Понедельник , 7 июля 2025

Қош, қазақтың ЖОҚШЫСЫ!

 

Қалың қаза­ғы Гер-аға деп атаған бір­ту­ар Бель­гер өмір­ден өтті. Елінің жүре­гін­де­гі оның енді қай­тып тол­мас оры­ны үңірей­іп қал­ды. Тау­сыл­мас өмір жоқ… Бірақ біздің Бель­гер­ге кел­ген­де, сол бұй­ыр­тқан өмір­дің тау­сы­лып қалға­ны өкінішті-ақ!

Кесім­ді ғұмы­рын­да 75 кітап жазған, тау-тау еңбек­ті еңсеріп кет­кен Гер-аға­ның артын­да арма­ны қал­ды ма? Кім біл­сін? Бірақ ол өзінің соңғы бір сұх­бат­та­рын­да былай деген еді:

«Менің Қаза­қстанға кере­гім бар тәрізді. Орыс газетін­де менен сұх­бат ала­тын жур­на­ли­стер жоқ. Өзім­ді керек етпе­ген ортаға мен қалай сыя­мын? Ол түгілі, мен Ресей­де де тұра алмай­мын. Маған Мәс­кеу үлкен жын­ды­ха­на тәрізді. Жалғыз қызым сон­да. «Келің­дер» деп шақы­ра­ды. Бәй­бі­шем «кетей­ік» деп қояды. Ал мен Қаза­қстан­ды, Алма­ты­ны, өзім­мен бір­ге қар­тай­ған заман­даста­рым­ды қимай­мын. Мини­стр­лер кеңесі ауру­ха­на­сы­ның дәрі­гер­лері күна­ра келіп, қан қысы­мым­ды тек­серіп тұра­ды. Демек, қаза­ққа керекпін. Қазақ жері­нен басқа барар жерім, басар тауым жоқ. Ертең көзім жұмы­ла қал­са, мұсыл­ман бол­ма­сам да, Кең­сай­дың бір бұры­шы­нан жер бесік­тей орын бұй­ыр­са екен дей­мін. Ондағы бақи­лық болып кет­кен доста­рым­мен бір­ге екін­ші өмірім­де де Алма­ты­ма төбе­ден қарап жатқым келеді. Мен­де одан басқа тілек жоқ…».

Бұл тіле­гі орын­дал­ды: Кең­сай­дың той­ым­сыз төбесі­нен Алма­ты­сы­на қарап жатыр… Бірақ қаза­ғы­на қамқор болған, оның уай­ым-мұра­ты­мен біте қай­на­сып, бар өмірін өткер­ген гер­ман Гер-аға­мы­здай, біз­ге енді кім жоқ­шы болар екен?..

Қош, аға!

«

(Тақы­рып­тың жалға­сын нөмір­ден оқи аласыздар)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн