Понедельник , 7 июля 2025

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТ: Өтірікті көп айтатын адамға ОБЫР ДЕРТІ ӘУЕС БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Қаза­қта қырық құма­лақ­пен сөй­лей­тін сәу­е­гей­лер, қой­дың жауы­ры­ны­нан күн рай­ын жори­тын жауы­рын­шы­лар, аспан әле­мін баққан жұл­дыз­шы­лар болған. Олар­дың сарқы­ны әлі де бар. Демек, тәңір­шіл­дік­тен тараған мұн­дай ата-баба мұра­сы күні бүгін­ге дей­ін таң­сық емес. Сон­дай сәу­е­гей­дің бірі – таны­мал жұл­дыз­шы Назар­бек ҚОЖАМСЕЙІТ осы­дан бірер күн бұрын 70 жасқа тол­ды. Ақы­лға қонар айта­ры бар аға­ны мерей­той­ы­мен құт­ты­қтап, жыл­дағы қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, келер жылға болжам-жоралғы айтуға шақы­рған едік.

 

– Назар­бек аға, 70 жасы­ңыз құт­ты бол­сын! Редак­ция ұжы­мы мен қалың оқыр­ман­ның аты­нан сіз­ге ден­са­улық, отба­сы­ңы­зға аман­дық тілейміз!

– Рах­мет! Келер жылы сіз­дер­ге де табыс тілеймін!

– Сұх­ба­ты­мы­здың басын­да ең алды­мен был­тыр біздің газет­ке айтқан болжа­мы­ңы­здың болға­ны мен бол­маға­нын сара­лап алайық…

– Ғылы­ми негіз­ге, ежел­гі қаза­қтың күн рай­ы­на қаты­сты тәжіри­бесіне сүй­еніп жасаған болжа­мым­нан қателік кет­кен жоқ. Аймақтар­дың бір-бірі­нен ара қашы­қты­ғы алшақ болған­ды­қтан, ауа рай­ын­дағы өзгерістер­дің 3–4 күн­дей айыр­ма­шы­лы­ғы бол­ды. Есіңіз­де бол­са, Алма­ты облы­сын­да мамыр айын­да күн қат­ты суы­та­ты­нын ескерт­кен­мін. Бірақ мұны шару­а­шы­лы­қтар еле­мей, төрт түлік мал шығы­нға ұшы­ра­ды. Күз айын­да асты­қты жинау қамы ерте­рек қолға алын­баған­ды­қтан, сол­түстік өңір­де­гі бидай­ы­мыз қалың қар­дың астын­да қалып, ысы­рап бол­ды. Мамыр айын­да түр­лі апат бола­ты­ны жөнін­де­гі болжа­мға сәй­кес, Бай­қоңыр­да зымы­ран­ның құла­уы да дәл келді.

Ал Ресей­дің біз­бен көр­шілес 8 облы­сы менің болжа­мым­ды ескеріп, егінін ерте орып алды. Олар менің болжа­мым­ды жиі пай­да­ла­на­ды, табиғат­тың тосын мінезіне жаз айы­нан қам­да­на­ды. Был­тыр Омбы облы­сы­нан және Орын­бор­дан «біз­ге көмек­тесіңіз» деген хат алған едім: жасап бер­ген болжа­мым­ның нәти­же­сі жүз пай­ыз дәл кел­ді. Асты­ғын ерте орып алған Кеме­ров облы­сы­ның губер­на­то­ры Аман Төле­ев­тің өзі теле­фон соғып, рах­метін айтты.

– Енде­ше енді­гі Қой жылы – 2015-те елді не күтіп тұр: қаза­қтың жаны­на жағар жақ­сы­лы­қтар бар ма? Алды­мен осы­ны айтыңызшы!

– Алла­ның наза­ры қаза­ққа түсіп тұр, қан­дай қиын­дық бол­са да, шығар жол­ды көр­се­тетіне сеніңіз­дер. «Жақ­сы сөз – жарым ырыс» деген­дей, төрт түлік­тің бірі Қой жылы­ның жақ­сы­лы­ғы мол бола­тын сияқты. Ауа райы әлем бой­ын­ша өзгеріс­ке ұшы­рап жатыр: осы­дан екі жыл бұрын жел­тоқ­сан­ның 21-інде пла­не­та­лар­дың ұлы шеруі болып, Сатурн, Юпи­тер, Марс, Күн, Жер бір сызық бой­ы­на тізіл­ген еді. Басқа жүй­е­де­гі пла­не­та­лар да сап түзеп, әлем бір өрі­стен екін­ші бір өріс­ке шықты. Содан жаңа эво­лю­ци­я­лық кезең басталған болатын.

Ал Қой жылын­да жақ­сы­лы­ққа жаны құштар, ақжүрек, кең­пей­іл­ді аза­мат­тар­дың асы­ғы алшы­сы­нан түседі. Керісін­ше, пей­ілі тар, төңіре­гін ластап, үне­мі жаман­дық ойлап жүретін бей­бақтар келер жыл­дың үлесі­нен құр қалуы мүм­кін. «Семіздік­ті қой ғана көте­реді» деген сөздің мәнін де ескер­ген жөн…

Жыл­да қай­та­лап айта­мын: әлем­де, оның ішін­де біздің елі­міз­де обыр (рак) дер­ті өршіп тұр. Осы дерт өтірік­ті көп айтқан адам­дарға әуес екенін ескер­ту­ден жалы­қ­пай­мын. Дәрі ішсе жазыл­май­ды, ағза өтірік­ке үйрен­ген­дік­тен, дәрі­гер­дің еміне сен­бей­ді. Сон­ды­қтан өтірік пен өсеккке жол бер­ме­уі­міз керек.

Жол апа­ты мен аяқ асты­нан бола­тын тағы басқа тосын оқиға­лар да жиілей­ді. Сақта­ну­дың шар­ты – ниеті­міз, пиғы­лы­мыз дұрыс болуы тиіс дер едім.

– Оқыр­ман қауым­ның көңіліне қауіп төн­діріп, секем алғы­з­бай, басу сөз де айта отырсаңыз…

– Қорқы­тып оты­рған жоқ­пын, керісін­ше, ала­пат апат бола­май­ты­нын айт­пақ­пын. Қатар­дағы табиғи құбы­лы­стар орын алуы мүм­кін. Дүние жүзінің ғалым аст­ро­лог­та­ры жер шары­на үлкен ғары­штық дененің жыл­жып келе жатқа­нын айту­да. Сон­ды­қтан осы кез­де жұрт­тың неше түр­лі қаңқу сөз­деріне ермей, сабыр сақтаған­да­ры жөн. Ал ғылы­ми пай­ым тұрғы­сы­нан алсақ, галак­ти­ка­ның тар­ты­лыс заңы бой­ын­ша, Жер пла­не­та­сын­да өзгерістер бола­ды. Жер­дің маг­нит өрісі тар­ты­лыс заңы бой­ын­ша сол­түстік­тен оңтүстік­ке және керісін­ше ауы­суы ықтимал.

Алды­мы­зда «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лай­тын» заман келеді, соған адал жол­мен жетуі­міз керек. Мем­ле­кет билі­гін­де­гі шене­унік­тер әділет­ті болуы тиіс, қатыг­ездік жасаған­дар үлкен қиын­ды­ққа душар бол­мақ. Жасаған қателік­тері үшін халы­қтан кешірім сұра­са, Жара­ту­шы­ның жаза­сы­нан құтылады.

Елі­міз бай­тақ, жері­міз кең, сон­ды­қтан бала туу мәсе­лесі қолға алы­нуы керек. Өткен ғасыр­дағы Алаш аза­мат­та­ры­ның орнын баса­тын білім­ді, елін сүй­етін ақыл­ды ұрпақты дүни­е­ге әке­лу үшін, ана мен балаға мем­ле­кет­тік дең­гей­де қамқор­лық жаса­луы тиіс.

– Деген­мен, қаза­ққа төн­ген қатер мен апат­тар бар ма: елді қан­дай қауіп­тен сақтан­ды­рғы­ңыз келеді?

– Қауіп-қатер­лер қаза­ғым­ды айна­лып өте­ді. Тамыз айын­да Жер­дің қозға­ла­ты­ны жөнін­де болжам жаса­дым: ауық-ауық жер сіл­кінісінің қай­та­ланға­ны­на жұрт­тың бәрі куә бол­ды. Биыл да жол апат­та­ры мен ғары­штан келетін зиян­ды энер­ги­я­лар көбей­еді. Ондай энер­гия көбі­не­се адам­гер­шілік­ті ұмы­тқан, арам­за, сұм, ала­яқтар мен кісі ақы­сын жеген­дер­ге өте қауіп­ті. Сон­ды­қтан ара­мы­зда жүр­ген осын­дай адам­дар қат­ты ойлан­сын, тәу­баға кел­сін. Таза жүріп-тұра­тын, туған-туы­ста­ры мен бауыр­ла­ры­на мей­ірі­мі мол, ізгі ниет­ті жан­дар­дың жолы қашан да ашық бола­ды. Жер Ана мен оны басып жүр­ген пен­де­лер­дің ара­сын­дағы бай­ла­ныс табиғат құбы­лы­сы­на да әсер ете­ді. Өткен жылы бітік шыққан асты­қты қар астын­да шіріт­тік, Жер Ана ондай кепи­ет­ті кеші­ре ме? Кезін­де мол асты­қты терең шүңқыр қазып, соған көміп сақтай­тын едік қой. Қазір жеті қат жер­дің астын қазуға мүм­кінідік бар бола тұра, халы­қтың несі­бесін ірітіп-шірітіп тастадық.

– Иә, соңғы жар­ты жыл­дың ішін­де Алма­ты­ның төңіре­гін­де жер сіл­кінісі жиілеп кет­ті. Сей­смо­лог маман­дар бұл ұсақ сіл­кіністер­дің соңы үлкен қатер­ге әке­луі мүм­кін деген болжам айтады…

– Әлем бой­ын­ша, зіл­за­ла міне бола­ды деп, нақты болжам жасаған ешкім жоқ. Тұс­пал­дап, қауіп­тің келер аймағы­на болжам ғана жаса­лу­да. Тіп­ті ғылы­мы әлдеқа­шан дамып кет­кен Жапо­ни­я­ның өзі дәл­ме-дәл айтып бере алмай жатыр.

Мен жер сіл­кінісіне қаты­сты ештеңе айт­пау жөнін­де тиісті орган­дар­дан қатаң ескер­ту алған едім, тек қаза­ғым­ды қауіп-қатер­ден сақ­та­сын деп тілей­мін! Ал ұсақ сіл­кіністер қауіп­ті үлкен апат­тың алдын ала­ды, Жер Ана аздап тер­беліп, сіл­кініс ошақта­ры түп-терең­ге қарай жыл­жып, бір­тін­деп тара­лып кетеді.

– Қой жылын­дағы күн рай­ы­на қаты­сты қан­дай болжам айтар едіңіз?

– Күн­нің райы 25–30, тіп­ті 35 гра­дусқа дей­ін жететін қат­ты аяз сол­түстік­те қаңтар айы­ның 2‑сі мен 5‑і ара­лы­ғын­да бола­ды, оның лебі Аста­наға қаңтар­дың 5–6‑да келеді. Екін­ші онкүн­дік­те шығыс өңір­ді 32–35 грда­у­стық аяз қыса­ды. Оңтүстік өңір­де, Алма­ты­да 20–23 қаңтар­да күн қат­ты суы­та­ды. Үшін­ші онкүн­дік­те сол­түстік­те 20–28 гра­дус аяз­дың беті 23 қаңтар­да қай­тып, арты­нан айдың соңы­на қарай қай­та­дан 30–32 гра­дус аяз тұра­ды. Ақпан­ның басын­да елі­міздің басым бөлі­гін­де қар­лы боран баста­ла­ды. Шығыс өңір­де екін­ші онкүн­дік­те 28–32 гра­дус аяз айдың соңы­на дей­ін жалға­са­ды. Наурыз айы­ның 3–6‑сында сол­түстік өңір­де 18–23 гра­дус, екін­ші он күн­дік­те 10–15 гра­дус, үшін­ші онкүн­дік­те 21–23 гра­дусқа дей­ін күн суы­та­ды. Оңтүстік­те 24–27 науры­зда күн суы­тып, қар борай­ды, мал­дың төл­дей­тін кезін­де осы суы­қтың алдын алып, қам жаса­луы керек.

– Соған қараған­да, көк­тем кеш­тетіп келетін сияқты ғой…

– Солай бола­тын түрі бар. Сәуір­дің 10–12 күн­дері күн суы­та­ды, айдың соңы­на қарай сол­түстік пен оңтүстік өлке­де қарай қат­ты дауыл тұра­ды. Мамыр­дың басын­да да күн салқын бола­ды. Сол­түстік­те 2–5 мамыр ара­лы­ғын­да нөсер­ле­те жауын жауып, арты қарға айна­ла­ды, оңтүстік­ке осы суық 6–8 мамыр күн­дері келеді, сон­ды­қтан жай­ы­лы­мға жібер­ген малға сақ болған жөн. Айдың орта­сы­на қарай бірер күн жылы бола­ды да, 15 мамы­рға қарай қай­та­дан қар­лы жаң­быр жау­а­ды. Үшін­ші онкүн­дік­те сол­түстік өңір­де күн салқын­дап, дауыл жел тұра­ды. Егін егу, дән себу науқа­ны осы табиғат өзгерістеріне қарай ыңғай­ла­на жүр­гізіл­се деймін.

Мамыр мен мау­сым айла­рын­да жаң­быр аз жауып, егін­ге керекті ылғал бол­май жат­са, онда арнайы құдайы тамақтар, тасат­ты­қтар беру керек. Алдағы уақыт­та өңір бас­шы­ла­ры әдей­ілеп мені шақы­рып жат­са, құрғақ­шы­лық бола­тын елді мекен­дер­де жаң­быр жауғы­зуға бола­ды. Ең басты­сы, ниет дұрыс болуы керек. Бұл – ғылы­ми негіз­де дәлел­ден­ген жайт.

– Назар­бек мыр­за, билік сіздің жасаған болжа­мы­ңы­зға құлақ түретін­дей ыңғай бай­қат­пай ма?

– Біздің билік­те­гі шене­унік­тер құлақ түр­мек түгілі, міз бақ­пай­ды, менің ескер­ту­лері­ме ешкім де жау­ап бер­меді. Табиғат­тың тосын өзгерісіне қаты­сты бір­не­ше рет жедел­хат жол­да­дым, оларға сыдыр­ма (отпис­ка) жау­ап қана ала­мын. Әлі күн­ге дей­ін ұсы­ны­сым­ды пре­зи­дент­ке жет­кі­зе алмай жүр­мін. Менің ұсы­ны­сым пре­зи­дент­ке, пре­мьер-мини­стр­ге, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрінің қолы­на жет­пей жатыр ма, түсіне алмай отыр­мын. Мәсе­ле қиын– қыстау кезең­ге алдын ала жос­пар жасап қой­ға­ным­да болып тұр. Әлем халы­қта­ры азық-түлік­тің тап­шы­лы­ғы­на душар бол­ды. Бетін ары қыл­сын, осын­дай кезең болып қал­са, ел тұрғын­да­ры ашар­шы­лы­ққа ұшы­рай­ды. Жасым бол­са жет­піс­ке кел­ді, қар­таю про­цесі­нен ешкім де құтыл­маған, сон­ды­қтан білетінім­ді ел игілі­гіне жара­тып кет­сем деген ойым бар.

– Қиын мәсе­ле екен… Соңғы кез­дері жыл басын­да кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау бола­ды деген сөз бар, бұл жөнін­де­гі сіздің жора­ма­лы­ңыз не айтады?

– Елі­міз­де­гі эко­но­ми­ка­лық аху­алға бай­ла­ны­сты пре­зи­дент­тік сай­лау бола­ты­нын жоққа шыға­руға бол­мас. Жағ­дай­ы­мыз жақ­сы бол­са, сая­си науқан тура­лы мәсе­лені айна­лып өтер ме едік?! Кезек­тен тыс сай­лау өткізу­ге әлем­ді шар­пып жатқан қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың да қаты­сы бар сияқты…

– Айт­пақ­шы, интер­нет әле­мін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ден­са­улы­ғы жөнін­де нешетүр­лі алып-қашпа жоралғы­лар өріп жүр… Бұл орай­да сіз не айта аласыз?

– Алып-қашпа, дақ­пырт сөз­ге сену қиын, осы­дан екі-үш жыл бұрын да пре­зи­дент­тің ден­са­улы­ғы жөнін­де есті­ген өсе­гі­міз жетер­лік. Тіп­ті «2–3 айлық өмірі қал­ды» деген­дер де бол­ды. Міне, күні бүгін­ге дей­ін тағы­нан түс­кен жоқ, билі­гін жүр­гізіп отыр. Тұмау­ра­тып, басы ауы­рып, бал­ты­ры сызда­май­тын пен­де бол­май­ты­ны сияқты, пре­зи­дент те адам ғой. Алла­ның бер­ген жасын жасай­ды да…

– Біздің газет­тің редак­ци­я­сы­на анда-сан­да бас сұға­тын көріп­кел ағай­ын­дар Назар­ба­евқа келіп-кетер қатер жоқ, себебі оның маңай­ын маги­я­лық қаси­еті бар адам­дар қорғап жүр дейді…

– Иә, Назар­ба­ев өз төңіре­гіне нешетүр­лі бақ­сы-бал­гер­ді жинап, солар­дың сөзіне құлақ түреді деген сөзді үне­мі естіп жүре­мін. Солар­дың қата­рын­дағы тізім­де мен жоқ­пын. Нешетүр­лі бақ­сы-бал­гер­лер, гуру­лар, көріп­кел­дер бар шығар: бірақ олар келе­шек­те не бола­ты­нын біл­мей­ді. Біл­гіш бол­са, елге келе жатқан қиын­ды­қтың алдын алып, күні бұрын айтып бер­мей ме? Олар күн­көрістің қамы үшін жүр­ген­дер ғой. Ал алдағы істі тек Жара­ту­шы ғана біледі.

– Назар­бек мыр­за, «ішің біл­сін…» деп, пре­зи­дент­ке қаты­сты сау­ал­дар­дан жеңіл айна­лып өттіңіз. Енде­ше ел-жұрт­ты маза­лаған тағы бір ой – тең­генің кезек­ті құн­сызда­нуы (деваль­ва­ция) қау­пі болып тұр. Ресей­де­гі рубль­дің құжы­раға құлаған жағ­дай­ы­мен салы­стыр­сақ, біздің төл тең­ге­міз­ге де қатер төніп тұрған жоқ па?

– Ресей­де дауыл тұр­са, біз­ге лебі ғана жете­ді. Аз-кем әсері болар, тең­ге­міздің құны – рубль­дің кебін кимей­ді.. Ұлт­тық қор­дағы қар­жы­ның себі тиеді, біраз қиын­дық болға­ны­мен, одан да қаза­қы қалып­пен өте шыға­мыз. Ең мықты­мын деген мем­ле­кет­ке қару-жарағы мақтан емес, сон­ды­қтан ауыл шару­а­шы­лық сала­сы­на жіті мән бер­сек, азық-түлік қорын молай­тар едік, ел тоқ­шы­лы­ққа кенеліп, қал­та­мыз тең­ге­ге толар еді.

– Енде­ше елге қан­дай тілек айта­сыз: бел­ді бекем буу керек пе?

– Дүние жүзі алмағай­ып заман­ды басы­нан өткізіп жатыр, қазақ та осы өзгерістер­ден тысқа­ры қалған жоқ. Сон­ды­қтан отба­сы­мы­зды, елі­мізді көр­кей­те­міз десек, қан­дай кезең бол­са да, бел­ді бекем буып жүр­гені­міз дұрыс. Атам қазақ «қасқыр, қасқыр деме, қасқыр құты­ра­ды» деп айтқан екен, жақ­сы­лық жаса­уға ұмты­луы­мыз керек. Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­спен бір­ге руха­ни дағ­да­ры­сты да бастан кешіріп отыр­мыз. Қой жылын­да жақ­сы­лы­ққа бастай­тын оңды өзгерістер көп бола­ты­ны­на кәміл сене­мін, қаза­ғым аман болсын!

– Айтқа­ны­ңыз келсін!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн