Понедельник , 7 июля 2025

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТӘУБЕМДЕЙСҮЙІНБАЙЫМ

Алдас­пан

 

Биы­лғы жыл – адуын ақын Аронұ­лы Сүй­ін­бай­дың 200 жыл­дық мерей­тойы екен.

Иә, биыл той көп: Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы, Жеңістің 70 жыл­ды­ғы, аты қалып, заты өзгер­ген Кон­сти­ту­ци­я­ның… жыл­ды­ғы, Ассам­блея деген алба­сты­ның… жыл­ды­ғы, тағы­сы тағы. Жын­ды қылар «жыл­дық» көп.

Осы­лар­дың ара­сын­да Сүй­ін­бай­дың 200 жыл­ды­ғы жетім қыздың той­ын­дай бола­тын сияқты. Үлкен үй жақтан үлп еткен үн жоқ. Әйт­пе­се Сүй­ін­бай­дың аты­мен ала­ман айтыс өткіз­се де, бір­деңе қылу­дың қисы­ны келіп тұрған жоқ па?!

Айт­пақ­шы, оның да өз себебі бар: «…ана­лар­дың Абы­лай­ы­ның 300 жыл­ды­ғын, Мағ­жа­ны­ның дөң­ге­лек дата­сын ата­ма­дық, сон­ды­қтан біздің Сүй­ін­бай да тұра тұр­сын…» дей­ді-дағы. Ата­са – сөз­ге қала­ды: аңдып оты­рған «ана­лар» айқай­ға баса­ды. Қисық қисын – осы ғана. 

Ас та төк қалың ақша­ның зама­нын­да «ана­лар­дікі» ата­лу керек кез­де қызыл қыр­сы­ққа салын­ды: шека­ра­сы бол­маған елдің той­ға татыр­лық тұлға­сы болу­шы ма еді – «мем­ле­кет жасап, оны жер-дүни­е­ге таны­тқан» адам­нан аты асып кет­пе­сін деді. Оған өзі ым қақ­па­са, өзгесі өле алмай жүр ме: той өткіз­бей­ік дейтіндей…

Енді сол ақша дағ­да­ры­стың диір­менін­де тар­ты­лып кет­кен кез­де «үнем керек» деген үйдей мәсе­ле туды: ұсақ-түй­ек той­лар­ды жер­гілік­ті жер өз күші­мен өткіз­сін деді. Шама­сы, шапы­ра­шты­ны Үйсін ата­сы­мен бір­ге, қалың қаза­ғы­мен қосып, сона-а-ау заманғы қызыл­көз қырғы­здың маза­ғы­нан құтқа­рып қалған Сүй­ін­бай ақын­ның ару­ағы енді «жер­гілік­ті жер­дің» кем­пір-шалы­на ғана тәбәрік тара­ту­шы боп қала­тын сияқты.

Заман деген осы: бір­де – алдын, бір­де – артын беретін. 

Әлде «беру­ші» заман емес, сол заман­ды ерт­теп мін­ген биле­уші бай­ғұстар ма екен?

Ермұрат БАПИ

 

 

 

ИРАН-ҒАЙЫП

Эле­гия

 

«Менің Пірім – Сүйінбай…» –

Жам­был.

 

Сүй­ін­бай –

Жам­был-Ата

Пірі емес пе,

Ал,

Жам­был –

Ақын­дар­дың

Дүрі емес пе?!

«Дүрін» –

Төр­ге шығарып,

Нау­ан-Қазақ,

«Пірін» –

Босаға аңды­тып

Жүр емес пе!

 

«Дүр»

Өлеңін –

Жатқа айтып…

Бүкіл Ғалам,

Уақыт Тілі –

Тоқта­у­сыз тықылдаған…

…«Пір­дің»

Жырын –

Ауыр­лап,

Зар –

Илер­дей:

«Ақ-Орда­ның»

Сүй­е­гі –

Сықыр­лаған?!

 

Жам­бы­лға:

Жара­са­ды –

«Гүл-Керім­деу»!

Сүй­ін­бай­ды:

Сияқ па –

«Құр-Кебін­деу»?!

Әуел –

«Құдай»…

«Пай­ғам­бар»…

Солар­дан –

Соң:

«Пір» –

Ілгері,

Біл­ген­ге,

«Дүр» –

Кей­ін­деу!

 

Қалай,

Қай­тіп жұбатам –

Алаң-Елді:

Мұң қапқан­дай,

Шер мең­деп –

Дала-Бел­ді?!

…Бұ Дүние

«Пір» көр­гелі –

«Екі Ғасыр»,

«Дүр»

Жасы:

«Жүз Жет­піс­ке» –

Жаңа кел­ді…

«Екі Ғасыр» –

«Иен-Бай­лық»,

Той­ла­май ма?!

Тарих Қой­на­уы­на –

Бой­ла­май ма!

«Сүй­ін­бай –

Ұмыт бол­са:

Қазақ –

Ұмыт…

Мен де –

Ұмыт бола­мын!» –

Деп,

Ойла­май ма?!

 

«Дүр»

Атын­да –

Облыс…

Аудан…

Ауыл,

«Пір­дің»

Шек­кен «Мех­на­ты» –

Таудан ауыр!

«Бұрын шыққан –

Құлақтан,

Озған –

Мүй­із»:

Миға –

Тыным бер­мей­ді…

Ойға –

Дамыл!

 

Сүй­ін­бай –

Пір,

Жам­был –

Дүр,

Мен –

Бір Ғаріп:

Қасірет –

Жұтып,

Қай­ғы –

Ішкен,

Кер-Құн­да­нып!

Айыр-Тілім:

Арсызға –

У

Шаша-шаша,

(Таң –

Бозы едім…)

Бара­мын –

Тарғыл­да­нып!

 

…«Қорқыт Көрі» –

Қазы­лған:

Алдым-Артым!

«Көш-Әкім­ге»:

«Жыр-Мәй­іт» –

Бол­ды…

Нарқым!

«Сиы­нған»:

«Нән-Дөй­ім­нің» –

Жоқты­ғы­нан:

«Алпыс Бесім» –

Ата­у­сыз қалды,

Бәл­кім?!

 

(«Елуім» де,

Өткен-ді –

Еңіре­умен:

На-Хақ –

Жазым…

«Тұлы­пқа» –

Мөңіре­умен

Һәм

Нә-Мақұл

«Таяқ» –

Жеп,

«Тәһит» –

Көріп,

Түк сезбей­тін

Тұл-Надан –

«Меңіре­уден»!)…

 

«Шен­дінің»:

Кем кезік­тім –

Тек­тісіне,

Көп түстім,

Тексізінің –

«Теп­кісіне»!

«Теп­кін –

Міскін»:

Ел билеп –

Тұрар бол­са,

«Жет­пей-ақ» –

Қой­сам деймін,

«Жет­пісі­ме»!

 

(Құдай­ым,

Берер бол­саң,

Шулат­пай бер,

Көзім­ді-Көңілім­ді –

«Сулат­пай» бер?!

Бұй­ыр­са –

Риза­мын,

Мен –

«Марқұ­мға»,

Қасы­нан –

«Мұна­рым­ның»,

«Тулақтай» –

Жер!)

 

Арқа­лаған,

«Сүй-екем» –

«Ама­на­тын»,

Мей­лі,

Мен-ақ –

Болай­ын:

«Өләл –

Ақын»!

Сыр­да –

Туған:

«Гөй-Сұм­дық» –

Болай­ын-ақ,

«Аңсыз» –

Сөй­леп,

«Аран­дап» –

Ома­ла­тын!

Заман –

Езгін!

Ұлт Көңілін –

Басқан Күй­ік!

Жер­дің Беті –

Былға­ныш!

Аспан –

Былық!

Жаным –

Азып,

Жүре­гім –

Қан-Жылай­ды:

«Боқ-Қары­нға» –

Қор болып…

«Бастан» –

Биік!

 

Қоғам:

Соғып…

Ұйы­тқы­ған –

Құй­ын­дай­ын!

Ертеңім –

Бүгінім­нен де,

Қиын­дай­ын?!

…Ұран­дап,

«Үш Жүзім­нің» –

Басын қосқан:

Тәу­ел­сіздік-Тәу­бем­дей –

Сүй­ін­бай­ым!

 

Ия!

Ол –

Даны­шпан,

Дана,

Ұлы емес пе?!

Жырын­дай:

Мәң­гі-Бақи –

Тірі емес пе!

…«Қырық-Пышақ»:

Ұлт-Ұлы­сты –

Ұйы­сты­рып,

«Нұр­ла­нып»,

Көк­тен –

Жебеп…

Тұр емес пе!

 

21.01.2015

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн