Понедельник , 7 июля 2025

Сапабек ӘСІПҰЛЫ: БИЛІККЕ ЖАҢА ТОЛҚЫН КЕЛМЕЙ, елдің бойына жаңа қан жүгірмейді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.

 

 

«Қаза­қтың Кеңес дәуірін­де­гі 12-том­дық энцик­ло­пе­ди­я­сын» жазған­дар­дың бірі, 90 жасқа кел­ген аузы дуа­лы ақсақал Сапа­бек Әсі­пұ­лы­мен дидар­ла­сып, сұх­бат­та­су­дың сәті түс­кен еді. Халі қал­ты­рап тұрған қазақ мәсе­лесіне кел­ген­де, елба­сы­дан етік­ші­ге дей­ін­гінің «енесін ұра­тын» аға­мы­здың сол ойын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

 

–Сапа­бек аға, Қаза­қстан­ның кеше ғана өткен Тәу­ел­сіздік мере­кесі өз дең­гей­ін­де той­лан­ды деп ойлай­сыз ба?

– Қазір­гі таң­да көп­шілік осы тәу­ел­сіздік­ті аспан­нан түс­кен­дей қабыл­дай­тын бол­ды. Оның жолын­да үш ғасыр пат­ша­лық Ресей­мен 1600 рет ұлт-азаттық күре­сте жан берісіп, жан алы­сқан қан­ды қырғын­дар бол­ды. Кеңес Одағы Қаза­қстан­да қол­дан ұйым­да­сты­рған үш бір­дей ашар­шы­лық жаса­ды. Халы­қтың бет­ке шығар қай­мақта­рын атып таста­ды, қалған­да­рын итжек­кен­ге айда­ды. 1986 жылғы 16–17 жел­тоқ­сан­да қан­ша­ма боздақ қыр­шын­нан қиыл­ды, із-түз­сіз жоғал­ды, өмір бақи мүге­дек болып қал­ды, күнәсіз түр­ме­ге қамал­ды, оқу­дан қуылды.

Міне, «тәу­ел­сіздік» деген­де, бірін­ші кезек­те осы­лар айты­луы тиіс. Жел­тоқ­сан көтерілісінің өзін біре­се «Жел­тоқ­сан оқиға­сы», біре­се «көтеріліс», біре­се «төң­керіс» деп, адам­ның басын қатыр­ды. Кезін­де дұрыс сая­си баға беріл­ме­ген соң, Жел­тоқ­сан­ның соңы да сиы­рқұй­ым­шақта­нып кет­ті. Өйт­кені, жоға­ры­дағы кей­бір кісілер­дің «арты ашы­лып қал­мау» үшін, оны әзір­ге айтуға бол­май­ды-мыс. Тым құпия сана­ла­ды. Осы­ның бәрін расын­да ұмыт­са – қазақ тәу­ел­сіздік­тің қадірін білмейтіндігі.

– Ал осы айту­лы дата­лар­дың халық ара­сын­да наси­хат­та­лу жағ­дай­ын қалай бағалайсыз?

– Жел­тоқ­сан көтерілісі мен Тәу­ел­сіздік күні деген дата­лар жыл­да оры­стың Жаңа жылы­ның таса­сын­да қалып қоя береді. Алма­ты мен Аста­на қала­ла­рын­да, басқа да облыс орта­лы­қта­рын­дағы көше­лер­де тәу­ел­сіздік тура­лы бір әріп жоқ. Оның орны­на «С Новым годом» деген жазу­лар мен жаң­быр­дан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақтай қап­таған шыр­ша­лар қалқиып, үш ай бойы тұрады.Телеарналар да Алма­ты­да өткен қан­ды қырғын тура­лы жары­тып ештеңе айта қой­май­ды. Сон­ды­қтан жасөс­пірім бала­лар тәу­ел­сіздік­тің не екенін қай­дан білсін?!

Жиыр­ма үш жыл­дан бері «тәу­ел­сіздік» деп жат­тап алып, ұран­да­тып, қақ­сай береді: ол тәу­ел­сіздік­ті кім­нен алға­нын тіп­ті түсін­бей­ді де. Қай­дағы тәу­ел­сіздік, Құдай­ым-ау, алды­мен ҚР Ата заңын­да (Кон­сти­ту­ци­яда) Қаза­қстан – қазақ халқы­ның жері деген бір ауыз сөз жоқ. Бай­ы­рғы ру-тай­па­лар өзге ұлт өкіл­дері­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын құрған дей­ді. Екін­ші­ден, «Мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі» деген бап­ты мой­ын­да­май­ды және жоға­ры­дағы біре­уі де ол тіл­де сөй­ле­мей­ді. Үшін­ші­ден, Қызы­лор­да облы­сын­дағы Бай­қоңыр ҚР заңы­на пысқы­рып қара­май­ды. Діні­міз – ала­у­ыз. Өнер­кәсіп, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, меди­ци­на мен білім­нің сиқы кет­ті. Өзі­міз тіс шұқы­ғыш шығар­май­мыз, тамақ-киім­нің бәрін сырт­тан таси­мыз. Сөй­те тұра, «тәу­ел­сіздік» деп, кеңір­дек жыр­та­мыз. Өрке­ни­ет­ті елдер­дің алдын­да маңы­зда­нып, бедел­ді түр­де көр­се­тетін бір құн­ды­лы­ғы­мыз жоқ. Бұның қай жері тәу­ел­сіздік – түсіне алар емеспін?!

 – Аға, есесіне Қаза­қстан­да 130 ұлт­тың өкіл­дері тату-тәт­ті тұра­ды деген сөз бар ғой…

– Қазақ – өз ата-жұр­тын­да мем­ле­кет құру­шы, жетек­ші халық емес, көп­тің бірі деген сөз сияқты көрі­неді маған. Біз­де ұлта­ра­лық қаты­на­стар хақын­да сұлу сөз­дер күн сай­ын дер­лік толас­сыз айты­лып, судай сыл­дыр­лап, ағып жатыр. «Татулық», «тыны­штық», «достық» дей­ді. «Ұлт­тық жарас­тық – эко­но­ми­ка­лық гүл­де­нуі­міздің кепілі» дей­ді. Бірақ ұлта­ра­лық қаты­на­стың негізі неде екені жөнін­де ешкім жақ ашпай­ды. «Ұлта­ра­лық қаты­на­стар­да татулы­қты берік сақтай­ық» деген­ді үйреніп алға­ны­мыз сон­ша, оның шын сыры­на мән бер­мей, дау­ры­ғу­мен күн өткізіп жүрміз.

Ал көл­гір­сі­мей, шын­ды­ғын айта алсақ, ұлта­ра­лық қаты­на­стың негізі – жер ғой. Екі ұлт­тың бірі ыры­здық бұлағы толас­сыз ағып жатқан бай жер­де шалқып отыр­са, екін­шісі тан­ды­ры кеп­кен жер­де малы­на жем-шөп, өзіне азық таба алмай, бөрі құр­сақ күй­де ішқұ­са болып қаңғы­рып жүр­се, бұлар­дың ара­сын­да қан­дай достық, қан­дай бауыр­ла­стық сезім болуы мүмкін?!

Ұлт­тар­дың жер­ге, жер болған­да қоны­сқа қолай­лы, шару­аға жай­лы жер­ге қаты­на­сы мен құқы­ғы тең бол­май тұрған­да қан­дай оңды ұлта­ра­лық қаты­на­стар қалып­та­са ала­ды? Шын ұлт­шыл аза­мат қазақ тұр­мысы­ның күй­кілі­гіне оның өзі кінәлі емес, жері кінәлі екенін, келім­сек­тер­дің құнар­лы жер ата­улы­ны бауы­ры­на басып алып, бедірей­іп оты­ра бер­мей, бай­ы­рғы тұрғын­дар­мен бөлі­су қажет­ті­гін, қуаң дала­дағы­лар сон­дай қамқор­лы­ққа зәру екенін ашып айтып, олар­дың жүре­гін­де ізгілік сезі­мі бар бол­са, оятуға күш салар еді. Міне, мен бұны шынайы достық пен тату­ла­стық деп білер едім.

– Ал енде­ше осы жағ­дай­да қазақ қалай ел бол­мақ, аға?

– Бүгін­де қаза­қтың асқақ рухы өлген. Сана­сы уланған. Ар мен намыс аяққа тап­талған. Бас көтеріп, елең етер ешкім жоқ. Солай болуға тиісті секіл­ді, осы­ған еті­міз әбден үйреніп кет­кен. Халқы­мы­здың тең жар­ты­сы кеңе­стік отар­лау сая­са­ты­ның сал­да­ры­нан оры­станған­ды­ғын сөз­бен айтып жет­кі­зу мүм­кін емес. Әлі күн­ге құл­дық сана­дан ары­ла алмай, соры қай­нап жүр. Басы­нан бақай­шағы­на дей­ін мәң­гүрт­тен­ген. Біз­де тез ара­да жаңа­ру, жаңғы­ру болу керек, әйт­пе­се жалт-жұлт еткен жаһан­да­ну­да көш­ке іле­се алмай, тығы­ры­қтан шығу мүм­кін бол­май қалады.

Билік­ке жаңа толқын кел­мей, елі­міздің бой­ы­на жаңа қан жүгір­мей, қоғам­да күр­ме­уі шешіл­ме­ген қор­да­ланған мәсе­ле­лер жыл­дар бойы үйіліп қала береді. Енжар­лық, немқұрай­ды­лық, нем­кет­тілік сана­мы­зды шыр­мауы­қтай шыр­мап алған. Қоғам­да сіл­кініс мүл­дем жоқ. Қазір­гі қаза­қтың еңбек­те­ген сәби­ден еңкей­ген қари­яға дей­ін­гісін ойлан­ды­ра­тын – ақша болып кет­ті. Қашан да, қай заман­да бол­ма­сын, тала­сып-тар­ты­сып жұмыс істе­ген­де ғана бәсе­ке­ле­стік пай­да болып, біздің рухы­мыз көтеріледі. Сон­да ғана бөтен­ге жал­тақта­май, алаң­да­май, бүге­жек­те­уден құты­лған, ой-өрісі азат ұрпақ пай­да бола­ды. Бүгін­гі аға буын өкіл­дері (мен сияқты) басым көп­шілі­гінің бой­ын­да эго­изм басым. Сол эго­изм жібер­мей­ді. Өзі­нен кей­ін­гілер­ге үзең­гіні өлсе де бер­мей­ді. Ол да бір ауру, жазыл­май­тын дерт. Әрбір қаза­қтың бой­ын­да қаза­қы қан ширы­ғып жат­са, жігері­міз жасып, туы­мыз жығыл­май­ты­ны анық.

Жуыр­да 170 мем­ле­кет­те болған, Фран­ци­ядан кел­ген Фран­с­уа деген фран­цуз Аста­наға келіп кетіп­ті. Әуе­жай­дан шыға­рып салып тұрған­да, өзіңе ұқсаған бір жур­на­ли­стің «Қаза­қстан сіз­ге ұна­ды ма?» деген сұрағы­на былай жау­ап беріп­ті: «Мен қай елге кел­гені­ме түсіне алар емес­пін. «Тәу­ел­сіз Қаза­қстан», «демо­кра­тия», «толе­рант­ность», «неза­ви­си­мость» деген­дер – бос сөз. Өйт­кені жер­гілік­ті қазақ халқы­ның тілін­де біре­уіңіз сөй­ле­мей­ді екен­сіз­дер. Бұл – Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның бір губер­ни­я­сы­на қат­ты ұқсай­тын ел екен», – деп, ұшып кетіп­ті. Осы­дан кей­ін не айтуға бола­ды? Қаза­қ­ша сөй­ле­мей­тін елді «Қаза­қстан» деп ата­удың өзі дұрыс емес.

Күзет­ші, көше сыпы­ру­шы, жүр­гі­зу­ші секіл­ді қалып­ты жұмысын атқа­рып жүр­ген жан­дарға адам­ның қоры ретін­де қара­май, мұр­нын шүй­ір­ген талай кісі­сы­мақтар­ды көр­дік. Сон­да біздің бір-бірі­міз­ге деген ада­ми сый­ла­сты­ғы­мыз қай­да? Қоғам­ның ада­мға құр­меті құл­ды­рап кет­кеніне кім жау­ап­ты? Біз қан­дай едік? Қан­дай күй­ге түстік? Қашан оңа­ла­мыз? Осы сұрақтарға жау­ап іздеп шаршадым.

– Ата­лық сөз айтқа­ны­ңы­зға рах­мет, аға! Сау болыңыз!

Сұх­бат­тасқан –

Жұма­мұрат ШӘМШІ

Республиканский еженедельник онлайн