Понедельник , 7 июля 2025

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКІНІШ БАР МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

 Ана­у­мы­нау

 

Қам­шы­ның сабын­дай қысқа, алақа­нын­дай тар уақыт­ты айта­мау, сұлу­дың қолын­дағы ора­мал­дай сусы­ды да кет­ті. Тұл­пар жалын­дағы шықтай құла­ды. Біл­ген­ге бір жыл­дың о шеті мен бұ шеті де әжептәуір уақыт екен. Қараңыз­шы, міне, осы жыл­дың арқа­сын­да Қазақ ханды­ғы­ның құры­лға­ны­на әупірім­деп 550 жыл толмақ!

Айта бер­сең, бұл жыл­дың басы­нан бақай­ы­на дей­ін сорға­лаған жаңа­лық бол­ды. Халық әйте­уір қап­таған қары­зға батып­шы­ғып жүр­ді. Ел қары­зы жүздік­тің иығын­дағы жаңа бір ондық 150 млр­дқа жуықтады.

«Бәрін айт та, бірін айт» демек­ші, сол қары­здың салқы­ны­нан болар, баяғы бір жыл­дар­дай нан мен шай­дың сұлаңқы баға­сы жоқ. «Цена» біт­кен секіріп бақты. Жуан­ның жіңіш­керіп, жіңіш­кенің үзіліп кетер тұсы – көк­тем айла­рын­да көкөніс ата­у­лы «көк­ке шапшыды».

Онда да қазе­кең өзгесі­нен не жары­тып ала­ды дей­сің? Түй­енің жапы­рақты тани­ты­ны қан­дай­лық ақиқат бол­са, қазе­кем­нің кар­топ­ты солай тани­ты­ны – екі бастан! Сол кар­топ­тың бір келісі 300 тең­ге­ден асып, жығы­лға­нын көр­дік қой, көрдік.

Ойлап қара­сақ, осы жыл­дың өн бой­ын­да күй­ме­ген жер қал­мап­ты: Ары­сы арақ­ша­рап сатқан дүкен­нен, берісі бәліш сатқан дүң­гір­шек­ке дей­ін күй­іп кет­ті. Қағы­лған қал­та­дағы табы­лған аз тиы­ны­ңа сол бәліш аты бар болғыр­ды алып, аузы­ңа сал­саң да, ішің шыж­шыж ете қалатындай.

Оны­мен қой­май, «жығы­лған үстіне жұды­рық» болып, дала күй­ді – егін ұшты. Енді осы ара­да ас ата­сы жай­лы асы­рып айтып көр! Бір Аста­на­ны шені шіреп, шек­пе­ні жауып тұра­тын­дар­дың бірі депу­тат Айқын Қоңы­ро­втың былай­ғы жұр­тқа нан­ды қалай қадір­ле­тудің тың әдісін ойлап тапқа­ны – бәре­кел­ді­ден бәлен­шені айтқы­зған сенсация!

Әгәрәки оның айтқа­ны­на сен­сек, нан баға­сын 300 тең­ге­ге өсір­се, жұрт біт­кен қадір­лей­тін­ге ұқсай­ды. Ал енді жат та – күл, тұр да – күл! Ешкім саған бөгет бола қой­мас (қала­саң, бұр­шақбұр­шақ жасы­ң­ды төгіп, жылап ал)!

Бұл жыл­да тағы не күй­іп еді??? Охо, тап­тым, тап­тым!!! Қалай ұмы­тқан­быз? Министр Мамыт­бе­ко­втың аузы күй­ді. Күй­ген­де де, күл­лі қаза­қтың көзін­ше күй­месі бар ма?! Мүсілім омақас­са, «ісінің» бітетін­біт­пей­тінін біл­мей­мін, бірақ ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі, неге екені бел­гісіз, өзінің бұры­нғы орын­ба­са­ры Өміри­я­ев­ты сот тағай­ын­даған айып ата­улы­дан қорғап көр­ді. Шыр­пыр да, шыж­быж боп ара­ша­лап бақты. Тіп­ті бір тұсын­да қызы­нып кет­кен министр: егер орын­ба­са­ры­ның кінәсі дәлел­ден­се, орны­нан кету­ге де дай­ын екенін айтып салды.

Нәти­же­сін­де маңы­на шарық киген шаруа бар­са да, мөңкіп тұрған Мүсілім міскін болып, 10 жылға сот­та­лып кете бар­ды. Кет­кен­де де, ел қазы­на­сы­нан дол­лар есебі­нен жүз мың­ды жалғыз өзі жеп кет­ті. Мұн­дай­да қаза­ғың да бекер айта ма деп қала­сың? «Айты­лған сөз – аты­лған оқ», «Ердің екі айтқа­ны – өлгені» дей ме, тәй­ірі?! «Мақал – сөздің ата­сы» бар бол­сын, қисы­нын қара­пай­ым шару­а­шы­лы­қтағы Асы­л­жа­нақ тасталқан етпе­ді ме?!

Жәжә, қой­дым, қой­дым! Күй­ген дүние күй­іп кет­сін! Мұқым жыл­дың жыры жар­ты бет­ке сый­ма­сы – тағы шын­дық. Онан да басқа­сын айтып көрейін.

 ***

Сіз осы бен­зин­ді қалай үнем­деу керекті­гін білесіз бе? Біл­мей­сіз! Мен де біл­мей­тін болып шықтым.

Был­ты­рғы Бай­бек­тің бір шелек суды қалай үнем­дей­тіні де жол­да қал­ды ғой, қал­ды. Бір білетіні­міз – Бай­е­кең Школь­ник­пен бәсе­ке­ге түс­се, ЭКС­ПОға дей­ін дап­дар­дай даны­шпан болып шыға келеді, көр де тұр!

Бауы­р­жанға бұл­дап, Уәкеңді пар қой­ға­ны­ма «Бұның қалай болар екен» дей­сіз бе? Онда тың­даңыз (әрине, бұл жер­де Уәкеңі­міз Энер­ге­ти­ка мини­стрі Вла­ди­мир Школь­ник­тің нақ өзі – Қ.Қ.)!

Жаңағы бен­зин­ді қалай үнем­деу керек екенін ЭМ бас­шы­сы осы жылы ғана әрең айт­ты. Онда да ел қат­ты ақыл­дан «тары­ққа­сын» ғой. Мини­стр­дің сөзіне сен­сек, «мін­гесіп жүр­сек», көп­көп бен­зин үнем­де­леді екен. Халық біт­кен «ақыл» десті, әнтек көте­рем көлі­гінің сол мін­гес­кен жан­ды көте­ретініне ғана күмән­дәніп, күңкіл­десіп жүрді.

Осы орай­да уәлі ауы­зды Уәкең «Өтірік­шінің шын сөзі зая» деген­ді рас­таған Келім­бе­то­втың құлағы­на да аратұ­ра біл­генін бүк­пей, сыбыр­лай сал­са, құбақұп емес пе?! Бан­кир Қай­рат онсыз да анек­дот­ты өлтіреді, шіркін?!

***

Сөз деген сөй­ле­сең, түгел түгес­кен бе? Сон­да да айта­лық: Құдай­ау, қазақ «қазақ» болға­лы ұзақ, Жай­ық барып қонға­лы ұзап, Ертіс барып қонға­лы ұзап, «Мем­ле­кет­ті­гіне 550 жыл толға­ны» – тарих­шы­лар­дың не дегені?

Оны айта­мау, біз­ден озған Лука­шен­ко Қыры­мға ауыз салған Путин­ге: «Ондай бол­са, Алтын орда ханы Бату­дың жерін түгелі­мен қаза­ққа қай­та­рып бер», – деген еді, іле­ша­ла: «Алтын орда біздің мем­ле­кет. Өйт­кені ол біздің тер­ри­то­ри­я­мы­зда өмір сүр­ген», – деп тан­ты­ды сая­сат­тың отқа үйір көбе­ле­гі; қай­ран қазақ құзғын­ның құлқын сезбей, құр­тын бағып оты­рған өре­де­гі, біз­де ғана бар білем адам­заттың, шын­ды­қты көре алмай­тын «көре­гені»!

***

Бен­зин жоқта көлік­ке баға мін­ді, есек амал­ды «жигу­ли» сүй­реп, таба біл­ді; он жылға ермек болған «Қоян­ды ісін», Аста­на бірақ күн­де «жаба білді».

***

Құлан ауса, басы­на құр­бақа ойнай­тын күн­ді сезіп кет­ті; шын­дық ауса, сай­лау қыл­пы сезік­ті етті; толе­рант­ты­лық деп бұл қазақ төзіп не етті; бай­лық бол­ды бұл күн­де ежік те епті; ЭКС­ПО­дан өздеріне орын жоғын жүз ғалым біл­ді ме, елден безіп кетті?..

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

Республиканский еженедельник онлайн