Понедельник , 7 июля 2025

Қазаққа орден керек пе, ЖҰМЫС КЕРЕК ПЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Қисық айна

 

Жаңа жыл қар­саңын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың былай дегені бар: «Біре­удің арқа­сын­да күн көретін уақыт өтті. Біз еңбек елі­міз. Сон­ды­қтан мен 3 дәре­желі еңбек даңқы орденін тағай­ын­дау тура­лы шешім қабыл­да­дым. Үш дәре­же­ге ие болған жұмыс­кер еңбек еріне теңе­стіріліп және ол тек жұмыс­шы­лар мен шару­а­ларға – жұмыс­шы­лар әулетіне тап­сы­ры­ла­ды» (Қаз­ТАГ).

Біз бұдан өтке­міз: Кеңе­стер одағы кезін­де үш дәре­желі «Тру­до­вая сла­ва» деген орден болған. Ол кез­де бұл орден­ді берудің жол-жоралғы­сы бар еді: соци­а­ли­стік жары­ста соци­а­ли­стік мін­дет­те­месін арты­ғы­мен орын­даған еңбек­кер­ді мара­пат­та­удың сыл­тау-себебі қол­дан бол­са да жасалатын.

Ал енді ше? Ол орден­ді бұл Нұре­кең қалай бер­мек: капи­та­ли­стік мін­дет­те­месін орын­даған ада­мға бере ме? Жұмыс­шы мен шару­а­ның еңбек есесін қалай есеп­тей­ді? Ол пақыр­лар әлдебір қожай­ын­ның қол астын­да (ТОО, АО, ИП…) жұмыс істеп жат­са, олар­дың еңбе­гін кім, қалай, қай­тіп баға­лай­ды? Бұған менің басым жетпейді.

Дұры­сы – ада­мға орден емес, жұмыс бер­гені жөн еді. Біз­де, ресми мәлі­мет бой­ын­ша (стат­ком), жар­ты мил­ли­онға жуық жұмыс­сыз бар. Қай­та­лап айтам: бұл – ресми ғана дерек. Ал елде­гі жұмыс­сыздың нақты санын Назар­ба­ев­тың өзі де біл­мей­тін шығар.

Менің есебім­мен олар­дың мөл­шер­лі санын былай есеп­те­у­ге бола­ды: әлем­дік эко­но­ми­ка және сая­сат инсти­ту­ты­ның дере­гі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 2,7 мил­ли­он өз күнін өзі көру­шілер бар (беріл­ген патент саны­на сай). Сол патент иелері (дүң­гір­шек сауда­сы, базар­лар мен бара­хол­ка сауда­гер­лері, бұрыш-бұры­шта бәліш пен шеміш­ке сату­шы­лар, т.т.) бүгін­гі дағ­да­рыс кезін­де негізі­нен жұмыс­сыз. Тіп­ті олар­дың жар­ты­сы өлмес күнін көретін тір­лік етіп жүр деген­де, ~1,3–1,5 мил­ли­он адам жұмыс­сыз деген сөз. Осы мөл­шер­ге 500 мың ресми жұмыс­сызды қосы­ңыз: сон­да елде 2 мил­ли­он­ның маңын­да жұмыс­сыз бар деген сөз. Бұл жал­пы Қаза­қстан халқы­ның – 12%-ы, еңбек­ке жарам­ды халы­қтың (8 млн) – 25 пай­ы­зы. Міне, доғал дол­бар­дың дере­гі осындай.

Енде­ше халы­ққа «Еңбек даңқы» керек пе, жоқ әлде бала-шаға­сын асы­рай­тын қара­пай­ым еңбек керек пе?

Бәл­кім, менікі – үйрен­шік­ті «жаға­дан алу» шығар. Ал дер­бес ойлы «Фейс­бук» қауым­да­сты­ғы бұған не дей­ді? Даңқ пен дақ­пырт­ты қауы­здап көрейікші.

Ермұрат БАПИ

 

Comments

  • Ғаби­ден Жәкей: Біз­де жұмыс­сыздық 2,5 млн ада­мға жуық, ауыл­ды жер­де жастарға жұмыс жоқ! Ол – факт! Орден емес, жұмыспен қам­ту үшін, бірін­ші өндіріс орын­да­рын көбей­ту керек. Билік қаза­ққа бұры­луы керек. Тари­хи, мем­ле­кет құру­шы – қазақ, сон­ды­қтан ұлт­тық бет­ке ұстар мене­джер­лер болу керек! Бұл уақыт та өтер… Маш­ке­вич, Мамин­дер де кетер… Тарих­та не, кім қала­ды? Қазір­гі уақыт­та еңбек етпей, ел мен банк­ті алдап, арбап қан­ша­ма «мошен­ник­тер» жур! Түр­ме осы айла­кер-арам­за­лар­мен толу­да, ең қиы­ны – әйел адам­дар көп!

 

  • Құр­манға­зы Рах­ме­тов: «Алды­мен эко­но­ми­ка, содан кей­ін сая­си рефор­ма». Осын­дай лозун­гінің желе­гі жел­ге ұшқа­нын бай­қап, тығы­ры­ққа тығы­лған Ресей­дің балағы­на жар­масқан­дай біз­де­гі жағ­дай… Есі­гін құлып та күзет­пе­ген қаза­қта­рым 2 метр­лік жабық дуал­мен қор­ша­ла баста­ды. Бар­лық та, бай­лық та қол­дың кірі. Оның бәрін де қай­та­руға бола­ды. Ал бір-бірі­міз­ге деген ниеті­міздің бетін қай­та­ру оңай­ға түс­пе­сі анық. Осы кезеңнің ең өкіні­штісі – осы, мен үшін.

 

  • Ерлан Саи­ров: Еңбек қоға­мын құру үшін, еңбек ету­ге жағ­дай жасау керек. Ол үшін кіші және орта өндіріс ашу қажет. Ол өндірісті, біз­де бүгін­гі жина­лы­сқа қара­сақ, Мамин мен Маш­ке­ви­чтен басқа ешкім ашып жатқан жоқ тәрізді. Сон­ды­қтан Аста­на­дан 30 шақы­рым жер­ді ХІХ ғасыр­дың орта­сы ма деп қала­сың. Аймақтар­ды, дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы кажет.

 

  • Tursynali Tileushi: Егер шағын және орта өндіріс орын­да­рын ашу­дың тиім­ді меха­низмдерін мем­ле­кет шынайы қам­та­ма­сыз етер бол­са… Халық қазір сол мүм­кін­дік­тер­ге зәру кезең­ге жет­ті. Қай­дам, ол тетік­тер­ді де «баяғы жар­тас» жай­лап алған…

 

  • Meruert Makhmutova: Задор­нов айтқан­дай: «Капи­та­ли­стiк еңбек қаhар­ма­нын көр­дiңiз бе?»

 

  • Асхат Омарға­зин: Абай­дың зама­нын­да есек көп болған ба, әлде олар­дың екі көті бол­ды ма екен, ә?

 

  • Бақыт­бол Берім­бай: Халық ақы­ны Мұх­тар Шаха­но­втан сықақ­шы-жазу­шы Көпен Әмір­бек: «Мұх­тар аға, сіз алмаған шетел­дің шен-шек­пе­ні, атақ-дәре­же­сі қал­ма­ды. Бәрін алды­ңыз. Ал өз елі­міздің орден- медалі­нен неге қаша­сыз?… Ең бол­ма­са «Ерен еңбе­гі үшін» медаліңіз де жоқ. Соның себебі не?» – деп сұраған­да, Мұхаң: «Отан – біздің ең үлкен Ана­мыз. Әркім өз Ана­сы­на қыз­мет еткені үшін жылу дәмет­пеу керек. Отан да өзінің ерекше­лен­ген, дара­ланған адал ұл-қызда­рын мара­пат­тап оты­руы шарт. Бірақ ол өте әділет­ті болуы керек! Ал қазір кез кел­ген заң­да­сты­ры­лған ұры­ның ең кемі екі орден, үш медалі бар… Солар­дың қата­рын­да жүр­гім кел­мей­ді! – депті.

 

  • Айбек Тұрарұ­лы: Пре­зи­дент­тің бұл шеші­мін түсініп оты­рған жоқ­пын. Сон­ды­қтан не айта­рым­ды да біл­мей­мін. «Баяғы­да, біздің кезі­міз­де былай бола­тын…» деп, дау­ры­ғып, зама­нын мақтап оты­ра­тын шал­дар бола­тын еді ғой. Жасты­ғын сағы­нып, соны қолға алып жатқан болар біздің шал.

(«Фейс­бук» қауымдастығы)

 

 

Республиканский еженедельник онлайн