Понедельник , 7 июля 2025

Неміс екенімді ұмытпайтын НАМЫСТЫ ҚАЗАҚПЫН

Гер-аға сон­да не деді?

 

 

…Гер­ма­ни­ядан хабар кел­ді. Лео­нид Вай­ман қаза боп­ты. Ол бұ­рын Қаза­қстан­да тұрған. Бір кез­де ол мені де Гер­ма­ни­яға көшей­ік деп үгіт­те­ген. Бірақ мен өз­ім­ді Қаза­қстан­да ғана адам ретін­де сезі­не­мін (20.01.08.).

 

***

Өзі­ме де обал жоқ. Нағыз қаза­ққа айна­лып біт­кен­мін. Шын неміс екі-үш ай бұрын ауру­ханаға жатып, мұн­дай­ға жол бер­мей, инфарк­тқа жет­кіз­бес еді. Ал мен өмірім қыл үстін­де тұр­са да, қаза­қы­лы­ққа салындым…

 

***

Басқа – басқа, ал қа­зақтар маған ала­көз бол­ғандай ілік жоғы құдай­ға да, өзі­ме де аян.

 

***

Маған қаза­қтың ішкі мәсе­ле­леріне тым сұғы­на беру­ге бол­май­ды. Әдеп керек. Әрдай­ым он ойла­нып, жүз толға­нып, не айт­сам да орным­ды біліп, сақта­на сөй­ле­уім қажет.

 

***

Өз басым жер бетін­де қаза­қтай қонақ­жай халық бары­на шексіз ризамын.

 

***

Мен үшін Гер­ма­ни­яға кету – өлім жаза­сы­мен бірдей.

 

***

Менің ұлтым неміс болған­мен, бол­мысым – қазақ.

 

***

…Жал­пы, қазір­гі кез­дегі қазақ газет­терінің қай-қай­сысы­нан да оқи­тын нәр­се табы­ла­ды жә­не молы­нан табы­ла­ты­ны оңды құбы­лыс. Тек олар­ды оры­стар мен орыс­тілді дым­біл­мес, мен­мен­сіген қаза­қ­сы­мақ міс­кіндердің оқымай­ты­ны өкіні­шті демесең…

 

***

Қалың тұман ішін­де түк біл­мей, сезбей, бар­лығынан мақұ­рым қал­ған най­сап­тар өздерін кім­біз деп ойлар екен, а? Қаза­қ­пыз дер ме екен? Әй, қай­дам, күді­гім бар… Мұны мен айтып отыр­мын: неміс екенін ұмыт­пай­тын намысты қа­зақ – Герольд Бельгер.

 

 

 

Бұза­утіс

 

Гете менен Абай­ға ерген адам –

Бұза­утісін үш тіл­дің өрген ағам.

Қара қыл­ды қақ жарған әділдікті,

Құдай өзі қастер­леп бер­ген оған.

 

Қазақ үшін қуа­нып, қамығатын,

Қан­ша­мы­здан Ала­шқа жаны жақын.

Қазақ мұңы Абай­ды қайыстырған,

Қаяу салып жүр ме екен жаны­на тым?

 

Күн­шу­ағын жет­кіз­ген қысқа күннің,

Қадіріне жетіп­ті Ұста­ның кім?

Алты Ала­штың бағы­на жер аударған,

Ата­сы­на не дей­міз Сталиннің?!

 

Уақы­тқа да өліс­пей беріспеген,

Уы бар ма қаза­қтың сен ішпеген?

Бар қаза­қты бір өзің ұрмай-соқпай

Ғашық қыл­дың ұлты­ңа неміс деген!

 

Зама­ны­ң­ның келесің сүй­реп көшін,

Намыс­сыздың күй­месін күйреткесің.

Қаза­қтар­дың өзіне болмысыңмен

Қалай қазақ болу­ды үйреткесің.

 

Құра­лай­ды көз­ге атқан сұрмергенім,

Ер мінез­ден ешқа­шан сыр бермедің.

Тістеп сүй­ген қаза­ғын жақ­сы көріп,

Мың біл­гір­ге тати­тын бір Бельгерім!

 

Ұлы­қ­бек ЕСДӘУЛЕТОВ,

2014 жыл

 

Көңіл айту

 

Герағам­ның ар­тын­­да қалған Рай­са апа­мызға Алла қу­ат бер­сін! Марқұм­ның ру­хына арналған мы­на шумақты жылап от­ы­рып жазған едім:

 

Жылу сый­лап адам­дарға жүр едің,

Шар­ша­дың-ау, тоқта­ды ма жүрегің?

Қаза­қтың жай­ын қаза­қтан артық айтатын,

Енді ешкім­нің жоқ екенін білер кім?

Ғай­ни АҢШЫБАЙ,

Батыс Қаза­қстан облысы,

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

Қаратө­бе ауылы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн