Понедельник , 7 июля 2025

БІЗ АУЫЛҒА неге сатқындық ЖАСАДЫҚ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

 

Тек бір ғана Аста­на­ның құрылы­сы­на кетіп жатқан қаржы түпсіз тұңғиыққа құйылып жатқандай. Мыса­лы, 2013 жылғы тұрғын үй құрылы­сы қорын алайық… Ел халқының 4,67%-ы тұрақтай­тын Аста­на қала­сын­да

1,1 млн шар­шы метр неме­се жал­пы рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша тұрғын үй көлемінің 16%-ы қолда­нысқа беріл­ген, бұл орта есеп­пен алғандағы көрсет­кі­ш­тен 4 есе көп.

 

 

Біздің үкімет­тің қазір­гі іс-әрекеті өте бұлыңғыр, қылықтары соқырдың ісі сияқты. Мыса­лы, Кәрім Мәсімов мәселені толықтай түсіне де алмай­тын сияқты. Ал нақты ауыл шару­а­шы­лығына қаты­сты мини­стр­лер А. Мамыт­бе­ков пен Ә. Исе­ке­шев­тің әрекет­тері тіп­ті күлкіні кел­тіреді.

 

 

Бүгін­гі күні алдыңғы қатар­лы меха­ни­за­тор айы­на 50–60 мың теңге ала­ды, бұл ауыл шару­а­шы­лығы мини­стрі А. Мамыт­бе­ко­втің ала­тын айлық жалақысы­нан 20 есе аз… Сон­да бүгін­гі күні нан мен ет өндіру­ден гөрі, қағазба­сты­лыққа көбірек көңіл бөлініп отырғаны ма?!

 

Айқар­ма­да айтарым

 

Алға­шын­да автор ауыл­дағы әле­умет­тік және демо­гра­фи­я­лық хал-аху­ал жай­лы сипатта­ма жаз­бақ­шы болған еді. Алай­да зерт­те­удің нәти­же­сін салы­сты­ра келе, алы­нған мәлі­мет­тер өте көп екеніне көзі жет­ті. Осы­ған бай­ла­ны­сты біздің қазір­гі демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­ы­мыз да мәз емес екенін, оның үстіне елде­гі жетім бала­лар үйлері мен қарт­тар үйлерінің аузы-мұр­ны­на сый­май, толып тұрған күйі әрі қарай қан­дай жағ­дай­ға алып келер екен деген ойға оқыр­ман да өз ойын қос­сын дей­міз. Өкініш­ке орай, мұның бәрі біздің күн­делік­ті өмірі­міз­де орын алып отыр. Ауыл­дағы мұн­дай жағ­дай біздің халқы­мы­здың тарихын­да тіп­ті сонау соғыс жыл­да­рын­да да бол­маған еді.

Біздің қазір­гі осал жері­міз осы – ауыл тұрғы­нын кедей­шілік­ке душар етіп отыр­мыз. Біз ауыл­дың намысын аяққа таптадық.

 

Қоғам­ның даму заң­ды­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты шару­а­лар әрқа­шан да мем­ле­кет­тің дамы­ту­шы күші, әрі ең сенім­ді тіре­гі болып кел­ді. Талай-талай соғы­стар­дың қиын жыл­да­рын­да шару­а­лар бірін­ші болып, қол­да­ры­на айыр-күрек­терін ала­тын, қашан да олар­дың ота­ны өздері тұрып жатқан сол қара жер­ден баста­ла­ды. Ал бей­біт өмір басталға­лы бері, олар ерте­мен тұрып, бірін­ші болып өздері сай­лаған кан­ди­датқа дауы­ста­рын беріп, тезірек егістік­те­гі жұмысы­на асы­ға­тын. Сөй­те тұра, өзі таң­даған кан­ди­дат жоға­ры жақта оты­рып, өзін ешқа­шан алда­май­ты­ны­на ол кәміл сенетін.

Міне, нақ осы пат­ри­от­тық сенім­ділік пен қара­пай­ым­ды­лық, төзім­ділік, тіп­ті мой­ын­сұ­ну­шы­лық ауыл ада­мы­ның бой­ы­на біт­кен табиғи қаси­еті еді. Ал үкі­мет бол­са, тари­хи деректер­де жазы­лған­дай, кедей шару­а­ның осы бір діл­дік қаси­етін үне­мі өз ыңғай­ы­на қарай қол­да­нып, кей­де тіп­ті шексіз өрес­кел­дік­пен пай­да­ла­нып кел­ді. Оның үстіне қоғам­ның басқа өкіл­деріне қараған­да, ауыл адам­да­рын төзім­ділік сақта­уға, қан­дай жағ­дай бол­са да шыдай тұруға жиірек шақы­ру­шы еді. Ал қоғам­ның осы­нау бір әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық қиы­лы­сын­дағы өзгерістер­дің даму бағы­ты ылғи да бір­жақты болады.

Біздің ауыл­дар­дың бүгін­гі тұр­мыс-тір­шілі­гі тура­лы жазу­дың өзі – өте қиын мәсе­ле. Ал өмірінің жар­ты­сы­нан көп уақы­тын аграр­лық сек­тор­да қыз­мет ету­ге арнаған мен үшін бұл – екі есе қиын. Тап-тама­ша гүл­деніп оты­рған ауыл шару­а­шы­лы­ғын жоғал­тып алға­ны­мыз – осы күн­ге дей­ін менің мой­ны­ма түс­кен ауыр жүк секіл­ді қабы­рғам­ды қай­ы­сты­ра­ды. Оның үстіне елі­міз тұрғын­да­ры­ның 45%-ы сол қаңы­рап қалған ауыл­дар­да өлме­стің күнін кешуде.

Осын­дай сәт­те сонау ХVIII ғасыр­да оры­стың бел­гілі сая­хат­шы­сы А. Ради­щев­тің «Мәс­ке­уден Петер­борға сая­хат» атты атақты шығар­ма­сын­да жазған жол­да­ры еске түседі. Ол орыс дерев­ня­ла­рын­дағы мұжы­қтар­дың ауыр әрі тегін еңбе­гін, олар­дың жұпы­ны, күй­кі тір­лі­гін мына­дай сөз­дер­мен өте қатаң сурет­тей­ді: «Мен жан-жағы­ма қара­дым – сол сәт­те менің ішкі дүни­ем адам­заттың қай­ғы-қасіреті­мен қорланды».

Ради­щев­тің дәл осы кіта­бы сол кездің өзін­де ресей­лік ақсүй­ек­тер­ді дүр сіл­кін­дір­ген еді. Соның арқа­сын­да Ресей­де ауыл шару­а­шы­лық рефор­ма­ла­ры қабыл­да­нып, зем­ство­лар құры­ла баста­ды. Ең басты­сы – ауыл тұрғы­ны шын мәнін­де өзі тұрған жерінің қожай­ы­ны­на айнал­ды. Міне, соның нәти­же­сін­де бір кез­дері дамуы жағы­нан арт­та қалған Ресей Еуро­па­ны асты­қ­пен қам­та­ма­сыз ету­ші алды­ңғы қатар­лы даму­шы ел болып шыға келді.

Бүгін­гі күні көп­те­ген автор­лар ауыл­дың тір­шілі­гін өте ауыр, абды­раған, құр­ды­мға кет­кен­дей қылып сурет­тей­ді. Ең өкіні­штісі – егер де салы­сты­ра айта­тын бол­сақ, біздің арқа сүй­ер атқа­мі­нер­лер­дің ара­сын­да осы­ған сын тағар, тоқтау айтар бір­де-бір ірі тұлға табыл­ма­ды. Біз табиғи бай­лы­ғы­мыз бен мүм­кін­дік­тері­міз бар­шы­лық аграр­лы елміз. Осы­дан 20–30 жыл бұрын тұрғын­дар­дың  60%-ы бола­шаққа нық сенім­мен, емін-еркін ауыл­ды жер­де өмір сүр­ді. Сол кез­де ауыл тұрғын­да­рын­да дәл қазір­гі­дей кедей­шілік деген болған жоқ еді. Ол кездің сүй­ік­ті ұран­да­ры­ның бірі: «Ауыл және қала тұрғын­да­ры­ның өмір сүру дең­гей­ін теңе­сті­ру!» деген­нің өзі аз да бол­са күшін­де тұр­ды. Алай­да мұның бәрі менің эмо­ци­о­нал­дық сезі­мім­нің бір көрінісі ғана.

1991 жылы елде жап­пай жеке­ше­лен­ді­ру жұмыста­ры бастал­ды. Сол кез­де мен Қара­тал аудан­дық атқа­ру коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры едім. Аудан­да жеке­ше­лен­ді­ру мен эко­но­ми­ка­лық өзгерістер­ді енгі­зу жұмыста­ры­на бас­шы­лық ету маған жүк­тел­ді. Жаңа­дан шыққан заң­дар мен құжат­тар бастан аса­ды. Жұмыс өте қызы­қты жүретін­дей болып көрін­ді. Ең алды­мен аудан­дағы тұрғын үйлер­ді жеке­ше­лен­діру­ден бастадық.

Қол­дағы бар құжат­ты оқып, оның шар­тта­ры­мен және алдағы жұмысы­мы­здың мәні­мен, оның нары­қтағы нәти­же­сі­мен таны­сқан­нан кей­ін, мен елде мұн­дай жеке­ше­лен­ді­ру жүр­гізу­ге үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы­лы­ғым­ды біл­дір­дім. Бұл жеке­ше­лен­дірудің нәти­же­сін­де ауыл тұрғы­ны эко­но­ми­ка­лық шығы­нға ұшы­рай­ты­ны айдан анық болған еді. Мен өз тал­да­у­ла­рым­да көзім жет­кені: қала­лық пәтер­лер­дің нары­қтық құны­ның ауыл­дық жер­лер­де­гі тұрғын үйлер­дің нары­қтық құны­нан он есе айыр­ма­шы­лы­ғы бол­ды, әрі ол ауыл тұрғын­да­рын бір­не­ше есе шығы­нға ұшы­рат­ты. Мыса­лы, сол кез­де ауыл­ды жер­де­гі орта­ша ста­ти­сти­ка­лық үш бөл­мелі пәтер­дің нары­қтық құны 2–3 мың АҚШ дол­ла­ры тұра­тын. Аудан орта­лы­ғы – Үштө­бе­де ол 3–5 мың дол­ларға әрең жететін. Ал облыс орта­лы­ғы – Тал­ды­қорған қала­сын­да бұл сома 6–7 мың дол­ларға, Алма­ты қала­сын­да – 15 мың дол­ларға дей­ін жетіп жығы­ла­тын. (Бұл жер­де, әрине, 1991 жылғы нарық баға­сы кел­тіріліп тұр).

Жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де­гі ең басты шарт – жал­пы еңбек өтілі (тру­до­вой стаж) есеп­ке алы­на­тын. Нәти­же­сін­де орта­ша ауыл тұрғы­ны жеке­ше­лен­діріл­ген пәтер­ге ие болға­ны сияқты қала­лық тұрғын да пәтер­ге ие болған кез­де, егер де еке­уінің еңбек өтілі бір­дей бол­са, ауыл тұрғы­ны қала­лық тұрғы­нға қараған­да 5–10 есе желініп қал­ды. Міне, жоға­ры­дағы мен айтқан құжат­тар­да ауыл мен қала тұрғы­ны ара­сын­дағы осын­дай теңсіздік тай­ға таң­ба басқан­дай көрініп тұрды.

Мен осы әділет­сіз әле­умет­тік теңсіздік жай­ын­дағы өз ойым­ды бар­лық есеп­терім мен тал­да­у­ла­рым­ды кел­ті­ре оты­рып, 1991 жылы «Казах­стан­ская прав­да» газетін­де ашық айт­тым. Алай­да ресми орын­дар­дан ешқан­дай жау­ап бол­ма­ды. Тек жалғыз экс-депу­тат Т. Квят­ков­ская ғана сол газет арқы­лы маған сын айтып, менің сол ұсы­ны­ста­рым­ды «пес­си­ми­стік көзқа­рас» деп тап­ты. Ал қала­лық мини­стр­лік­те­гі шене­унік­тер мен заң орын­да­ры ауыл тұрғы­ны­ның айтқан­да­ры­на құлақ аспа­ды, өйт­кені сол жеке­ше­лен­діру­ден олар­дың ауы­зда­ры май­ла­нып, қал­та­ла­ры қалы­ң­дай түс­кен еді. Есесіне мен өз бас­шы­ла­рым­нан «бос сөзді қой­ып, жеке­ше­лен­діру­мен нақты айна­лы­су керек» деген сыңай­да ескер­ту алдым.

Әрине, мәсе­лені шешіп, оны­мен жұмыс істе­ген­нен гөрі, тыныш қана бұй­ры­қты орын­дап жүре бер­ген әлдеқай­да оңай. Сөй­тіп, мен Қара­тал аудан­дық атқа­ру коми­тетінің аудан­дағы тұрғын үйлер­ді жеке­ше­лен­ді­ру тура­лы шеші­мін дай­ын­да­уға кірістім. Бұл құжатқа біз Үштө­бе қала­сын­дағы тұрғын үйлер құны­ның ең жоғарғы коэф­фи­ци­ен­тін (1,25) және ауыл­дық жер­де­гі тұрғын үйлер құны­ның, керісін­ше, ең төмен­гі коэф­фи­ци­ен­тін (0,75) енгіздік. Осы­лай­ша біз тым бол­ма­са осы аудан­дағы теңсіздік­ті жоюға тыры­стық. Ал мұн­дай коэф­фи­ци­ент­тер­ді енгізу­ге біз­ге сол кез­де­гі заң мүм­кін­дік бер­ген еді.

Алай­да, кей­ін­нен маған бел­гілі болған­дай, жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де орын алған әле­умет­тік әділет­сіздік­ті осын­дай әдіспен шешу­ге тыры­сқан азған­тай ғана топ­тың бірі – Қара­тал ауда­ны болып­ты. Біздің осы мәсе­ле жөнін­де­гі адал шешім­дері­мізді кей­ін­нен нарық заң­ды­лы­ғы мен өмір­дің шын­ды­ғы өзі дәлел­деп бер­ді. Мыса­лы, 2007 жылы тұрғын үй баға­сы, менің жаз­ба­ла­рым бой­ын­ша, мына­дай еді: менің туған жерім – Жам­был облы­сы­ның Мой­ы­нқұм ауда­нын­да үш бөл­мелі орта­ша пәтер­дің құны алыс ауыл­дар­да – 1–2 мың дол­лар, облыс орта­лы­ғы Тараз қала­сын­да – 45–50 мың дол­лар, ал Алма­ты­да – 100–150 АҚШ дол­ла­ры бол­ды. Бұдан шыға­тын қор­тын­ды: бір-біріне сәй­кес жағ­дай­да ауыл­дағы Мырқым­бай (Жаң­быр­ба­ев) аста­на­лық Сидо­ро­вқа 100 есе­ге ұты­лып қалды.

Ал бүгін­гі күні кез кел­ген аза­мат өзінің жеке­ше­лен­діріп алған пәтері ауыл­да, аудан орта­лы­ғын­да, облыс орта­лы­ғын­да және аста­на­лық қала­лар­да қан­ша тұра­ты­нын өзі есеп­теп шыға­рып, осы әле­умет­тік әділет­сіздік пен айыр­ма­шы­лы­қты өз көзі­мен көре ала­ды. Ал енді тұрғын үйлер­ді жеке­ше­лен­ді­ру сал­да­ры­нан ауыл тұрғы­ны аудан тұрғы­ны­на 4–5 есе­ге, облыс орта­лы­ғы тұрғы­ны­на 30–40 есе­ге, ал Аста­на мен Алма­ты сияқты ірі қала­лар тұрғы­ны­на тіп­ті 100 есе­ден де жоға­ры пай­ыз ұты­лып қалға­ны баға дина­ми­ка­сы­ның жал­пы шеші­мі­нен көрі­неді. Дәл сол жыл­дар­да ауыл­дық жер­лер­де рес­пуб­ли­ка тұрғын­да­ры­ның 60% өмір сүріп, олар негізі­нен мем­ле­кет құру­шы этно­стың өкіл­дері болға­ны айт­па­са да түсінікті.

Міне, осы­ның бәріне мына­дай негіз­де қор­тын­ды жаса­уға бола­ды: бүгін­гі күн­гі нарық жағ­дай­ын­да ауыл тұрғы­ны үшін мұның бәрі күт­пе­ген әділет­сіздік пен әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық теңсіздік екені анық; біз өзі­міздің осы қылы­ғы­мы­з­бен ауыл тұрғы­нын бір­не­ше мәр­те эко­но­ми­ка­лық шығы­нға (30–100 есе) душар етіп, олар­дың ар-намысын аяққа тап­тап тастадық.

Өкініш­ке орай, 90-жыл­дар­дағы тұрғын үй қоры­ның мәлі­мет­тері мен­де жоқ. Алай­да тұрғын үй көле­мінің адам басы­на шаққан­дағы сол жыл­дарғы орта­ша есебі бой­ын­ша, ауыл тұрғы­ны­ның қан­ша­лы­қты ұты­лып қалға­нын есеп­теп шыға­ру оп-оңай. Мыса­лы, 1991 жылы елде тұра­тын халық саны 16,7 млн адам болып, оның 60%-ы ауыл­ды жер­лер­де тұр­ды. Ал енді тұрғын үйлер­дің 2007 жылғы баға­сы­ның негізін­де, біздің есебі­міз бой­ын­ша, жал­пы ауыл тұрғы­ны жеке­ше­лен­дірудің сал­да­ры­нан 95–98 млрд АҚШ дол­ла­рын жоғал­тып алды. Бұл көр­сет­кіш Қаза­қстан­ның 2007 жылғы ІЖӨ-не тең. Оны ауыл­дағы әрбір тұрғы­нға есеп­тей­тін бол­сақ, 9,8 млрд АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де болып шыға­ды. Міне, дәл осы сома­ны ауыл­дағы әрбір тұрғын жеке­ше­лен­ді­ру нәти­же­сін­де жоғал­тып алды.

Деген­мен де сол жыл­дарға қай­та ора­лай­ық. Жеке­ше­лен­діру­мен қатар сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды, басқа да мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ді тара­ту жұмыста­ры бастал­ды. Біздің аудан­дық комис­си­яға «Новый мир», «Бай­ше­гір» және «Қор­жын­көл» сов­хоз­да­рын тара­ту жөнін­де­гі құжат­тар­ды дай­ын­дау жүктелді.

Әрине, комис­сия одан басқа да нысан­дар­ды қарас­тыр­ды. Әсіре­се Үштө­бе ет ком­би­на­ты, аудан­дық арнайы жеміс-жидек база­сы, мон­ша-кір жуа­тын кешен және т. б. Жеке­ше­лен­діру­ге ұсы­ны­лған нысан­дар­дың тех­ни­ка-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­терін жік­тей келе, комис­си­я­ның төраға­сы ретін­де ауыл­дық тұрғын­дар­дың ұты­лып қалға­ны­на тағы да куә­гер бол­дым. Мыса­лы, ауыл­дық нысан­дар­дың құнын баға­лаған кез­де оған қаты­сты айна­лым­дағы қор да баға­ла­нуы тиіс еді (шөп, жем, тұқым, т. б.). Өйт­кені мұның бәрі адам­ның қолы­мен жаса­ла­ды емес пе?!

Ең қызы­ғы – есеп бой­ын­ша, сов­хоз­дар­дың жаб­ды­қта­луы мықты-мықты құрал-жаб­ды­қтар­мен, ста­н­ок­тар­мен және күр­делі меха­низмдер­мен жарақтан­ды­ры­лған өзі секіл­ді қала­лық нысан­дарға қараған­да 2–4 есе төмен болып шықты. Оның үстіне, тіп­ті тұрған жерін айт­паған­ның өзін­де, қала­ның негіз­гі қоры әрі ішкі құры­лым­да­ры анағұр­лым жақ­сы жағ­дай­да еді. Міне, осы­ның сал­да­ры­нан жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де тағы да әділет­сіздік­тер мен теңсіздік­тер орын алып, ауыл ада­мы қала­лық тұрғы­нға қараған­да 4–6 есе­ге ұты­лып қал­ды. Дәл осы мәсе­ле­ге мен өзім­ше зерт­теу жүр­гізіп, оның нәти­же­лері жай­лы осы тақы­рып­та жазы­лған мақа­лам­ды кей­ін­нен «Казах­стан­ская прав­да» газетін­де жарияладым.

Алай­да бұл жолы да тиісті орын­дар­дан ресми нақты жау­ап бол­ма­ды. Тек құс бір­ле­сті­гінің бас дирек­то­ры Ковинь­ко менің кел­тір­ген шешім­дері­ме сол газет арқы­лы қол­дау көр­сет­кен бола­тын. Ал облыс бас­шы­ла­ры­нан мен тағы да кезек­ті ескер­туім­ді алдым.

1991–92 жыл­дарғы жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де бүкіл ел бой­ын­ша 490 сов­хоз жеке­ше­лен­діріліп, ауыл­дағы әрбір тұрғы­нға тиесілі жер телі­мі қоса бөлініп беріл­ді. Содан бастап ұсақ тау­ар­лы, сапа­сы төмен кіші­гірім өндірістер елде жауын­нан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақтай қап­тап кет­ті. Үкі­мет тара­пы­нан бұл үрдіс­ке ешқан­дай бақы­лау бол­маған­ды­қтан, бар­лы­ғы да жос­пар­сыз, өз бетін­ше жүр­гізіл­ді. Сөй­тіп, аз ғана уақыт­тың ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы құл­ды­рап шыға келді.

Ал 90-жыл­дар­дың орта шеніне таман біз өз өні­мі­мізді экс­порт­тап оты­рған агра­рий­лер­дің сана­ты­нан бір­ден тек қана импорт­тық өнім­мен күн көретін­дер қата­ры­на көштік. Сөй­те тұра, елдің қаз­ба бай­лы­қта­рын оңды-сол­ды аяу­сыз шашып, ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да жібердік.

Ал одан кей­ін­гі уақыт­та жеке­ше­лен­ді­ру өзге бағы­тқа ие болып, халық одан ақы­рын-ақы­рын ысы­ры­ла баста­ды. Енді ірі-ірі ақша­лы-неси­елі, бай­лы-тұяқты жалған атқа­мі­нер­лер ойы­нға қосыл­ды. Солар­дың сал­да­ры­нан орын алған эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың сазай­ын халық осы күн­ге дей­ін тар­тып келеді. Ол тура­лы, әрине, әңгі­ме басқа.

Міне, осын­дай жеке­ше­лен­дірудің жал­пы нәти­же­сі ретін­де ауыл тұрғы­ны­ның эко­но­ми­ка­лық та, әле­умет­тік те дәре­же­сінің төмен­де­генін айтуға бола­ды. Өйт­кені қай жағы­нан алып қара­сақ та, ауыл ада­мы едәуір ұты­лып қал­ды. Әрине, бұл жер­де біз жеке­ше­лен­діруді қай­та қарау керек деген ниет­тен аулақ­пыз. Ауыл ада­мы қашан да, неге бол­са да төзім­ді ғой. Ол, әрине, өзінің алданға­нын әлдеқа­шан түсін­ген, сөй­тіп «бола­ры – бол­ды» деп, үкі­мет­ке де, мем­ле­кет­ке де қолын бір-ақ сілтеді.

Иә, шыны­мен де, бола­ры – бол­ды. Енді ол өзінің қолы жет­пе­ген қалаға бала­ла­рын жіберіп, солар­дың келе­ше­гі­нен ғана зор үміт күтіп отыр. Ал бала­ла­ры оқуын оқып, маман­дық алып, шама­ла­ры кел­ген­ше қала­да жұмысқа тұруға тыры­сып жатыр. Тіп­ті не оқуға түсе алмай, не екі қолға бір жұмыс таба алмай сан­далған кей­біре­улері діни экс­тре­ми­стер­дің қата­ры­нан да табы­лып жатыр.

2000 жыл­дар­дан бастап мем­ле­кет­те аз да бол­са ресур­стар пай­да болып, ақы­рын-ақы­рын елді қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­ры бастал­ды. Тағы да есеп­сіз кет­кен шығын­дар тұтас бір облы­стың бюд­жетінің ар жақ-бер жағы­на жетіп арты­ла­ды. Тек бір ғана Аста­на­ның құры­лы­сы­на кетіп жатқан қар­жы түп­сіз тұңғиы­ққа құй­ы­лып жатқандай.

Мыса­лы, 2013 жылғы тұрғын үй құры­лы­сы қорын алай­ық. Осы жылы жал­пы рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша қол­да­нуға беріл­ген тұрғын үй көле­мінің   28,2 %-ы тек Аста­на мен Алма­ты қала­ла­рын­да салы­нған. Ел халқы­ның 4,67%-ы тұрақтай­тын Аста­на қала­сын­да 1,1 млн шар­шы метр неме­се жал­пы рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша тұрғын үй көле­мінің 16%-ы қол­да­ны­сқа беріл­ген, бұл орта есеп­пен алған­дағы көр­сет­кі­ш­тен 4 есе көп.

Әрине, мұн­да жеке мен­шік инве­стор­лар­дың үлесі өте жоға­ры, деген­мен қала­лар да өздерінің әле­умет­тік құры­лы­стар мен ішкі құры­лым­дарға арналған қар­жы­ла­рын мек­теп­тер мен бала­бақ­ша­лар салуға жұм­са­ды. Алай­да әле­умет­тік құры­лы­сты басқа өлшем­де көр­гіңіз кел­се, Аста­на­дан неба­ры 20–30 км жер­де орна­ласқан ауы­лға кел­сеңіз бол­ды. Мұн­да басқа­сын айт­паған­да, тіп­ті ауыз су мәсе­лесінің өзі шеші­мін тап­пай келе жатқан үлкен про­бле­ма. Мыса­лы, кей­бір ақпа­рат құрал­да­рын­да айты­лған­дай, Аста­на­ның неше түр­лі мәде­ни-ойын-сауық шара­ла­ры­на халы­қтың қар­жы­сы жұм­са­ла­ты­ны бел­гілі. Сон­дай мере­келік іс-шара­ның тек біре­уін ғана өткі­зу үшін, шағын қала­ның тұтас бір жыл­дық бюд­жетіне пара-пар қар­жы жұм­са­ла­ды екен. Егер де іс-шара өткі­зетін ол қала өз шығы­нын өзі жауып отыр­са жақ­сы ғой, бірақ 16 жасқа толға­ны­мен, Аста­на­мыз әлі күн­ге дей­ін салық төле­ушілер­ге ауыз ашып отыр.

Қаза­қта: «бала­ны емшек­тен шыға­ру» деген ұғым бар. Сол сияқты біз де Аста­на­ны осы күн­ге дей­ін дота­ция мен бюд­жет­тің «емше­гі­нен» ажы­ра­та алмай отырмыз.

Қаза­қстан­ның бар­лық ауыл­дық елді мекен­дерін­де жал­пы саны 7,7 млн адам тұра­ды, соларға елі­міз­де­гі жал­пы тұрғын үй көле­мінің 20%-нан да аз мөл­шер­де тұрғын үй бөлі­неді. Бұл тек жалғыз ғана Аста­на­ның көр­сет­кі­шіне тең екен. Оның үстіне осы 20%-дың өзін көбі­не­се жеке құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры қала маңын­дағы ауыл­ды жер­лер­де ғана сала­ды. Сон­да біз кім­дер­ді қол­дап отыр­мыз? Бізді ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері­мен қам­та­ма­сыз етіп оты­рған еңбек­шілер­ді ме, әлде солар­дың еңбек­терін есе­леп жеп оты­рған арам­та­мақтар­ды ма? Егер де мәр­те­бесі жоға­ры ірі қала­лар мен ауыл­дық аудан­дар­дың бюд­жетін салы­сты­ра­тын бол­сақ, онда, әрине, қала­лық әрбір тұрғын­ның есебі ауыл тұрғы­ны­на қараған­да 3–4 есе­ге көп. Мыса­лы, Аста­на­ның бюд­жетін оның әрбір тұрғы­ны­на есеп­те­ген­де шыға­тын сома елде­гі аудан бюд­жет­терін әрбір тұрғы­нға шаққан­дағы­дан 3–4 есе көп.

Ал енді бұл көр­сет­кіш шетел­дер­де қалай екенін біл­гіңіз келе ме? Қараңыз: Чехия мен Сло­ва­ки­яда оның айыр­ма­шы­лы­ғы неба­ры 1,5–1,8 есені құрай­ды. Ол жақта ауыл тұрғы­нын 3‑сұрыпты адам­дар деп санамайды.

Енді келесі әле­умет­тік теңсіздік деп, – айлық жалақы­ны айтуға бола­ды. Ста­ти­сти­ка мәлі­меті бой­ын­ша, елде­гі орта­ша айлық жалақы 2014 жылы 116–120 мың тең­гені құра­ды. Ал ауыл­дық жер­лер­де бұл көр­сет­кіш 54 мың тең­ге болып, орта­ша көр­сет­кі­штің 53%-ын құрай­ды. Ал Алма­ты мен Аста­на қала­ла­рын­да бұл көр­сет­кіш ауыл­ды жер­лер­ге қараған­да 3–4 есе көп. Бұл көр­сет­кіш жыл­дан-жылға қай­та­ла­нып, ауыл тұрғы­нын елде­гі әле­умет­тік көш­тен шет­тетіп таста­ды. Күн­діз-түні қыр­да жүр­ген егін­ші мен шелек-шелек сүт сау­а­тын сауын­шы­ны қашанғы біз осы­лай кем­сі­те бере­міз?! Тіп­ті жоға­ры­да кел­тіріл­ген сан­дар­дың өзі – аудан бой­ын­ша орта­ша алы­нған көр­сет­кіш. Олар шын мәнін­де­гі жағ­дай­ды толық көр­се­те алмайды.

Тал­ды­қорған облы­сы­ның бірқа­тар ауыл­дық аудан­да­рын­да бұрын бас­шы­лық қыз­мет атқарған, қазір­гі уақыт­та «Бостан» шару­а­шы­лық қожа­лы­ғы­ның дирек­то­ры Ғ. Тұрғам­ба­ев­тың айтуын­ша, ауыл тұрғын­да­ры­ның нақты ала­тын айлық жалақы­сы 2013 жылы 35–40 мың тең­ге­ден аспаған. Талғар ауда­ны­на қарас­ты «Алма­ты» плем­за­во­ды сауын­шы­ла­ры­ның ала­тын орта­ша айлық жалақы­сы – бұған толық куә. Олар өздерінің дема­лыс­сыз және мей­рам күн­дерін­сіз, үш мез­гіл­де істей­тін еңбек­теріне орта­ша есеп­пен неба­ры 25 мың тең­ге, ал суға­ру­шы­лар – 35 мың тең­ге алады.

Ал Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы Руза­ев ауда­ны­на қарас­ты «Бір­лік» сов­хо­зы­ның жеке мен­шік бидай шару­а­шы­лы­ғы­ның тәжіри­белі меха­ни­за­тор­ла­ры науқан кезін­де айы­на 40–60 мың тең­ге­ден, ал науқан аяқталған­нан кей­ін 25 мың тең­ге­ден ала­ды. Сөй­тіп, жылы­на шаққан­да, орта­ша есеп­пен ай сай­ын 35–40 мың тең­ге­ден шығады.

Бүгін­гі күні алды­ңғы қатар­лы меха­ни­за­тор айы­на 50–60 мың тең­ге ала­ды, бұл ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі А. Мамыт­бе­ко­втің ала­тын айлық жалақы­сы­нан 20 есе аз. Мыса­лы, кеңес кезін­де­гі шопан, Соци­а­ли­стік Еңбек Ері, менің мой­ы­нқұм­дық жер­лесім Ж. Қуа­ныш­ба­ев өзі­нен жоға­ры тұрған мини­стр­ден әлдеқай­да көп айлық ала­тын. Сон­да бүгін­гі күні нан мен ет өндіру­ден гөрі қағаз­ба­сты­лы­ққа көбірек көңіл бөлініп оты­рға­ны ма?!

Сон­ды­қтан да қазір біз қауым болып бір­лесіп, не жей­тіні­міз жай­лы келісіп алуы­мыз керек: ауыл шару­а­шы­лық мини­стр­лі­гінің бас-аяғы жоқ, толып жатқан бағ­дар­ла­ма­ла­рын ба, әлде ауыл еңбек­кер­лерінің шыға­рып жатқан өнім­дерін бе? Әрқай­сысы­ның еңбе­гінің лай­ы­қты баға­сын беру керек. Бұл ешқан­дай жар­на­ма­лау да емес, неме­се теңе­сті­ру де емес. Ал алды­ңғы қатар­лы, көр­кей­ген Нор­ве­гия елін­де бұл айыр­ма­шы­лық неба­ры 5–6 есе ғана. Өйт­кені бұл сол­түстік мем­ле­кет біз сияқты емес, ол өз халқын тек қана өз ауыл шару­а­шы­лық өнім­дері­мен қам­та­ма­сыз етіп отыр.

Ауыл тұрғын­да­ры­ның төмен айлық жалақы­сы жай­лы осы кел­тіріл­ген мысал­дар­ды елі­міздің аграр­лық сек­то­ры­на жарқы­ра­тып кел­ті­ре салуға бола­ды. Ал еңбек­шілер­дің науқан­дық жұмысын еске­ретін бол­сақ, бұл айлық көр­сет­кіш кей­де бір­не­ше есе­ге төмен­дей­ді. Осы газет­те шыққан О. Сәб­ден мен Ғ. Тұрғам­ба­ев өздерінің мақа­ла­сын­да кел­тір­ген­дей, біздің елде ауыл­дық жер­де­гі жұмыс­сызды­қтың нақты көр­сет­кі­ші 85–87% құрай­ды. Зерт­те­улер­дің өткен тамыз айын­да көр­сет­кен нәти­же­лері бой­ын­ша (Қаз­ТАГ), Қаза­қстан­да 2,6 млн адам жал­да­ну­сыз-ақ жұмыспен қам­ты­лған, яғни өзін-өзі жұмыспен қам­тып отыр. Олар­дың көп­шілік бөлі­гі ауыл­дық жер­лер­де шоғыр­ланған – 51,2%. Жеке сауда бой­ын­ша, бұл көр­сет­кіш 24%, транс­порт­та – 8%, құры­лыс бой­ын­ша – 7%-ға тең. Ал бұлар халық саны­ның 26%-ын құрай­ды, олар­дың құра­мын­да ауыл тұрғын­да­ры көп, әсіре­се жастар жағы басым.

Нарық меха­низмдері осы мәсе­ле­лер­дің бәрін өзі жой­ып тастай­ды деген үміт­пен осы­лай көзі­мізді жұмып, оты­ра бере­міз бе? Олай бол­са, бұрын­нан нары­қтық эко­но­ми­ка­мен өмір сүріп келе жатқан басқа елдер­ге көз салайық.

Мыса­лы, АҚШ-та ауыл шару­а­шы­лы­ғы сек­то­ры жал­пы бюд­жет­тің 70%-ын шығын­дай­ды, оның ішіне меха­ни­за­ция, инфра­струк­ту­ра және арнайы қыз­мет көр­се­ту түр­лері (жану­ар­лар мен өсім­дік­тер­дің ауру­ла­рын емдеу және т. б.) енеді. Ал енді Еуро­па елдерін­де мұн­дай жоба­ларға ауыл шару­а­шы­лы­ғы бюд­жетінің 40%-ы бөлі­неді. Ресей­ге қар­сы енгізіл­ген санк­ци­я­лар­дың нәти­же­сін­де, фер­мер­лер­дің күні бұры­нғы шығын­да­ры үшін ғана Еуро­ко­мис­сия 460 млн евро бөл­ді. Бұл еуро­па­лық фер­мер­лер­дің болжам­ды шығын­да­ры үшін бөлін­ген, біздің­ше 106 млрд тең­ге. Қазір Әзер­бай­жан мем­ле­кеті ауыл еңбек­кер­леріне 2% өсі­мақы­мен несие беріп, өзінің аграр­лық мүм­кін­дік­терін жетіл­діріп отыр.

Ал біздің елі­міз осы күн­ге дей­ін «Агро­биз­нес-2020» деп ата­ла­тын шолақ бағ­дар­ла­ма­ны мүжіп келеді. Жал­пы үкі­мет те, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі де агра­рий­лер­дің мәсе­ле­леріне деген стра­те­ги­я­лық жедел еле­улік­ті шын мәнін­де жоғал­тып алды. Біз­ге кере­гі «Агро­биз­нес-2020» секіл­ді еш нәти­же­сі жоқ мың­даған жоба­лар емес. Біз­ге нақты кере­гі – әле­умет­тік те, эко­но­ми­ка­лық та, ауыл еңбек­кер­лерінің ком­му­нал­дық инфрақұры­лы­мын да толы­ғы­мен жан-жақты қам­ти ала­тын мықты бағдарлама.

Ал 1 млн-ға жуық адам­ды төмен­гі дәре­желі еңбек­пен қам­та­ма­сыз етіп оты­рған бүгін­гі ұсақ тау­ар­лы өнер­кәсіп орын­да­ры елге қажет­ті өнім­ді өнді­ре алмай, жұмыс­шы­ла­ры­на тиісті айлық жалақы­сын бере алмай отыр. Олар­дың қол­да бар құрал-сай­ма­ны – бар-жоғы бір күрек пен бір тыр­на­уыш қана. Олар­дағы кеңес зама­ны­нан келе жатқан тех­ни­ка дегеніңіздің 70%-ы әлдеқа­шан тозы­ғы жетіп біт­кен. Тіп­ті солар­ды есеп­ке алған­ның өзін­де, ака­де­мик Кай­го­род­цев­тің мәлі­меті бой­ын­ша, бүгін­гі күні Қаза­қстан­дағы жыр­ты­лып, пай­да­ла­нып келе жатқан 1000 га жер­ге неба­ры 8,3 трак­тор­дан келеді екен. Салы­сты­ру үшін: Ита­ли­яда бұл көр­сет­кіш – 70, Фран­ци­яда – 85, Гер­ма­ни­яда – 124 трак­торға тең. Ал Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ бой­ын­ша серік­тесі­міз Бело­рус­си­я­ның өзін­де 41 трак­тор­дан келеді. Тіп­ті көр­ші оты­рған Өзбек­стан­да бұл көр­сет­кіш біздікі­нен 3 есе көп болып, 23 трак­тор­дан келіп тұр. Соңғы екі елдің эко­но­ми­ка­сы біздің елге қараған­да әлдеқай­да төмен екені бел­гілі. Бело­рус­си­я­ның ІЖӨ‑і 2013 жылы адам басы­на шаққан­да 7404 дол­лар­ды құра­ды. Өзбек­стан­да осы көр­сет­кіш 1852 дол­ларға тең. Ал біз­де ол 2013 жылы адам басы­на 13 084 дол­ларға тең болды.

Қазір ел қазы­на­сын­да аз да бол­са ақша бар. Небір жемқор­лар­дан қорға­ну үшін, содан нақты агра­рий­лер­ге аздап ақша бөлу керек. Бір ғана Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің қыл­мыстық тобы 71 млрд тең­ге­ге ұрлық жасаған. Егер де бұл сома­ны трак­торға айнал­ды­ра­тын бол­сақ, 10 мың дана тех­ни­ка шыға­ды. Енді осы­ған Пав­ло­дар мен Қараған­ды облы­ста­рын­да ұрланған шығын­дар­ды қос­саңыз, елде­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның екі есе­ге ұлға­я­ты­нын көру­ге бола­ды. Ал енді ауыл­дық жер­де­гі маши­на-трак­тор­лар­ды жөн­деу, оларға қыз­мет көр­се­ту жұмыста­рын қан­дай қар­жы­лық жол­мен жүр­гізу­ге бола­ды: жеңіл­ді­гі бар мақ­сат­ты несие арқы­лы ма, неме­се лизинг арқы­лы ма? Әрине, оның шеші­мін табуға болады.

Қалай болған күн­де де, кре­ди­тор­лар­дың 2%-дық сый­ақы­сын жоғал­тып алмау үшін, мұн­дай жоба­лар­ды мем­ле­кет­тің қол­да­уы арқы­лы іске асы­ру керек. Өйт­кені ІЖӨ көле­мі адам басы­на шаққан­да неба­ры 8165 дол­лар­ды құрай­тын Әзір­бай­жан елі дәл осы­лай жасап оты­рған­да, біз неси­е­лен­діруді ауыл тұрғын­да­ры­ның пай­да­сы­на қарай көп пай­ы­здық шегеріспен беру­ге толық мүм­кін­ді­гі­міз бар. Өйт­кені ауыл тұрғын­да­рын қажет­ті тех­ни­ка­мен қам­та­ма­сыз етпей, біз еңбек өні­мін өсі­ре алмай­мыз, оны­мен қоса шару­а­ларға еңбек­тері үшін берілетін сый­ақы дең­гей­ін де өсі­ре алмай­мыз. Сон­ды­қтан да фер­мер­лер­ді қыз­мет­терінің маңы­зды­лы­ғы­на орай қоғам­нан тысқа­ры шыға­рып таста­уға болмайды.

Енді тағы да бір мәсе­ле­ге тоқта­лып өту­ге тура келеді. Осы мақа­ла­ны дай­ын­дау бары­сын­да біз өнім­нің нақты баға­сын есеп­теп шыға­ру үшін, фер­мер­лер­дің толық шығы­нын зерт­те­ген бола­тын­быз. Таңқа­лар­лық жәйт – ауыл шару­а­шы­лы­ғы өні­мінің шығы­нын есеп­те­ген кез­де жер­ді гек­та­ры­на 200–300 дол­лар­дан жалға беру тура­лы шығын біз­ге қай­та-қай­та кезі­ге бер­ді. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – ол жер­лер­дің қожай­ы­ны онда жұмыс істеп жүр­ген фер­мер-шару­а­лар емес, яғни ол жер­лер­ге жоға­ры­да оты­рған шене­унік­сы­мақ әкім-қара­лар қожа­лық ете­ді. Оның үстіне өздерінің атта­рын ата­мауды өтін­ген жеке фер­мер­лер ол жер­лер­ді сақтап қала­тын­да­ры­на сенім­сіздік таны­тып отыр. Өйт­кені жер­гілік­ті әкім-қара­лар мен кіші­гірім шене­унік­тер бар­лық жақ­сы-жақ­сы жер­лер­ді өздері ақы­рын­дап ием­деніп жатыр. Сон­ды­қтан да соңғы кез­дері аудан­дық әкім­нің шеші­мі­мен қол­дан-қолға өтіп жатқан жер ресур­ста­ры­на тек­серіс жүр­гі­зудің уақы­ты әлдеқа­шан туды. Біз қазір поме­щик-лати­фун­ди­стер­ді қыз­метіне қарай емес, шене­унік­тік дәре­же­сіне қарай баға­лап, өсіріп отыр­мыз. Сон­ды­қтан да біз­ге дереу мына­дай заң­ды­лы­қтар қабыл­дау керек: егер де аудан­дық әкім қыз­меті­нен кететін бол­са, оның істе­ген қыз­метіне, әсіре­се жаңа әкім­нің жер мәсе­лесіне қаты­сты шығарған шешім­деріне дереу тек­серіс жүр­гі­зу керек, қаза­қ­ша айтқан­да, жақын туы­сқан­бай­шы­лы­қтың түбіне бал­та шабу керек.

Бүгін соны­мен қатар ауыл­ды жер­лер­ді әле­умет­тік тұрғы­да жетіл­ді­ру тура­лы жүй­елі бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­ру қажет. Оның ішін­де ең алды­мен аудан­дық жер­лер­де тұрғын үй құры­лы­сы­на баса назар ауда­ру керек. Әсіре­се «Диплом­мен – ауы­лға!» атты бағ­дар­ла­ма­мен қыз­мет­ке бара­тын жас маман­дар­ды (мұғалім, дәрі­гер, агро­ном және т.б.) тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету жұмыста­ры қолға алы­нуы керек. Сон­дай-ақ ауыл­ды жер­лер­де­гі спорт­тық нысан­дар­ды, мәде­ни­ет ошақта­рын (клуб, биб­лио­те­ка және т. б.) қай­та­дан жан­дан­ды­ру қажет. Сол үшін тіп­ті Аста­на мен Алма­ты қала­ла­рын­да 3–4 ғима­рат пен облыс орта­лы­қта­рын­дағы бір­не­ше пәтер­ге арналған үлкен ғима­рат салын­бай қал­са да, ештеңе етпейді.

Ауыл­дық жер­лер­ді мем­ле­кет­тік Үде­мелі инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да жан­дан­ды­руға бола­ды. Ол үшін, мыса­лы, осы бағ­дар­ла­ма аясын­да тұрғын­да­ры өте тығыз орна­ласқан ауыл­дық аудан­дар­да ірім­шік, жеміс-жидек кон­сервілерін дай­ын­дай­тын, сұй­ы­қ­май, ет-шұжық, сүт өнім­дерін шыға­ра­тын 200–300 кіші­гірім зауыт салуға болады.

Ал ҚР Инве­сти­ция және даму мини­стрі Әсет Исе­ке­шев бол­са, мұн­дай ұсақ-түй­ек жұмыстар­мен айна­лы­сқы­сы кел­мей, алып жоба­лар­мен құла­шын кең­ге сер­меді. Инже­нер­лік талға­мы бол­ма­са да, Исе­ке­шев мыр­за бір­ден план­шет жинау зауы­тын, фер­мер­лер­ге арналған ұшақтар жинау зауы­тын салуға кірісіп, сөй­тіп мем­ле­кет­тік Үде­мелі инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны тас-талқан етті. Осы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша салы­нған нысан­дар­дың көп­шілі­гінің ғұмы­ры ұза­ққа бар­май-ақ, ашы­лған бой­да қай­та­дан жабы­лып қал­ды. Солар­дың бірі – Қараған­ды қала­сын­дағы темір-крем­ний зауыты.

Ал агра­рий­лер­ге мұн­дай бағ­дар­ла­ма­лар ауа­дай қажет. Өйт­кені ол бағ­дар­ла­ма ауыл шару­а­шы­лы­ғы шикі­за­тын өңдеу мәсе­ле­лерін шешіп қана қой­май, осы айты­лған мәсе­ле­лер­дің бәрін де жан­дан­ды­руға көмек­те­седі. Оның үстіне ауыл жаста­рын жұмысқа орна­ла­сты­рып, оларға лай­ы­қты айлық жалақы төле­у­ге де сеп болар еді.

Сөз соңын­да айта­рым: кеңес кезін­де­гі ауыл тұрғын­да­ры­на қосым­ша үсте­мақы төлеу жүй­есін біз­ге қазір қай­та­дан жаңғыр­ту керек. Ол кез­де ауыл­дағы мұғалім­дер­ге, дәрі­гер­лер­ге және басқа да маман­дар мен ауыл еңбек­шілерінің айлық жалақы­сы­на 10% қосым­ша үсте­мақы төле­нетін. Соны­мен қатар оларға отын, көмір тегін бөлініп, электр энер­ги­я­сы үшін төле­мақы­ға жеңіл­дік­тер жаса­лушы еді ғой. Әрине, қазір­гі нары­қтық жағ­дай­ды сыл­та­у­ра­тып, басы артық қар­жы­ның жоқты­ғын алға тар­тып, мұн­дай баста­маға қар­сы шығу­шы­лар да табы­ла­ды. Оларға біз былай деп жау­ап береміз:

Жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де ауыл тұрғы­ны­ның құқы­ғы бұзы­лып, олар 100 млрд дол­ларға желініп жатқан кез­де, сіз­дер неге бір ауыз үн қат­па­ды­ңы­здар? Жоға­ры­да айты­лған­дай, зерт­теу бой­ын­ша, бұл сома біздің елі­міздің 2007 жылғы ІЖӨ-не тең еді.

Елдің тұрғын үй қоры халы­қтың күші­мен жасалған. Жеке­ше­лен­ді­ру нәти­же­сі бой­ын­ша, неге тек қала­лық тұрғын­дар ғана ұтып, ал ауыл­дық тұрғын­дар ұты­лып қал­ды? Сөй­те тұра, жол­дар мен ком­му­нал­дық желілері­міз дұрыс жөн­дел­ме­ген деп қала­лық тұрғын­дар осы күн­ге дей­ін өкпе­лі. Ал ауыл бол­са, жол­дар мен ком­му­нал­дық желілер түгілі, ішетін таза ауыз суға осы уақы­тқа дей­ін жары­май отыр. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша біз бәрі­міз тең құқы­лы емес­піз бе?! Сон­ды­қтан да сол жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де­гі айыр­ма­шы­лы­қты ауы­лға қай­та­ра­тын уақыт жет­ті, әрі оны мін­дет­ті түр­де қай­та­руы­мыз керек.

Мәсе­ле бұл жер­де қар­жы­ның жетіс­пе­ушілі­гін­де емес. Бұл жер­де мәсе­ле әрі стра­те­ги­я­лық, әрі этни­ка­лық болжам­да болып тұр. Біз ауыл тұрғын­да­ры­ның қай­рат-жігерін, оқу-білі­мін елдің қажетіне толы­ғы­мен пай­да­лан­бай, олар­ды нары­қтық заман­ның ағы­мы­на өз бет­терін­ше дамуға ите­ре салға­ны­мыз түбін­де өзі­міз­ге шоқ­пар болып тимесіне кім кепіл?! Тіп­ті қазір­дің өзін­де соның зардаб­ын тар­тып келе жатырмыз.

Біздің кіш­кене ғана елі­міз (жер шары тұрғын­да­ры­ның 0,23 % ғана) қол­да­ныл­май, қара­у­сыз жатқан ауыл ресур­ста­рын қажетін­ше пай­да­лан­бай отыр. Мұны енді сая­си-эко­но­ми­ка­лық сау­ат­сыздық, этни­ка­лық және аймақтық қараңғы­лық деу­ге бола­ды. Онсыз да халық саны азған­тай елдің 2,5 мил­ли­он ада­мы жұмыс­сыз жүр­генінің өзі – әрі эко­но­ми­ка­лық, әрі әле­умет­тік ауы­тқу­шы­лық: бұл дұрыс көзқа­рас­тан ары­лу емей немене?! Ол мәсе­ле жыл­дан-жылға қор­да­ла­нып, үсті-үстіне жина­ла беретіні хақ. Өйт­кені ауыл тұрғын­да­ры­ның 25–35%-ы күн­көріс мақ­са­тын­да, әрі білім мен еңбек қуып қала жаға­лап кет­ті. Сон­ды­қтан да ауыл­дағы біздің қан­ша­ма жер­лері­міз игеріл­мей, иесіз қалып жатыр. Онсыз да аз халық үшін бұл жығы­лған үстіне жұды­рық емес пе?!

Адам ресур­сы – кез кел­ген елдің ең басты капи­та­лы болып табы­ла­ды. Ал біздің жағ­дай­ы­мы­зда мұның гео­са­я­си маңы­зы өте зор. Ауыл тұрғы­ны қашан да өсу­ге, көбе­ю­ге тыры­са­ды. Олар­дың бала­ла­ры да, жанұя мүше­лері де көбірек. Сон­ды­қтан да мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды қабыл­даған кез­де, ауыл­дың осы жағ­дайы үне­мі ескерілуі керек, қан­дай да бол­ма­сын эко­но­ми­ка­лық бағ­дар­ла­ма кем деген­де тұрғын­дар­дың екі есе өсі­міне сәй­кес есеп­те­луі керек. Бола­шақта біздің елдің халқы­ның саны 35–40 млн ада­мға жетуі тиіс. Бұл бүгін бар, ертең жоқ, келе­ше­гіне бал­та шабы­лған алдам­шы бағ­дар­ла­ма­лар­дан әлдеқай­да маңы­зды. Бұл тек азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сы ғана емес, ең басты­сы – бұл ел мен елде­гі этно­са­ра­лық қауіп­сіздік пен бір­лік. Ал елдің бір­лі­гі біз­ге ауа­дай қажет.

Міне, осы заң­ды үрдісті біз көпұлт­ты, өте ұйым­шыл, әрі шару­а­шы­лы­ғы әбден қалып­тасқан, ең басты­сы – несі­бесі мол, ауыл­ды азық-түлік­пен молы­нан қам­ти ала­тын мықты мем­ле­кет ретін­де жүріп өтуі­міз керек. Біз мұны ешқа­шан естен шығар­мауы­мыз керек. Біздің көр­ші елдері­міздің (Ресей, Қытай және Өзбек­стан) халқы біз­ге қараған­да әлдеқай­да көп. Сон­ды­қтан да құрып кету­ге шақ қалған біздің ауыл­дар­ды эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да қай­та­дан жан­дан­ды­ру – дереу қар­жы­лан­ды­ру­ды талап ететін аймақтық Жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың басты мін­деті болып табылады.

Алай­да біздің үкі­мет­тің жұмысын тал­дай келе, олар­дың мұн­дай мін­дет­тер­ді орын­да­удан аулақ екенін көру­ге бола­ды. Олар­дың қазір­гі іс-әре­кеті өте бұлы­ңғыр, қылы­қта­ры соқыр­дың ісі сияқты. Мыса­лы, Кәрім Мәсі­мов мәсе­лені толы­қтай түсіне де алмай­тын сияқты. Ал нақты ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты мини­стр­лер А. Мамыт­бе­ков пен Ә. Исе­ке­шев­тің әре­кет­тері тіп­ті күл­кіні кел­тіреді. Қазір­гі күн­нің тала­бын еске­ре оты­рып, онсыз да тұра­лап қалған эко­но­ми­ка­мы­здың нәти­желі дамуы­на кедер­гі кел­тір­меу үшін, олар­ды бұл сек­тор­дан шет­те­ту керек. Өйт­кені қазір­гі тарих пен оның даму үдерісіне әсер ету­ші эко­но­ми­ка­ның түр­ле­ну заң­ды­лы­ғы­на сәй­кес, тұрғын­да­ры­ның бәрі жұмыспен қам­та­ма­сыз етіліп, адам ресур­ста­рын толы­ғы­мен пай­да­ла­на­тын, өмір сүру сапа­сы өте жоға­ры, аза­мат­тық қауым­да­сты­ғы бар ел ғана ең бай, ең дамы­ған ел болып сана­ла­ды. Өкініш­ке орай, біздің елі­міз ондай елдер­дің қата­ры­на қосы­лу үшін әлі талай жыл­дар керек. Біз­де тіп­ті жаңа ой-өрісі, жаңа көзқа­ра­сы қалып­тасқан эли­та жоқтың қасы.

Ал депу­тат­тық кор­пу­стың қыз­метіне тал­дау жасай келе, олар­дың ішін­де өзек­ті мәсе­ле­лер­ді көтеріп, баса сын айта ала­тын 2–3 адам­ды ғана ауы­зға алуға бола­ды. Ауыл­дың бүгін­гі жағ­дай­ын өздерінің шыққан жер­лерін ұмыт­паған сон­дай депу­тат­тар­дың көме­гі­мен шешу керек. Ал қыз­меті ақсап оты­рған Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі қыз­мет­кер­лері­нен істе­ген істері жай­лы есеп беруін талап ету керек және босқа орын алып оты­рған олар­дың тең жар­ты­сын қыз­меті­нен боса­ту қажет. Әйт­пе­се ауыл үстіне төніп тұрған эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс бұл­ты­на, бәсе­ке­ге төтеп бере алмай, бір­жо­ла сей­іліп, жоқ болып кетуі мүмкін.

Өкініш­ке орай, біз қай­тып кел­мей­тін алтын уақы­ты­мы­зды жоғал­тып отыр­мыз. Ол уақыт­ты біз өз халқы­мы­здан, әсіре­се ауыл ада­мы­нан ұрлау үстін­де­міз. Сөй­те тұра, оны кедей­шілік­ке итер­ме­леп, келе­ше­гіне деген сені­мі­нен ары­л­тып, өзі мен бала-шаға­сы­ның күн­көрісі үшін қай­ғы­ға салып, әлсіз күй­ге түсіріп қойдық.

 

Айдар Сей­іт-қожа СЕЙДАЛИЕВ,

эко­но­ми­ка­лық  шолушы,

«

 

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн