Понедельник , 7 июля 2025

Ынтымақ ауылынан неге ЫНТЫМАҚ КЕТТІ? Немесе ағасының жерге қатқан қанын сүйген қарындасқа қандай жауап береміз? 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

 «Сары­ағаш оқиғасы»

 

 

Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның Сары­ағаш ауда­ны­на қарас­ты Ынты­мақ ауы­лын­да орын алған «ұлта­ра­лық араз­дық» оқиға­сы ел бас­пасөзін­де тұм­ша­у­лы қалған тақы­рып бол­ды. Бір адам­ның қаза­сы­нан туған кикіл­жің нәти­же­сін­де оннан астам үй, бір­не­ше авто­көлік өртелді.

Ең басты­сы – Бақыт­жан Арты­қо­втың қаза­сы­на қаты­сты жан­түр­ші­гер­лік сурет­тер ұялы теле­фон­дар мен интер­нет жүй­есі арқы­лы тез тарап, дүй­ім елді дүрліктірді.

Ел ішіне іріт­кі сал­мауға мүд­делі билік­тік және тиісті құқы­қтық құры­лым­дар бұл қаза­ға және орын алған оқиғаға қаты­сты қозғалған қыл­мыстық істі әділ тер­геп, ақиқатқа сай баға береді деген үміт бар.

 

Оқиға жөнін­де хабар тараған күн­нің ертеңіне шұғыл жолға шықтық. Дәл осы күні ел пре­зи­ден­ті жария еткен Ассам­блея жылы­ның ашы­лу сал­та­на­ты бар­лық облыс орта­лы­қта­рын­да өтіп жатқан еді. Жол­дан біз­ге «Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сы­ның шым­кент­тік өкілі Жарқын­бек Сей­тім­бет қосылды.

Ынты­мақта шағын ауыл­дың тұрғын­да­ры­нан гөрі, қару­ланған жасақтың қара­сы әлдеқай­да басым көрін­ді. Жалғыз ұлы­нан қапы­да айы­ры­лған ана­ның жоқта­уы бір жағы­нан естіліп, кең аула­да жиналған ауыл тұрғын­да­ры­ның алдын­да облыс әкі­мі Ахмет Мыр­за­хме­тов елді сабыр­лы­лы­ққа шақы­рып, екін­ші жақтан сөй­леп жат­ты. Біз ауы­лға барған­да, марқұм­ның жер­лен­геніне үш күн өтсе де, әкім ата­улы­ның шапқы­лап осын­да жүр­геніне, әр 50–100 қадам сай­ын қару­лы жасақ тұрға­ны­на қараған­да, ауыл­да толқу бары бай­қал­ды. Адам­дар әлі де ашу­лы көрінді.

Жиын ыңғай­ы­нан бай­қаға­ны­мыз, осы қаза­ға айып­ты­лар – тәжік ауы­лы­ның ақсақал­да­ры марқұм­ның туы­ста­ры­нан кешірім сұра­уға кел­ген. Ауыл­дың екі мол­да­сы да осын­да, кезек-кезек сөз алып, жары­са сөй­леп жатыр… Облыс әкі­міне арқа сүй­еді ме, өз пікірін ашық біл­дір­ген кей жастарға екі мол­да­ның бірі: «Өкі­мет­пен ойна­маң­дар!» – деп зекіп тастады.

Сон­дай-ақ атқа­ру­шы орган­дар тара­пы­нан: «…жур­на­ли­стер­ге әзір ешқан­дай да ресми ақпа­рат бере алмай­мыз» деген сөзді де естідік. Сон­ды­қтан билік тара­пы­нан қай­ы­рым бол­маған соң, амал­сыз халы­қтың орта­сын­да жүріп, оқиға­ның өрбу желісіне, олар­дың сөз­деріне дес беру­ге тура келді.

Қара­лы шаңы­раққа көңіл айт­тық. Зар­лы дауы­сы көк­ке жетіп оты­рған ана­ның зарын есту де, тіп­ті оның бетіне тура қарау да ауыр еді.

Бар болға­ны, марқұм­ның қарын­да­сы Айгүл мен бір жасқа толар-тол­мас қызы­мен жесір қалған марқұм­ның жұбайы Бена­зир­ді сөз­ге тар­ту­дың реті кел­ген­дей болды.

«Біз­де шын­дық жоқ! – деді ашы­нған Айгүл. – Бауы­рым­ды жер­ле­ген­нен бері жер­гілік­ті ақпа­рат көз­дері: «Арты­қо­втар отба­сы өздері шу шыға­рып жатыр» деген хабар тарат­ты. Бұл тіп­ті де олай емес. Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, біз бауы­ры­мы­здың қаза­сын есті­ген кез­де интер­нет­те оның суреті жари­я­ла­нып кет­кенін біл­ген де жоқ­пыз, бәрін кей­ін көр­дік. Енді келіп, бүкіл Қаза­қстан­ның дүр­лі­гіп жатқа­нын біздің отба­сы­нан көр­гілері келеді».

Шынын­да да, бірқа­тар интер­нет БАҚ бет­терін­де: «Қаза болған­ның туы­ста­ры жер­ле­уден соң, 4 ақпан­да түс ауа көше­де өткен бире­сми жиын­да айып­ты­ны жаза­ла­уды талап ете баста­ды. Сти­хи­я­лық жина­лы­сқа қаты­сқан­дар шама­мен 17.00 сағат­тар­да үйлер­ді, сауда нүк­те­лері мен авто­мо­биль­дер­ді өртей баста­ды, қақты­ғыс кезін­де адам­дар зардап шек­ті» деген маз­мұн­да хабар тараға­ны рас. «Егер интер­нет­ке шығып кет­кен сурет­тер бол­маған­да, біз тіп­ті бауы­ры­мы­здың қан­дай айу­ан­ды­қ­пен өлтіріл­генін біл­мей де қалған болар едік! Ал егер ауыл тұрғын­да­ры көтеріліп, қақты­ғы­сқа бар­са, оның өзін­дік себеп­тері көп. Халы­қтың мұн­дай нара­зы­лық таны­туы­на менің бауы­рым­ның өлі­мі тек түрт­кі болды.

Себебі жер­гілік­ті халық пен негізі­нен тәжік­тер тұра­тын Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғын­да­ры ара­сын­дағы әле­умет­тік-тұр­мыстық теңсіздік ұзақ уақыт­тан бері орын алған», – деді марқұм­ның қарындасы.

Жиыр­ма жасқа толар-тол­мас шағын­да жесір қалған Бена­зир үзіп-үзіп айтқан сөз­ден түсін­гені­міз: Шаф­хат есім­ді тәжік жігіті Бақыт­жанға 180 мың тең­ге қарыз болған. Себебі Бақыт­жан табан ақы, маң­дай тері­мен жасаған жылы­жай­ды бір­не­ше жыл қата­ры­нан жалға беріп кел­ген. Үшін­ші рет өнім жинаған Шаф­хат соңғы жылы Бақыт­жан­мен есеп айы­ры­спаған. Оның үстіне жылы­жай­ды жал­да­у­шы тара­пы­нан орын алған жау­ап­сыздық сал­да­ры­нан өндіріс оры­ны қара­у­сыз қалып, қирап-тона­лып, бұл шығын­ды Арты­қо­втар отба­сы өздері көтеріп алған.

Осы­ның бәрін есеп­тей кел­ген­де, қарыз көле­мі 180 мың­ның айна­ла­сын құраған болып шығады.

Арты­қо­втар отба­сы­ның айтуы бой­ын­ша, «қарыз ақшаң­ды қай­та­ра­мын» деп Шаф­хат оны үйіне шақы­рған. Бірақ кей­ін бел­гілі болған­дай, «Арты­қо­вты өлтір­ді» деген күдік­пен Нар­ме­тов Нау­ми­дин есім­ді жігіт Өзбек­стан­нан ұста­лып, елге жеткізілген.

«Мен ағам­ды Нау­ми­дин жалғыз өзі өлтір­ді деген­ге сен­бей­мін, – дей­ді марқұм­ның қарын­да­сы. – Себебі оны шақыр­тқан – Шаф­хат, бауы­ры­ма ақша­лай қарыз адам да – сол. Ал оны өлтір­ді деген күдік­ті – Нау­ми­дин. Оған дей­ін тағы бір адам­ды Шаф­хат ағам­ның жұмысы­на жіберіп, қары­зын қай­та­ра­ты­нын, ол үшін үйіне келуін сұраған. Сон­да бұл өлім­ге қаты­сы бар адам кем деген­де үшеу болып шыға­ды емес пе?! Ал бірақ тек басын­да ғана 9 пышақ жарақа­ты, тұтас алған­да 15-ке жуық пышақ салы­нған болға­ны­на, оның құлағы­нан темір өткізіп, қат­ты азапталға­ны­на қараған­да, ағам­ның өлі­міне қаты­сты адам саны мұнан да көп болуы мүм­кін деген күді­гі­міз бар».

Бақыт­жан марқұм­ның әпкесі Нағи­ма­ның айтуы бой­ын­ша да, Бақыт­жан бой десе – бойы, дене десе – денесі бар, темекі тарт­пай­тын, арақ ішпей­тін, күші мығым жігіт. Оның кез кел­ген екі-үш ада­мға бой бере қоюы екіталай.

Біз кел­ген күні «кешірім сұрап» кел­ген­дер­ге қаты­сты: «Менің жалғыз бауы­рым өлді… мен ағам­ның қаза болған жер­де­гі қатып қалған қанын сүй­дім… бір ата ұрпақ­сыз қалып отыр… қаза­қтың бір қара шаңы­рағы орта­сы­на түсті… Бұған қан­дай кешірім болуы керек?! Ағам­ның өлі­міне қан­ша адам­ның қаты­сы бар – бар­лы­ғын тауып, алды­мы­зға әкел­сін, заң­ды жаза­ла­рын бер­сін!» – деген сөзді марқұм­ның қарын­да­сы­нан естідік.

Бұл қай­ғы­лы оқиға­ның ең сорақы тұсы – Бақыт­жан қаза болған 4 ақпан күні-ақ марқұм­ның денесі қара жер қой­ны­на тап­сы­ры­лған… «Үйге бір күн де қон­дыр­ма­ды…» – дей­ді іштері от боп күй­ген ағайын-туғандары.

Біз: «Неге осын­ша­ма асы­ғы­стық жасал­ды?» деп сұра­дық. «Есі­міз кіресілі-шыға­сы­лы жағ­дай­да жүр­ген біз­дер мүр­дені бер­мей­міз дедік. Бірақ ауыл мол­да­сы «Қабір қазы­лып қой­ды, өлік жер­ле­нуі керек» деген соң, амал­сыз көну­ге тура кел­ді», – дей­ді жан күй­зелістерін әлі де баса алмай жүр­ген хақ иелері.

Дәл қазір, осы қай­ғы­лы оқиға­дан соң ара­да бір жеті­дей уақыт өткен­де, жағ­дай­дың қалай өзгер­генін қай­дам, бірақ біз барған сол күні марқұм­ның ет- жақын туы­ста­ры­ның ешқай­сысы адам өлі­міне қаты­сты жаса­ла­тын дәрі­гер­лік сарап­та­ма­ның бар-жоғын айта алмады.

Сары­ағаш ауда­ны­на қарас­ты Ынты­мақ аталған бұл ауыл қазір аты­на заты сай бол­май тұр. Оның бұл ата­уы сонау Кеңес кезі­нен бері сақта­лып, Қаза­қстан­да «көп ұлт­ты» сая­сат­тың әлі де өлер­мен­дік­пен өркен­деп тұрға­ны­на қара­ма­стан, бүгін­де қадірі кете бастағанға ұқсай­ды. Ынты­мақ ауы­лы­на қарай­тын Жар­ты­тө­бе – 100 пай­ыз тәжік тұра­тын елді мекен.

Екі ауыл – ара­лас жатыр: Ынты­мақта – Бақыт­жан, Жар­ты­тө­бе­де – Шаф­хат пен Нау­ми­дин тұрған.

Бақыт­жан­ның денесі осы Жар­ты­тө­бе­ге жақын жер­ден – Келес өзенінің жаға­сы­нан табы­лған. Марқұм­ның туы­ста­ры­ның айтуын­ша, Бақыт­жан­ды қастан­ды­қ­пен өлтір­ген­дер оны көлі­гі­мен қоса Келес өзеніне баты­рып жібер­мек болған. «Бірақ бала кезі­нен намазға жығы­лып, хақ жолын­да жүр­ген­дік­тен болар, марқұм­ның көлі­гі жар­ла­у­ыт қабақта жары­ғы өшпей тұрып қалып­ты», – дей­ді жақындары…

Бұл өшпен­ділік­тің себебі неде? Тер­геу орын­да­ры бұл сұраққа да жау­ап табуы тиіс. Себебі ел ішін­де­гі ұлта­ра­лық тыны­шты­қты сақтау мәсе­лесін­де мұн­дай сұрақтың жау­а­бы келе­шек­ке сабақ болуы тиіс. Мұн­дай өшпен­ділік бір ада­мға ғана қаты­сты туын­да­уы мүм­кін бе? Егер Бақыт­жан өзіне қары­здар Шаф­хатқа іштей арам оймен барар бол­са неме­се одан күш­теп ақша талап еткісі кел­се, ол жалғыз бар­мас еді ғой?! Жалғыз адам­ның өлі­мі – бүкіл ауыл­дың барын­ша шие­леніс­кен ішкі хал-аху­а­лы­нан туын­да­уы мүм­кін бе? Бір сөз­бен айтқан­да, алдын ала тер­геу орын­да­ры мен жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік тара­пы­нан алдағы уақыт­та жау­а­бын іздей­тін сұрақтар бұл жер­де жетерлік…

Біз Ынты­маққа келер­ден бір күн бұрын қара­лы отба­сы­на «ассам­блея мүше­сі­міз» деген бір топ адам келіп кет­кен екен. Олар­дан да тек басу айту ғана есті­ген адам­дар: «Ассам­блея деген не? Олар­дан біз­ге қан­дай көмек бар?» деп, біз­ден сұра­ды. Бүкіл Қаза­қстан болып, үкілеп оты­рған ассам­бле­я­ны ауыл адам­да­ры әлі күн­ге біл­ме­се, бұл енді бей­күнә халы­қтың кінәсі емес. Осы­ған қараған­да, ел бас­шы­лы­ғы үкіле­ген этни­ка­лық топ­тар билік­ке қажет кезін­де ғана «бар» болып, оған тиім­сіз­деу тұста «жоқ» болып, өзінің бел­гілі бір сая­си рөлін ғана ойнап тұра­ты­нға ұқсайды…

Айт­пақ­шы, 100 пай­ыз тәжік­тер қоны­станған елді мекен­нің де өзін­дік тарихы бар. Бұл сонау бір жыл­да­ры Қаза­қстан­ның Бостан­дық ауда­ны өзі­міз­ге қай­та­ры­лып, соңы­нан қай­та­дан Өзбек­станға өткен кез­де қазақ жерін­де қалып қой­ған тәжік­тер көрі­неді. Сонан бері қазақ олар­ды маң­дай­ла­ры­нан шерт­кен емес. Қара­лы үйдің аула­сын­да тұрып, облыс әкі­мі Ахмет Мыр­за­хме­тов айтқан­дай: «…Қаза­қстан сияқты, ешкім осын­ша жер бөліп беріп оты­рған жоқ».

Ауыл адам­да­ры­ның айтуы бой­ын­ша, тәжік ағай­ын­дар­дың жер­гілік­ті тұрғын­дар­ды басы­нуы бүгін ғана болып оты­рған жағ­дай емес.

Тіп­ті тәу­ел­сіздік алған 90-жыл­да­ры олар қазақ қызда­рын, әйел­дерін қор­лаған жағ­дай орын алған екен.

«Ол кез­де Жол­да­с­бе­ков Қожа­бек деген аға­мыз осы ауыл­дың биі есебін­де еді. Сол өзі бас болып, атқа мініп, қаза­қтар­ды көтеріп, бұлар­ды көше-көше­мен қуып, тық­сы­рған-тұғын. Сөй­тіп тәжік­тер тара­пы­нан бола­тын бас­сызды­қтар сап тый­ы­лған­дай еді.

Ал соңғы төрт-бес жыл­да осын­дай басы­ну­шы­лық тағы бас көте­ре баста­ды», – дей­ді орта жастағы жігіт аға­сы. Оның айтуы бой­ын­ша, қаза­қ­пен ара­ла­са, қоң­сы орна­лас­са да, тәжік­тер қазақ тілін біл­мей­ді, біл­гілері де кел­мей­ді. Керісін­ше, қаза­қтар бір тәжік тұр­са, тәжік­ше сөй­лей­тін жағ­дай­ға жеткен.

Тәжік­тер тығыз орна­ласқан елді мекен­де екі тәжік мек­тебі бар. Онда бар пән тәжік тілін­де жүреді. Мек­теп­ке тек­се­ру келе қал­са, ол тәжік тілін­де өтетін пән­дер емес, мін­дет­ті түр­де қазақ пәні сабағын тек­серіп, үлгерім­нің төмен­ді­гіне қаты­сты жазы­қ­сыз мұғалім­ды сөгіп, жаза­лап кете­ді. Ал шәкірт­тер­дің қазақ тілін оқып-үйре­ну­ге деген құлы­қта­ры­ның жоқ екенін, ал мұн­дай тәр­би­енің неге отба­сы­нан бастау ала­ты­нын ешкім зерт­те­ген емес.

Оларға тиесілі мешіт­тер­де уағы­здар­дың бәрі тәжік тілін­де айты­ла­ды. Яғни, қаза­қтар үшін ол мешіт­тің есі­гі жабық деген сөз.

Ал күн­делік­ті тұр­мыс-тір­шілік­ке кел­ген­де де, бұл аймақта тәжік бір саты жоға­ры тұра­ты­ны да жалған емес.

Себеп?

«Мәсе­лен, көр­шім еке­уі­міздің жылы­жай­ы­мыз көле­мі жағы­нан бір­дей. Еке­уміз қатар еңбек­те­не­міз. Бірақ менің тапқан табысым отба­сым­ды асы­ра­уға, күн­делік­ті күн­көрісі­міз­ге ғана жете­ді. Ал көр­шім­нің қос қабат үйі, қым­бат көлі­гі бар! Неге дей­сіз бе? Себебі қазақ бір маши­на пияз тиеп, Ресей­ге барып сат­са, небәрі 20–30 мың тең­ге пай­да тауып келеді. Ал менің көр­шім дәл сон­дай маши­на­мен пияз апа­рып сатып, мил­ли­он­дап пай­да тауып келеді.

Өйт­кені олар пияз­дың асты­на есірт­кі жасы­рып апа­рып сата­ды. Мұны жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік, ішкі істер бөлі­мі біл­се де, біл­ме­ген бола­ды. Себебі түсінік­ті…» – дей­ді атын ата­мауды сұраған жер­гілік­ті тұрғын.

«Мұн­дағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на берілетін суб­си­ди­я­ның денін тәжік­тер ала­ды. Өйт­кені олар­да ақша көп: пара береді. Қалға­ны қаза­қтарға тиеді. Мұның аста­рын­да жатқан – сол баяғы жемқор­лық», – деді егде жастағы азамат.

Есірт­кі сауда­сы бар жер­де қару сауда­сы қатар жүретіні бел­гілі. Осы­ған орай­лас бол­са керек, облыс әкі­мі Ахмет Мыр­за­хме­то­втің: «Қазір қару ата­улы­ны жап­пай кәм­пес­ке­леп жатыр­мыз…» – дегені дәт­ке қуат болған­дай еді.

Сон­дай-ақ облыс әкі­мі: «Соңғы төрт-бес жыл­да орын алған, бірақ ашыл­май қалған қыл­мыстық істер­дің бәрін қай­та­дан көтеріп, қай­та­дан қарай­тын бола­мыз», – деп, тұрғын­да­ры алдын­да уәде бер­генін өз құлағы­мы­з­бен естідік. Сөйт­сек, Бақыт­жан­ның өлі­міне дей­ін бір­не­ше рет қазақ қыз-келін­шек­тері тәжік­тер тара­пы­нан қор­ланған жағ­дай орын алып, ол пара­ның күші­мен жабы­лып тынған көрінеді.

Бұл қыл­мысты істер қай­та қолға алы­нға­ны жөн-ақ делік, бірақ оны кім өз жау­ап­кер­шілі­гіне, дұры­сы – бақы­ла­у­ға ала­ды? Жабы­лған істер­ді «қай­та қарай­тын­дар» кезін­де пара­ның күші­мен істі жапқан­дар екенін ескер­сек, әкім­нің бұл уәжі ашу­лы адам­дар­ды алдарқа­ту­дың ғана ама­лы бола­ры сөзсіз.

Осы оқиға орын алған­нан бері билік тара­пы­нан жер­гілік­ті халы­қ­пен бір емес, бір­не­ше рет кез­де­су өткізіл­ген. Қару­лы бақы­лау күшей­тіл­ген. Ал жиын­дар­да билік тара­пы­нан айты­лған сөз­дер – бір-біріне ұқсас, негізі­нен басу айту, сабы­рға шақы­ру. Біздің де бұған еш қар­сы­лы­ғы­мыз жоқ. Деген­мен, тек жұба­ту айту мен қару­лы жасақты тізіп қой­ып, бұл про­бле­ма­ның түй­інін шешу­ге болмайды.

Билік­тің мұн­дай­да халы­қтық дипло­ма­ти­яға жүгін­гені абзал. 18 мың­дай халқы бар елді мекен­де жыл­дар бойы әле­умет­тік-тұр­мыстық дең­гей­де шие­ленісіп кел­ген жағ­дай­ды қоғам­дық ұйым­дар­ды қаты­сты­ра оты­рып құры­лған мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі арнайы комис­сия ғана шеше алса керек.

Өйт­кені бір жақты үгіт-наси­хатқа бой алды­рған­дар­дың ара­сын­да «халы­қты сабы­рға шақы­рған деген осы екен» деп, асы­ра сіл­теп жатқан­да­ры да аз емес. Оның әрқай­сын түстеп жат­пай-ақ, біре­уінің маз­мұ­нын жет­кіз­сек те бола­тын сияқты. Біз дик­то­фонға жазып алған үгіт-наси­хат­тың түрі мынадай:

«…Рес­пуб­ли­ка­дан арнайы жасақ жiберiл­дi. Елба­сы­ның сая­са­тын қол­дау үшiн. Мұн­дай жасақ жоға­ры жақтағы үлкен лау­а­зым­ды аза­мат­тар­дың рұқ­са­тын­сыз жiберiл­мей­дi. Кеше жина­лыс жаса­дық, уәде берiл­ген едi. Бiрақ жастар тағы шығып жатыр. Бар­лы­ғы араққа той­ып алған, естерiн бiл­мей­дi, аяқта­рын әрең баса­ды…» – дей­ді сес көр­се­ту­ші үгіт иесі.

Оның «ішіп алған» дегені жалған екенін ауыл тұрғын­да­ры­ның кез кел­гені айта ала­ды. Себебі ауыл­дағы жастар­дың дені иман­ды­лық жолы­на түс­кен. Егер әлгі шене­унік біле-біл­се, бұл ауыл­да жұмыс­сыздық деген жоқ. Керісін­ше, жыл сай­ын көр­ші Өзбек­стан­нан 600-дей жұмыс­шы келіп, күніне 1–2 мың тең­ге­ден табыс тауып кетеді…

Иә, қан­дай жағ­дай­да бол­ма­сын, қыл­мыс орын алға­нын ешкім де жоққа шығар­май­ды. Бірақ мұн­да жан­жал­да зардап шек­кен екі жаққа да тұтас күйе жағуға бол­май­ды. Ең басты­сы – істі тер­геу бары­сын­да және ол сот тара­пы­нан заң­ды баға­сын алған кез­де бар­лы­ғын тағы да «қаза­қтың есебі­нен» жылы жауып қоюға бол­май­ды. Бұлай бол­са, тағы да талай Ынты­мақтан ынты­мақ кетері сөз­сіз. Бұл енді оқиғаға әділ баға берілуін сұраған халы­қтың мүд­десі. Ал егер ол мүд­де ман­сұқ бол­са, келесі «ынты­мақтар» үшін бей­күнә халы­қты жазғы­руға болмайды.

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

Алма­ты – Ынты­мақ – Алматы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн