Понедельник , 7 июля 2025

БҰЛ ӨКІЛ БІЗДІ Руандамен салыстырып кетті

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

Естиін дегенің осы болса!..

 

БҰҰ-ның бей­біт жиын­дар мен ассо­ци­а­ци­я­лар еркін­ді­гі жөнін­де­гі арнайы өкілі Май­на Киа­и­дың Қаза­қстанға сапа­ры аяқтал­ды. Аста­на­дан атта­нар­да ол алған әсер­лері­мен бөлісті.

 

Аста­на­да өтетін қоғам­дық тың­да­уға қа­тысуы тиіс шетел­дік қонақты ішін­де аймақтар­дан кел­ген­дері бар ондаған аза­мат­тық бел­сен­ді, қала әкім­дігіне қарас­ты түр­лі депар­та­мент қыз­мет­кер­лері таңғы са­ғат 10-нан бастап күт­ті. Май­на Киаи (сурет­те) түс­ке қарай сөз сөй­лей­ді деп жос­пар­ланған. Бірақ ол бел­гі­лен­ген сағат­та кел­меді. Кей­ін Май­на Киаи БҰҰ-ның даму бағ­дар­ла­ма­сы (ПРООН) кең­сесінің көлік жүр­гізушісі жол­дан ада­сып, көп уақы­тын жоғал­тқа­нын мойындады.

БҰҰ-ның арнайы өкілін күт­кен жұрт­тың алдын­да Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Евге­ний Жовтис, Сер­гей Уткин сияқты оп­позициялық бел­сен­ділер мен құқық қорға­у­шы­лар сөз сөй­леп, бей­біт жиын­дар мен шеру­лер өткі­зу құқы­ғы бұзы­лған оқи­ғаларды айт­ты. Олар мұның дәлелі ретін­де үлкен экран­нан 2011 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да Жаңаө­зен­де нара­зы­лар­ды қа­мау мен демон­странт­тарға қар­сы қару қол­данған жайт­тар­ды көр­сет­ті. Бел­сен­ділер­дің сөз­дерін шене­унік­тер блок­нот­та­ры­на жазып алып отырды.

Ақы­ры қоғам­дық тың­дау болған залға өткен апта­дан бері Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­сын ара­лаған БҰҰ-ның арнайы өкілі Май­на Киаи келіп, жиналған жұрт­тың түр­лі реак­ци­я­сын туды­рған бір­не­ше қо­ры­тынды жасады.

Май­на Киаи Қаза­қстан би­лігіне «халы­қтың сені­мін қай­тару үшін, Жаңаө­зен оқиға­сы­на халы­қа­ра­лық тәу­ел­сіз тек­се­ру жүр­гі­зу керек» деп кеңес бер­генін хабар­ла­ды. Оның айтуын­ша, Қаза­қстан билі­гі 2011 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да қай­ғы­лы оқиға­ларға ұласқан елдің ба­ты­сындағы мұнай­шы­лар­дың көп айға созы­лған ере­уілі жай­лы шын­ды­қты жари­я­ла­удан қау­іптенбеуі тиіс. Ресми болжам бой­ын­ша, Жаңаө­зен оқи­ғасы кезіне 16 адам қаза тапқан.

– Жаңаө­зен­де оқиға құр­бан­дарымен, олар­дың туы­ста­ры және жақын­да­ры­мен кез­дестім. Олар­дың жүре­гін­де әлгі оқиға әлі күн­ге дей­ін жа­зыл­маған жара болып қалға­нын және тұрғын­дар­дың сол оқи­ғалардың елесін әлі көретінін ұқтым. Ере­уіл­ге шыққан кей­бір мұнай­шы­лар­дың сол кез­де қа­лыптасқан жағ­дай­ға әлі күн­ге дей­ін көңілі тол­май­ды, – деді Май­на Киаи.

Оның пікірін­ше, Қазақстан­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы азамат­тардың құқы­ғы мен еркін­ді­гін қорға­уға қабілет­ті, бірақ заң­дар Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген адам құқы­қта­рын жүзе­ге асыр­май­ды. Ол елде­гі сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­кеу про­бле­ма­сын қозғады.

– Қаза­қстан үкі­метіне атқа­ру­шы билік, сот сияқты еш­қандай билік орга­ны қада­ғаламайтын, сая­си партия­лардың қыз­метін өзді­гі­нен рет­теп оты­ра­тын тәу­ел­сіз орган құру­ды ұсын­дым. Қазір­гі жүйе жұмыс істе­мей­ді, әрі жетек­ші пар­ти­я­лар­мен бәсе­ке­ге түскісі келетін пар­ти­я­ларға әділет­сіздік таны­та­тын жүйе, – дей­ді Май­на Киаи. Оның айтуын­ша, «пре­зи­ден­ті соңғы сай­ла­уда 95,5 пай­ыз дауыс алған елде мұн­дай про­бле­ма бол­мауы тиіс».

– Бұл – әлем­нің өзге ел­дерімен салы­сты­руға да кел­мейтін өте жоға­ры дең­гей. Бұл көр­сет­кіш жағы­нан екін­ші ор­ында – пре­зи­ден­ті 95 пай­ыз дауыс алған Руан­да елі, – дей­ді Май­на Киаи.

Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің айры­қ­ша тап­сыр­ма­лар жөнін­дегі елшісі Үсен Сүлей­мен БҰҰ-ның арнайы өкіліне бұл салы­сты­руы үшін алғыс айтып, «Қаза­қстан сын­ды дұрыс қабыл­дай­ды», – деді.

БҰҰ-ның арнайы өкілі үкі­мет­ке бей­біт жиын­дар мен шеру­лер өткі­зу тура­лы заң­ды қай­та қарау тура­лы кеңес бер­генін айт­ты. Оның сөзін­ше, «Қа­зақстанда бұл құқы­қты билік­тен өтініп сұрап ала­тын жағ­дай қалып­тасқан». Оның дере­гін­ше, соңғы үш жыл­да Қаза­қстан­да өткен бей­біт жиын­дар­дың бәрін билік рұқ­сат берудің орны­на, заң­сыз жиын­дар деп санаған.

– Бұл жағы­нан заң жұмыс істе­мей­ді. Адам­дар заң­ды ор­ындаудың орны­на бұзуға бе­йім, демек, ондай заң тиім­сіз де­ген сөз. 23 жыл­да талай та­бысқа жет­кен Қаза­қстан сияқ­ты елде бұлай бол­мауы тиіс. Қаза­қстан үкі­меті бұл заң­ды қай­та қарау қажет екенін мой­ын­дай­ды, – деді Май­на Киаи. Оның пікірін­ше, Қаза­қстан аза­мат­та­ры үкі­мет­ті жұрт күт­кен оң өзгерістер­ге итер­ме­лей түсуі тиіс.

Қаза­қстан­да өткен апта­дан бері жүр­ген БҰҰ арнайы өкілі Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­сын ара­лап, аза­мат­тық белсен­ділер, билік өкіл­дері және кә­сіподақ мүше­лері­мен кез­де­сті. Май­на Киаи сапа­ры­ның қо­рытындысы бой­ын­ша биыл мау­сым айын­да Қаза­қстан­дағы бей­біт жиын­дар өткі­зу еркін­ді­гі аху­а­лы­на қаты­сты есеп беруі тиіс.

Аста­на­да өткен қоғам­дық тың­да­уды құқық қорғаушы­лардың қауіп­сізді­гі мен олар­ды қорғау мәсе­ле­лері жөнін­де­гі коа­ли­ция, «Қаза­қстан­дағы Фри­дрих Эберт атын­дағы қор» қауым­да­сты­ғы, «Парламен­та­ризмді дамы­ту қоры» және «Құ­қықтық медиа­ор­та­лық» қоғам­дық қоры ұйымдастырған.

Свет­ла­на ГЛУШКОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн