Понедельник , 7 июля 2025

Серік Ахметовке НЕ БОЛДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

Бәсе! 

 

…2012 жыл­дың күзін­де Қаза­қстан үкі­метінің бас­шы­сы ауы­сты. Бес жыл міз бақ­паған түк­ті үкі­мет­тің тай­ға­ны­на күп­ті көңіл көп­шілік бір сер­гіп қалған-ды. Атқа­ру­шы билік­ті басқа­руға 54 жастағы Cерік Ахме­тов кел­ді. Тәу­ел­сіздік қазақ жұр­ты­ның С.Терещенко, Ә.Қажыгелдин, Н.Балғымбаев, Қ.Тоқаев, И.Тасмағамбетов, Д.Ахметов, К.Мәсімовтен кей­ін­гі сегізін­ші пре­мьер-мини­стрі Серік Ахме­то­втың маман­ды­ғы инже­нер-метал­лург, арнайы жоға­ры оқу орнын емес, Қараған­ды метал­лур­гия ком­би­на­ты­ның жанын­дағы тех­ни­ка­лық оқу орнын сырт­тай оқып бітір­ген өмір жолы тағай­ын­да­у­шы­сы­ның тағ­ды­ры­на өте ұқсас еді.

 

Секең еңбек жолын Темір­та­удағы атақты Қараған­ды метал­лур­гия ком­би­на­тын­да токарь­лы­қтан бастап, Темір­тау қала­лық, Қараған­ды облы­стық ком­со­мол, пар­тия коми­тет­терін­де хат­шы­лық қыз­мет­тер атқар­ды. Кей­інірек Темір­тау қала­сы мен Қараған­ды облы­сы­ның әкі­мі лау­а­зым­да­рын­да болған Серік Нығ­метұлын көп­шілік қыз­мет­тік ман­сап­тың тиісті саты­ла­ры­нан сүрін­бей өткен тәжіри­белі де салқы­нқан­ды шене­унік деп танитын.

Серік Ахме­то­втың жеке басы­ның қаси­ет­тері мен оның жетек­шілік еткен каби­нетінің кәсіп­тік білік­тілі­гі және іскер­лі­гі қан­дай дәре­же­де болды?..

2012 жылы қара­ша айын­да Серік Нығ­метұ­лы: «Бұдан былай үкі­мет­тің бар­лық жина­лы­ста­ры мем­ле­кет­тік тіл­де өтетін бола­ды» деп, аталған жиын­ды таза қазақ тілін­де жүр­гізді. Шалатіл­ді сана­ла­тын Қар­жы мини­стрі Болат Жәмі­шев қаза­қ­ша әуезді сөй­леді. Табиға­ты сал­мақты Секеңнің бұл батыл әре­кеті жұрт­ты дүр сіл­кін­дір­ді: қаза­қтіл­ді басы­лым­дар қуа­ны­шын жасыр­ма­са, оры­стіл­ділер – бөрінің артын­дай шулап шыға кел­ді. Сөй­тіп, Секең туған ұлты­ның намысын бір көтеріп тастады…

Cерік Ахме­тов өзіне дей­ін­гі әріп­те­стері секіл­ді кең­сесін­де­гі орын­тағы­на жабысып қал­май, көбірек ел ара­ла­ды, жұрт­тың жағ­дай­ын өз көзі­мен көріп, көңіл­ге түйді.

2013 жылғы құрғақ­шы­лы­ққа бай­ла­ны­сты тығы­ры­ққа тірел­ген ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на сүбелі көмек көр­сетіп, қомақты қар­жы бөлді.

Тәжіри­бе­ге енгізіп, өмір­шең ету­ге кез кел­ген кісінің дәті бар­май­тын «Халы­қтық ІРО» бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру­ды баста­ды. Бірақ оны­сы шала туған бала секіл­ді мешел күй кешіп жатқа­ны­на бір ол ғана кінәлі емес. Ел эко­но­ми­ка­сы есең­гіреп тұрған шақта қор бир­жа­сы дамы­м­аған Қаза­қстан қан­дай «халы­қтық» баста­ма­ны қарық қылсын?!

Атқа­ру билі­гін­де айтар­лы­қтай құры­лым­дық өзгер­ту­лер жасап, лау­а­зым­дық мін­дет­тер­ді мұқи­ят бөліп бер­ді. Аймақтық даму мини­стр­лі­гін құр­ды. Осы­ның нәти­же­сін­де «Аймақтар­дың дамуы», «Қол жетім­ді бас­па­на-2020», «Биз­не­стің жол кар­та­сы-2030», «Жұмыспен қам­ту-2030», «Ақ бұлақ» бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен Тұрғын үй шару­а­шы­лы­қта­рын қай­та жарақтан­ды­ру, моноқа­ла­лар­ды дамы­ту мәсе­ле­лерін жүзе­ге асы­ру мін­дет­тері жаңа мини­стр­лік­ке жүктелді.

Ең бірін­ші кезек­те мини­стр­лер каби­неті азық-түлік­тің, ком­му­нал­дық қыз­мет­тің қым­бат­та­уы­на жол бер­меді. Үкі­мет бас­шы­сы инфля­ци­я­ны ауы­зды­қтап, ЖІӨ-нің өсі­мін көте­ру­ге бар күш-жігерін сал­ды. 2012 жылы Ұлт­тық банк­тің мәлі­меті бой­ын­ша, елі­міздің жал­пы ішкі өні­мі 5 пай­ы­зға өсіп, құн­сызда­ну 6 пай­ы­зды ғана құрады.

Елі­міздің бола­шақта бірқа­лып­ты дамуы­на бағыт­талған «Қаза­қстан-2050» стра­те­ги­я­лық бағ­дар­ла­ма­сы­ның әрбір кезең­дері мен жыл­да­рын нақты жүзе­ге асы­ру – рес­пуб­ли­ка үкі­метінің басты мақ­са­ты бол­ды. Серік Ахме­то­втың үкі­меті кәсіп­тік білік­тілік­пен жұмыс істеп, халқы­мы­здың әл-ауқа­тын арт­ты­ру үшін еле­улі рефор­ма­лар жаса­уға қадам басып келе жатты…

…2011 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­дағы қан­ды оқиға­дан бұрын үкі­мет бас­шы­сы­ның лау­а­зы­мын­да Серік Ахме­то­втың Жаңаө­зен­ге екі рет әдейі ат басын тіреп, мұнай­шы­лар­дың мұң-зарын өз құлағы­мен тың­дап, ауыр аху­а­лын өз көзі­мен көріп қай­туы – нағыз кісілік қаси­ет, жана­шыр­лық қадам еді! Кім біледі, сол кез­де Серік Ахме­то­втың сөзін тың­дар құлақ болған­да, «Жаңаө­зен оқиға­сы» бол­мас па еді?!.

…2012 жылы Серік Ахме­тов Шым­кент­ке барған сапа­рын­да ұлты­мы­здың адуын­ды ақы­ны, қоғам бел­сен­дісі Мұх­тар Шаха­нов­пен құшақ­та­са аман­дасқан­да, әрбір намысты қазақ Секеңнің қара­пай­ым­ды­лы­ғы мен қай­ы­рым­ды­лы­ғы­на, бауыр­мал­ды­ғы мен ұстам­ды­лы­ғы­на ерекше сүйсінді.

Зай­ы­бы орыс Секең кей­бір рушыл, жүз­шіл бас­шы­лар сияқты ағай­ын-туыс, жек­жат-жұрағат, қаза­қ­бай­шы­лық былық-шылы­қтан ада болған деседі. Асы­ғыс әре­кет, шалт шешім­дер жаса­май­тын, аса бай­сал­ды, мей­лін­ше сала­у­ат­ты Серік Нығ­метұ­лы бюд­жет қар­жы­сын жымқы­рғыш жемқор­лы­қ­пен қатаң күре­су­ге тырысты…

Енді, міне, шыр­мауы­қтай жай­ы­лып, Қаза­қстан­ды құр­сап алған жемқор­лы­қтың «құр­ба­ны болып» шыға кел­ді. Бірақ оның жазы­қты-жазы­қ­сызын жаз­бай тани­тын сот жоқ біз­де. Сон­ды­қтан қаза­қтың қорға­ныс қамын (қорға­ныс мини­стрі) күйт­теп жүр­ген жігіт – бір сәт өз қорға­ны­сын­да қапа қалып, сот­та­лып кете бара­тын сыңайлы…

Қажы­мұқан ҒАБДОЛЛА

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн