Ресей Қазақстанды ӘБДЕН УЛАП кетейін деп жүр…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 01 (272) от 08 января 2015 г.

 

Қатер қайдан демеңіз!

 

Ескі жылдың соңына таман, анығын айтқанда, 19 желтоқсан күні “Кондор-Э» спутнигін Жер орбитасына шығарған «Стрела» тасымалдаушы ракетасы «Байқо­ңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл ресми тілде тараған қысқа ғана қатардағы хабар сияқты. Бірақ салмағы 105 тонналық «Стрела» зымыранын американдықтар сонау кеңестер кезінде жер мен кеңістікке аса залалды ракета деп бағалаған болатын. Ескерте кетейік, бұл зымыран «Протон» сияқты кеңістікке аса улы гептил отынымен ұшырылады.

 

Бірден айтайық, бұл «Стре­ла» – кеңестер ар­мия­сының қаңсығы. Ол АҚШ пен КСРО арасында жасалған «ОСВ» (стратегиялық қаруды шектеу) келісімі кезінде Қарулы күштерде пайдаланылудан шығарылған соғыс техникасы. Америкалықтар «Сатана» деп өте қорқынышты атау берген «РС-18» континентаралық бал­листикалық ракетасы (КБР) – осы тажал.

Әлбетте, американдықтар оны «Сатана» деп атағанда, оның жойқын жойғыш күшін емес, зымыранды алып ұшатын отынының адам баласына өте қатерлі екендігінен осындай атау берген. Әйтпесе АҚШ-тың сол за­мандағы «Першинг», «Томагавк», «Полларис» зымырандары өздерінің қуаты жағы­нан «Сатанадан» кем емес. Бір­ақ оларды ұшыру үшін пай­даланған отын қор­шаған ор­таға аса залал келтірмейтін қатты отын еді.

Ал тасымалдаушы «Стрела­ның» арғы атасы «РС-18» КСРО Қарулы күштерінде алғаш рет 1967 жылдан сынаққа қабыл­дан­­ған, технологиялық тұрғы­да жетілдірілмеген ракета еді. Міне, Қазақстан билігі осы кон­версияланған (әскери пайдаланудан алынып тасталған) ракетаны Ресейдің ғарыштық зерт­теу жұмыстарына қолда­ну­ға рұқсат бергені таңдан­ды­ра­ды. Қоршаған ортаға зиянды­лығын былай қойған күннің өзін­де бұл «Сатана» сынақтан толық өтпеген, ұшырылу кезін­де талай рет апатқа ұшыраған ракета болатын. Соның салдарынан сынақ кезінде бұның бірнеше үлгісі жарылып, ауа атмосферасынан шықпай қал­ғаны туралы деректер өте көп. Бірақ сол кездегі құпиялыққа байланыс­ты ол жағдай кеңестік ақпа­ратта айтылмады.

Содан бұл ракета 14 жыл бойы Қарулы күштерге қабыл­данбады. Себебі оны ұшыру процесі өте қауіпті болды. Сол сынақтардың 90 пайызы Қазақ­стан жерінде жасалды. Ақыры 1981 жылдан бастап, мұндай ракеталық кешенмен жабдық­талған әскери полктар тұңғыш рет қорғаныс шебіне қойылып, жауынгерлік дайындыққа әрең дегенде көшіріледі.

1988 жылдың ортасына қа­рай КСРО тарапынан АҚШ жә­не Батыс Еуропа елдеріне қа­рай бағытталған нысаналарға бір сәтте ұшып шыға алатын, естіген елдің зәресін ұшыратын 308 «Сатана» – шахталық қон­дырғыларда тұрды. Олардың 157-сі Ресейде, өзгелері Беларусь пен Украина жерінде орналастырылды. Әр ракетаның 10 жарылғыш басы (боеголовка) болды, ал әрбірінің қуат­тылығы Хиросимаға тасталған 1200 бомбаға пара-пар еді.

Михаил Горбачевтің кеңес­тік елдерге жылымық әкелген «қайта құру» жылдарында АҚШ-пен арада жасалған стра­тегиялық қаруды шектеу ке­лісімі кезінде американдықтар дәл осы «Сатананы» қысқар­ту­ды талап етті. Бірақ КСРО бас­шылығы бұл талапқа мойын­сұнғанымен, Кеңес Одағы тарап, Ресейде экономикалық дағ­дарыс орын алған 90-жыл­дардың ортасына дейін ол ракета қолданыстан шыға­рыл­мады.

Міне, енді «Роскосмос» агенттігі осы конверсиялық зымыранды «бейбіт мақсатта» ғарыштық зерттеу спутниктерін кеңістікке шығаруға пайдалана бастағаны – «Сатананың» әлі күнге дейін конверсияға түс­пегенін дәлелдесе керек. Яғни, 30 жылдан астам уақыт бұрын жасалған бұл ракеталарды қоймадан шығарып, қайтадан пайдалануға қосуға Ресейге Қа­зақстан тарапының мұрсат беруі – американдық соғыс сая­­са­тының ашу-ызасын тудыруы әб­ден мүмкін. Оның үстіне 30 жыл бұрын жасалап, ре­сей­лік салақ­тықпен шаң басқан қой­маларда жатқан ракеталар қазақстан­дықтар үшін қанша­лықты қауіп­сіз болуы мүмкін? Бұл біздің әскери мамандардың басы жетпейтін сұрақ болса керек.

Ал ең қауіптісі, тіпті басқа жағдай. Ресей тарапынан «Сатананы» қайтадан пайдалану деген сөз – амери­кан­дық ракета жойғыш конти­­н­ент­аралық зымырандар Қа­зақ­стан территориясына қарай ныса­наға қойылды деген сөз. Яғни, Қазақстан территориясынан «Сатана» ракетасы яд­ро­лық жарылғыш баспен АҚШ-қа қарай ұшуы мүмкін деген қау­іп американдықтарды осындай қауіпсіздік шарасын жасау­ға мүдделі етеді. Егер, Құдай сақтасын, Ресей мен АҚШ арасында ядролық қақтығыс бола қалса, американдық ракета­лар­дың Қазақстан жеріне де ұшып келуі тіптен ғажап емес. Себебі АҚШ агрессиялық Ресейден қорғану үшін, амалсыздан осындай қадамға баруға мәжбүр болады.

Конверсиялық ракеталарды қайтадан пайдалануға Ресей неге жанталасып отыр? Себебі, өзінің соғыс доктринасына яд­ро­лық қаруды пайдалану мүм­кіндігін енгізген Ресей 2020 жылға дейін ядролық қарумен жасақталған әскери күштерін (жер, теңіз, әуе) түгел қайтадан жаңартпақшы. Ал бұл екі арада Ресейде қалыптасқан эконо­микалық дағдарысқа байла­ныс­ты және жаңа зымыран тасығыштар жасауға шығын­данбау үшін, Кремль өзінің «қоймада жатқан» ескі ракеталарын соңғы данасына дейін пайдаланып қалмақ ойда.

Иә, бұл Ресейдің өзіндік ішкі ісі екені анық. Бірақ ол өзінің «ішкі ісін» Қазақстан терри­ториясындағы «Байқоңыр» арқы­лы неге жүзеге асыруы тиіс? Өз жерінде, өзінің ауа кеңістігін ластап, күні-түні «Сатанасын» самғатса, оған ешкім қарсы бо­ла қоймас. Ал адам­заттың ден­саулығына аса қау­іпті гептил отынымен ұшатын және бұдан 30 жыл бұрын жа­салған ескі-құсқы ракетасын Қазақстан аумағында пайдала­нуға Ақорда билігі неге рұқсат береді?

Американдық соғыс маман­дарының пікіріне қарағанда, «Сатана» ракетасы қаншама ескірді дегенмен, оның жарыл­ғыш зат тасымалдау қуаты әлі де кемшін түскен жоқ. Оның қуаты Американың ең мықты деген «Минитмен-3» ракетасынан кем түспейді.

Ал адамзат үшін ең қорқы­ныштысы – Ресей конти­нент­аралық баллистикалық ракеталарын жаңартып, жетілдіріп, олардың жаңа үлгілерін шығара бастады. Бұл – ресейлік соғыс доктринасының қорғанысқа емес, шабуылға бағытталғанын дәлелдейтін дерек. Осы жағ­дайда ядролық қару атаулыдан бас тартып, оны конверсиялап, бейбіт мақсатқа жұмсау туралы әлемге жар салып келе жатқан Қазақстан билігі Ресей тарапынан «Байқоңырда» соғыс мақ­са­тындағы ракеталардың ұшы­ры­лып жатқанына неге үнсіз қа­рап отыр?

Ресей мен Украинадағы со­ғыс жағдайын жіті қадағалап отырған әлемдік қауым­дас­тық­қа мұны қалай, не деп түсін­діреміз? Ал біз үшін алаңдайтын нәрсе – Ресей конверсияланған ракеталарды неге өз ғарыш ай­лағынан ұшырмайды? «Сата­наның» бір түрі «Р-36М УТТХ» ракетасын Ресей 1977 жылдан бері «Байқоңырда» 62 рет сы­нағаны аз болды ма? Сол 62 сынақтың 56-сы сәтті болып, өзгелері апатқа ұшырап, айналасына қанша зардап шек­кіз­гені сол тұста құпия сақталғаны анық. Бірақ арада қанша уақыт өтсе де, оның жеңіл-желпі зардап болмағанын түсіну қиын емес. Себебі жер мен суда, ауада да өзінің улы қасиетін жоймайтын гептилдің қатері неге тұрады?!

Әрине, Ресейдің «Стрела» ракетасын конверсиядан шы­ғаруында басқа да мақсаттар болуы мүмкін. Мәселен, отын қалдығы қоршаған ортаға аса қауіпті осы ракеталарды Қазақ­стан жерінде пайдаланып бітіріп, ал өзінің «Плесецк» космодромын таза күйінде сақтап қалуды ойлап отырған болуы да мүмкін. Ендеше Ресейдің Қазақстан жерін әбден улап кетуіне біздің қоғам неге мүмкіндік береді?

 

Гүлмира

ТОЙБОЛДИНА,

«D»

 

 

РН «Стрела»

 

Общие сведения

Страна                 Россия

Семейство          УР (МБР УР-100Н УТТХ)

Назначение        ракетаноситель

Разработчик       НПО Машиностроения

Изготовитель     НПО Машиностроения

 

Основные характеристики

Количество ступеней  3

Длина                   28,27 м

Диаметр  2,5 м (2,5×2,62 м для ГО)

Стартовая масса                      105 000 кг

Масса полезной нагрузки      – на НОО 2000 кг

 

История запусков

Состояние          действующая

Места запуска    Байконур

Число запусков 3

– успешных        3

– неудачных       0

Первый запуск  5 декабря 2003

Последний

запуск                   19 декабря 2014

 

Первая ступень

Длина                   17,2 м

Маршевый двигатель 3×РД-0233 и 1×РД-0234

Тяга           1880кН (470×4) /2080 кН (520×4)

Удельный импульс       285 с / 310 с

Время работы    121 с

Горючее   НДМГ

Окислитель        АТ

 

Вторая ступень

Длина                   2,8 м

Маршевый

двигатель            РД-0235

Рулевой двигатель      4-х камерный  РД-0236

Тяга           /240 кН (рулевой:  15,76 кН)

Удельный импульс       /320 с (рулевой: 293 с)

Время

работы                 183 с (рулевой: 200 с)

Горючее   НДМГ

Окислитель        АТ

 

Республиканский еженедельник онлайн