Понедельник , 7 июля 2025

ҚАЗАҚ АҚЫНЫ халықаралық бағаға ИЕ БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

 

Сүй­ін­ші!

 

Жақын­да Алма­ты қала­сын­дағы Қаза­қстан Ұлт­тық кіта­п­ха­на­сын­да Халы­қа­ра­лық «Алаш» сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, рес­пуб­ли­ка­лық «Қазақ үні» газетінің пре­зи­ден­ті, «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, «Құр­мет» орденінің иегері, бел­гілі ақын Қазы­бек Исаға Мәс­ке­уде­гі Халы­қа­ра­лық Жазу­шы­лар одақта­ры қауым­да­сты­ғы­ның Сер­гей Есе­нин атын­дағы сый­лы­ғы – «Алтын күз» орденін тап­сы­ру сал­та­на­ты болып өтті. Мара­пат­тау рәсі­міне Дулат Иса­бе­ков, Темір­хан Медет­бек, Бақыт Сар­ба­ла­ев, Аман­хан Әлім сияқты бір топ бел­гілі ақын-жазу­шы­лар, рес­пуб­ли­ка­лық БАҚ өкіл­дері, бірқа­тар сая­сат­кер­лер мен қоғам қай­рат­кер­лері қатысты.

 

Еске сала кетей­ік, «Керім­сал», «Қызыл жыңғыл», «Тәт­ті шөл» секіл­ді жыр жинақта­ры арқы­лы жыр­сүй­ер қауы­мға таны­мал Қазы­бек Иса мұн­дай халы­қа­ра­лық мара­патқа қазақ ақын­да­ры ара­сы­нан тұңғыш рет ие болды.

Ақын­ды мара­пат­та­уға Мәс­ке­уден арнайы кел­ген Халы­қа­ра­лық Жазу­шы­лар одақта­ры қауым­да­сты­ғы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, жазу­шы Вла­ди­мир Сере­дин өз сөзін­де бұры­нғы кеңе­стік кеңістік­те болған рес­пуб­ли­ка­лар ара­сын­да мәде­ни, әде­би бай­ла­ны­стар үзіліп көр­ме­генін алды­мен атап өтті. «Соның бір дәлелі ретін­де «Совет­ский писа­тель» бас­па­сы­нан орыс тілін­де жуы­қта жарық көр­ген «Анто­ло­гия казах­ской поэ­зии» атты көр­кем безен­діріл­ген қомақты жыр жинағын айтуға бола­ды. Қаза­қтың әйгілі ақын­да­ры­ның туын­ды­ла­ры орыс тілі арқы­лы көп­те­ген оқыр­ман­да­рын тауып, бұл баста­ма бір­ден қол­да­уға ие бол­ды. Мұн­дай игі істер алдағы уақыт­та да тұрақты жалға­сын тап­пақ­шы. Осы жинақтан біз­ге Қазы­бек Иса­ның жыр­ла­ры өз өрне­гі­мен ерекше ұнап, біз одан басқа жыр топ­та­ма­ла­рын сұра­тып алып, Есе­нин атын­дағы орден­ге лай­ы­қты деп тап­тық. Реті кел­ген­де айта кетей­ін, Қазы­бек Иса­ның өлең­дер жинағы алдағы уақыт­та орыс тіліне ауда­ры­лып, Мәс­ке­уде жарық көр­мек­ші. Оған қоса, көп­те­ген ұлт­тар­дан тұра­тын ақын-жазу­шы­лар­дың ара­сы­нан қазақ ақы­ны Қазы­бек Исаға Есе­нин атын­дағы сый­лы­қтың берілуі қазақ әде­би­етіне, қазақ халқы­на деген ерекше құр­мет деп түсініңіз­дер», – деді мәс­ке­улік қонақ.

«Сая­сат­тан ешқай­да қашып құты­ла алма­сы­мыз бел­гілі. Ақын да сая­сат­тан сырт қала алмай­ды, өзінің аза­мат­тық үнін қосуға мін­дет­ті. Лев Тол­стой­дың «А спо­кой­ствие – душев­ная под­лость» дегенін­дей, үнсіз қалу іште­гі үрей­ді біл­діреді. Қазы­бек Иса Есе­нин сый­лы­ғы­на лай­ы­қты ақын. Оның да Есе­нин сияқты өзге­ге ұқса­май­тын ерекше мінез­дері бар. Ал мінез­сіз ақын болу мүм­кін емес. Тәу­ел­сіздік­ті әрбір ақын өзін­ше жыр­лай­ды. Маған Қазы­бек­тің аза­мат­тық пози­ци­я­сы мен ұлт­тық ұста­ны­мы ұнай­ды. Ол бұл бағыт­та өзін­дік шеші­мі­мен, өзін­дік үні­мен ерекше­ле­неді. Әрине, Есе­нин атын­дағы сый­лы­ққа лай­ы­қты ақын­дар біз­де бар­шы­лық, өзге елдер­де де жетер­лік. Ал Қазы­бек іні­міздің орыс халқы­ның ұлы ақы­ны Есе­нин атын­дағы сый­лы­ққа ие болуы бүкіл қазақ үшін үлкен қуа­ныш, мақта­ныш», – деді бел­гілі жазу­шы, дра­ма­тург Дулат Иса­бе­ков өз сөзінде.

Ал ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Темір­хан Медет­бек былай деді: «Рас, сая­сат жағы­нан кел­ген­де, біздің Ресей­ге айтар өкпе­міз аз емес. Бірақ мәде­ни­ет пен әде­би­ет сая­сат­тан жоға­ры тұр. Біз Ресей­ді Пуш­кин­нің, Тол­стой­дың, Досто­ев­ский­дің елі деп біле­міз, алды­мен осы жағын еске алуы­мыз керек. Олар да Қазақ елін Абай­дың, Жам­был­дың, Мұх­тар­дың елі деп білуі керек. Біз қазір кім­мен бол­са да тең дәре­же­де­гі тәу­ел­сіз мем­ле­кет­піз. Жал­пы әде­би­ет пен мәде­ни­ет­те шека­ра мен қашы­қтық деген өлшем жоқ, бол­мауы да керек… Өзі­міз өлең­дерін оқып, жат­тап өскен дарын­ды ақын Есе­нин атын­дағы сый­лы­қтың қаза­қтың талант­ты ақы­ны Қазы­бек Исаға берілуі біздің қазақ әде­би­етінің мерей­ін, беделін көте­ре түседі деп есептеймін».

Кеш иесі ақын Қазы­бек Иса атал­мыш сал­та­нат­ты шараға жиналған қауым мен Ресей­ден арнайы ат ары­тып кел­ген құр­мет­ті қонақтарға өз алғы­сын айтып, Есе­нин жыр­ла­ры мен өз өлең­дерін оқып берді.

Зей­нол­ла АБАЖАН

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн