Понедельник , 7 июля 2025

Қытайдан көшірілетін зауыттармен бірге бізге ҚАНША ҚЫТАЙ КЕЛЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.

 

Қытай десе, ішкен асын жер­ге қоя­тын кешелі-бүгін­гі пре­мьер Кәрім Мәсі­мов Шаң­хай ынты­мақ­та­стық ұйы­мы үкі­мет бас­шы­ла­ры­ның Аста­на­да өткен оты­ры­сы­нан кей­ін: «Қара қытай қап­тай­тын бол­ды…» деген сыңай­дың өңін өзгер­тіп, қаза­ққа «қуа­ны­шты» хабар айт­ты. Ол сыңай­дың ақпа­рат­тық ресми тіл­де­гі маз­мұ­ны былай: «Қытай өз елін­де­гі ондаған (!) шикі­заттық емес зауы­тын Қаза­қстанға көшіреді, осы мақ­сатқа бай­ла­ны­сты көп мил­ли­ард­тық келісім-шарт жасал­ды, біз бұны риза­шы­лы­қ­пен қабылдадық…».

 

Шама­сы, ол «риза­шы­лы­қтың» шапаға­ты өзіне неме­се өзін өңгер­ген өкі­мет иесіне бұй­ыр­ма­са, қаза­ққа қай­ы­ры тиеді деген қисын­ның ретін табу қиын.

Жоқ, Қаза­қстан­да жаңа зауыт­тар­дың салы­нуы, екі қолға бір күрек тап­пай жүр­ген халы­ққа жұмыс орын­да­ры­ның ашы­луы, шынын­да қуа­ны­шты жағ­дай. Бұған бола ала­бө­тен сөз айту ағат­тық болады.

Бірақ Мәсі­мов мәлім еткен жәйт­тің аста­рын­да, расын­да да, «қара қытай қап­тай­ды» деген қара­лы хабар­дың сыңайы бар. Бірін­ші­ден, бір сау­сағын жең ішін­де бүгіп жүретін қытай Қаза­қстанға ол зауыт­та­рын тегін көшіріп бер­месі бесе­не­ден бел­гілі бекем. Оны Кәрім-әкәнің өзі де айтып отыр: көп мил­ли­ард­тық келісім жасал­ды деп. Яғни, ол зауыт­тар­дың көшірілуі мен біздің елде салы­нуы қаза­қтың қар­жы­сы­на қаты­сты жәйт. Қыты­мыр қытай оған көк тиы­нын шығармайды.

Екін­ші­ден, ол зауыт­тар­ды әлдебір қис­ап­пен қытай тегін беріп, оны суте­гін салып берер бол­са, ол да бекер бол­маға­ны: яғни, өз еліне сый­май жатқан халқы­ның сол зауы­тқа қаты­сы бар жұмыс­шы­ла­рын біз­ге қарай асы­рып жібер­мек. Оның үстіне қытай қон­ды­ра­тын ондаған зауыт­ты зыр айнал­ды­рар біз­де­гі бір кез­дер­гі маман-жұмыс­шы­лар базар кезіп кет­кен. Бүгін­гі бай­ы­ған қазақ іс теті­гін білетін жұмыс­шы түгілі, малын бақты­рар мал­шы таба алмай жүр.

Оған бола ел-жұрт­ты жазғы­руға бол­май­ды: біз­де жұмыс­шы-маман­дар даяр­лай­тын оқу орын­да­ры ота­лып біт­кен. Бүгін­де екінің бірі табақтай дипло­мы бар заң­гер. Қуарған қырға шығып, бір шидің түбін теп­сең, екі эко­но­мист, бір мене­джер, төрт трейд мама­ны қаша жөне­леді. Жұмыс­шы­ны тал түсте шам­мен шар­лап таппайсың.

Оған да жұрт жазы­қты емес: елде­гі зауыт-фаб­рик ата­у­лы 90-жыл­дар­дың топа­лаң тала­пай­ын­да тарап тынған. Мәсе­лен­ки, элек­тро­ни­ка елі аталған Жапо­ни­я­ның тап­сы­ры­сы­мен бір кез­дері «ЧПУ» ста­н­ок­та­рын өндіретін Алма­ты­дағы «АЗТМ» зауы­ты бүгін­де қаңқиған құбыр ғана шыға­ра­ды. Сүң­гуір қай­ы­ққа арнап, тор­пе­до шыға­ра­тын Киров зауы­ты мұнай­дың қара­пай­ым темір-тер­се­гін кесіп-пішу­ден аспай қалған. Мұн­дай мысал­ды мұрын­дап тіз­сең, түбі терең әңгі­ме болады.

Ал осын­дай жағ­дай­да қытай әке­летін ол зауыт­тар­ды кім сала­ды, олар­ды кім иге­реді? Әрине, қытай­дан басқа кім болу­шы еді?! «Қара қытай қап­тай­ды» деген доғал дол­бар – осы.

Тіп­ті ол қытай бәрін тегін беріп, тегін салып кете бара­ды деген­нің өзін­де оған бұры­нғы бере­шек 20 мил­лард дол­лар­дың үстіне тағы да қарыз қосыл­ды дей беріңіз. Қысқа­сы, айна­лып кел­ген­де, Мәсі­мов қабыл көр­ген «риза­шы­лық» қаза­ққа емес, қытай­ға бұй­ы­ра­ры күмәні сел­дір сөз боп тұр.

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн