Понедельник , 7 июля 2025

ӘРБІР САРШҰНАҚ – аграном деген осы шығар

Жуы­қта РҚ Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің вице-мини­стрі болып, Көшер­ба­ев Ермек Бедел­бай­ұ­лы тағай­ын­дал­ды. Ол осы­ған дей­ін Шығыс Қаза­қстан облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры болған екен. Соңғы қыз­метіне қарап, көңілі­міз­де «ауыл шару­а­шы­лы­ғы­нан хаба­ры бар аза­мат болар» деген үміт оянған еді.

Бірақ ел тәу­ел­сіздік алға­лы қаза­қ­пен бір­ге бағы ашыл­май келе жатқан ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­тын маман­ды­қтың иесі болып шықты. Ол Алма­ты­дағы Әл-Фара­би атын­дағы Ұлт­тық уни­вер­си­тетін тарих­шы маман­ды­ғы бой­ын­ша бітір­ген. Онда да тарих пәнін шет тілін­де оқы­ту деген сала бой­ын­ша… Сонау Кеңес тұсын­да Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің Дипло­ма­ти­я­лық ака­де­ми­я­сын аяқтап, ҚазССР тұсын­да Алма­ты­дағы Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне қаты­сты құпия құжат­тар­ды жүр­гі­зу бөлі­мінің аға инспек­то­ры болып қыз­мет еткен.

Айт­пақ­шы, Көшер­ба­ев­тың оба­лы қай­сы, оған дей­ін осы қыз­мет­те болған Өміри­я­ев Мүсілім де ауыл шару­а­шы­лы­ғы­нан алыс маман­дық иесі болға­ны бел­гілі. Ол да анау-мынау емес, Мәс­ке­удің тұты­ну­шы­лар коопе­ра­ци­я­сы уни­вер­си­тетінің «әлем­дік эко­но­ми­ка» бөлі­мін аяқтаған. Қай сала­дан екені бел­гісіз, әйте­уір эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты. Бұл жігіт­тің ауыл шару­а­шы­лы­ғын қала сыр­тын­дағы сиыр арқы­лы таны­ға­ны сол – бүгін­де сот­ты болып тынды.

АШМ-ның тағы бір вице-мини­стрі Төле­ба­ев Марат Қазақ Ұлт­тық уни­вер­си­тетін құқы­қта­ну бөлі­мі бой­ын­ша тамам­дап­ты. Еура­зи­я­лық уни­вер­си­тет­тің «Қар­жы және несие», «эко­но­мист» бөлі­мі бой­ын­ша сырт­тай білім алған. Бірақ мұның да мұр­ны­на ауыл шару­а­шы­лы­ғы деген­нің иісі де бар­май­ты­ны өз-өзі­нен түсінік­ті бол­са керек.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы деген­де, мұн­да өз орнын­да отыр деу­ге бола­тын бір адам – Аман Евге­ний еді. Ұлты неміс бол­са да, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның қыры мен сырын жетік мең­гер­ген, бір кез­де Цели­но­град ауыл шару­а­шы­лы­ғы инсти­ту­тын бітір­ген білік­ті маман. Бірақ, өкініш­ке орай, мини­стр­лік­те жау­ап­ты хат­шы мін­детін атқа­рып жүр­ген тәжіри­белі маман қыз­меті­нен ауы­сып, Қоста­най облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры болып кетті.

Ал енді осын­дай жағ­дай­дан кей­ін, бірі заң­гер, бірі эко­но­мист, енді бірі дипло­мат болған бұлар­мен біздің АШ «адам бола­ды» деу­ге ауыз бара ма? Шама­сы, «әрбір сар­шұ­нақ – агро­ном» деген сөз осын­дай­дан шыға­тын шығар…

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

Республиканский еженедельник онлайн