Понедельник , 7 июля 2025

Солтүстік аймақты қалай ҚАЗАҚЫЛАНДЫРАМЫЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Күн тәр­тібін­де­гі мәселе

 

Ауыл­ды жер­лер­де­гі жұмыс­сызды­қтың сал­да­ры­нан күн сай­ын өсіп келе жатқан ішкі көші-қон Қаза­қстан­ның шека­ра­лық аймақта­рын жалаңа­штап таста­ды. Сол себеп­ті шека­ра­лық өңір­лер­де­гі халық саны­ның аза­юы бүгін­гі таң­да елі­міздің басты про­бле­ма­ла­ры­ның бірі болып отыр. Әсіре­се Сол­түстік пен Шығыс Қаза­қстан өңір­лерін­де, Алма­ты облы­сы­ның Нары­нқол аймағын­да, Батыс Қаза­қстан­ның ірі елді мекен­дер­ден жырақ аумақта­рын­да бұл мәсе­ле күн сай­ын ушы­ғып бара­ды. Пав­ло­дар, Көк­ше­тау және Қоста­най облы­ста­ры­ның Ресей­мен шека­ра­лас ауыл­да­рын­да да тұрғы­лы­қты халы­қтың мөл­шері, оның ішін­де қаза­қтар­дың саны күрт азай­ып кетті.

 

Бұл жағ­дай бір күн­де неме­се бір жыл­да бастал­ды деу­ге бол­май­ды. Бұл – Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған 24 жыл­дың ішін­де дина­ми­ка­лық тұрғы­да өршіп келе жатқан кері құбы­лыс. Жұмыс ізде­ген ауыл халқы­ның қалаға қарай көшуі елдің шека­ра­лық аймақта­рын қаңы­ра­тып тастаға­ны ел билі­гінің жанын ауырт­пай­тын сияқты. Қаза­қта «Бос жатқан жер жау шақы­ра­ды» деген сөз бар. Мәсе­лен, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Қытай­мен шека­ра­лас Марқа­көл, Шілік­ті, Күр­шім, Тар­баға­тай, Ақсу­ат аймақта­ры қаңы­рап бос қалды.

Ал Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның Ресей­мен шека­ра­лас ауыл­да­ры­нан қазақ ата­улы­ны сау­сақ­пен ғана санап алар­лық жағ­дай қалып­та­сты. 2011 жылғы ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ге сенетін бол­сақ, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы жал­пы халық саны – 588 910 адам болған. Осы дерек бой­ын­ша, облыс халқы­ның ұлт­тық құра­мы мына­дай болған:

Оры­стар — 50,43%

Қаза­қтар — 33,30%

Укра­ин­дар — 5,00%

Немістер — 3,49%

Поляк­тар — 2,34%

Татар­лар — 2,18%

Бело­ру­стар – 1,15%

Басқа­ла­ры – 2,11 %

Ал өткен жыл­дың басын­да ста­ти­сти­ка­лық ведом­ство таратқан ақпар бой­ын­ша, бұл өңір­де­гі қаза­қтар саны­ның бір­ша­ма өскені (35 пай­ыз) бай­қал­са да, бұл өсім қала­лы жер­лер­ге Ресей­ден көшіп кел­ген қаза­қтар­дың есебі­нен өскен. Ал облы­стың Ресей­мен шека­ра­лас өңірін­де тұра­тын қаза­қтар­дың үлес сал­мағы 3–4 пай­ы­зға кеміген.

Міне, көр­шілес Ресей­дің тәу­ел­сіз Укра­и­наға жасаған агрес­си­я­лық әре­кеті­нен кей­ін, СҚО-дағы шека­ра­лас аймақтар­ды қаза­қтар­дың тастап көшуі алаң­да­у­шы­лық туды­ра ма, жоқ па? Онсыз да бұрын­да­ры орыс ұлты­ның саны басым­ды­қта болған облы­стың сол­түстік өңірін қаза­қы­лан­ды­ру жағ­дайы неге мем­ле­кет­тік басы­ңқы бағ­дар­ла­ма­лар қата­ры­на кірмейді?

Біздің бире­сми ақпа­рат көз­дері­міздің хабар­ла­у­ы­на қараған­да, жуы­қта үкі­мет вице-пре­мьер­лі­гі қыз­метіне тағай­ын­далған Бер­ді­бек Сапар­ба­ев мыр­за­ға осы «облы­стар­ды қаза­қы­лан­ды­ру» мін­деті қосым­ша жүк­тел­ген сыңай­лы. Егер бүгін­гі гео­са­я­си жағ­дай­да елдің шека­ра­лас аймақта­рын қаза­қы­лан­ды­ру жағ­дайы мем­ле­кет­тік һәм ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесінің алды­ңғы әрі басы­ңқы бағы­ты­на шығар бол­са, бұл сала­мен басы бүтін айна­лы­са­тын арнайы мини­стр­лік қажет. Үкі­мет басын­дағы бір вице-пре­мьер­ге бұл про­бле­ма­мен тіке­лей айна­лы­са­тын құзірет берілуі тиіс.

Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға ширек ғасы­рға жуық уақыт бол­са да, сол­түстік­те­гі қаза­қтар­дың саны неге өспей отыр? Басты себеп – сол­түстік өңір­лер­де­гі әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­дың кен­де қалуы. Осы­ған бай­ла­ны­сты тұрғы­лы­қты халы­қтың басым көп­шілі­гі Аста­на сын­ды орта­лық қала­ларға қоныс аударуда.

Бар­шаға мәлім осы жағ­дай­ды оңал­ту әрі осы өңір­лер­ді қаза­қы­лан­ды­ру үшін, СҚО-ның шека­ра­лас аймақта­рын­да егін және мал шару­а­шы­лы­ғы бағыт­та­рын дамы­туға мүд­делі басқа аймақтар қаза­қта­рын көші­ру жөнін­де жеңіл­дік­тер жасалған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қабыл­да­нуы қажет. Үкі­мет­тің тиіп-қашып, басқа мәсе­ле­ден қолы босаған сәт­те ғана сол­түстік­ті қаза­қтан­ды­руға мой­ын бұруы – жет­кіліксіз жағдай.

Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, бүгін­гі таң­да СҚО-дағы қаза­қтың саны елге ора­лып жатқан қан­даста­ры­мы­здың есебі­нен өсіп отыр. Ал «Нұр­лы көшпен» кел­ген­дер­дің тек 5 пай­ы­зы ғана сол­түстік­ке келеді екен. Егер елі­міз­ге шет­тен ора­лып жатқан қан­даста­ры­мы­здың толы­ққан­ды тір­лік құруы­на жағ­дай жасалған бол­са, бұл өңір­лер­ді айна­ла­сы екі-үш жыл­дың ішін­де қаза­қтар­мен тол­ты­рып таста­уға болар еді.

Сол­түстік­те­гі осы жағ­дай­ды оңал­ту мақ­са­тын­да был­тыр мем­ле­кет Ресей­мен шека­ра­лас үш облы­стағы әлі жеке мен­шік­ке өтіп кет­пе­ген (ондай жер­лер қал­са) тың жер­лер­ді Қытай­дың ауыл шару­а­шы­лық ком­па­ни­я­ла­ры­на жалға бер­мек болған. Егер естеріңіз­де бол­са, осы­дан бірер жыл бұрын «Шығыс Қаза­қстан­нан да Қытай еліне жалға жер беріледі» – деген мәлі­мет тараған болатын.

Дереккөз­дер­дің хабар­ла­у­ы­на қараған­да, бұл осы аймақтар­да жұмыс қолы­ның жетіс­пе­ушілі­гі бар деген ақпар­ды бар­шаға жария етудің ғана ама­лы болған. Иә, ақпарға қазақ қана емес, көр­шілес ресей­лік­тер де қаны­ққан сияқты. Енде­ше өз жері­мізді қаза­қ­пен тол­ты­руға ешкім­ге жал­тақта­май кірі­сетін кез кел­ген жоқ па?

Маман­дар­дың болжа­мы бой­ын­ша, сол­түстік аймақтар­ды қаза­қы­лан­ды­ру жоба­сын қам­та­ма­сыз ету үшін бас-аяғы 300 мың қазақ керек екен. Егер елге оралған ағай­ын­дар­дың әр отба­сын­да бес адам­нан бар десек, небәрі 60 мың отба­сын Ресей­мен шека­ра­лас аймақтарға қоны­стан­ды­руға ЭКСПО-17 құры­лы­сы шығы­ны­ның бір шире­гі де жет­кілік­ті көрі­неді. Ал егер Аста­на­ның құры­лы­сын екі жылға тоқтат­сақ, бүт­кіл шека­ра­лас аймақтар­ды сам­саған «Нұр­лы жол» ауыл­да­ры­на тол­ты­рып таста­уға болады.

Бұл, әрине, қара­пай­ым ғана ұсы­ныс. Ал егер осы мәсе­лені мем­ле­кет­тік дәре­же­де­гі бағ­дар­ла­ма арқы­лы ғылы­ми-зерт­теу жолы­мен шешер бол­сақ, елдің жалаңа­шта­лып қалған шека­ра­лық аймақта­рын «қара­до­ма­лақтан­ды­ру» мәсе­лесі мұнай­лы Қаза­қстан үшін түк­ке тұрғы­сыз науқан болмақ.

Қаза­қстан­ның гео­са­я­си бағыт­тағы басты мақ­сат­та­ры­ның біре­гейі – ауы­л­ша­ру­а­шы­лық өндірісін құнар­лы сол­түстік аймақтың үлесі есебі­нен дамы­ту­ды негіз етіп, көлем­ді қоныс ауда­ру, сол арқы­лы шека­ра қау­пін азай­ту, мем­ле­кет­тің ұзақ уақыт­тық стра­те­ги­я­лық қауіп­сізді­гін сақтап, еңбек күш­терінің тепе-теңдік балан­сын рет­ке кел­ті­ру. Осы мақ­сат­тың бәрі ел пре­зи­ден­тінің халы­ққа жол­да­у­ла­рын­да жыл сай­ын айты­ла­ды. Енде­ше осы мақ­сат­тың сыл­та­уы­мен шека­ра­лық аймақты қаза­қы­лан­ды­ру, жалаңаш қалған ауыл­дар­ды қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесін қолға алу қан­ша­лы­қты қиын болмақ?

Есдәу­лет ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ

 

Республиканский еженедельник онлайн