Понедельник , 7 июля 2025

Қымбатшылық қамыты ҚЫСЫП БАРАДЫ – халық қайтіп күн көрер?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

Көрей­ін дегенің сол болса!..

 

Иә, Қой жылы­ның алға­шқы күн­дері қым­бат­шы­лы­қтың қамы­ты қыса түс­кен қиын­шы­лы­қтан бастал­ды. Ақпа­рат агент­тік­тері ағы­л­тқан лек-лек хабар­дың қақ жар­ты­сы баға мен тариф­тер­дің бұры­нғы­дан да өскені хақы­сын­да сөз қозғап жатыр. Ал мем­ле­кет­тік БАҚ ата­у­лы бұл жөнін­де жұмған аузын ашпайды.

 

Сөй­тіп, онсыз да тұр­мыс жағ­дай дің­ке­лет­кен халық есін жияр-жима­стан, Қой жылы тағы да жап­пай қым­бат­шы­лы­ққа тап бол­ды. Ағы­лған ақпа­рат­ты оқып отыр­саң, жағаң­ды ұстай­сың. Мәсе­лен, елде­гі ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің баға­сы өткен жыл­дың 9 айын­да 13,3 пай­ы­зға артқа­ны жыл­дың алға­шқы екі-үш күнін­де бел­гілі бол­ды. Оның ішін­де өсім­дік шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері 20,8%-ға, мал шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері – 2,4%-ға қымбаттаған.

Мына­дай қалың қым­бат­шы­лы­қты оқы­ған оқыр­ман өз-өзі­нен ойға қала­ды – бұл үкі­мет бізді қай­да алып бара­ды деп: өткен жылы бидай баға­сы 24,7%-ға, күріш – 19,6%-ға, арпа – 9,5%-ға, жүгері – 7,4%-ға, тары – 1,8%-ға, ал қарақұ­мы­қтікі 15,4%-ға артып, қара­би­дай – 6,5%-ға, сұлы баға­сы – 2,6%-ға өскен. Түй­нек­ті пияз 39,8%-ға, кар­топ – 22,5%-ға, орам­жа­пы­рақ – 21,8%-ға, асха­на сәбізі – 16,4%-ға, асха­на қызы­л­ша­сы – 14,4%-ға қым­бат­таған. Құс еті 12,4%-ға, шошқа еті – 6,4%-ға, жылқы еті – 4,5%-ға, ірі қара мал еті – 2,7%-ға, қой еті – 2,6%-ға артқан. Жұмыр­тқа баға­сы 21,5%-ға, ал шикі сүт­тікі 10,3%-ға өскен.

Енді бұл көр­сет­кі­ш­тер­дің биы­лғы жылы қалай-қалай өзге­ретінін айту қиын, бірақ баға ата­у­лы мұнан әрі тағы да шары­қта­ма­са, кемі­мей­тіні анық. Себебі Ресей­мен одақ­тасқан елдің тең­гесі рубль­дің жолын құшу қау­пі лап қояр топан судай іркіліп тұр.

Мыса­лы үшін, жыл баста­лар-бастал­ма­стан, Өске­мен­де жоғарғы сорт­ты нан баға­сы қым­бат­тап, 70 тең­ге бол­ды. Бидай­ын қар астын­да шірітіп, астық тап­шы­лы­ғын қол­дан жасаған Қаза­қстан­да Өске­мен ғана емес, өзге өңір­лер­де де нан­ның қым­бат­та­уы орын алар ақиқатқа айна­лар сәт алыс емес..

Жаңа жыл­дың алға­шқы күні­нен бастап Ақтө­бе облы­сын­да электр энер­ги­я­сы тариф­тері жеке тұлға­лар үшін 5%, заң­ды тұлға­лар үшін 9,7%-ға өсті. Өзін-өзі 80% электр энер­ги­я­сы­мен қам­та­ма­сыз ететін Ақтө­бе облы­сын­дағы бұл қым­бат­та­уды ресми орын­дар «Энер­го­жүйе» ЖШС мен «KEGOC» АҚ-ның тасы­мал­дау тариф­терінің ұлға­юы сал­да­ры­нан» дейді.

Ақтө­бе облы­сы­мен жары­са, Шым­кент­те электр энер­ги­я­сы­ның тари­фі 6%-ға, Пав­ло­дар­да 3,6%-ға қымбаттады.

Сол сияқты 1 қаңтар­дан бастап Алма­ты мен Алма­ты облы­сын­да электр энер­ги­я­сы тари­фі 7,5%-ға өсті. Жарық құны өскен соң, бұл қым­бат­тау ащы ішек­тей шұба­ты­лып, эко­но­ми­ка­ның басқа сек­то­ры­на ене беретіні өз-өзі­нен түсінік­ті. Өйт­кені жарық қым­бат­таған соң, біздің елде қалып­тасқан «эко­но­ми­ка­лық дәстүр» бой­ын­ша, қым­бат­та­май­тын ешбір зат, ешбір қыз­мет түрі жоқ!

Тариф­тер­дің өскені өз алды­на, 2015 жылы тозы­ғы жет­кен су және жылу маги­страль­да­ры халы­қтың қар­жы­сы есебі­нен алма­сты­ры­ла­тын бола­ды. Бұл тура­лы мәжілістің жал­пы оты­ры­сын­да Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Ербо­лат Доса­ев мәлім­деді. «Табиғи моно­по­лия болған­ды­қтан, тариф­тен басқа пай­да таба­тын жол жоқ. Бүгін­де Еуро­па­лық даму бан­кі­мен жұмыс жаса­лып жатыр. Үкі­мет 2020 жылға дей­ін­гі тариф сая­са­ты бой­ын­ша жаңа бағ­дар­ла­ма қабыл­дай­ды», – дей­ді Доса­ев былқ етпей.

Бірақ тариф­тер қан­ша­лы­қты және қашанға дей­ін қым­бат­тай­ты­ны тура­лы Доса­ев ләм деме­ген. Ол бар болға­ны «тариф­тер өспей тұрып, алды­мы­здағы сұрақтар­ды бәрібір шеше алмай­мыз» деген сенім­де екенін жеткізді.

Онсыз да ашқұр­сақ халы­ққа енді құбыр жөн­деу мен «ТЭЦ»-тердің тесі­гін жамау-жасқау шығы­ны қосыл­са, тариф­терің бір орнын­да тұрып қалай­ын деп тұрған жоқ – өседі. Өскен­де де – өкір­тіп өсер түрі бар.

Оның үстіне көр­шілес Ресей­ді мең­де­ген терең дағ­да­рыс бізді де шар­пып өтер түрі бар. Біз­ге Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мүше­сі ретін­де Ресей­ге қол ұшын беру­ге тура келеді. Сөй­тіп, отан­дық тау­а­ры­мы­здың басым бөлі­гін Ресей­ге одақ бел­гіле­ген баға­мен жібе­ру­ге мәж­бүр бола­мыз. Ал отан­дық кәсіп­кер­лер өз кезе­гін­де тау­ар­ла­ры арза­нға өтіп кет­пе­удің қамын ойлап, шығарған өнім­дерінің ішкі нары­қтағы баға­сын қым­бат­та­та түседі. Міне, қым­бат­шы­лы­қтың тағы бір кеселі осы­дан келеді.

Ресей біздің өнім­ге сұра­ны­сты арт­тыр­са, бірін­ші­ден – Қаза­қстан­ның ішкі нары­ғын­дағы тау­ар көле­мі аза­яды. Бұл өз кезе­гін­де сұра­ны­сты арт­ты­рып, өнім баға­сы­ның өсуіне ықпал ете­ді. Демек, Қаза­қстан халқын қым­бат­шы­лық одан әрі қыса түседі деген сөз…

Бір сөз­бен айтқан­да, Ресей­дің Еуро­па импор­ты­нан бас тар­туы – біз­де­гі азық-түлік импор­ты­на айтар­лы­қтай әсер ететін бола­ды. Мыса­лы, біз­ге АҚШ-тан келетін 40,7 мың тон­на ет; Австра­ли­ядан келетін 1,1 мың тон­на; Кана­да­дан 1,6 мың тон­на ет Ресей арқы­лы өте­ді. Ресей енді­гі кезек­те сол сырт­тан әкелі­нетін етке де жар­ма­суы ғажап емес. Ең қызы­ғы, біз өзі­міздің ішкі нары­қтағы тұты­ну­шы­лар­ды толық қам­ти алмай оты­рып, Ресей­ге қазір­дің өзін­де ірі көлем­де ет өні­мін шыға­рып отыр­мыз! Демек, бұдан былай да Ресей­дің ет және ет өнім­деріне деген сұра­ны­сы есе­лен­се, онда қол­да бар­ды көр­ші­ге ғана беріп оты­руға тура келеді. Себебі ет өнім­дері нары­ғы­на деген сырт­тың сұра­ны­сы өссе, ішкі нарық оның соңы­на «ере кетері» анық.

Оны­мен қой­май, Халы­қа­ра­лық валю­та қоры­ның хабар­ла­у­ын­ша, Қаза­қстан бюд­жетінің тепе-теңді­гі мұнай­дың бір бар­релі 65,5 дол­лар­дан төмен түс­пе­ген жағ­дай­да ғана сақта­ла­тын көрі­неді. Бірақ баға 60 дол­лар­дан төмен­десе, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның дамуы қаңта­ры­ла­ды екен (түп­нұсқа – EurasiaNet).

Ал күні кеше ғана мұнай­дың бір бар­релі 45 дол­лар­дан төмен­ге түс­кені бел­гілі бол­ды. Алдағы уақыт­та бұл көр­сет­кіш 35 дол­ларға дей­ін төмен­дей­ді деген болжам да айтылуда…

Енді осы­дан кей­ін Ұлт­тық банк­тің «2015 жылы деваль­ва­ция бол­май­ды» дегеніне ешкім сен­бей­тіні анық. Керісін­ше, елде­гі бірқа­тар сарап­шы­лар «деваль­ва­ция сөз­сіз бола­ды және ол қажет шара» дейді.

Қым­бат­шы­лы­қтың көкесі біздің сыр­тқы қары­зы­мы­зда болып тұр. Был­ты­рғы жылы ғана Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы 27,6%-ға өсіп, 5,614 трил­ли­он тең­ге­ге жет­ті. Бұл тура­лы Қаз­ТАГ ақпа­рат көзі 5 қаңтар күні ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің сай­ты­на сүй­ене оты­рып хабар­лаған бола­тын. Оның 5555,3 мил­ли­ард тең­гесі үкі­мет­ке тиесілі: 4178 мил­ли­ард ішкі және 1377,2 мил­ли­ард сыр­тқы қары­зды құрайды.

Салы­сты­ру үшін айтар бол­сақ, мұнан бес жыл бұрын, яғни 2009 жылғы 1 қаңтарға Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы 1,33 трил­ли­он тең­ге ғана бола­тын. Бес жыл­дың ішін­де бұл көр­сет­кіш 4 трил­ли­онға өскенін ескер­сек, «Нұр­лы жол» Жаңа эко­но­ми­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы қағаз жүзін­де қала­тын құжат қана болай­ын деп тұр.

«Жығы­лғанға – жұды­рық» деген­дей, билік­тің халы­қты «халы­қтық Ай-пиоға» шақы­рға­ны да, алға­шқы­дай емес, сәт­сіздік­ке ұшы­ра­ды. Соңғы ақпа­рат бой­ын­ша (Қаз­ТАГ), Қаз­Мұ­най­Газ Бар­ла­у­Өн­ді­ру (ҚМГ БӨ) акци­я­ла­ры­ның құны 22,3%-ға дей­ін төмен­де­ген. Қаза­қстан қор бир­жа­сы хабар­лаған­дай, қаңтар айы­ның екін­ші апта­сын­да 12 050 тең­ге­ге бір ғана келісім жасалған! Мұнай ком­па­ни­я­сы­ның арты­қ­шы­лы­қққа ие акци­я­ла­ры­ның құны сауда-сат­тық бары­сын­да 6,03%-ға түсіп, 10 700 тең­ге­ге дей­ін төмендеді.

ҚМГ БӨ мұнай өнді­ру көле­мі жағы­нан Қаза­қстан­да көш­бас­шы­лар­дың үшті­гіне кіретінін ескер­сек, бұл қуа­нар­лық жағ­дай емес. Өндір­ген өні­мі құн­сызда­нып жат­са, елде­гі ірі мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­ның ертеңі қалай бола­ры белгісіз!

Қаза­қта «Түй­ені жел шай­қа­са, ешкіні аспан­нан көр» деген нақыл сөз бар.

Өткен жылы да жыл басы деваль­ва­ци­ядан баста­лып, ол бізді 20 пай­ы­здық қым­бат­шы­лы­ққа ұшы­ратқа­ны белгілі.

Сол тұста аяқ асты­нан абыр-сабыр болған халық азық-түлік ата­улы­ны қап­тап сатып ала баста­ды. Іле-шала, жанар-жағар май, ізін ала ұн мен қант баға­сы шары­қтап кет­ті. Банк­тер­дің кей­бірі шет­те­гі қары­зын өтей алмай­тын­да­рын жари­я­лап, банк­рот жағ­дай­ы­на ұшы­ра­ды. «Тұрғын үй баға­сы қым­бат­тай­ды, дол­лар тағы да көтеріледі» деген қау­е­сет жел­дей есті. Бірақ ол кез­де де халқы бір­ден елу пай­ы­зға кедей­лен­ген елде қалай өмір сүру­ге бола­ты­нын ешкім айтқан емес.

Сол сияқты бүгін­гі күні «Мұнай баға­сы қашанға дей­ін арзан­да­мақ?» деген сұраққа да жау­ап жоқ. Бірақ бір нәр­се анық – ОПЕК мұнай баға­сын арзан­да­ту арқы­лы бала­ма қуат­ты өндіруді тиім­сіз әрі пер­спек­ти­ва­сыз етуді көз­дей­ді. Бұл – кар­тель­дің мұнай гео­са­я­са­ты­мен қатар жүр­гізіп келе жатқан шарасы.

Бұл кез­де қым­бат­шы­лық ата­улы­ны тек қана халы­қа­ра­лық дағ­да­ры­стар­мен бай­ла­ны­сты­ра­тын біздің билік  қар­жы амни­сти­я­сын жари­я­лап, халы­қты IPO-ға қаты­суға үнде­уді бастап кет­кен еді. Жеке­ше­лен­ді­ру жалға­сып, мем­ле­кет­тік мүлік тағы да жеке­ге ұсы­ныл­ды, жеке­ше­лен­дірудің екін­ші кезеңі жалға­сты… Бірақ бұл шара­ларға қара­ма­стан, Жылқы жылы баға ата­у­лы аттай шауып, апта сай­ын өрле­ген болатын.

Енді елде­гі біл­гір маман­дар «көр­пе­ге қарай көсілу­ге» кеңес беру­де. Себебі көр­ші елдер­де­гі гео­са­я­си бәсе­ке­ле­стік­тің шие­лені­суі мен мұнай баға­сы­ның құл­ды­ра­уы онсыз да шатқа­яқтап тұрған эко­но­ми­каға сал­мақ түсіре­рі бел­гілі. Эко­но­ми­ка­ны стаг­на­ция жағ­дай­ы­на жет­кіз­бес үшін, Ұлт­тық қор­дан 707,5 мил­ли­ард тең­ге қосым­ша қара­жат та бөлінді.

Билік­тің таң­дайы тақыл­даған шешен­дері «біз сер­пін­ді, тез даму­шы, ауы­спа­лы және… тұрақ­сыз әлем­де өмір сүріп жатыр­мыз» деп екіұ­шты ой біл­діріп, «әркім­нің әл-аухаты өзі қабыл­даған шешім­деріне бай­ла­ны­сты» деп жауыр­ды жаба тоқы­ғы­ла­ры келеді. Маман­дар бол­са, тары­ла түс­кен нарық жағ­дай­ын ескеріп, қара­жат­ты тар­ты­на жұм­са­уға, артық несие алмауға кеңес беруде.

Сөйт­се де, биы­лғы жыл­дың күр­делі бола­рын жасы­ру мүм­кін бол­май тұр. Себебі биы­лғы жыл­дың бірін­ші жар­ты­сы жеңіл бол­май­тын көрі­неді. Егер артық ақшаңыз бол­са, оны мін­дет­ті түр­де банк­те сақтау керек екен. Сон­дай-ақ депо­зит­тер­де ақша­ны түр­лі валю­та­мен сақта­уға бола­тын­ды­қтан, осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, ақша­ны 3–4 түр­лі валю­та­мен бөліп салған тиім­ді көрі­неді. Бірақ бұның бәрі «суға кет­кен­нің тал қар­май­тын» сөзі. Билік­тің қар­жы­лық мәсе­ле­ге қаты­сты наси­ха­ты­на алда­нып, тақы­рға оты­рып қал­маудың қамын жасай білу керек.

Биы­лғы жыл­дың тұрақ­сыз эко­но­ми­ка­лық аху­а­лы­нан қар­жы­гер­лер мен шене­унік­тер де сес­кеніп, халы­қты үнем­ділік­ке шақы­рып әлек! Бірақ үнем­ділік деген­ді шене­унік ата­у­лы сол халы­қтың өзі­нен үйрен­се, жөн болар еді. Екін­ші­ден, «құрғақ қасық ауыз жыр­та­ды» деген­дей, жай әншей­ін ұран­дау мен тәлім­су халы­ққа нан бол­май­ты­ны тағы белгілі.

Дай­ын­даған –

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн