Понедельник , 7 июля 2025

ДЕФОЛТ ДІТТЕСЕ, шекара мен кеденіңді жап

 

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы дефол­тқа ұрын­ба­уы үшін, Ресей Феде­ра­ци­я­сы­мен ара­да кеден­дік бақы­лау орна­туы керек, деп мәлім­деді өткен сәр­сен­бі күні теле­фон арқы­лы Қаз­ТАГ шолу­шы­сы­на қар­жы сала­сын­дағы дереккөз.

«Қаза­қстан, егер үкі­мет дефол­тқа және созыл­ма­лы рецес­си­яға ұры­нғы­сы кел­ме­се, Ресей­мен ара­да кеден­дік бақы­лау орна­туға мәж­бүр бола­ды. Капи­тал­дың Қаза­қстан­нан Ресей­ге ағы­лып жатқан­да қалып­тасқан жағ­дай Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Н. Назар­ба­ев­тың қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар көр­шілер­мен бәсе­ке­ле­се алмай­ды деген болжа­мын рас­тап отыр. Рубль­дің әлсіз жағ­дай­ын­да ресей­лік нарық шаң­сорғыш сияқты жұмыс атқа­ру­да: Қаза­қстан­нан валю­та­ны өзіне сорып алып жатыр және ол ертең қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­дың несие бой­ын­ша төлем жасай алмауы­на әкеп соға­ды», – деді агент­тік сұхбатшысы.

«Бұл дағ­да­ры­стың оң жағы – қаза­қстан­дық үкі­мет өздерінің тұты­ну­шы­ла­ры ресей­лік тау­ар­ларға мүл­дем «оты­рып» қал­май тұрған­да және қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар банк­рот­тық про­це­ду­ра­сын баста­май тұрған­да өздерінің ком­па­ни­я­ла­ры­ның бәсе­ке­ле­стік­ке қабілет­тілік жағын­да жұмыс жасау керекті­гіне көз жет­кі­зе ала­ды. Егер кеден­дік бақы­лау енгізіл­ме­се, онда қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­дың неси­е­лер бой­ын­ша өтел­ме­ген қары­зда­ры қаза­қстан­дық банк балан­ста­рын­дағы NPL өсуіне (үміт­сіз неси­е­лер – Қаз­ТАГ) әке­леді», – деді дереккөз.

Оның пікірін­ше, жер­гілік­ті банк­тер онсыз да әлсіз, ал олар­да өтел­ме­ген төлем­дер мен одан кей­ін­гі банк­рот­тық басталған­да, қар­жы­лық көр­сет­кі­ш­тері нашар­лап, әлем­дік нары­қтар­дан бара­бар мөл­шер­ле­ме­лер­мен қарыз алу мүм­кін­ді­гі жабы­лып, банк­тер тек мем­ле­кет­тік ақша­лар­мен ғана жұмыс істеп қала­ды. «Бір жағы­нан – қым­бат ақша, екін­ші жағы­нан бәсе­ке­ге қабы­лет­ті ресей­лік өндіру­ші Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын тұм­ша­лап тастай­ды», – деп сенеді қаржыгер.

Оның айтуын­ша, кеден­дік шека­ра­сыз қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар және жал­пы қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка «ресей­лік­пен бәсе­ке­ге түсуіне тура келеді, ал ол дегеніңіз – сату мүм­кін­ді­гін сақтау, тым бол­ма­са қаза­қстан­дық тұты­ну­шы­ға күре­су үшін ресей­лік 1 рубль­ге Т4–6 дәлізі бола­ды деген сөз». Бірақ әле­умет­тік көр­сет­кі­ш­тер бой­ын­ша, үкі­мет бағам­ды $1 үшін Т400–450 дең­гей­ін­де ұстап оты­ра алмай­ды. Қаза­қстан өзі тұты­на­тын­да­ры­ның айтар­лы­қтай бөлі­гін импорт­тай­ды, демек, бағам­ның ондай болуы инфля­ция жоға­ры бола­ды деген­ді, әле­умет­тік шие­леніс арта­ды, ал мұнай баға­сы­ның төмен болып оты­рған фонын­да ол мұнай­лы өлке­де қобал­жу туды­ра­ты­нын біл­діреді, деп пай­ым­дай­ды қаржыгер.

«Сая­си тұрғы­дан – қаза­қстан­дық билік Кремль­ді рен­жіт­кісі кел­мей­ді. Ескерілуі тиіс екі фак­тор бар. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Борис Ель­цин­ге Евра­зи­я­лық одақты ұсы­нған­нан бері 20 жыл өтті, жағ­дай мүл­дем басқа­ша өзгер­ді. Екін­ші фак­тор одан жүз есе маңы­зды. «Пре­зи­дент­тік «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сын орын­даған­да, жыл сай­ын эко­но­ми­ка­ның өсуін қол­да­уға деп бөлініп тұра­тын $3 млрд қара­жат­тың еле­улі бөлі­гі ресей­лік ком­па­ни­я­лар­дың қал­та­ла­ры­на шөгіп, қаза­қстан­дық биз­не­стің дамуы­на ешқан­дай көмек­тес­пей­ді де. Ол дегеніңіз – Қаза­қстан­ның келе­шек ұрпағы­ның Ұлт­тық қоры ресей­лік кор­по­ра­тив­тік сек­тор­ды асы­рай­ды деген сөз», – деп сенеді агент­тік сұхбатшысы.

Қаз­ТАГ

 

 

Республиканский еженедельник онлайн