Понедельник , 7 июля 2025

ӨТКЕН ЖЫЛЫ қазақ көші неге ҮШ ЕСЕ КЕМІДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Зығыр­дан

 

Бұр­нағы жыл­мен салы­сты­рған­да, был­тыр Қаза­қстанға шетел­ден қоныс ауда­ру­шы этни­ка­лық қаза­қтар азай­ып кет­кен. Көші-қон коми­тетінің өкілі «мұның басты себебі заң­дағы өзгерістер­де» деп біледі.

Он шақты жыл бұрын Қытай­дан Қаза­қстанға көшіп кел­ген этни­ка­лық қазақ, қазір «Жебеу» қоғам­дық ұйы­мы­на төраға­лық ететін Рақым Айы­пұ­лы биыл шет­тен қоныс аударған қаза­қтар азай­ып кет­кенін айта­ды. Оның пікірін­ше, «бұған себеп – шет­те­гі қаза­қтар­дың бел­сен­ділі­гі төмен­де­уі емес – Қаза­қстан­дағы әкім­шілік кедер­гілер­дің көбеюі».

– Мәсе­лен, 2013 қабыл­данған «Еңбек көші-қоны тура­лы» заңы аясын­да үкі­мет­тің шығарған қаулы­сын­да нақты екі түр­лі кедер­гі бар. Бірін­шісі – шығу парағы, яғни «қоныс аударған аза­мат Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғын алу үшін, бұры­нғы тұрған мем­ле­кет­тің келісі­мі керек» деген. Ал екін­шісі – сот­тал­маға­ны жай­лы аны­қта­ма. Осы екі талап соңғы жиыр­ма неше жыл­да орал­ман­дарға қой­ыл­маған еді, – дей­ді ол.

2013 жыл­мен салы­сты­рған­да, 2014 жылы Қаза­қстанға шет­тен көшіп келу­ші этни­ка­лық қаза­қтар азай­ға­нын Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стр­лі­гі де рас­тай­ды. Мини­стр­лік­тің «Азатты­ққа» бер­ген мәлі­метіне қараған­да, Қаза­қстанға 2013 жыл­дың 9 айын­да – 21 949 адам көшіп кел­ген, өткен жылғы 9 айда бұл көр­сет­кіш 7 468 адам ғана (неме­се 3 490 отба­сы) болған.

– 2014 жыл­дың алға­шқы тоқ­са­нын­да 3887 адам (1947 отба­сы), екін­ші тоқ­са­нын­да 3377 адам (1457 отба­сы) кел­ген. Ал үшін­ші тоқ­сан­да көшіп келу­шілер­дің саны 204 адам (86 отба­сы) болып азай­ған, – дей­ді осы мини­стр­лік­тің еңбек, әле­умет­тік қорғау және көші-қон коми­теті этни­ка­лық және ішкі көші-қон­ды рет­теу басқар­ма­сы­ның басты­ғы Марат Тоқсанбаев.

Марат Тоқ­сан­ба­ев 2014 жылы сырт­тан қоныс ауда­ру­шы этни­ка­лық қаза­қтар­дың күрт азай­ып кетуіне 2013 жылы қабыл­данған көші-қон тура­лы заң­дағы («Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң актілеріне еңбек мигра­ци­я­сы мәсе­ле­лері бой­ын­ша түзе­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң) өзгерістер себеп болға­нын айтады.

– 2013 жылы қай­та қабыл­данған заң­дағы өзгерістер шетел­де­гі қаза­қтар­дың көшіп келуіне кері әсерін тигізді. Заң­дағы өзгерістер бой­ын­ша, көшіп кел­ген­нен кей­ін алды­мен ықти­яр­хат алуы керек. Сосын барып тұрақты тір­ке­у­ге тұрып, орал­ман мәр­те­бесін ала­ды. Ал аза­мат­тық төрт жыл­дан кей­ін бір-ақ беріледі. Заң­дағы осы секіл­ді өзгерістер қазақ көшінің аза­юы­на себеп бол­ды, – дей­ді этни­ка­лық және ішкі көші-қон­ды рет­теу басқар­ма­сы­ның басты­ғы Марат Тоқсанбаев.

Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стр­лі­гі өкілі айтқан, 2013 жыл­дың соңын­да қабыл­данған заң­да орал­ман­дарға бұры­нғы­дай кво­та бер­мей, оның орны­на үй салуға, шару­а­шы­лы­қ­пен шұғыл­да­нуға жер учас­кесі тара­ты­ла­ты­ны, Тұрғын-үй құры­лыс жинақ бан­кі арқы­лы оңай­ла­ты­лған несие беретіні жай­лы жазы­лған. Заң­да Қаза­қстанға көшіп кел­ген этни­ка­лық қаза­қтарға аза­мат­ты­қты төрт жыл­дан соң беру тура­лы (басқа мигрант­тар аза­мат­ты­қты бес жыл­да ала­ды – Ред.) да айты­лған. Көп­те­ген орал­ман­дар әсіре­се осы соңғы тала­пқа нара­зы болған.

Қаза­қстан үкі­меті бұл заң­нан кей­ін 2014 жылы науры­здың 20-сын­да «Орал­ман­дар­ды жай­ға­сты­ру өңір­лерін айқын­дау тура­лы» деп ата­ла­тын 248-қаулы­сын шығарған. Ол қаулы­ға сәй­кес көшіп келу­шілер­ді жеті облыс қана (Ақмо­ла, Аты­рау, Батыс Қаза­қстан, Қоста­най, Пав­ло­дар, Сол­түстік Қаза­қстан және Шығыс Қаза­қстан) қабыл­да­уға тиіс болған, басқа облы­старға қоныс ауда­ру­шы­ларға орал­ман мәр­те­бесі беріл­мей­тіні айты­лған. Билік өкіл­дері бұл заң­ды орал­ман­дар­ды жұмыс және бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету жай­ын ойлай оты­рып қабыл­даған­да­рын, ол өңір­де бес жыл тұрған соң орал­ман­ның өз еркі өзін­де екенін айтқан.

Бірақ үкі­мет 2014 жылы шіл­денің 8‑і күні қабыл­даған 783-қау­лы елде­гі 14 облы­стың бәрі де орал­ман қабыл­дай ала­ты­нын жари­я­лаған. Ол қау­лы орал­ман­дарға арнайы жағ­дай жасай­тын өңір­лер­ді үкі­мет айқын­дай­ты­нын, ол өңір­лер­ге кел­ген орал­ман­дар­дың жол шығы­ны өте­летінін және қыз­мет­тік бас­пан­амен қам­та­ма­сыз етілетінін мәлім еткен. Бұл қау­лы жари­я­ланған кез­де, «Азатты­ққа» сұх­бат бер­ген көші-қон коми­теті өкілі «орал­ман­дар­дың енді аза­мат­тық алу­ды төрт жыл күт­пей­тінін, алты айдың ішін­де Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын ала ала­ты­нын» мәлімдеген.

Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стр­лі­гі еңбек, әле­умет­тік қорғау және көші-қон коми­теті этни­ка­лық және ішкі көші-қон­ды рет­теу басқар­ма­сы­ның басты­ғы Марат Тоқ­сан­ба­ев­тың мәлі­метін­ше, Қаза­қстанға 1991 жыл­дан 2014 жыл­дың қазан айы­на дей­ін 952 мың этни­ка­лық қазақ (258 мың отба­сы) қоныс аударған. Оның 61,5 пай­ы­зы – Өзбек­стан­нан, 12,6 пай­ы­зы – Қытай­дан, 11,6 пай­ы­зы – Моңғо­ли­ядан, 7,3 пай­ы­зы – Түр­кі­мен­стан­нан, 4 пай­ы­зы – Ресей­ден, қалған 3 пай­ы­зы басқа шетел­дер­ден көшіп келген.

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

 

Республиканский еженедельник онлайн