Понедельник , 7 июля 2025

Қазақстанның «ГОЛЛАНД АУРУЫ» асқынып барады

Диа­гноз

 

«Гол­ланд ауруы» деген ұғым бар. Мем­ле­кет­тің шикі­заттан түсетін қар­жы­ға тәу­ел­ділі­гін, жаңа­шыл­дық даму­дан кен­же­леп қалға­нын біл­діреді. Бұл – шикі­заттан түсетін қар­жы­ны қанағат тұтып, қоғам­ның дамуын тығы­ры­ққа тірей­тін қауіп­ті дерт.

Яғни, оңай «олжа­мен» зей­не­тақы секіл­ді әле­умет­тік төлем­дер­ді, бюд­жет­те­гі «жыр­ты­қтар­ды» жамай оты­рып, билік те, қоғам да «жаты­пі­шер­лік­ке» үйреніп ала­ды. Менің­ше, біздің ел сон­дай хал­ге түс­кен секіл­ді. «Мем­ле­кеті­міз қары­штап дамып келеді, енді әлем­де­гі үздік 30-дың қата­ры­на ене­міз» деп дәме­леніп оты­рған­да, мұнай­дың баға­сы күрт құл­ды­ра­ды да, абыр-сабыр бол­дық та қалдық.

Нарық қаты­на­ста­ры­на енген 25 жыл­дың ішін­де біз­де эко­но­ми­ка­ны, мем­ле­кет­тің дамуын алға сүй­рей­тін бір­де-бір жаңа­шыл ой, идея тумап­ты. Банк жүй­есі 2008 жылғы дағ­да­ры­стан кей­ін мем­ле­кет­тің, нақты­рақ айт­сақ, бола­шақ ұрпаққа тиесілі Ұлт­тық қор­дың «сүтін» еміп жатыр. Жағ­дай­ла­ры жаман бол­ма­са керек, енді сол сүт­тің біздің неме­ре-шөбе­ре­лері­міз­ге тиесілі бөлі­гіне ауыз салып­ты. Биз­нес өкіл­дері де «мем­ле­кет осы қор­дан қар­жы­ны қашан бөледі?» деп тел­міріп отырғаны.

Ал өмір­ді өз күші­мен, өз еңбе­гі­мен, өз ойы­мен өзгер­ту­ге, жақ­сар­туға қабілет­ті, халы­қа­ра­лық дең­гей­де көр­се­те білетін бір­де-бір өні­мі­міз жоқ.

«Қаза­қтың Стив Джоб­сы, Билл Гейт­сі, Марк Цукер­бер­гі кім?» деген сұрақ қой­ыл­са, жұмған ауы­зды ашу мүм­кін емес.

Біз мұнай­дың баға­сы­на сеніп алға­ны­мыз сон­ша, бүкіл жастар­дың да, жаса­мыстың да әңгі­месі осы тақы­рып болып кет­ті. Кезін­де Әңгүдік деген пер­со­наж болған, өзін­ше ойла­у­ға, қимыл жаса­уға қабілет­сіз, біре­удің айтуы­мен жүреді. Біз мұнай­дың «айтуы­мен» жүретін сон­дай кей­іп­кер­ге айнал­дық. Халы­қтың, қаза­қтың тоқ­мей­іл­сіп кет­кені сон­ша­ма, ұлт­тың ішін­де өз қан­даста­ры­на деген «шови­низм» пай­да бол­ды. Қытай­дан, Моңғо­ли­ядан, Өзбек­стан­нан кел­ген қаза­қтарға жоға­ры­дан, мен­сін­бей қара­уға әдет­теніп бара­мыз. Енді сол біз мен­сін­бей жүр­ген қан­даста­ры­мы­здың зама­ны жақын­дап келеді. Олар мұнай­сыз өмір сүріп үйрен­ген, жұмыс істей ала­ды, өнім шыға­ра­ды. Ертең соларға тел­міріп оты­рып, ұятқа кал­ма­сақ болғаны.

Ә.Исекешов мыр­за басқа­ра­тын «Үде­мелі инно­ва­ци­я­лық-инду­стри­я­лық даму» бағ­дар­ла­ма­сы­ның тағ­ды­ры да тәл­кек­ке айна­лып тұр. Үде­мелі деген аты бол­ма­са, заты­ның үдеп тұрға­ны шама­лы. Бұл бағ­дар­ла­маға жыл сай­ын қар­жы құй­ы­лып жатыр, ал нақты дай­ын өнім шыға­ру, керісін­ше, азай­ып бара­ды. Теле­ди­дар­дағы зауыт­тар мен фаб­ри­ка­лар елес сияқты, нақты есеп­ке кел­ген­де көз­ден ғай­ып болып кете­ді. Біздің экс­порт­тың 81,9 пай­ы­зы – шикі­зат. Соны­мен бір­ге импорт (тау­ар­ды шет­тен әке­лу) экс­порт­тан (тау­ар­ды шет­ке шыға­ру) жыл­дан-жылға басым түсіп жатыр.

«Қаза­қстан – аграр­лы ел, біз – ет өндіру­ші­міз» дей­міз. Кеше ғана бел­гілі болған­дай, Қаза­қстан­ның етті импорт­та­уы, яғни ішке кірзі­гуі экс­порт­тан, яғни, шет­ке шыға­ру­дан 16 есе көп екен! Үлкен мей­рам­ха­на­лар, кафе­лер, ет өндіру­ші ком­би­нат­тар тек қана шет­тен кел­ген етті ала­ды. Біздің база­рдағы отан­дық етті көріп, ауыз тол­ты­рып жүр­гені­міз – алдам­шы нәр­се. 2013 жылы елі­міз­ге 7,9 мың тон­на ет енгізіл­ген, оның құны 15,1 млн дол­лар болған! Қазақ етті АҚШ-тан, Поль­ша­дан, Параг­вай­дан, Австра­ли­ядан, Австри­ядан, Арген­ти­на­дан… және тағы басқа 10 елден сатып алады!

Ірім­шік мәсе­лесі де ет уай­ы­мы­нан ары бол­ма­са, бері емес.

Осы қара­пай­ым мысал­дың өзі нені көр­се­те­ді? Негізін­де, шикі­затты шет­ке шыға­рып, бюд­жет­ті қар­жы­ға тол­тыр­дық деп ойлап, біз өсу мен даму­дың ара-жігін шата­сты­рып алдық. Эко­но­ми­ка­ның өсуі – оның дамуы­ның акси­о­ма­сы емес. Сан­дық өсім елге кел­ген қар­жы­мен қосы­ла оты­рып, капи­талға айна­луы қажет. Яғни, сол қар­жы­ға қыз­мет көр­се­ту сала­сын дамы­туға күш салып, нақты өнім шыға­ра­тын, жаңа­шыл­ды­ққа қабілет­ті өндіріс орын­да­ры бой көте­руі тиіс. Сон­да ғана даму пай­да бола­ды. Бұл – эко­но­ми­ка­ның бұл­жы­мас заңы.

Ол үшін елі­міз­де оңтай­лы «стар­тап» жүй­есін қалып­та­сты­ру қажет. Мем­ле­кет, қоғам дең­гей­ін­де бұл мәсе­ле­ге көңіл ауда­рып оты­рған ешкім жоқ. Бәрі­міз де бюд­жет­тен түсетін қар­жы­ны «үде­мелі» түр­де игеріп, соның жемісін көру­ге дағ­ды­ла­нып алған тәрізді­міз. Раци­о­на­ли­за­тор­лық жаңа­лы­қтар, ғылы­ми жетістік­тер жоқтың қасы.

Сон­ды­қтан Ә.Исекешов мыр­за басқа­ра­тын «Үде­мелі жаңа­шыл­дық-инду­стри­ал­дық бағ­дар­ла­ма­сы­на» мына­дай өзгер­ту­лер енгі­зу қажет:

  1. Бағ­дар­ла­маға жоба ұсы­ны­лған кез­де жаңа өнім шыға­руға басым­дық берілу­ге тиіс.
  2. Раци­о­на­ли­за­тор­лық ойлап табу жоба­ла­рын іс жүзіне асы­ру­дың тетік­тері қарас­ты­ры­лға­ны жөн.
  3. Инно­ва­ция жасай­тын, Крем­ний дала­сы тәрізді орта­лық ашу иде­я­сын мем­ле­кет, қоғам дең­гей­ін­де талқы­ға салу қажет.
  4. Елі­міз­де раци­о­на­ли­за­тор­лық иде­я­лар­дың бан­кін ұйым­да­сты­ру – кезек күт­тір­мей­тін мәселе.

Ерлан САЙЫРОВ,

Абай.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн