­ген мәсе­ле­лер әлі де бол­са дұрыс, заң­ды түр­де заң­да­сты­рыл­маған. Мем­ле­кет пен биз­нес қашан да ала­яқтық әре­кет­тер­ге жол бер­мей, тұты­ну­шы­лар­дың құқы­ғын сақтау үшін ортақ бір түсіністік­ке келу­лері тиіс. Әйт­се де мен ШОБ өкіл­дерінің құқы­ғын қорға­уды жақтай­мын, өйт­кені дәл осы сек­тор­дың өкіл­дері қосым­ша құн төлеп, халы­қты жұмыс орын­да­ры­мен қам­та­ма­сыз етіп, салық төлеп, елдің өркен­деп дамуы­на еле­улі үле­стерін қосып отыр.

Ал шене­унік­тер мұның бірін де жаса­май­ды, олар бар болға­ны тек тұты­ну­шы ғана, оның үстіне үне­мі жағ­дай­ды қиын­да­тып, келеңсіздік­ке ұшы­ра­та­ды. Сон­ды­қтан да көбіне олар­дың айтқа­ны дұрыс бол­май, өздері қиын­шы­лық туын­да­та­ды. Әрине, олар өздерін құдай­дың құлын­дай сезі­неді: олар­сыз бар­лық кафе-ресто­ран­дар жабы­лып, бар­лық тур­фир­ма­лар халы­қты алдай­тын сияқты бола­ды. Олар тіп­ті досы­на неме­се көр­шісіне кез кел­ген кафе-ресто­ран­ның біріне шағым хат жазғы­зып, ертесіне онда жос­пар­сыз тек­серіс жүр­гі­зу­ден де тай­ын­бай­ды. Әйт­се де мен айт­тым ғой: дүние жүзін­де биз­не­стің бәрі осын­ша­ма тек­се­русіз-ақ тап-тама­ша жүріп жатыр.

 

–Сіздің ойыз­ша қалай, мора­то­рий өзін-өзі ақта­ды деп ойлай­сыз ба? Осы аталған 9 ай ішін­де кәсіп­кер­лік сала­да сапа­сы жағы­нан, сан жағы­нан өзгерістер бол­ды ма?

– Өкініш­ке орай, нақты цифр­лар жоқ. Жал­пы, мұн­дай шара­лар­дың тиім­ді тұста­ры бар­шы­лық: биз­не­сті қор­лау, қысым көр­се­ту аза­яды, жұрт бір сәт тыныш қана жұмыс істей­ді. Алай­да мора­то­рий – кәдім­гі бір «таб­лет­ка» іспет­ті, ол ауру­ды емде­мей­ді, тек оны уақыт­ша ғана тоқта­та­ды. Бірақ ол ешқан­дай мәсе­лені шешпейді.

Мора­то­рий­лер кос­ме­ти­ка­лық функ­ци­я­лар­ды ғана орын­дай­ды. Қазір­гі таң­дағы сая­си жағ­дай­ды ешқан­дай мора­то­рий өзгер­те алмай­ды, ол тек бел­гілі бір уақыт ара­лы­ғын­дағы көр­сет­кі­шті аз-кем етіп көр­се­те ала­ды. Бірақ тек­серіс­ке тый­ым салу аяқта­лы­сы­мен, аш шене­унік­тер басқа­ра­тын биз­не­сті бүрісті­ру әре­кеті жасалған жақ­сы­лы­қтың бәрін жоққа шыға­ра­ды, оң өзгерістер кері кетеді.

– Мұн­дай жағ­дай­да сіз не істер едіңіз?

– Әрине, сая­си рефор­ма қажет. Бұл жер­де Аме­ри­ка­ны ашу­дың кере­гі жоқ. Заң­ды ыры­қтан­ды­ру, билік­тің бар­лық тар­мақта­ры­на сай­лау жүр­гі­зу, өзін-өзі басқа­ру, пар­ла­мент­ке, сотқа, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на еркін­дік беріп, тәу­ел­сіз ету.

– Ал сая­си рефор­ма – өте ұзақ, ол ертең­гі, тіп­ті бүр­сі­гүн­гі бола­тын құбы­лыс деген­мен келі­сесіз бе? Ал бүгін­гі жағ­дай­да мора­то­рий­ден басқа тағы қан­дай шара­лар ойла­сты­руға болады?

– Ойла­сты­руға бола­ды, әрине. Осы жыл­дар ара­лы­ғын­да көп­те­ген шара­лар­ды ойлап тап­тық. Алай­да іс жүзін­де олар­ды қол­да­на алма­дық. Ол иде­я­ла­ры­мыз қан­ша жер­ден тама­ша болып шыққа­ны­мен, іс жүзін­де жұмыс жаса­ма­ды. Ал жемқор­лы­қ­пен іріп-шіріп кет­кен біздің қоғам­дық жүй­е­мізді тек сая­си рефор­ма арқы­лы ғана өзгер­ту­ге бола­ды. Егер де мора­то­рий­дің мерзі­мін ұзар­та­тын бол­сақ, оны мәң­гілік етіп созуы­мыз керек.

– Сіз тағы да бақы­лау-қадаға­лау істеріне тый­ым салу керек дей­сіз ғой?

– Сіз­ге басқа­ша түсін­діріп көрей­ін. Бүгін­гі жағ­дай­да мемор­ган­дар­дың биз­неске жасаған тек­серісінің шығы­ны­на қараған­да, ШОБ өкіл­дері тара­пы­нан болған заң бұзу­шы­лы­қтар мем­ле­кет­ке аз шығын кел­тіреді. Өкініш­ке орай, біздің таң­да­уы­мыз қазір жақ­сы мен жаман­ның ара­сын­да емес, керісін­ше, жаман мен өте жаман­ның ара­сын­да болып отыр. «Өте жаман» деп мен бұл жер­де тек­серісті алып тұр­мын. Ал тек­серіс­сіз – жай ғана нашар. Егер еке­уі қатар бол­са – әлдеқай­да жаман. Алай­да оны айна­лып өте алмай­мыз, сон­ды­қтан да биз­не­смен­дер өздерінің есеп беру жұмыста­ры­на бел­гілі бір тәр­тіп орна­тып, әбден дай­ын­да­лу­ла­ры қажет.

Екін­ші әрі өте маңы­зды мәсе­ле – өз құқы­қта­рын қорғау үшін, қоғам­дық ұйым­дар, аза­мат­тық инсти­тут­тар арқы­лы жан-жақты хабар­дар болу керек. Ал шене­унік­тер­мен күре­су керек: Бас про­ку­ра­ту­раға шағым­да­ну керек, сотқа беру керек, заң­ды түр­де­гі кез кел­ген әдісті қол­да­на оты­рып, қорға­ну керек. Егер де мұның бәрін қол­дан­ба­са – онда еріксіз тек­се­ру­шінің бәріне ақы төлей­тін болады.

– Олар мұн­дай шешім­ге барар ма екен? Биз­не­смен­дер шене­унік­тер­мен ұры­спай, керісін­ше, тіл табысуға тыры­са­ды деп едіңіз ғой.

ШОБ жағ­дайы – қоғам­ның айна­сы іспет­ті. Халық үнде­ме­ген сай­ын – оны үсті­нен жан­ши береді. Биз­не­сте де сол сияқты, әрине, тек сәл ғана өзге­шелік бар. Жал­пы, құл­дық жағ­дай бар­лық сала­да көрініп тұрады.

– Сіздің болжам­да­ры­ңыз бой­ын­ша шағын және орта биз­не­стің мәсе­лесі ұза­ққа созы­ла­тын сияқты ғой?

– Ауыз тол­ты­рып айта­тын биз­нес біз­де жоқтың қасы. Тек кіші­гірім қыз­мет көр­се­ту жүй­е­лері мен алып-сатар­лар бол­ма­са. Мыса­лы, Стам­бул­да, іскер­лік орта­лы­қтан бір­та­лай қашы­қты­қта бір­не­ше кило­метр­ге созы­лған жүз­де­ген тігін цех­та­ры, аяқ киім жасау және жөн­деу орын­да­ры, ыдыс-аяқ жасай­тын шебер­ха­на­лар, әйгілі түрік кәм­пит­терін даяр­лай­тын кон­ди­тер цех­та­ры бар. Бұлар негізі­нен отба­сы­лық кәсі­по­рын­дар, сон­ды­қтан да ондағы жұмыс­кер­лер бар жанын сала қыз­мет ете­ді. Оны мен өз көзім­мен көрдім.

Біз­де ондай ештеңе жоқ. Кафе-ресто­ран­дар, сұлулық салон­да­ры мен тре­на­жер­лық зал­дар бар, апте­ка­лар мен қап­тап кет­кен бук­ме­кер­лік кең­се­лер бар. Ал жұмыс­шы­лар ұстап, қан­дай да бір өнім шыға­ра­тын кәсі­по­рын­дар жоқтың қасы.

Пре­зи­дент те, үкі­мет те ШОБ-ті дамы­ту қажет дей­ді. Ал жастар жағы не дей­ді? Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке жұмысқа тұру – олар үшін ең басты жетістік екені бар­шаға бел­гілі. Әрине, бұл, бір жағы­нан – үлкен мәр­те­бе, екін­ші жағы­нан – «қосым­ша табыс» көзі. Оның үстіне бақы­лау-қадаға­лау орган­да­ры мен күштік құрам­да қыз­мет ету – тіп­ті абы­рой­лы қыз­мет болып табы­ла­ды, өйт­кені ол жер­де бар­лы­ғы­на да зор мүм­кін­дік бар.

Ондай адам­дар ешқа­шан биз­неске бар­май­ды, ол – өте ауыр жұмыс, әрі қиын­шы­лы­ғы да мол. Бір жас жігіт маған: «Қазір эко­но­ми­ка сек­то­ры мен шағын және орта биз­неске тек ақы­мақтар ғана бара­ды», – деп ашық айт­ты. Міне, бұл тек көңіл­ге қаяу түсіріп қана қой­май­ды, бұл елдің келе­ше­гі үшін өте қауіп­ті, әрі зиян­ды да.

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!

Вла­ди­мир РАДИОНОВ,

Қаз­ТАГ

 

  • Орыс­ша­дан

аударған – Айман Оспан

 

Республиканский еженедельник онлайн