Понедельник , 7 июля 2025

Қазақты – қазақ ҚУЫП ЖҮР

Бұл екі арада

 

…2007 жыл­дың 17–19 науры­зы ара­лы­ғын­да Алма­ты облы­сы, Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны, «Мало­вод­ное» елді мекенін­де жер­гілік­ті қазақ ұлты мен шешен диас­по­рас­ы­ның ара­сын­да қақты­ғыс орын алған бола­тын. Нәти­же­сін­де екі қазақ жігіті (Сәбит Сады­қов, Бақыт­жан Бүгүтов) шешен жігіт­тер тура атқан оқтан көз жұмға­ны, үш жігіт­тің (Қай­рат Батыр­ха­нов, Бақыт Сәр­сен­ба­ев, Аза­мат Сады­қов) ұзақ мерзім­ге сот­талға­ны да халы­қтың есінде.

Бүгін біз айтқа­лы оты­рған сөз – осы сот­талған үш жігіт­тің бірі – бүгін жаза­сын өтеп жатқан Аза­мат Сады­қо­вқа қатысты.

Енді бел­гілі болған­дай, Аза­мат Сады­қов 2014 жыл­дың 18 тамы­зын­да Шығыс Қаза­қстан облы­сы қыл­мыстық істер соты­ның апел­ля­ци­я­лық сот төралқа­сы­ның шеші­мі бой­ын­ша қамаудан шар­тты түр­де босап, туған үйіне оралған. Бірақ қуа­ныш ұза­ққа созылмайды.

Ара­да төрт ай уақыт өткен­де Аза­мат қай­та­дан түр­ме­ге жөнел­тіледі. Бұл жолы – Шығыс Қаза­қстан облы­стық соты­ның кас­са­ци­я­лық сот алқа­сы 2014 жыл­дың қара­ша айын­да Шығыс Қаза­қстан облы­стық про­ку­ро­ры Бағ­бан Тай­ым­бе­то­втің (сурет­те) және жәбір­ле­ну­ші     Х.Махмаханованың кас­са­ци­я­лық шағым­да­ры бой­ын­ша іс қарап, Сады­қо­вты қай­та­дан қамау тура­лы шешім шығарады.

Сөй­тіп, Алма­ты облы­стық соты­ның о бастағы, яғни 2007 жылғы 7 жел­тоқ­сан­дағы үкі­мі негізін­де әлі өтеліп бол­маған жаза уақы­тын (4 жыл 8 ай, 29 күн) мерзі­мін қысқарт­паған қал­пы, жеңіл жаза түріне ауы­сты­руға шешім етеді.

Кей­ін Аза­мат­тың «мерзі­мі­нен бұрын» босап шығуы­на қар­сы шағым­данған Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның про­ку­ро­ры Бағ­бан Тай­ым­бе­тов сот­талған жігіт­ті жаза­сын өтеу мерзі­мі бары­сын­да тәр­тіп бұзу­шы­лы­ққа жол бер­ді деген желік іздей­ді. Білік­ті заң­гер­лер­дің айтуы бой­ын­ша, түр­ме­де тәр­тіп бұзу­шы­лық үшін қол­да­ны­лған жаза­ның күші алты айдан соң жой­ы­ла­ды. Мұн­дай заң­ды­лы­ққа қара­ма­стан, кас­са­ци­я­лық сот Сады­қо­втың жаза­сын жеңіл түр­ге ауы­сты­ру тура­лы шешім­ді негіз­сіз деп таниды.

Бірақ ҚР ҚК 71-бабы­ның 1 және 2 бөлі­мі бой­ын­ша жеңіл, орта­ша және ауыр қыл­мыс жасаған күн­нің өзін­де адам­ның қамауда оты­рған кез­де­гі тәр­тібіне қарай жаза­ның қалған бөлі­гін жеңіл­деу жаза түріне ауы­сты­руға бола­ты­нын екі жақтың еке­уі де жоққа шығар­май­ды. Мұн­дай кез­де қамаудағы адам бүкіл жаза мерзі­мінің 13 бөлі­гін өте­уі тиіс. Ал Сады­қов мұны арты­ғы­мен, яғни жаза мерзі­мінің 12 бөлі­гін өтеген.

Сон­да бұл зор­лы­қтың аты не?

Егер қоғам ұмыт­па­са, 2007 жылғы қан­ды қақты­ғы­ста екі қазақ жігіті – Сәбит Сады­қов, Бақыт­жан Бүгүтов оққа ұшып, алты адам Мах­ма­ха­но­втар атқан оқтан жарақат алған-ды. Қай­рат Батыр­ха­нов, Бақыт Сәр­сен­ба­ев, Аза­мат Сады­қо­втар «адам өлтір­ді, жап­пай бұза­қы­лы­ққа жол бер­ді, өзгенің мүлі­гіне зардап шек­тір­ді» деген айып­пен ұзақ мерзім­ге сот­тал­ды. (Айта кету керек, Сәбит Сады­қов пен Аза­мат Сады­қов бір ата­ның балалары).

Ал Мах­ма­ха­но­втар­дың өлі­мі үшін қазақ жігіт­тері мұрын­ды­қталған тай­лақтай болып, ұзақ мерзім­ге сот­та­лып кете барған. Шар­тты түр­де сот­талған­да­ры тағы бар. Ал шешен жігіт­тері атқан оқтан түр­лі дәре­же­де­гі жарақат алған Ж.Сырласбаев, Ж.Елбаев, Ж.Иманәлиев, М.Оспанов, Х.Сыдықов, Ғ.Ұзақов, Қ.Намысбаевтарға қаты­сты қозғалған қыл­мыстық іс «құра­мын­да қыл­мыс ізі бол­маған­ды­қтан» жабы­лған болатын.

Енді біз бұл «бітеу жара­ның» аузын неге тыр­нап отыр­мыз? Мәсе­ле – кезін­де 20–30-жылдары өз қаза­ғын итжек­кен­ге иттей айдаған қаза­қтар тұрғы­сы­нан тарай­ды. Жөн-ақ делік, «Мало­вод­ное оқиға­сы» үшін Аза­мат Сады­қов жазы­қты бола қал­сын; ұлты­ның намысын қорғай­мын деп, ұлып кете бар­сын. Бірақ ШҚО про­ку­ро­ры Тай­ым­бе­тов мерзі­мі­нен бұрын босап шыққан өз тума­сын қай­та­дан түр­ме­ге тығуға сон­ша­лы­қты неге зар бол­ды? Қаза­қстан­ның бар­лық заң­ды­лық про­бле­ма­сы Аза­мат­тың азат болуы­на ғана тіреліп тұр ма екен? Әлде ол өз ұлты­ның есесін жегізіп, «сая­си тұрақты­лы­қты сақтаған» билі­гіне жаққы­сы кел­ді ме? Елінің бір шетіне шығы­сып, ұлт­тық намысты аяқ еткісі кел­тір­ме­ген жігіт­ті «үйтіп-бүй­тіп» ерте­рек боса­тып жібе­рудің орны­на «итжек­кен­шіл» про­ку­рор­лар аяқ асты «заң­шыл» бола қалға­ны жыны­ң­ды кел­ті­ре ме, жоқ па?

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн