Понедельник , 7 июля 2025

Қазақтың билігі ҚАЗАҚТЫ НЕГЕ бөле «қырқады»?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Зығыр­дан

 

Жай­шы­лы­қта жұрт­тың аузы­нан: «Бей­нет­тің зей­нетін көр» де­ген­ді ара-тұра естіп қал­сақ та, бүгін­гі нары­қтық қоғам­да сол бей­нет­пен тапқан зей­неті көбіне-көп зей­нет­кер­лік қор­дың уысын­да екенін аңға­ра­мыз. Онсыз да «Жас күнім­де бей­нет бер, қар­тай­ған­да зей­нет бер» дей­тін қаза­қтың қазір­гі таң­дағы зей­неті – Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қорын­дағы (БЖЗҚ) көз­де­улі зейнатақы.

 

Бай­қаған бол­саңыз, бү­гінгі бүтін әңгі­ме де осы зей­не­тақы деген­нен шыға­ды. Әрине, онда да біз сар­сы­лып тақы­рып іздеп, ойда-жоқта төбесі­нен топ ете түс­кені­міз­ден емес, кезек­ті бір «ДАТ» оқыр­ма­ны­ның даты­нан – «Мен Тұрғын­бай Әбу» деп бас­талатын қын­жы­лы­сы мен қа­пасы тұнған хаты­нан ұғып-біл­­гені­мізді, түй­сініп-түй­гені­мізді жаздық.

Сол аға­мы­здың сөзіне сен­сек, осы алдағы 2015 жыл­дың қаңтар айын­да зей­нет­кер­лік­ке жасы тола­ды екен. Сон­соң ғой, қал­бақ қағып, зей­нет­кер­лік­ке қаты­сты құжат­та­рын қам­дап, аудан­дық зей­не­тақы төлеу ор­талығына тап­сы­руға жет­кені. Сон­да сол орта­лы­қтың қыз­меткерлерінің не дегенін естіп-біл­сеңіз?! Олар: «Сіз Қазақ­станға 1998 жыл­дан кей­ін кел­гендіктен, сіз­ге ең төмен­гі ба­залық 11000 тең­ге көле­мін­де зей­не­тақы тағай­ын­да­ла­ды. Сіз­дің Қаза­қстан­дағы 8–9 жылғы еңбе­гіңіз ескеріл­мей­ді. Екі ел ара­сын­дағы келісім-шар­тқа бай­­ланысты зей­нет­кер­лік заң­на­ма­ларына биыл қазан айын­да осын­дай өзгерістер енгізіл­ген, бірақ зей­не­тақы қоры­на жиналған ақшаңы­зды ала­сыз», – деп, шыға­рып салған.

Енді он мың тең­генің Алма­ты­дай әйдік шаһар­да он күн­діктің құр­сағы­на да жұқ бол­май­ты­нын ойлаға­сын, жағаң­ызды ұстап, аңы­рай ашы­лған аузы­ңы­зды жал­ма-жан жауып көріңіз! Сон­да ар жағын­дағы жиыр­ма күн­де тере­зесі­нен сы­ғалаған қарт­ты­ғын жол­дас қы­лып, кім­нің есі­гіне телмір­ген­дей? Қай жұмыстың босаға­сын күзеткендей?

Айт­пақ­шы, сол шыға­рып сал­ма сөзінің аста­рын­да көп-көп көмес­кі жайт жатқан еді. Осы жер­де 11000 тең­гелік зей­нетақының оп-оңай бұй­ы­руы­на себеп болған «Қаза­қстанға 1998 жыл­дан кей­ін келуінің» мән-жайы былай­тұғын: хат авто­ры – Тұрғын­бай Әбу 2006 жылы Моңғо­ли­ядан ата­ме­кен­ге қоныс ауда­рып, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған. Содан бас­тап 8 жыл бой­ы­на Алма­ты­дағы жоға­ры оқу орын­да­рын­да оқы­тушылық қыз­мет атқа­ра­ды. Қазір де Орта­лық-Азия универ­си­тетінде оқытушы.

Осын­дай­да құлы­қ­сыз би­ліктің қисын­сыз қиса­бы­на таң­ғаласың? Әлде адам ақы­сын жеу – осы­лар­дың маң­дай­ы­на бақы­рай­тып жазы­лған-ау, шама­сы?! Әйт­пе­се онсыз да қары­ғы ашыл­маған, тағ­ды­ры тарғыл қан­да­сы­ның қартайған­да қарт­тық есебі­нен алар аз қара­жа­ты­на мұн­ша сараң бол­мас па еді?! Тіп­ті бұл жымысқы сая­сат­ты екі ел ара­сын­дағы тәп-тәуір «келісім» аты­мен жүз­ге асы­ру­дың өзі – әбес­тік! Біздің білуі­міз­ше, бұл рет­те Тұрғын­бай­дың өз ота­нын­да он жыл­дың өн-бой­ы­на сіңір­ген еңбе­гінің ақтал­мауы – тіп­ті тегін емес!

Естеріңіз­де бол­са, баяғы бір «Қызы­лағаш оқиға­сын­да» сол ап­ат­ты ауы­лға арнайы барған ел пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев­тың бар қаза­қтың көзін­ше «жығы­лған үстіне жұды­рық» қылып: «Орал­ман­дар, сен­дер­дің осы елге еш еңбек­терің сің­бе­ген» деген мән­де бәтуәсіз сөз айтқан еді. Міне, осы­лай елім-жерім деп кел­ген ағай­ын­ның есе­леп төк­кен терін бір­жо­ла жоққа шығар­ған. Сол сөзі­мен Назар­ба­ев біздің безер­ген шен­ді-шек­пен­ді ата­улы­ға әжептәуір «өне­ге» болған еді. Ал енді осы­дан ке­йін жаңағы бір билік­тің биші­гінде жүр­ген, жұқа­на ғана тір­лі­гі бар жай қыз­мет­кер­ге өкпе­леп көр!

Әгәрәки, бұл жер­де­гі бар мәсе­ле пре­зи­дент­тің қашанғы қасаң өлше­міне – еңбек «сіңі­ру» мен «сіңір­меу» қағи­да­сы­на  тіре­ліп тұр­са, біз де біл­гені­мізді бүк­пей айта­лық онда: бағ­зы бір сүй­е­гінің өзіне қына шыққан өңшең өзге жұрт­тың біл­гі­ш­терін қай­дам, тәңірісінің пей­ілі түсіп, осы топы­рақта туып-өскен то­лағай бір ағам айта­тын: «Кім­нің бол­сын ота­ны­на қосқан еңбе­гі – қазақ руха­ни­я­ты­на қосқан үлесі­мен өлше­неді», – деп.

Тап-тама­ша сөз емес пе?

Шынын­да, руха­ни бай­лық бол­ма­са, «дүние біт­кен боқтың қабы» екені әзел­ден бел­гілі-ақ! Енде­ше сол шека­ра асып, шет­тен кел­ген қан­дастар тұтас ұлт­тың руха­ни­я­ты­на не бере алды дей­сіз бе?

Мұн­дай­да бәрін атап түге­су мүм­кін бе? Әуелі қырық жыл тастүр­ме­де жатып, «тер­ге­ушім, мен қыл­мыс­кер­мін» деп «мой­ын­дап», күл­лі қытай­дың қазақ ұлты­на жасаған жауы­зды­ғы­нан, қыл қысқа­сы, өзіне істе­ген қия­на­тына дей­ін жазып шыққан Қа­жықұмар Шаб­данұлын атар ед­ік. Мүбәдә, біз­ден басқа жұрт бол­са, «Қыл­мыс» рома­нын Нобель сый­лы­ғы­на баяғы­да-ақ ұсы­нар еді-ау (мұны басқа­сын ата­маған­да, Орхан Кемал мен Мо Янь алған осы Нобель сый­лығының, әсілін­де, не үшін бе­рілетінін біл­ген­дік­тен айта­мыз – Қ.Қ.)?

Ал Шығыс Түр­кістан­ды құру жолын­да қапы­да мерт болған Оспан батыр жай­лы «Қаһар­лы Алтай» атты роман жазған Жақ­сылық Сәми­тұ­лы мен Мем­сыйлықтың иегері, Халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­ло­вті ата­май өту мүм­кін бе? Ақиық ақын Мұқаға­ли­дың өзі: «Тап осы ақ­ын бол­ма­са, мұр­ным­ды кесіп берей­ін», – деген Жәр­кен Бө­деш ше?

Тіп­тен тұтас түр­кінің ошағы сын­ды Түр­кия жері атал­са да, тары­дай шашы­раған қанда­сыңның таудай тала­бы­мен мақ­танасың! Сол уақыт­та ауда­руға анау-мына­удың жүре­гі дау­а­ла­май­тын Құран Кәрім­нің өзін ауда­рып, 800 мың дан­амен та­ратқан Хали­фа Алтай­дың ұшан-теңіз еңбе­гін қай­да қоя­сыз? Мұн­дағы еңкей­ген қарт­тан ең­бектеген балаға дей­ін білетін әлем­ге әйгілі спорт шебері Мұста­фа Өзтүрік­тің елге қосқан ершім­ді еңбе­гін айт­пау мүм­кін бе?

Сонау Қарақал­пақтың Қо­ңы­рат деген жерін­де туып-өсіп, кей­ін­нен ғана елге оралған қаза­қтың ғажап ақы­ны Төле­ген Айбер­ге­но­втың ақын­ды­ғы мен руха­ни­ятқа, оның ішін­де әде­биетке қосқан өлше­усіз еңбе­гін кім жоққа шыға­ра ала­ды? Оның бер жағын­да хат авто­ры­ның кін­дік қаны тамған бай өлке – Баян-Өлгей мен өзге елдер­ден білі­мі мен білі­гі қатар озып, кім­дер жарқы­рап шық­паған десеңізші?

Ал оқу-ағар­ту сала­сын­да ел­дің ертеңі, Қаза­қстан­ның нұр­лы жолы үшін тын­бай шәкірт тәр­биелеп келе жатқан Тұрғын­бай Әбудің еңбе­гін көр­меу – барып тұрған мысық тір­лік (бұл жер­дегі нұр­лы жол – пре­зи­дент­тің биы­лғы нұры тасы­ған «Нұр­лы жолы» емес)!

P.S.: Сір­ге жияр тұста «елге еңбе­гі сің­бе­ген» деп, қазақ пен қаза­қты бөле-жара қарай­тын ел пре­зи­ден­ті­мен оның айна­ла­сын­дағы бас­шы-қос­шы­ла­ры­на ескер­тері­міз: ел ара­сын ала­тай­дай бүл­діретін, әрі-бері­ден соң қаза­қты екі­ге, үшке бөлетін бұн­дай арза­нқол, артып айтқан­да, «одна­ра­зо­вый» сая­сатқа бар­маға­нын ескертеміз!

Соны­мен қатар шене­унік біт­кен «ала қой­ды бөле қырқып, жөн­ге жары­ма­сын» жадын­да ұста­уы ләзім! Ол үшін нені істеу, нені істе­меу керекті­гін өздері анық біл­се керек?..

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн