Понедельник , 7 июля 2025

Пантеон мен Луврға ҚАЙ ҚАЗАҚ ЖЕТЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

…аты­лған оқ

 

Өткен жұма күн­гі бри­финг­те ҚР мәде­ни­ет және спорт мини­стрі (МЖСМ) Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы алдағы уақыт­та атқа­ры­ла­тын һам атқа­ры­лып жатқан бірқы­ды­ру игі шара­сын шиыр­лап тастаған еді. Ондағы басқа әңгі­мені қай­дам, басты­сы – тура­сын айтқан­да – зират, мәде­ни­ет­шіле­сек – Ұлт­тық пан­те­он салу мәсе­лесі бол­ды. Мәде­ни­ет мини­стрінің сөзіне қараған­да, біздің елде пан­те­он салу «дең­гей­ге жет­кен» екен.

 

Айт­пақ­шы, біздің жет­кен басқа да «дең­гей­лері­міз» бар: «Дис­ней­ленд­тің» жеке ана­ло­гын құру қажет болып­ты, Қаза­қстан мұра­жай­ла­ры­на Лувр мен Эрми­таж­дан жауһар-жәді­гер­лер де әке­летін кез кел­ген екен. Министр осы­ның бәрін және «латын­шаға өту үдерісін тез­де­ту керек деп есеп­те­мей­тінін» де айтты.

Енді ойлап көріңіз: онсыз да дағ­да­ры­стан дағ­да­рып, дің­кесі құры­ған елге осы «әйдік» баста­ма­лар­дың көк тиын­дық құны бола қояр ма екен? Елдің жал­пы мәде­ни­еті жан­тай­ып жатқан­да, пан­те­он салу және мұра­жай­ла­ры­мы­зға Лувр мен Эрми­таж­дан жәді­гер­лер жет­кі­зу қай теңі­міз? Аймақтар­дағы ауыл­дар­да клуб­тар мен мәде­ни­ет үйлері кей жер­лер­де қиран­ды­ға айна­лып, енді біре­улерін­де қаңы­рап қалған жағ­дай мини­стр­дің аузы­на түс­пе­ді. Бірақ біз сөй­те тұра, құн­ды қазы­на­ла­ры­мы­зды өрке­ни­ет­ті мәде­ни­ет елдері­мен «ашық айыр­басқа салу арқы­лы» елдің мәде­ни­етін арт­ты­ра­ды екенбіз.

Әуел­гі лепе­сті Ары­стан­бек мыр­за­ның пан­те­он салу тура­лы баста­ма­сы­нан бас­та­сақ: әрине, «өлі разы бол­май, тірі бай­ы­май­ты­нын» мәде­ни­ет­тің мини­стрі ғана емес, сөз түсі­нетін кез кел­ген қазақ біледі. Бір жағы­нан мұны­сы жөн – ару­ақты қадір­ле­ген қаза­қ­пыз: тір­шілік бар жер­де, өлім де бар – қабір­стан (пан­те­он) қажет. Ол өлген­дер­ге емес, тірілер­ге керек. Алай­да сол қаза­қтың өзі жаһан­ды жай­лаған дағ­да­рыс жағ­дай­ы­нан зәре­зеп күй­де жүр­генін ұмыт­пау – ләзім: сосын да қауқар­сыз халы­қты қыл­та­дан басқан­дай ғып, қып-қызыл қар­жы шашу – анау айтқан «үнем­де­у­ге» де, зады, зиян-ақ!

Оның үстіне мини­стр­дің: «Біз қазір ұлт­тық пан­те­он тұжы­рым­да­ма­сын дай­ын­дап жатыр­мыз. Онда Мем­ле­кет­тік сый­лық алған­дар, неме­се Фари­за Оңғар­сы­но­ва сын­ды ақын-жазу­шы­лар, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да, ғылым­да үлкен табыст­арға қол жет­кіз­ген ғалым­дар, неме­се біз­де жанып жатқан үйден 5 бала­ны құтқарған сер­жант бар, міне, сон­дай адам­дар Ұлт­тық пан­теонға ене ала­ды», – дегені көңіл­ге көп-көп кір­бің ұялатады.

Бірін­ші­ден, «енгені» қалай – өлік­тің өзі барып жата қала ма? Дұры­сы – артын­да қалған елі «енудің» ере­же­сіне сай «енді­ре» ала­тын шығар. Екін­ші­ден, атақ-дәре­же­ге, сый-құр­мет­ке қашан­нан құштар қаза­қтар тірісін­де пан­теон­нан «пәтер алу» бәй­гесін бастай ма? Министр мәлім­де­ген «ену» мәсе­лесі енді­гі жер­де «аса­рын – асап», атақ алған алаш бала­сы­на ұйқы берер ме екен? Аста­на­дағы атақты бір­деңе етіп «енер», ал Алма­ты­да алып­пын деп оты­рған­дар­ды қай­те­міз: Аста­наға сүй­рей­міз бе?

Министр осы сұрақтар­дың егжей-тег­жей­ін қабір­стан­ды «қажет­сін­ген» көке­лері­мен әбден ақыл­да­сып алға­ны жөн еді. Ал шала-шар­пы әңгі­ме енді «ену­ге» таяған­дарға тыны­штық бер­мей­тін болады.

Деген­мен, пан­те­он тура­лы «пәлелі сөз» 2011 жыл­дан бастап БАҚ бет­терін­де жиі айты­ла бастаған. Кей­ін­нен 2013 жылы «Жас Алаш» газетін­де жари­я­ланған Құдай­бер­ген Баян­ның «Пан­те­он кiм үшiн керек бол­ды екен?» деген мақа­ла­сы былай­ғы жұрт­ты біраз дүр­лік­тір­гені бар. Онда мына­дай бір пай­ым бар: «Ары­дағы­ны ойлай­тын бiр аға­мы­здың пiкiрiн­ше, пан­те­он салу мәсе­лесi билiк басын­дағы­лар­дың өлiм тура­лы ойлай бастаға­ны­на айғақ екен», – деп келетін («Жас Алаш», 5 жел­тоқ­сан,    2013 ж.).

Бұл тура­сын­да бұдан артық не айтуға бола­ды?! Бұған қараған­да, билік басын­дағы­лар­дың өлім тура­лы ойлаға­ны бір иман­ның үйірі­ле бастаға­ны­нан хабар бер­се керек…

Тіп­тен бұлай тым-тым терең ойла­маған­ның өзін­де екінің бірі ата­сы­на атақ сатып ала алмай жүр­ген­де, ұлт­тық пан­теонға сол ата­сы­ның кіруі мен кір­мей қалуы­ның жыры кім­ге бол­сын оңай соқ­па­сы анық! Жер бетін­де­гі осы бір «жұмаққа» кіру үшін құдай­дың құдіреті­мен емес, министр Мұха­ме­диұ­лы айтқан жат­тық есеп­пен: пай­да-пара­сыз, таныс-тамыр­сыз өту мүм­кін бе сіз ше? Ал ақын-жазу­шы­ларға пан­те­он тұрып­ты, Кең­сай­дың көк кемері де кең жет­пей ме?! Басқа­ла­рын қой­ған­да, бір сай­дың бауы­рын сызған осы ұлы­лар­дың қураған сүй­е­гін сықыр­ла­тып, сол пан­теонға тасып көр!

Тасы­дың делік: мұнан өзге қаза­ққа еңбе­гі сіңіп, ұлы бол­маған ұл аз ба: тірісіне тұрар жай тауып бере алмаған билік өңшең «ұлы» қап­таған қалың ару­ақты бір пан­теон­ның бой­ы­на сый­ғы­зып жібе­реді деу – ақы­мақтың да күмәнін туғы­за­ты­ны шындық!

Ал Лувр мен Эрми­таж­дан жауһар тасу, оны база­рда арба сүй­ретіп жүр­ген қаза­ққа көр­се­тем деу – күл­кіңді кел­тіреді. «Қол­да бар­да алтын­ның қадірі жоқ» деп, қазақ баяғы­да-ақ айт­ты деме­сеңіз, сақ баба­ның саф алты­нын Эрми­таж­дың ел біл­мей­тін «жауһа­ры­на» айыр­ба­стау – өзгенің қаң­сы­ғын да таң­сық көру­мен пара-пар дүние! Ал оны­мен қой­май, көне­ден сөй­леп бір тұрған Алтын адам­ның тура өзін саудаға салу – тарих­ты саудаға салу екені белгілі!

МЖСМ бас­шы­сы айтқан «екі­жақты қозға­лы­стың» қалай бола­ты­нын, бәл­кім, өздерінің «қу іші білер»… Ал кеше­гінің уәзір­лері жүр­гіз­ген келіс­сөз­дерін қай­дам, бүгін­нің мини­стрінің мақта­нып айтқан «келіс­сөзінің» әзір­ге сық­пы­ты – осы ғана!

Сон­да дей­мін, Мұха­ме­диұ­лы басқарған мини­стр­лік­тің бұдан басқа істей­тін шаруа­сы қал­маған ба, тәй­ірі?! Қазақ дала­сы­ның түк­пір-түк­пірін­де­гі облыс-аудан­дар мен ауыл­дар­дағы қара­пай­ым халық қираған мәде­ни­ет үйі мен күй­ре­ген клуб, тараған театр­лар­дың ертеңі үшін кім­ге қарап жалтақтағандай?!

  • P.S.: Аста­на­дан алшақ жатқан Алтай мен Аты­ра­удың қаза­ғы үшін осын­дай баста­ма­ның кере­гі бол­ды десең – біз­ге келіп-кетіп өкпе­ңді айт­шы, оқыр­ман! Әйт­пе­се, жаһан­дық жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин­ның «Сары қазақ» рома­нын­дағы бір кей­іп­кер­дей, айда­ла­да жатқан қаза­қтың пан­те­он мен Эрми­таж­ды қайт­кені? Ал халық үшін жара­тыл­маған «игілік­тің» бәрі өтірік, бәрі жалған екенін министр мыр­за ұмыт­па­са екен дегі­міз келеді!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн