Понедельник , 7 июля 2025

ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ БАЛАСЫ қалай мемқызметші болды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

Апта апты­ғы

 

Даб­ыл!

Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, жал­пы жиы­ны 40 жылға сот­талған «ғасыр қыл­мыс­кері» Рахат Әли­ев­тің ұлы Нұрәлі Әли­ев Аста­на қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры болып тағайындалды.

Әдет­те Қаза­қстан­да қалып­тасқан қатаң тәр­тіп бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік лау­а­зым­ды қыз­мет­ке қабыл­да­на­тын тұлға түп-тұқи­я­ны­на дей­ін тек­серіліп, қауіп­сіздік орга­ны­ның еле­гі­нен өту­ші еді. Нұрәлі­ге де қаты­сты бұл қағи­да сақталмады.

Неге? Негесі сол – оның ата­сы Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті, ана­сы – мәжілістің вице-спи­кері. Деген­мен, біз бұл орай­да өз дегені­мізді діл­мар­сы­май, әле­умет­тік желі­де­гі жұрт­тың пікіріне кезек берейік.

(Dina Tulekova – Facebook) «Назар­ба­ев­тар­дың отба­сы заңға бағын­бай ма? Заң­ды бел­ше­сі­нен басуға кім құқық бер­ді оларға? Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке жұмысқа тұрар­да жеті әке­міз­ден бастап түген­деп, сот­талған не қыл­мыс жасаған туы­ста­рың бол­са, жұмысқа алмай, итіңді шыға­ра­ды. Туы­ста­ры­ның кінәра­ты­нан талай мықты­лар жүр билік­тің босаға­сын сыға­лап. Ал бан­кир­лер­ді жауы­зды­қ­пен өлтіріп, мем­ле­кет­тік төң­керіс жасағы­сы кел­ген ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың жетек­шісі Рахат Әли­ев­тың ұлы үлкен лау­а­зым­ды қыз­мет атқа­ра­ды, әйелі депу­тат бола ала­ды, тағы­сын тағы­лар. Жүйе шірі­ген кез­де билік иелері ел-жұр­ты­нан ұялу­ды қой­ып, біл­генін істей­тінін тарих­тан білу­ші едік, енді көз­бен көріп отырмыз…

Қажы­гел­дин, Жақи­я­нов, Әбділ­дин­нің бала­ла­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­де оты­рға­нын көр­діңіз бе? Жоқ, ешқа­шан! Ал бүкіл әлем­ге масқа­ра­сын шығарған қан­ды­қол қыл­мыс­кер Әли­ев­тың ұлы жасты­ғы­на қара­ма­стан, Аста­на қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры қыз­метіне топ ете түсті. Неме­ре­ге «неме­не­ге» дей­тін бір адам жоқ екенін біледі, қаза­қтың құл­дық пси­хо­ло­ги­я­сын әбден мең­геріп алған… «Жизнь не име­ет смыс­ла, если тер­петь все это вра­нье» деп бүгін­гі сот­та Наваль­ный ақы­рғы сөзін айтқан­дай, мән-мағы­на­сы кет­кен өмір­дің өтірі­гіне той­ға­лы қашан…».

«

Республиканский еженедельник онлайн