Понедельник , 7 июля 2025

Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ: Жастар саясаты – белгілі бір топтың КЕРТІП ЖЕЙТІН МАЙШЕЛПЕГІ ЕМЕС 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

ДАТ!

Өткен апта­да ҚР пар­ла­мен­тінің сена­ты «Мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты тура­лы» заң жоба­сын мақұл­да­ды. Енді­гі пре­зи­дент­тің қол қоюы­на жіберіл­ген заң жоба­сын­да мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты­ның мін­дет­тері, ұста­ным­да­ры мен негіз­гі бағыт­та­ры қарас­ты­ры­лған. Жастар­дың ресур­стық орта­лы­қта­ры мен әле­умет­тік қыз­мет­терінің іс-әре­кетін де бұдан былай осы құжат рет­тей­ді екен.

Бірақ қоғам­ның бір қозға­у­шы күші сана­ла­тын жастар­дың сол қоғам­дағы рөлі бұл құжат­та мақұ­рым қалған сияқты. Осын­дай дүдә­мал ойдың жете­гі­мен «ДАТ!» айда­ры­ның сұх­бат мін­беріне заң­гер Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫН шақы­рып, біраз сау­ал­дың жау­а­бын іздедік.

 

– Қабыл­данған заң жоба­сы «Мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты тура­лы» деп атал­ды. Мем­ле­кет­тің аты­мен жастар­ды билік­тің ырқы­на қарай ығы­сты­ру деген осы емес пе екен деген күді­гіңіз жоқ па?

– Менің ойым­ша, мәсе­ле заң­ның қалай ата­луын­да емес, оның қалай орын­да­луын­да бол­са керек. Кон­сти­ту­ци­я­сын­да мем­ле­кет­тің ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі деп бел­гілеп оты­рған елі­міз үшін мем­ле­кет­тің өзі жастар руха­ни­я­ты­ның, мәде­ни­етінің, білі­мінің, кәсіп­тік дең­гей­інің, тіп­ті дене біті­мінің дамуы­на толы­ққан­ды жағ­дай жаса­уды өз мой­ны­на алуы өте құп­тар­лық және заң­ды құбы­лыс. Шын­ды­ғы­на кел­сек, Қаза­қстан­ның кәрі-жас демей, бар­лық аза­ма­ты осы елдің ныға­юы­на, дамуы­на, өркен­де­уіне өз үлесін қосып, қыз­метін жаса­уы керек. Сон­ды­қтан мем­ле­кет өзінің жаста­ры­на, яғни бола­шағы­на толы­ққан­ды, жан-жақты жағ­дай жаса­са, ал жаста­ры соған сәй­кес алған білі­мін, мәде­ни­етін, тәр­би­есін, қан­дай да бір қол жет­кен табысын сол мем­ле­кет үшін жұм­сай­ды. Бұл кез кел­ген мем­ле­кет­те болуы тиіс қағида.

 

– Деген­мен, осы құжат­ты қара­пай­ым ғана «Жастар тура­лы» заң неме­се «Жастар сая­са­ты тура­лы мем­ле­кет­тік заң» деп, мем­ле­кет­ті кей­ін сырғыт­сақ қай­тер еді?

– Жоқ, менің ойым­ша, жастар мәсе­лесін­де мем­ле­кет алда тұруы керек деп есеп­тей­мін. Жастар­дың бола­шағы мем­ле­кет­тік сая­сат­тың негіз­гі бір өзе­гі болуы тиіс. Сон­ды­қтан мен заң­да негізі­нен жастар мәсе­лесін­де­гі мем­ле­кет­тің жүр­гі­зетін сая­са­ты тура­лы болға­нын құптаймын.

Пре­зи­дент әлі қол қой­ма­са да, жаңа заң­ды оқу бары­сын­да мені қуан­тқан бір­не­ше жағ­дай­лар бол­ды. Бірін­ші­ден, заң­гер ретін­де және жастар қоғам­дық ұйы­мы­на жетек­шілік ететін, жастар мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­сқан адам ретін­де айтар бол­сам, бұл заң­да мем­ле­кет­тің жастарға қай сала­да қан­дай жәр­дем жасай­ты­ны, қол­дау көр­се­тетіні, жастарға бағыт­талған мем­ле­кет­тің сая­са­тын­да неге басым­ды­лық берілетіні анық көр­сетіл­ген және жастар сая­са­тын жүр­гі­зу­де­гі мем­ле­кет жұмысы­ның бағыт-бағ­да­ры алды­ңғы заңға қараған­да кең қам­ты­лған деу­ге бола­ды. Жаңа заң­да мем­ле­кет­тiк жастар сая­са­ты­ның мақ­са­ты, мін­дет­тері мен қағи­да­ла­ры барын­ша кеңей­тіліп­ті. Мыса­лы, бұры­нғы заң­да жастар­дың құқы­қтық мәде­ни­етін жоға­ры­ла­ту, жастарға және жас отба­сы­лар үшін қол­жетім­ді тұрғын үй жүй­есін дамы­ту мем­ле­кет­тің тіке­лей мін­детінің қата­рын­да жоқ еді. Жаңа заң­да бұл анық көрсетіліпті.

Екін­ші­ден, ұлт­шыл аза­мат ретін­де риза болға­ным – жаңа заң­да жастар­ды ұлт­тық мәде­ни­ет, салт-дәстүр және ұлт­тық құн­ды­лы­қтар негізін­де тәр­би­е­леу мем­ле­кет­тің қол­да­уы­на ие бола­ды деп көр­сетіліп­ті. Отба­сы құн­ды­лы­қта­рын, ұлт­тық мәде­ни­ет пен салт-дәстүр­ді наси­хат­тау да мем­ле­кет­тік билік­тің атқа­ра­тын көп шара­ла­ры­ның, қыз­метінің қата­ры­на кіріп­ті. Бұл үлкен қуа­ныш, мұн­дай жағ­дай­лар бұрын-соң­ды бол­маған. Бұл мем­ле­кет сая­са­ты­ның, билік­тің ұлт­тық тамы­рға ора­луға жаңа бет­бұры­сын біл­діреді деп ойлаймын.

 

– Сіз­ге сал­са, бұл заң­нан кей­ін елде­гі жастар­дың жағ­дайы жай­нап кететін сияқты ғой…

– Жо-жоқ, күді­гім де бар: мәсе­лен, соңғы уақыт­та қарқын­ды дамып келе жатқан ұлт­шыл­ды­қты, біз сияқты ұлт­шыл­дар­дың теге­урінін бай­қап, жоға­ры­да аталған жағ­дай­лар­ды заңға көз алдау үшін ғана жазып қой­ды ма дей­мін. Заң­да жазы­лып, бірақ әрі қарай іске аспай қал­са, онда бұл заң­ның да құны көк тиын болып қала­ры анық. Біз­де жақ­сы заң­дар аз емес, бірақ олар­дың орын­да­луы үлкен мәсе­ле­ге айналған. Мың жер­ден қажет­ті, тама­ша заң қабыл­да­сақ та, оны билік­тің өзі орын­да­уға құлы­қты бол­ма­са, одан қоға­мға келер пай­да жоқ. Сон­ды­қтан билік заң­ды орын­да­уға күш салуы тиіс, орын­да­маған­дар­ды қан­дай да бір жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту теті­гін қалып­та­сты­ру қажет. Мұны айтып оты­рған себебім – 2004 жылы қабыл­данған заңын­да да жақ­сы жағ­дай­лар көр­сетіл­ген еді, бірақ оның орын­дал­маға­нын бәрі­міз біле­міз. Жаңа заң­да да оны орын­да­маған­дар­ды қан­дай да бір жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту теті­гі қарас­ты­рыл­маған. Бұл көңіл­ге үлкен күдік ұялатады…

Мәсе­лен, бұры­нғы заң­да жас отба­сы­ла­ры­на жеңiл­дiк­пен неси­е­лер беру тура­лы жазы­лған еді. Бірақ ол орын­далған жоқ, тіп­ті оны орын­да­удың теті­гі де жасал­ма­ды. Екін­ші бір маңы­зды мәсе­ле – ол заң­да мем­ле­кет­тің жастар­дың кәсiп­кер­лiк қыз­метiн әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ұйым­да­сты­ру­шы­лық және құқы­қтық қол­дау жөнiн­де­гі шара­лар жүй­есiн бел­гілей­тіні көр­сетіл­ген бола­тын. Өкініш­ке қарай, жастар кәсіп­кер­лі­гі жал­пы кәсіп­кер­лік­тің жеке бір бағы­ты ретін­де қарас­ты­ры­лған жоқ. Ол заң­дағы «ерекше әле­умет­тiк-демо­гра­фи­я­лық топ» деген­нің не екенін ешкім түсін­бей-ақ, ешкім түсін­дір­мей-ақ кет­ті… (күл­ді).

 

– Жастар сая­са­тын жақ­сы жолға қой­ған мем­ле­кет – Гер­ма­ния. Бұл елде жастар ара­сын­дағы жұмыс­сыздық мәсе­лесі жоға­ры дең­гей­де шешілу­де. Олар­да еңбек­ке тәр­би­е­леу бала кезі­нен баста­ла­ды. Ал біздің елі­міз­де бұл мәсе­ле жастар диплом алған соң ғана қозға­ла­ты­нын білесіз…

– Иә, жұмысқа қабілет­ті аза­мат­тар­ды жұмыспен қам­ту – мем­ле­кет­тік сая­сат­тың негіз­гі бір бағы­ты болуы тиіс. Бұры­нғы заң­да да, жаңа заң­да да жастар­ды жұмыспен қам­та­ма­сыз ету­де­гі мем­ле­кет­тің кепіл­ді­гі бел­гі­лен­ген. Заң жүзін­де бар­лы­ғы көр­сетіл­ген. Ал оның орын­да­луы қан­дай болу­да? Бұл өте өзек­ті мәселе.

Менің бір бай­қаға­ным – қазір­гі кез­де жастар ара­сын­да жеңіл жол­мен ақша табуға, тамыр-таныс, көке-жәкенің көме­гі­мен бір­ден каби­нет­те оты­ра­тын жұмысқа, тіп­ті лау­а­зым­ды қыз­мет­ке қол жет­кізу­ге деген құштар­лық бар. Бала­лар ара­сын­да өзінің адал еңбек, маң­дай тері­мен, білі­мі­мен, талан­ты­мен бел­гілі бір жетістік­ке жете ала­мын деген сенім аз. Соның кесірі­нен терең білім алуға, ізде­ну­ге, ғылым­мен шұғыл­да­нуға деген құштар­лық аза­яды. Бұл өте қатер­лі жағ­дай және оны билік, мек­теп, ата-ана бір­ле­се оты­рып, дұрыс жолға қоюы тиіс. Бірақ ол үшін билік қазір­гі күн­делік­ті өмірі­міздің заң­ды­лы­ғы­на, үрдісіне, өмір сүру қағи­да­ты­на айна­лып кет­кен жемқор­лы­қты, сыбай­ла­сты­қты жоюы тиіс. Бұл енді тіке­лей билік­тің айна­лы­са­тын мәселесі.

 

– «Билік айна­лы­са­ды» демек­ші, біздің билік­тің «Мәң­гілік ел» деген елесі, «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан!» деген ұра­ны елде­гі жастар­ды соңы­нан іле­стіріп әке­те қояды деген­ге сенесіз бе?

– Иә, ұлт­тық идея ретін­де ұсы­ны­лып жатқан «Мәң­гілік ел» мәсе­лесі мем­ле­кет­тік сая­сат­тан ресми оры­нын тап­па­са, бұл да бос сөз болып қала­ды. Ұлт­тық идео­ло­гия дегеніңіз біз үшін әлі күн­ге Аста­на­ның аспа­нын кезіп жүр­ген елес екені рас. Бүгін­гі идео­ло­гия – пре­зи­дент­ті мақта, билік­ті қол­да, оған сын айт­па. Бүгін­гі ұлт­тық та, мем­ле­кет­тік те идео­ло­гия – осы. Ал ондай жалаң ұранға жастар түгілі кәрілер де ере алмайды.

Жал­пы, бұл тұрғы­да ойлап қара­сақ, бүгін­гі ұран­шыл жастар – пысы­қай карьер­ші сту­дент­тер­дің тобы. Олар өздеріне ұна­са да, ұна­ма­са да, билік­тің сая­са­тын қол­дап, пре­зи­дент­ті, «Нұр Отан­ды» мақта­у­шы­лар. Олар әдет­те «Жас Отан­ның» бел­сен­дісі болып келеді. Олар­дың қата­ры көп те емес және үміт­тері мен қажет­тілік­терінің өтеліп жатқа­ны да шама­лы. Сон­ды­қтан елде­гі қалың жастар­ды «нұро­тан­шыл» пысы­қай­лар­дың күл­ді­ба­дам қылы­ғы­мен баға­ла­у­ға болмайды.

Аны­ғын­да, қазір­гі таң­да ұлт­тық идео­ло­гия мен жал­пы мем­ле­кет­тік сая­сат жүр­гі­зу­де, жастар сая­са­тын қалып­та­сты­ру­да нақты, бар­шаға ортақ жүйе жоқ. Билік тар­мақта­ры, әрбір мем­ле­кет­тік орган­дар өз біл­генін­ше әре­кет етіп, әркім өз біл­ген нама­зын оқып жатыр. Мұның соңы жақ­сы­лы­ққа жет­кіз­бей­ді. Мем­ле­кет­ті жан­ды дене деп алып қара­сақ, бүгін­де оның екі аяғы екі бағы­тқа жүріп, екі көзі екі жаққа алай­ып тұрған­дай әсер қалдырады.

 

– Заң­дық құжат пен елде­гі жастар мәсе­лесі де бір-бірі­нен алшақ қалған екі түр­лі әлем­ге ұқсап кет­кен жоқ па? Өйт­кені ел тұрғын­да­ры­ның басым бөлі­гі билік­тің наза­ры­нан қағыс қалды…

– Рас, біздің елі­міз­де билік – бір құр­лы­қта, халық – екін­ші құр­лы­қта өмір сүріп жатқан сияқты. Оның ара­сын­дағы дария-мұхит екі жаға­ла­удың ара­сын ашып бара жатқан­дай көрі­неді. Оның соңы немен бітерін бір Алла ғана біледі…

 

БАҚ арқы­лы билік жастарға, олар­дың өзін-өзі басқа­ру сая­са­ты­на арнап қыру­ар қар­жы бөлініп жатқа­нын ұран­да­та­ды. Бірақ сол қар­жы­ны жастар­дың тұр­мыс-тір­лі­гі­нен, олар­дың бойы мен ойы­нан неге көрмейміз?

– Оны­ңыз рас, жастар сая­са­тын жүр­гізу­ге мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен аз қар­жы бөлін­бей­ді. Мәсе­лен, тек Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне жастар сая­са­тын үйле­стіру­ге 2012 жылы 1,1 млрд, ал 2013 жылы – 1,5 млрд тең­ге бөлін­ді. Ал 2013 жылы жер­гілік­ті бюд­жет­те осы бағы­тқа қарас­ты­ры­лған қар­жы көле­мі 3 млрд тең­ге­ден асты. Бірақ ол қар­жы­ның шапаға­тын тек билік­ті жаға­лаған бір­не­ше жастар ұйы­мы ғана көруде.

Нақты­рақ айт­сақ, 2012 жылы әле­умет­тік тап­сы­рыс негізін­де «Жас ұлан – Жас қыран» бір­ле­сті­гі 114 млн тең­ге­ге жуық қар­жы алса, «Жас Отан» 48 млн тең­ге­ге ие болған. Келесі 2013 жылы «Жас ұлан» 162 мил­ли­онға жуық тең­ге, «Қаза­қстан жастар кон­грес­сі» – 66 млн, ал «Жас Отан» – 43 мил­ли­онға жуық тең­ге алса, 2014 жылы «Қаза­қстан жастар кон­грес­сіне» – 86, «Жас Отанға» – 46  млн тең­ге көле­мін­де әле­умет­тік тап­сы­рыс беріл­ген. Алай­да осын­ша­ма мол қар­жы­ға аталған ұйым­дар нақты бір пай­да­лы жұмыс жасаға­нын бай­қай алма­дым. Мұн­дай жел­ге шашы­лған қар­жы­ның дере­гін жалға­сты­ра беру­ге болады.

Ең басты­сы – жаңа заң күшіне енген­нен кей­ін де, бұл үрдіс жалға­са береді деген күді­гім бар. Менің ойым­ша, жастар сая­са­ты елде­гі бел­гілі бір топ­тың кер­тіп жей­тін май­шел­пе­гіне неме­се жеке әми­я­ны­на айналған сияқты.

 

– Енде­ше халық қазы­на­сын бұлай­ша шашу жағ­дай­ын қадаға­ла­у­шы орын­дар неге бақы­ла­у­ға алмай­ды деп ойлайсыз?

– Қадаға­ла­у­шы орган­дар оны біл­мей оты­рған жоқ. Бірақ олар­ды тек­серіп, қоя­сын қопар­са, «Нұр Отан­ның» аты­на кір келіп қалуы мүм­кін. Мол қар­жы алып оты­рған жастар ұйым­да­ры­ның көбі ел пре­зи­ден­тінің тіке­лей баста­ма­сы­мен неме­се тап­сыр­ма­сы­мен құры­лған. Олар­ды тек­се­ру­ге, бірін­ші­ден, қадаға­ла­у­шы орган­дар­дың жүре­гі дау­а­ла­май­ды, екін­ші­ден – «қадаға­ла­у­шы­лар­дың» бәрі «Нұр Отан­ның» мүше­сі емес пе?!

 

– Ашық сұрақта­ры­мы­зға тура жау­ап бер­геніңіз үшін рах­мет айта­мыз! Қазақ жаста­ры­ның еңбе­гі жансын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

P.S. орны­на

Соны­мен, «Қобы­лан­ды келед сай­ме­нен…» деген­дей, ұлыс ұлан­да­ры­на ұзақ жыр болған Жастар сая­са­ты тура­лы заң қабыл­дан­ды. Оның мән-маз­мұ­ны маған бей­мәлім. Бақан­дай бір­не­ше мини­стр­лік ара­ла­сып, жал­пы жиы­ны 124 депу­тат тал­дап-талқы­лап, қыры­қ­пы­шақ қырқы­ста қабыл­данған заң жаман бол­ма­са керек. Оның жақ­сы-жама­нын сол заң­ның аясы мен сая­сын көрер жастар айт­па­са, біздікі – «апам көр­ші кем­пір­ден естіп­ті» деген­дей сөз болады.

Деген­мен, осы заң­ның ата­уын­да бір күдік бар: ол неге «Мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты тура­лы» деп ата­ла­ды? Бұған бұтар­лап апа­рып, «сая­сат» деген «сасық» сөзді тізе­мен тығып сығы­стыр­ма­са, жастар­дың жағ­дайы түзел­мей қалар ма еді? 

Мәсе­лен­ки, қара­пай­ым ғана «Жастар тура­лы» заң десе, дені дұрыс бол­май қала ма? Тіп­ті бұны­сыз бол­май­ды десе, «Жастар сая­са­ты тура­лы мем­ле­кет­тік заң» деп, тір­кесті теріс айнал­ды­руға да болар еді. Ондай­да «жастар» алға шығып, «мем­ле­кет» оған жәр­дем­шілік кезек­ке көшер ме еді?

Осын­дай дүдә­мәл сұрақтар туған­да, бар бәле­кет «мем­ле­кет­тік» деген сөз­де тұрған­дай көрі­неді. Яғни, жастар­дың ісі мен сая­са­тын жастар­дың өзі емес, мем­ле­кет қана шешеді деген ойға ома­ла­сың. Себебі – біз­де «мем­ле­кет» деген ұғым «билік» деген бике­шпен бір­ге жүреді. Санаға солай сіңіріл­ген: «бикеш­ке» біл­дір­мей барып қой­ға­ның – «мем­ле­кет­ке» залал кел­тір­генің. Бұл – ит қосып қууға тұрар­лық қылық («қыл­мыс» десеңіз де қате кетпейсіз). 

Әрине, мем­ле­кет­сіз мәсе­ле шешіл­месі мәлім: біздің елдің жағ­дай­ын­да жастар­дың тұр­мысы, үй-жайы, оқуы мен еңбе­гі, құқы­ғы, тағы басқа бықы­бай-шықы­байы мем­ле­кет­тің қаты­суын­сыз қал­ты­раң­дап қала­рын Қара­бұлақта қора күреп жүр­ген Жүкен де біледі. Әлбет­те, басқа – басқа, ал біздің жастар мем­ле­кет­тен де, өзін бағып-қаққан әке-шеше мен шал-кем­пір­ден де бөлініп кет­пе­сі тағы да аян ақпар.

Қалай болған­да да, ел пре­зи­ден­ті қол қой­ған­нан кей­ін, бұл заң­ның мұра­сы жастар­дың еншісіне тиеді. Енде­ше оның орын­да­лу бары­сын бәрі­міз бірі­гіп бақы­ла­у­ға алай­ық, жас достар! Өздеріңіз күн­делік­ті өмір­ден көріп, біліп, бастан кешіріп жүр­ген жағ­дай­ла­ры­ңы­зды біздің элек­трон­дық поштаға ([email protected]) хабар­лап тұру­ла­ры­ңы­зға әбден болады.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн