Понедельник , 7 июля 2025

Қауқарсыз қарттар НЕГЕ ҮНСІЗ ОТЫР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

Оқыр­ман хаттары

Жанай­қай

 

Мен сияқты жеңіл атле­ти­ка­дан олим­пи­а­да жүл­де­гері, екі дипл­ло­мы бар әженің қолы­на Свет­ла­на Жақы­по­ва сияқты шене­унік­тер түс­се, сазай­ын берер едім!

 

«ДАТ»-тың өткен санын­дағы (№4, 2015 жыл) «Үкі­метің үне­мі қарт­тар­ды қырқы­сты­ра­тын бол­ды» деген мақа­ла­ны оқып, қат­ты наза­ланға­ным сон­ша­лық, инфаркт болу­дың алдын­да қал­дым. Осы газет­тің тұрақты оқыр­ма­ны ретін­де, жасым 92-ге кел­ген еңбек арда­гері тұрғы­сын­да қолы­ма қалам ұстап, хат жазуы­ма тура келді.

 

Жасы кел­ген қарт­тарға мұн­дай сұм­ды­қты есту өте ауыр. Біз көр­ген азап, ауыр бей­нет­ті айтып жет­кі­зудің өзі қиын. Вице-министр Свет­ла­на Жақы­по­ва­ның айтқан сөзін – сау­ат­сыздық дер едім. Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев осын­дай шене­унік­тер­ді қыз­мет­ке кез­дей­соқ тағай­ын­даға­ны­на күмәнім жоқ. Сау­ат­сыз шене­унік­тер елдің жарқын бола­шағы үшін маң­дай терін төк­кен қари­я­лар­дың жазы­ғы не деген сау­алға жау­ап бере ала ма?

Күні кеше ғана бір туы­сқа­ным­ның мерей­той­ын­да болған едім: сол жер­ге кел­ген қарт­тар­дың үкі­мет­ке қарғыс бата­сын беріп оты­рға­нын өз құлағым­мен естіп қайт­тым. Демек, бүгін­гі билік бүкіл елде­гі бір­не­ше мың­даған қарт­тар­дың нала­сы­на қалға­ны­на күмән­сіз­бін. Мүге­дек жан­дар­дың зей­не­тақы­сын бөліп жарып, үнем жасау – ақы­мақтың ғана ойы­на келетін іс.

Ел бай­лы­ғын тонап, шет­ке тасып, мил­ли­ард­тар­ды жымқы­рған алпа­уыт­тар­дың біре­уінің ғана үлесін есеп­те­се, бүкіл елде­гі қарт­тар­дың азын-аулақ зей­не­тақы­сы шыға келетінін біз біл­мей отыр деп ойлай ма екен? Мен сияқты жеңіл атле­ти­ка­дан олим­пи­а­да жүл­де­гері, екі дипл­ло­мы бар әженің қолы­на Свет­ла­на Жақы­по­ва сияқты шене­унік­тер түс­се, сазай­ын берер едім!

Ал қауқар­сыз қалған қарт­та­рым-ау, сіз­дер неге үнсіз отырсыздар?!

Бір­не­ше күн бұрын теле­ди­дар­дан тыл еңбе­кер­леріне бір рет­тік әле­умет­тік көмек көр­се­те­міз деген Қызы­лор­да облы­сы әкі­мінің хабар­ла­ма­сын көріп қал­дым. Осын­дай сүй­ін­ші хабар­ды соғыс кезін­де жанын аямай еңбек еткен­дер­дің күтіп оты­рға­ны қан­ша уақыт бол­ды? Соғыс арда­гер­леріне құр­мет көр­сетілу­де, мен оны қызға­нып отыр деп ойла­маңы­здар. Ал Ұлы Жеңіс­ке үлес қосқан тыл­дағы еңбек­кер неге еле­усіз қал­ды? Осы мәсе­ле жөнін­де қызы­лор­да­лы­қтар­дан басқа ешкім жұмған аузын ашқан жоқ.

Осы хат­ты жазып оты­рып, біраз естелік есі­ме түсіп отыр. Соғыс жыл­да­рын­да Шым­кент облы­сы Мақта­арал ауда­ны­ның «Қызыл абад» «МТС»-ның жаны­нан құры­лған сая­си бөлім­нің басты­ғы (полит­от­дел) Қал­дар­бек Тұрғым­ба­ев, орын­ба­са­ры Ақмұр­за­ев мені осы бөлім­нің көмек­шісі ретін­де аудан­дық ком­со­мол коми­тетіне жұмысқа жібер­ді. Мін­деті­міз – ел ара­сын­да идео­ло­гия жұмысын жүр­гізіп, кол­хоз­дағы шару­а­шы­лық жұмысын ұйым­да­сты­ру болатын.

Кол­хоз­шы­лар­дың үйіне түн­де мақта қау­а­шағын аршып, мақ­та­сы­нан ажы­ра­ту үшін, қап-қабы­мен өгіз арбаға тиеп апа­рып беретін­біз. Ертеңін­де таза­рған мақта­ны қай­та­дан тиеп алып, зауы­тқа өткі­зе­міз. Қаза­қстан­ның мақ­та­сы соғыс кезін­де стра­те­ги­я­лық маңы­зға ие болға­ны бар­шаға мәлім! Оған тыл­дағы еңбек­кер­лер мол үлес қосты. Соны­мен бір­ге жүн иіріп, шұлық, қолғап тоқып, әске­ри комис­са­ри­атқа тап­сыр­дық. «Үлгілі» атанған қырық қызы бар кол­хоз­да кестелі ора­мал, темекі ұнтағын, «махор­ка» сала­тын қал­та­ша­лар­ды тігіп, хат жазып, соғы­стағы жауын­гер­лер­ге «посыл­ка» салып жібе­ретін­біз. Хат арқы­лы таны­сқан жауын­гер­лер­дің соғы­стан аман қай­тқан­да­ры «Үлгілінің» қызда­ры­на үйленіп, үйлі-баран­ды болып жат­ты Сол бір 1942 жыл­дың егіс дала­сын­да бидай ору науқа­ны басталған­да, «Өнім­кер» кол­хо­зын­дағы ком­байн­шы­ның жәр­дем­шісі Бибай деген (тегін ұмы­тып қалып­пын) келін­шек­тің киім­дерінің ара­сы­нан төрт қадақ (екі келі) бидай­ды аудан­дық мили­ция басты­ғы Қанаш Бай­жа­нов тауып алып, қамауға алып кете­ді. Сотқа Бибай­дың 7‑сыныпта оқи­тын бала­сы Еркін ары­зда­нып, масақ теру­ге кел­ген оқу­шы­лар­мен бір­ге бидай­ды үгітіп, тазар­тып, апам­ның киі­мі жатқан жер­ге тастаған едім деп жазып­ты. Сөй­тіп апа­сын абақты­дан құтқа­рып қала­ды. Осын­дай адам­гер­шілік­ті түсі­нетін заман­нан өтіп кетіппіз.

Сұм соғы­ста тыл­да еңбек еткен­дер­дің қата­ры азай­ды, тірі қалға­ны­ның бірі мен ғана сияқты­мын. Айта­тын естелік­терім жетер­лік, бүгін­гінің билік басын­да оты­рған шене­унік­тері азап шек­кен ақсақа­лын, қари­я­сын құр­мет тұту­дан қал­ды. Жақ­сы өмір кім­нің арқа­сын­да кел­генін ұмытты.

Ерте­ректе ел пре­зи­ден­тіне хат жол­дап, он сегіз тар­мақтан тұра­тын ұсы­ныс жасаған едім. Соның бірі – ел бай­лы­ғын тонап, шетел­де зәулім сарай салған­дар­дың қара­жа­тын елге қай­тар­ту сіздің қолы­ңы­здан келеді деген едім. Оған жау­ап ала алма­дым. «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деген­дей, ел ішін­де жүр­ген әңгі­ме­лер­ді менен басқа­лар тіке­лей пре­зи­дент­ке жазуға ешкім­нің дәті бар­май­тын сияқты. Олар бала­ла­ры­ның өмірін, өздерінің ман­са­бын ойлай­ды. Жоға­ры лау­а­зым­ды шене­унік­тер елінің жана­шы­ры бол­са, бүгін­гі билік­тің беделі түсіп бара жатқа­нын неге ойла­май­ды? Пре­зи­дент­тің таң­даған «коман­да­сы» шынайы дос, шын тілек­тес бола алма­ды. Қыл­мысқа қаты­сы бар шене­унік­тер дер кезін­де жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды, беті­мен кетті.

Қазақ атам айтқан, «қанағат қарын той­ды­рар, қанағат­сыздық кедей­дің жалғыз атын сой­ғы­зар» деп. Пре­зи­дент­тің тағай­ын­даған кад­ры Свет­ла­на Жақы­по­ва қарт­тар­дың қал­та­сын қағуға кірісті. Он жеті жасым­нан пар­тия, ком­со­мол қыз­метін атқарған, көзі ашық, көкіре­гі ояу, жасы тоқ­сан екі­ге кел­ген әженің естиін деген хаба­ры осы ма еді?

Дәмен ҮСЕНБЕКОВА,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн