Понедельник , 7 июля 2025

ОДАҚБАСТАР жылы құтты болсын!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Уақыт уыты

(Интер­ме­дия орнына)

 

Басқа елдер­де қан­дай екенін біл­мей­мін – біз­де той көп: келін той, сүн­дет той, мін­дет той… Бала­мыз бірін­ші сыны­пқа бара ма – той. Отасқа­ны­мы­зға отыз жыл тола ма – ол да той. Тіп­ті ас беру мен құдайы тамақ та той­ға айнал­ды. Той­дың нешетүрін ойлап табу­дан қазақ әлем­де алды­на ел салмайды.

 

Соған қараған­да, жаратқан ием өзге­лер­ге маши­на, «айпон» мен «айпад» жаса­уды, ғылы­ми­тех­ни­ка­лық жаңа­лы­қтар ашу­ды беріп, біздің қаза­ққа той­той­лау, қыды­ру, сауы­қ­сай­ран құру қаси­ет­терін дары­тқан ба деп ойлай­мын. Біле біл­ген кісі­ге той­шыл­дық – бұл біздің ұлт­тық арты­қ­шы­лы­ғы­мыз. Ұлт­тық брен­ді­міз десек те болады.

Енде­ше біз неге қазір­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан шығу­дың өзі­міз өте жақ­сы білетін той жолын ойлап тап­пай­мыз? Оның «Нұр­лы жол­дан» несі кем? Ол үшін үлкен қала­ла­ры­мы­зда «Той инсти­тут­та­рын» ашқа­ны­мыз мақұл. Заңға өзгеріс енгізіп, той­ға салық салу керек. Той жасағыш қазақ ол салы­қты ұрмай­ды – кре­дит алса да, төлеп тастай­ды. Себебі той өткі­зуі керек қой. Ал той­дан түс­кен салық бюд­жеті­міздің қор­жы­нын тол­ты­ра­ды. Міне, дағ­да­ры­стан шығуға жәр­дем бола­тын қыру­ар қар­жы­ның көзі қай­да жатыр?! Ондай жағ­дай­да шетел­дік инве­стор­лар той өткі­зу биз­несіне өздерінің инве­сти­ци­я­сын өкір­тіп салар еді. Мұнай бізді бай­ы­та­ды деген есек­дә­ме әдірам қала­ды: той­дың түсі­мі Ұлт­тық қор­ды да қарық қылады.

Ауы­лқа­ла­дағы қаза­ққа сон­дай дүр­кіре­ген той­дың тағы бір сәті түсіп тұр. Алды­мы­здағы 2015 жыл­дың 1 қаңта­ры – Еура­зи­я­лық одаққа кір­ген күні­міз! Тиім­дісі сол – Жаңа жыл­ды бір атап өтсек, екін­шісі – одаққа кір­ген күні­мізді және той­лай­ды екен­біз. Бір оқпен екі қоян атты деген осы. Той өткізу­ге мұнан артық қан­дай себеп керек?! Бер көк­пар­ды! Шап, ұлы дала­ның төсін дүбір­летіп! Жаңа жыл­мен бір­ге одаққа кір­ген күні­міз­де шап­паған­да, әке­міздің асын­да шаба­мыз ба? Абы­лай­дың асы да бұлай өтпе­ген. Тар­тыл­сын кер­ней! Соғыл­сын дауылпаз!

Тәу­ба, қазақ! Осы күн­ге жет­кені­міз­ге шүкір!

Негізі, одаққа кіріп, бар­лық тіз­гін­ді «оре­кең­дер­ге» бер­гені­міз мақұл бол­ды. Олай дей­тінім – бәрібір біздің той той­ла­удан қолы­мыз тимес еді. Алда ақша да біры­ңғай бола­ды дей­ді. Құны түс­кен рубль­мен бір­ге нан да арзан­дап, арзан олпұл­мен әла­у­қа­ты­мыз да артып, омақасқан оры­стың арқа­сын­да қазе­кем бұрын жет­пе­ген жетістік­тер­ге жететін көрінеді.

Сон­да дей­мін ғой, жұр­ты­мау, біз­ге қамқор болар ел табы­лып жат­са, біз үшін оның басы ауы­рып жат­са, біздікі не азап? Жат­пай­мыз ба «бір Құдай­дың арқа­сы…» дееп, той­ы­мы­зды той­лап, көк­па­ры­мы­зды шауып. Мұнан артық қаза­ққа қан­дай қуа­ныш пен бақыт керек? Осы­дан көресіз, оры­стар бізді әліақ арман болған алға­шқы оты­зды­ққа өздері апа­рып кір­гі­зеді. Теп­те­гін, еш қиын­дық көр­мей, озған отыз елдің қата­рын­да шалқып, той­ы­мы­зды той­лап, алаң­сыз жүре береміз!

Осы той­шыл­ды­ғы­мы­здан аумай­ық, ағай­ын! Қой жылы біз­ге құт, бере­ке әкел­сін! Бұрын бір Алла­ның арқа­сы десек, енді одақтағы оры­сым аман бол­сын деп, той­ы­мы­зды той­лап, жүре берейік!

Айт­пақ­шы, енді­гі жер­де «елба­сы» деген ата­уды да өзгер­тей­ік. Ол енді Путин пат­ша­мен, Бать­ка Лука­шен­ко­мен бір­ге «одақ­бас» бол­сын! Оо, қан­дай ғала­мат – ооодақ­бас! Сол үшін бір тост көтеріп жібе­рей­ік! Бірақ той­да қызып алған қазақ «о»ның алды­на қатаң дыбыст­ағы «ққ» қар­пін салып жібермесін!..

Ерал­хан Жылқыайдарұлы

 

 

Республиканский еженедельник онлайн