Вторник , 26 августа 2025

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан «КЕҢЕЙТІЛГЕН» ДЕРЕКТЕР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Апта апты­ғы

 

Ресми ақпа­рат көз­дері жары­са хабар еткен­дей, кеше Аста­на­да ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қаты­суы­мен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сы өтті.

 

Біз бұл кеңей­тіл­ген оты­ры­стан қан­дай «кеңей­тіл­ген» мағлұ­мат алдық. Бірін­ші­ден, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­да «анау айтар­лы­қтай дер­бес дағ­да­рыс» жоқ екен. Бары – әлем­де болып жатқан жал­пы дағ­да­ры­стың екпіні ғана. Пре­зи­дент­тің сөз сыңайы осындай.

Сөз жоқ, әлем­дік мұнай баға­сы­ның құл­ды­рап кетуіне бай­ла­ны­сты қиын­шы­лық халы­қа­ра­лық сипатта өрістеп бара жатқа­ны анық. Бірақ ол қиын­шы­лы­қтан АҚШ неме­се Еуро­па елдері сон­ша­лы­қты зардап шегіп жатқан жоқ. Эко­но­ми­ка­сы «зар еңіреп» қалған елдер – мұнай­дың экс­пор­ты­на ғана тәу­ел­ді болған Ресей мен Қаза­қстан сияқты шағын және орта кәсі­по­рын­да­ры кен­де қалған елдер. Біздің елде­гі ішкі жал­пы өнім­нің жар­ты­сы­нан аста­мын, мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің 60 пай­ы­зы­на жуы­ғын мұнай-газ сек­то­ры беретін бол­са, нағыз зар­лай­тын уақы­ты­мыз әлі алда – бар­рель­дің құны 30 дол­ларға дей­ін түс­кен кез­де болады.

Дағ­да­ры­сқа «бірін­ші кері фак­тор – әлем­де мұнай баға­сы­ның 2 есе­ден артық төмен түсуі: бар­реліне $100-ден көп бол­ды, ал қазір 50 дол­лар­дан… Біздің экс­порт­тық тау­ар­ла­ры­мыз – метал­дар, тыңай­тқы­штар мен басқа­ла­ры­ның әлем­дік баға­ла­ры төмен­де­уде… Екін­ші маңы­зды фак­тор – эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс, ресей­лік рубль­дің құн­сызда­нуы», – дей­ді ел президенті.

Бұл «анау айтар­лы­қтай» емес, бұл дағ­да­рыс Ресей тара­пы­нан енте­леп келе жат­са да, Н. Назар­ба­ев қаза­қстан­дық кәсі­по­рын­дар­дың қазір­гі қиын­ды­қта­ры Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа (ЕАЭО) кіруі­мен бай­ла­ны­сты емес, деп есептейді.

«Бүгін­дері ресей­лік рубль­дің әлсіре­уі фонын­да және біздің ішкі нары­ғы­мы­зға сырт­тан көр­сетіліп оты­рған қысым­ның артуы­мен біздің өндіру­шілер­ге шығын келіп жатыр. Ол рас, бірақ оның Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа қаты­сы жоқ, одақ – біздің стра­те­ги­я­лық бағы­ты­мыз. Одан біз бас тарт­пай­мыз және Кеден­дік одақтан да. Біз одақты құру кезін­де оған өмір өз түзе­ту­лерін жасай­ды деген­біз», – деді ол одаққа көз алай­ту­шы ағай­ын­дар­дың алдын алып.

Деген­мен, ол АҚШ пен Еуро­па елдері тара­пы­нан салы­нған санк­ци­я­ларға бай­ла­ны­сты Ресей бүгін­де ауыр жағ­дай­да қалып оты­рға­нын рас­та­ды. «Ол санк­ци­я­лар ешкім­ге де пай­да­лы емес. Еуро­па 25 мил­лард қара­жат жоғалт­са, Ресей – 41 мил­лард дол­лар жоғал­тып отыр. Біз Ресей бұл жағ­дай­дан абы­рой­мен шыға­ды деп сене­міз, одан да ары қарай дами­ды, ал біз солар­мен бір­ге дами­мыз», – деді Н. Назар­ба­ев. Пре­зи­дент­тің осы сөзіне ден қой­сақ, біз­де даму­дың басқа бағы­ты жоқ.

Әйт­се де, біз­де «анау айтар­лық дер­бес дағ­да­рыс жоқ» бола тұр­са да, пре­зи­дент «үкі­мет­ке 2015 жылға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет шығы­нын 700 млрд тең­ге­ге неме­се шығын­ның жал­пы көле­мінің 10%-ына қысқар­ту­ды тап­сыр­ды». Бұл қысқар­ту Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы үшін көп пе, аз ба?

Оны да пре­зи­дент­тің сөзі­мен өлшеп көрелік: «Жал­пы алған­да, үкі­мет мини­стр­лік­тер­де­гі, ведом­ство­лар­дағы, орын­дар мен хол­дин­гілер­де­гі бар­лық үнем­деу 4 млрд аме­ри­ка­лық дол­лар­ды құрай­ты­нын баян­дап отыр. Еле­стетіп көріңіз», – деді Н. Назар­ба­ев. Ал енде­ше валю­та­лық мөл­шер­де­гі бұл қысқар­ту­ды біздің 30 мил­ли­ард дол­ларға жетер-жет­пес мем­ле­кет­тік бюд­жет­пен өлшеп көрелік: бұл – бюд­жет­тің 15 пай­ы­зы­на жуық көр­сет­кіш. Яғни, пре­зи­дент қатер­дің «көзін бады­райт­пай» көр­се­ту­ге тыры­сып бақты.

Сөй­те тұра, мем­ле­кет бас­шы­сы «мек­теп­те­гі оқу­шы­ла­ры­ның айра­ны мен булоч­ка­сын қаза­қстан­ды­қтар­дың өздері төле­улері керек» деп есеп­тей­ді. Бұл, шама­сы, оның мек­теп­тер­де баста­уыш кла­стағы оқу­шы­ларға берілетін тамақты қысқар­ту керек деген иша­ра­сы бол­са керек.

«Мек­теп­тер­де­гі тамақ тура­лы айт­сақ. Не (ата-ана­лар) өздерінің бала­ла­рын қам­та­ма­сыз ете (тамақ­пан) алмай ма? Біз де мек­теп­тер­де оқы­ған­быз, аздап тиын-тебен беретін, үзіліс кезін­де айран мен булоч­ка сатып ала­тын­быз және солай өмір сүр­ген­біз. Мем­ле­кет толы­ғы­мен өзіне білім беруді, мұғалім­дер­ді, оқулы­қтар­ды, мек­теп­тер­ді мой­ны­на ала­ды, ал бірақ мына тір­лік­ке (оқу­шы­лар­ды тамақ­пен қам­та­ма­сыз етуді) ата-ана­лар өздері шығын­да­уы тиісті… (Қаз­ТАГ), – деді Н. Назарбаев.

Әрине, ата-ана­лар өз бала­ла­ры үшін аузын­дағы­сын жырып береді: бірақ сол ата-ана­ларға үкі­мет жұмыс тауып беру­ге және күн­көрісіне жетер­лік жалақы алу­ла­ры­на жағ­дай жаса­са жет­кілік­ті. Үнем­ді халы­қты қысу­дың, салы­қ­пен қылқын­ды­ру­дың есебі­нен емес, өндірістік-эко­но­ми­ка­лық тегер­шік­тер­ді дамы­ту арқы­лы жасау керек шығар…

«Жұмыс­сыздық» демек­ші, осы кеңей­тіл­ген оты­ры­ста сөз сөй­ле­ген ҚР пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Бер­ді­бек Сапар­ба­ев дағ­да­ры­стың сал­да­ры­нан, «қабыл­да­нып жатқан шара­ларға қара­ма­стан және әлем­дік эко­но­ми­ка­дағы жай­сыз жағ­дай­дың есебі­нен, сарап­шы­лар­дың баға­ла­уы бой­ын­ша, 120 мыңға дей­ін­гі жұмыс­шы­лар­дың боса­ты­луы ықти­мал», – деді. Деген­мен, Сапар­ба­ев­тың сарап­шы­ла­ры «сараң­дық» таны­тқан неме­се ол да өз пре­зи­ден­ті сияқты халы­қты шошы­тып алмай­ын деп отыр: Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­на болжам бер­ген тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, биы­лғы жыл­дың аяғы­на дей­ін 1,5 мил­ли­онға жуық адам жұмыс­сыз қала­ды. Міне, «қуыр­дақтың көкесі» алда-жал­да осы болжам шын­ды­ққа айналған жағ­дай­да болады.

Осы қатер­ге тосқа­уыл бола­тын бір­ден-бір шара қан­дай? Кеңей­тіл­ген оты­ры­ста жұмыс­сызды­ққа жол бер­меу жөнін­де­гі бұл шара облы­старға қарай сыра салы­нға­ны бел­гілі бол­ды. Яғни, жуық апта­лар­дың ара­лы­ғын­да жер­гілік­ті бас­шы­лы­қтар жұмыс­сызды­қты бол­дыр­мауға қаты­сты құжат­тар дай­ын­дап, оны үкі­мет­ке ұсы­на­ды. Орта­лық бюд­жет­ке салық жина­у­мен естері шығып жүр­ген облыс әкім­дері бұл шара­ның шаңын шыға­ра­ды деген­ге күдік көп. Қағаз бәріне де шыдай­ды: әкім­дер әзір­лей­тін шара­ның шаңы құжат жүзін­де ғана бұрқы­рай­ты­ны ежел­гі дәстүр­ден бел­гілі жәйт.

Ал бұл орай­да орта­лы­қтың өзі не тын­дыр­мақ? Бұл орай­дағы пре­зи­дент­тің жалы­ны­шқа толы сөзі мына­дай: «Еңбе­кақы үшін оны (жұмыс­шы­ны) әлдебір жер­ге жөнел­ту қажет. Егер ол өз еркі­мен кет­се, онда – мәсе­ле жоқ, бірақ мен ком­па­ни­я­лар­дың бар­лық жетек­шілеріне жүгі­не­мін, егер өндірісті түсіру­ге мәж­бүр бол­саңы­здар және адам­дар­ды амал­сыздан қысқарт­саңы­здар, ол (жұмыс­шы), мүм­кін, басқа (жұмыс орнын­да) жер­де жұмыс істей­тін бол­са да, жұмыс орын­да­рын сақ­та­саңы­здар екен. Бұл адам үшін, оның отба­сы үшін прин­ципті түр­де маңызды».

Әрине, оба­лы не керек, бұл пре­зи­дент­тің тара­пы­нан айты­лған қай­ы­рым­ды­лы­ққа толы өтініш: бірақ нарық жағ­дай­ын­да жұмыс істей­тін кәсі­по­рын­дар «өндірісті түсіру­ге мәж­бүр бол­са», олар жұмыс орнын қалай сақтап қала ала­ды? Жалақы мен басқа да шығын­дар­дың қар­жы­сын қам­та­ма­сыз ететін басқа­дай эко­но­ми­ка­лық кате­го­ри­я­лар бар ма еді?

Иә, пре­зи­дент­тің біз­де «анау айтар­лық дағ­да­рыс жоқ» дей оты­рып, қауіп қылуы­на қараған­да, Қаза­қстан­ды эко­но­ми­ка­лық қатер күтіп тұрға­нын сезі­ну­ге бола­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың: «Үкі­мет дереу жедел шара­лар­ды қабыл­дау үшін айтар­лы­қтай резерв құруы тиіс. Бір жыл ішін­де бәрі де болуы мүм­кін, сыр­тқы және ішкі ықпал да, қан­дай да бір жедел жайт­тар орын алуы мүм­кін. Ол үшін мен 250 мил­ли­ард тең­ге көле­мін­де үкі­мет резервін құру­ды тап­сыр­дым», – деуі тегін емес.

Қалай болған­да да, «анау айтар­лық» қам жасаға­ны­мыз жөн сияқты…

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн