Понедельник , 7 июля 2025

 «ЕРІКСІЗ ЭМИГРАНТ» Мұхтар Мағауин 75 жасқа толғандағы толғау

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

…Мұх­тар Маға­у­ин­нің туған күні. Қазақ халқы­ның маң­дай­ы­на біт­кен біре­гей жазу­шы 75 жастың биі­гіне шығып отыр. Егер біздің елде Ұлт руха­ни­я­ты­ның шежіресін түзу жұмыста­ры жос­пар­лы түр­де жүр­гізіліп оты­рған бол­са, оның Мұх­тар Маға­у­ин­ге қаты­сты тара­уы қалың да маз­мұн­ды болып шығар еді. Жазу­шы­лы­ғы бір төбе, ғалым ретін­де­гі еңбе­гі ұшан-теңіз, аза­мат­ты­ғы керу­ен­ге жүк болар­лы­қтай Алаш аза­ма­ты­ның аты­на айты­лар мадақ аз бол­ма­са керек. Бүгін­дері Пра­га қала­сын­да тұрып жатқан жазу­шы шығар­ма­шы­лық қары­шта­удың шыңы­на шыққан­дай болып көрінеді…

Аbai.kz

 

 

Анау алы­ста жүр­ген Мұх­тар Маға­у­ин мынау Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен даң құр­дас екен: Мұқаң 75-ке кеше тол­ды, ал Нұре­кең үркер ауып кетер шіл­денің бірін­ші жетісін­де жетіп қалар… Ара­ла­ры бір итжей­делік алты-ақ ай.

Ал бүгін­гі ара­ла­ры жер мен көк­тей: Нұре­кеңнің ширек ғасыр шірене оты­рған тағы мен басқа бағын былай қой­ған­да, «ерт­теп мін­ген» Қаза­қста­ны, арты­на арнап жүр­ген Аста­на­сы бар. «Қой дей­тін қожа­сы, әй дей­тін әже­сі жоқ» – бәріне бір өзі ие. Жар­лы­ғы да, бар­лы­ғы да тақы­мын­да. Тең­десін төрт­күл дүни­е­ден тін­тіп таппайсың.

Мұқаң бүгін­де Арқа­сы­нан да, жарқа­сы­нан да ауып кет­кен. Елі­нен алыс Еуро­па­да. Алма­ты­дағы төрт бөл­мелі жалғыз пәтері пана бол­маған­нан емес: қалың қабағанға қапы­да балақ ілдір­мей­ін, баз кеш­кен күнін күн­шіл­ге күл­дір­мей­ін, бір басын­дағы мың­ның мұңын бай­құсқа біл­дір­мей­ін деп кет­кен. Сон­дағы­сы – қыр­да қаңғы­рып қалған қалың қаза­қтың қамы, әде­би­ет­тің ары, тарих­тың таза­лы­ғы үшін кеш­кен кеп. «Өңшең қиқым­мен» қыры­лы­сып, қазақ құр­мет тұтқан қадірін кетір­мей­ін деді. Әйт­пе­се «кет» деп жер теп­кілей керіс­кен кісі жоқ. Қаза­қ­шы­лап: «Жақ­сы ит өлі­гін көр­сет­пей­ді» деді-демеді – кет­ті де қал­ды. Тәу­ел­сіздік елі­гі­мен есір­ген елі­нен безіп, еріксіз эми­грант атанды.

Басқа­сын біл­мей­мін, бұл енді – мінез! Әде­би­ет әле­мін­де мінез­сіз құбы­лыс жасал­май­ды. Ол жасаған құбы­лы­стың құнын бір күні «оры­нын сипап қалған­да» ғана сезбе­сек, бүгін­гі қарын­ның қамын қуған қазақ қан­нан-қапер­сіз. Үлкен Мұх­тар­ды да өзе­уре­ген өгіз­дер өле-өлген­ше өңмен­деп өткен: кей­ін ғана ғой – қаза­қты әлем әде­би­етіне енгіз­ген еке­удің бірі осы еді деп елінің еңіреп қалғаны.

Бірақ ол мінезі бір басы­ның күй­ін күйт­те­ген «мен­нің» кебі емес, көген­де­улі көп­тің кеш­кен кесірін көр­ме­удің, «мың­мен жалғыз айқа­ста» ішқұ­са­лы­қтан өлме­удің мінезі екенін езіл­ген елдің бірі білер, бірі біл­мес. Біл­гені әтте­ген-аймен айла­сыз отыр. Біл­ме­гені – бұл күн­нің беті аума­са, енді­гі жер­де біліп бол­май­ды: нақұрыс наси­хат наданға намаз болған заман туды. Оны ома­лу­дан орал­ту­дың жалғыз жолы – қазақ қоға­мын ной­ы­стың ноқ­та­сы­нан құтқа­ру ғана.

Бірақ менің жаны­ма бата­ты­ны тіп­ті де бұл емес: елге ес болған­дар «қай­да кет­тің?» деме­гені. Деме­гені – еле­ме­гені емес, «жерім кеңіді» дегені еді. Демек түгілі, орда­сы да, одағы да ірісін ізде­меді. Ізде­ме­гені – ізгілік­тің іріп-шірі­гені, руха­ни­ят­тың уығын ұстаған­дар шаңы­рақты шірік жіп­пен ұша­рын жел білер бұл­тқа байлағаны.

Бұл енді – қатер! Қаза­қтың қара басын қора­лаған қауіп! Мәсе­ле Маға­у­ин­да ғана емес, мәсе­ле – маға­у­ин­дар­ды маңы­тып, қаб­де­ш­тер­ді қапер­ге ілмей, софы­лар­ды «сол­шы­лға» санап, темір­хандар­ды тұлға тұт­пай­тын сана­ны қоғам­дағы қалып­ты құбы­лы­сқа айнал­ды­рар айла­да. Оның аста­ры – сол айла­мен сұрқай тобыр туды­ру; ол тобыр­ды бір қап­шы­ққа буды­ру; бас көтер­генін бел асы­ра қуды­ру. Нәти­же­сі – рух­тан жұр­дай жұрт­ты мұрын­ды­қталған малға айнал­ды­ру. Содан соң биле де, күйле!

Сон­да дей­мін-ау, жалғыз тұлға тұл­дай қаза­қты қай отыз елдің қата­ры­на қос­пақ? Мәде­ни­еті мен әде­би­етін жасаған жам­поз­да­ры жұрт­та қалған елді қай «отыз» құшағын жай­ып қар­сы ала­ды? Ішкі жал­пы өні­мі мешел­дің қары­нын­дай қам­пиып, рухы өлек­се болған көте­рем қоғам өрке­ни­ет­тің биік өріне қалай шық­пақ? Міне, Маға­у­ин мысал болған гәп­тің гөйі – осы.

Осын­дай­да Осман импе­ри­я­сы­нан кей­ін күй­ре­ген түрік­тің бет­ке баса­рын төрт­күл дүни­е­ден жинап, ХХ ғасыр­дың 20-жыл­да­ры ұлт­тық рес­пуб­ли­ка құрған Мұста­фа Кемал Ататүрік ауы­зға ілі­геді. Ол елін­де­гі күрд, армян, грек, еврей және басқа ұлы­стар­ды біз­де­гі сияқты тұрақты­лы­қтың тұғы­ры­на балап, түрік­тің үлесін өзге­ге бөліп бер­меді. Сырт елдер­ге босып кет­кен түрік­тің тек­тісін еліне шақы­рып, «мен – түрік­пін» деген ұлт­тық ұранға, қалың халқы­на қыз­мет қыл­дыр­ды. Міне, бүгін­гі Түр­ки­я­ның сол «оты­здың» жуан орта­сын­да жүруі – ару­ағы­ң­нан айна­лай­ын Ататүрік­тің арқа­сы еді.

…Ал біздің Ататүрік қашан туар екен, Мұх­тар­лар өз елін­де, өз халқы­на өле-өген­ше қашан қыз­мет қылар екен?

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн