Суббота , 3 мая 2025

Олар 28 емес, 130 БОЛҒАН

Жаңа дерек

 

  • Кеңе­стер Одағы құлаған­нан кей­ін көп өтірік­тер­дің беті ашы­ла баста­ды. Соның бірі –Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс тақы­ры­бын­дағы «ерте­гілер». Мұн­дай «қиял-ғажай­ып­тар­дың» Қаза­қстанға қаты­сты­сы да аз емес. Олар­дың бәрін жинап-теріп жаза­тын бол­сақ, бір­не­ше том­дарға жүк бола­ры анық.

Біздің бұл сөзі­мізді өмірінің еле­улі бөлі­гін Екін­ші жаһан­дық соғыс тақы­ры­бын зерт­те­у­ге арнаған, 25 жыл бойы ұрыс оқиға­ла­ры өткен жер­лер­ді шар­лап, гер­ман-кеңес мұрағат­та­рын ақтарған арда­гер, бүгін­де Л.Гумилев атнын­дағы ЕҰУ-дің про­фес­со­ры, «Мемо­ри­ал­дық аймақ» іздеу отря­ды­ның коман­ди­рі Май­дан Құсай­ы­нов (сурет­те) та құп­тап отыр.

– Осы кез­ге дей­ін көзім жет­кені – соғыс оқиға­сы­на қаты­сты жари­я­ланған мате­ри­ал­дар­дың көп­шілі­гі өтірік. Әйт­пе­се, құжат деректерін, әлдебір фак­тілер­ді үзіп-жұлып пай­да­ла­нып, шын­ды­қты бұр­ма­ла­у­шы­лық басым. Сон­дай-ақ мәлі­меті ешқан­дай жер­де жари­я­лан­баған, ешқан­дай мұрағат­тар­да тір­кел­ме­ген оқиға­лар да аз емес. Мәсе­лен, Кеңес мұрағат­та­рын­да Қаза­қстан­нан жасақталған 106-кава­ле­ри­я­лық полк тура­лы еш ақпар жоқ. Аталған әске­ри құры­лым түгел­дей жау қолы­на түсіп, ерлік­пен қаза тапқан. Неміс құжат­та­рын­да осы соғыс жай­ын­да, ондағы қазақ жауын­гер­лерінің ерлік­пен шай­қасқа­ны жай­ын­да тәп­ті­ш­теп жазы­лған. Ал Кеңес тарихын­да мұн­дай әске­ри құры­лым­ның тіп­ті болға­ны тура­лы да еш дерек жоқ…

Ғалым­ның айтуын­ша, сон­дай-ақ көп кез­де­сетін өтірік­тер­дің бірі – болған оқиға­лар­дың боя­уын бат­та­сты­рып беруі. Мәсе­лен, Кеңес оқулы­қта­рын­да жазы­лған батыр­лар­дың, ерлік оқиға­ла­ры­ның 90 пай­ы­зы сим­во­ли­ка­лық қана –«дзот­ты кеудесі­мен жапқан» мат­ро­со­втар жауын­гер­лік рух­ты көте­ру үшін қажет бол­ды. Ал Воло­ко­лам тасжо­лын­да «тас бекініп, 23‑і қаза­ға ұшы­рап, бірақ Мәс­ке­у­ге жау тан­кілерін өткіз­бе­ген, кей­ін бар­лы­ғы­на Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы беріл­ген 28 пан­фи­лов­шы­лар» 28 емес –130 болған, олар 18 тан­кіні емес – 6 тан­кіні жарған, 4 тан­кі минаға өздері аран­дап қалған. «Кеңес Одағы­ның Баты­ры» атағы беріл­ген­дер­дің кей­біре­улері жау қолы­на тұтқы­нға түсіп, кей­ін Кеңес лагерь­лерін­де жаза­сын өте­ген. Енді біре­улері неміс­ке саты­лып, поли­цай болған. Міне, «28 пан­фи­лов­шы­ларға» қаты­сты шын­ды­қтың бір пара­сы осы.

Дәу­летқа­ли АСАУОВ,

Baq.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн