Понедельник , 7 июля 2025

Алма АМАНЖОЛОВА: ЕРКЕК КІНӘЛІ БОЛСА ДА, отбасының беріктігі әйелге байланысты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.

 

Сахнаға ерте шығып, қара дом­бы­рас­ын қолы­на алып, елге таны­лған Алма АМАНЖОЛОВА өзін­дік талға­мы жоға­ры әнші. Тың­дар­ман қауым оны Алма деп атын ата­май, «Қара пима­ны» орын­дай­тын әнші қыз деп тани­ды. Алма ханым­ның осы әніне өкпе­лі екенін естіп, «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет «айда­ры­на сұх­бат беруін өтін­ген едік.

 

–Сіз­бен сұх­бат­та­суға дай­ын­дық бары­сын­да әле­умет­тік желі­ден өзіңіз айта­тын «Қара пима» атты әніңіз­ге өкпе­лі екеніңізді оқы­дық. Ол қай­дан шыққан «өкпе» екенін айта ала­сыз ба?

– «Өкпе» деп қат­ты айты­лған екен. Ән деген киелі дүние ғой, оған қалай өкпе­лей­мін. Актер­лар­дың ойнаған рөл­дері, әншілер­дің айтқан әндері өміріне әсерін тигі­зетіні рас. «Қара пима» әні араққа салы­нған әке мен мүге­дек бала­ның тағ­ды­ры­на қаты­сты шыққан, оқиға­лы ән. Құдай сақ­та­сын, арақтың зардаб­ын көр­ген жоқ­пын, алай­да саз­гер­лер­дің ұсы­на­тын әндері мұң­лы-зар­лы, қоғам­дағы ауыр-ауыр тақы­рып­тың төңіре­гін­де болып кет­ті. Бұл – кез кел­ген орта­да айты­ла беретін ән емес. Репер­ту­а­рым­дағы әндер біры­ңғай күр­делі екені рас… Осын­дай әнді орын­даған­нан кей­ін көп­шілік мінезім­ді ауыр деп ойлай­ды. Керісін­ше, қал­жы­ң­бас, әзіл­ді сүй­етін адам­мын. Жиын-той­лар­да «Қара пима­ны» айта­тын қыз» деп танып жата­ды. Осы әнді орын­дап беруді сұрай­тын­дар да бар. «Қара пима» – кез кел­ген орта­да айты­ла беретін жеңіл дүние емес, маз­мұ­ны терең, ұзақ орын­да­ла­тын ән. «Аппақ гүл­дер» мен «Қызыл өрік» сияқты әндер­дің қата­ры­нан емес дегенім ғой. Әнге өкпе­лі емес­пін, мені халы­ққа таны­сты­рған да, таны­тқан да осы – «Қара пима». Осы әннің мәтінін жазған Ұлы­қ­бек ағай­ым Есдәу­ле­тов: «Алма қарын­да­сым осы әнді орын­даға­лы мені біл­мей­тін­дер біліп-танып жата­ды, Қытай­ға барға­ным­да, «Қара пима­ның» авто­ры «мен­мін» дегенім­де, «жұл­дыз» бол­дым», – деп қал­жы­ң­дап айтқа­ны бар. Осы сөзі Ұлы­қ­бек аға­ның маған бер­ген үлкен баға­сы деп біле­мін. Бірақ Ұлы­қ­бек аға­ның 60 жыл­дық мерей­той­ын ұйым­да­сты­рған­дар осы орай­да өткен кон­церт­ке мені шақыр­маға­ны көңілі­ме қаяу түсір­ді. Шақы­рған­да мін­дет­ті түр­де ретін тауып, «төлқұ­жат-әнім­ді» орын­дап беретін едім.

– Ал әннің сөзін де, сазын да өздері шыға­рып, ол әнді өздері орын­дай­тын кей­бір әріп­те­стеріңіз жөнін­де не айта­сыз? Мәсе­лен, ел ішін­де сон­дай әндер­дің мәтініне реніш туа­тын жағ­дай­лар көп болады…

– Әнші көп деп айтай­ын десем, өзім де әнші­мін. Жастар­дың өнер қуға­ны, киелі өнер­ге жақын болға­ны жақ­сы, бірақ сол өнер екінің біріне бағы­на бер­мей­тін дүние. Қазір ком­пью­тер­дің зама­нын­да ән салып, әнші ата­нып, елдің сүй­ік­тісіне айналға­ны қан­ша­ма! Менің­ше, өнер деген қаси­ет­ті ұғым­ды арзан­да­тып алған сияқты­мыз. Кім­нің әнші, кім­нің әнші емес екенін айы­ра ала­тын халы­қтық өнер­дің баға­ланған кезін­де таны­лға­ны­ма Құдай­ға шүкір­шілік ете­мін. Өнер­ге өміріңді арнаған­да ғана нәти­же­ге қол жет­кі­зесің… Көп­ке топы­рақ шашпай­мын, бірақ өнер­ді ермек етпе­ңіз­дер дегім келеді. Жастар­дың сахнаға шығып «жұл­дыз» бол­сақ, кере­мет бола­ды деген ойы – алдам­шы нәрсе.

– Соңғы жыл­да­ры көгіл­дір экран­нан әнші-тер­ме­шілер­дің көрін­бей кетуін немен түсін­дірер едіңіз? Бұл ұлт­тық дәстүр­ге немқұрай­лы­қтың сал­да­ры емес пе?

– Қазақ десең, өзіңе тиеді. Мәсе­лен, «мән-мағы­на­сыз, жеңіл-жел­пі әндер көбей­ді, оған қоса қырғыз бен түрік­тің әндерін ұрлап алды», – деп рен­жи­тін­дер бар. Бірақ қаза­қтың той-тома­лағы осы «ұрлан­ды» деп жүр­ген «Қызыл өрі­гі», «Чип-чип­сіз» өтпей­тін бол­ды ғой. Қазір тер­ме айта­тын әншілер­ді құда­лы­қта, кем­пір- шал­дар­дың орта­сын­да ғана ән айта­ды деген түсінік қалып­тасқан. Бұры­нғы қаза­қтың кез кел­ген тойы дом­бы­рас­ыз өтпе­ген. Ұлт­тық дәстүр­ге немқұрай­лы­қ­пен қарай­тын да көре­рмен­нің өзі. Той­да айты­ла­тын әндер бірінің орнын бірі басып, алма­сып жатыр ғой: баста­пқы­да Бей­біт­тің «Шоқ қызда­ры», кей­ін­гі «Қызыл өрік» пен «Чип-чип» уақыт­ша айты­ла­тын әндер екеніне күмәніңіз болмасын.

– Ал тер­ме­ші-жыр­шы­лар­дың үлкен сахна­лар­дағы кон­цер­ті неге сирек қой­ы­ла­ды? Бұл тың­дар­ман қауым­ның эст­ра­даға аңса­ры ауған талға­мы­нан туған кінәрат емес пе?

– Көп­тің аты­нан сөй­ле­мей-ақ қояй­ын. Жеке өз пікірім­ді айтай­ын. Жыл сай­ын Май­ра апай Іли­я­со­ва ұйым­да­сты­ра­тын ұлт­тық кон­церт­тер­ге келетін көре­рмен саны аз емес. Есті әндер­ді тың­дай­тын тың­дар­ман бары­на шүкір. Бірақ біз­ден гөрі жеңіл эст­ра­да­лық әндер­ге сұра­ныс көбірек десек те, тер­ме әндері теле­ди­дар­дан, радио­дан көп беріл­се екен дей­мін. Отан­дық «Гәк­ку» арна­сы­на «Ардағым» атты бей­не­ба­я­ным­ды апарға­ным­да, олар қабыл алма­ды. Фор­ма­ты жоқ па, әлде секең­де­ген тыр-жалаңаш қыздар­дың бей­не­ба­ян­да­ры­на ұқса­ма­ды ма, әйте­уір көрсетпеді.

Бетпе бет врезка«Гәк­ку» теле­ар­на­сы­на «Ардағым» атты бей­не­ба­я­ным­ды апарға­ным­да, олар қабыл алма­ды. Фор­ма­ты жоқ па, әлде секең­де­ген тыр-жалаңаш қыздар­дың бей­не­ба­ян­да­ры­на ұқса­ма­ды ма, әйте­уір көр­сет­пе­ді. Ұлт­тық дәстүр деп, жалаң сөз­бен ұран­да­та­мыз, бірақ сол дәстүр­ді наси­хат­та­уға кел­ген­де, тілі­міз күр­меліп қалады.

 

Ұлт­тық дәстүр деп жалаң сөз­бен ұран­да­та­мыз, бірақ сол дәстүр­ді наси­хат­та­уға кел­ген­де, тілі­міз күр­меліп қала­ды. Шетел­дің кли­пін қым­бат бол­са да, сатып алып, күн­діз-түні жар­на­ма­лай­ды, өзі­міздің қол­да бар кере­мет бей­не­ба­ян­дар­ды көр­сет­пей­тініне таңым бар. Осы мәсе­лені өнер­дің сая­са­тын жүр­гізіп оты­рған бас­шы­лар біл­мей­ді деп ойла­май­мын. Баяғы­дан бері айты­лып келе жатқан, әбден жауыр болған мәсе­ле. Өзі­міздің төл туын­ды­ла­ры­мы­зды, ұлт­тық өнер­дің әуен­ді әуез­дерін көр­се­тетін уақыт та келер деген сені­мім кәміл.

– Төл өнер де тәу­ел­сіз бол­са екен дей­сіз ғой. Ал екі-үш күн бұрын ата­лып өткен «Тәу­ел­сіздік күні» деген­де, ең алды­мен қаза­қтың сан ғасыр­лық мұң-зары құлаққа естіл­ген­дей бола­ды. Осы мере­кенің ыр-дуға толы қой­ы­лым­да­ры­на сол мұң-зарды жет­кі­зетін тер­ме­шілер­ді шақы­ру жағы қалай болды?

– Тарихы­мы­зда таң­ба­ла­нып қалған «Жел­тоқ­сан көтерілісіне» арналған әндер көп емес. Тәу­ел­сіздік күні – Жаңа жыл алдын­да ата­лып өту­ге тиісті ұлық мере­ке ғой. Тәу­ел­сіздік мере­кесіне де Жаңа жыл­ды қар­сы ала­тын­дай дай­ын­дал­сақ қой деп ойла­на­мын. Тәу­ел­сіздік – ата-баба­мыз арман­даған, киелі ұғым. Құдай­ға шүкір, сол арманға жетіп отыр­мыз. Бірақ осы мере­кені теле­ди­дар­дан тек уақы­ты жақын­даған­да ғана жар­на­ма жасап, көр­се­те бастай­ды. Егер Тәу­ел­сіздік мере­кесін күтіп отыр­май, күн­діз-түні наси­хат­тап, көр­сетіп жат­са, әр адам­ның пат­ри­от­тық сезі­мі оянар ма еді?! Репер­ту­а­рым­да Жел­тоқ­санға арналған ән бол­ма­са да, туған жер­ге, елге арналған әндерім бар­шы­лық, өзім­ді пат­ри­от әнші­мін деп есеп­тей­мін. Ал Тәу­ел­сіздік қар­саңын­да елге қыз­мет еткен бірқа­тар аза­мат­тар­дың еңбе­гі еленіп, мара­пат алып жата­тын тұсы жақ­сы. Биыл да сахна­да жүр­ген әріп­те­стерім­нің біра­зы мара­пат­тал­ды, құт­ты бол­сын деймін!

– Соңғы кез­дері бас­пасөз бет­терін­де «жыла­у­ық әндер», «жыла­у­ық әншілер» деген тір­кестер жиі айты­лып жүр. Ал тер­ме жан­рын жыла­май айту және оны жыла­май тың­дау мүм­кін емес. Оның жанр­лық сипа­ты солай. Осы үстірт айты­лған үрдіс­ке бай­ла­ны­сты не айтар едіңіз?

– Біз үнділер­дің фильм­дерін көр­ген­де, еңіреп жылай­тын қаза­қ­пыз ғой. «Жыла­у­ық әндер» деген­нен гөрі, лири­ка­лық ән деп атаға­ны­мыз жөн болар. Мен өзім жылай алмай­тын адам­нан қорқа­мын. Қазір шоу-биз­не­сте­гі әншілер­ді «жыла­у­ық» деп қана емес, «мәм­бет» және «эли­та­лы» деп бөлетін бол­ды ғой. «Мәм­бет» әншілер деп біз сияқты қаза­қи әншілер­ге ат қой­ып, айдар таға­ды, мен өзім­нің осы қатар­да болға­ны­ма қуа­на­мын (күл­ді).

– Сіз қоғам­да орын алып жатқан әртүр­лі сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­ларға құлақ түріп, олар қақы­сын­да ой түй­іп жүр­ген боларсыз?

– Сая­сатқа мықты бол­ма­сам да, үне­мі жаңа­лы­қтар­ды қарап, әле­умет­тік жағ­дай­ларға құлақ түріп жүретінім рас. Әсіре­се бүгін­гі пре­зи­дент­тің орны­на кім келер екен деген ой маза­лай­ды мені. Үне­мі елдің тыны­шты­ғын, халқым­ның аман­ды­ғын тілей­мін. Өйт­кені өмір­дің өзі сая­сат. Біздің елде­гі жүр­гізілетін сая­сат­тың дең­гейі – орта­ша, сон­ды­қтан ұлт­тық рухы­мыз мықты бол­май, бола­шағы­мы­здың жарқын болуы да, жетістік­ке жетуі­міз де екіта­лай. Сая­сат мәсе­лесі әр отба­сы­дан баста­ла­ды ғой, енде­ше менің отба­сым – менің саясатым.

– Бүгін­де сіз бала тәр­би­есі­мен үйде оты­рған көрі­несіз. Деген­мен, әйел­дер­дің ер-аза­мат­тар­мен иық тіре­стіріп, билік­ке, сая­сатқа ара­ла­сып жүр­генін қалай баға­лай­сыз? Сіздің­ше, бұл бет­бұрыс ұрпақ тәр­би­есіне кері ықпа­лын тигізіп жатқан жоқ па?

– Әр отба­сы­ның жағ­дайы әртүр­лі ғой. Кей­бір әйел­дер тұр­мысы­ның жақ­сы болуы үшін, ері­мен бір­ге жұмыс істей­тін­дері бар. Керісін­ше, «өзім асы­рай­мын», «сен бала­ны жақ­сы тәр­би­е­ле», – деп, әйелін үйде оты­рғы­зып қоя­тын ер-аза­мат­тар да кез­де­седі. Жол­да­сым­ның өтіні­ші бар, бір жағы­нан көп­тен күт­кен сәбиі­міз болған соң, ықы­ласпен бала тәр­би­есіне көңіл бөлу­де­мін. Өзін­дік орны бар әнші­мін, бірақ дәл қазір анда-мұн­да шапқы­лай бер­мей­мін. Осы заман­да әйел­дің еркек­ке ту сыр­ты­нан қалқан болға­нын қалай­мын. Сон­ды­қтан жұмыс­ба­сты ерім­нің бала­сын тәр­би­е­ле­уді бәрі­нен биік мін­дет деп санай­мын. Жол­да­сы­ның мінезіне көніп, «менің пірім», «менің отағам» деп, сый­лап отыр­саң, отба­сы­ның қама­лы берік бол­мақ. Қан­ша жер­ден еркек кінәлі бол­са да, отба­сы­ның берік­ті­гі әйел­ге байланысты.

– Өзіңіздің отба­сы­ңыз жөнін­де біл­гісі кел­ген оқыр­манға не айтар едіңіз?

– Біл­гісі келетін­дер интер­нет, әле­умет­тік желі арқы­лы хабар­дар деп ойлай­мын. Үлкен ұлым Бек­мыр­за 10-сынып­та оқи­ды. Бек­мыр­за­дан кей­ін 14 жыл­дан соң дүни­е­ге кел­ген Абы­лай­ым екі жастан асты. Абы­лай­дың қарын­да­сы – Шапағат атты бес айлық қызы­мыз бар. Жол­да­сым еке­уміз үш бала­ның қызық-қуа­ны­шы­на бөленіп, бір шаңы­рақтың астын­да өмір сүріп жатырмыз…

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

 

Республиканский еженедельник онлайн