Суббота , 12 июля 2025

ЛОГОТИПТЕН ЛАҢ ШЫҚТЫ

Ұлтқа ұлағат па? 

 

Тағы да дау шықты. Бұл жолы анау-мынау әкім­нің айлы­ғы мен шару­а­ның шай­лы­ғы жай­ын­да емес, тұп-тура биыл той­ланға­лы оты­рған Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы төңіре­гін­де туын­да­ды. Яғни, әйдік мере­ке­ге арнап, «Қаза­қстан­ның халы­қтық руха­ни дамы­ту» (ҚХРД) қоры ұйым­да­сты­рған лого­тип кон­кур­сы интер­нет­те дауға қал­ды: әле­умет­тік желіні пай­да­ла­ну­шы­лар бұл бай­қау әділ өтпе­генін айтады.

 

Аталған сай­ы­сқа 14 автор­дан 46 жұмыс келіп түс­кен екен. Ірік­тел­ген эскиз­дер­дің (сыз­ба­лар) ара­сы­нан қазы­лар алқа­сы Нұраз­хан Алмас Шай­кенұлы­ның шығар­ма­сын үздік деп тапқан. Бұл тура­лы бай­қа­уды ұйым­да­сты­ру­шы ҚХРД қоры:  «…Жоба­ны қоры­тын­ды­лау бары­сын­да комис­сия мүше­лерінің ескер­ту­лері мен ұсы­ны­ста­рын еске­ре оты­рып, шешім қабыл­да­нып қой­ды», – деп хабар­лаған болатын.

Бұл жер­де Қор мең­зе­ген «ескер­ту мен ұсы­ны­стың» қалай ескеріл­генін, әсі­ре кім­дер­дің «ескерт­кенін» қай­дам, осы даудың дәл орта­сын­да жүр­ген «MenQazaqpyn» жоба­сы­ның жетек­шісі Бақыт­жан Бұхар­ба­ев «кон­курс ере­же­сіне сай өтпе­ді» дей­ді. Бұхар­ба­ев­тың бұлай бүлі­нуінің де өз бәтуәсі бар көрі­неді. Оған себеп – 14 үміт­кер­дің іші­нен қара үзіп шыққан Алмас Нұраз­хан ҚХРД қоры­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті болған деседі…

Бол­са бол­сын! Кім­нен қал­маған тақ, кім­нен кет­пе­ген қадір? Күні ертең пат­ша­дан да сол орын-тақ қала­ты­ны анық. Алай­да бұл жер­де­гі ала­бө­тен әңгі­ме – қай шығар­ма­ның жүл­де­ге лай­ы­қты болға­нын айта білу­де болып тұр. Эскиз­ге (сурет­те) жатып та қара­дық, тұрып та қара­дық: ұтып шыққан «ұлы еңбек» – Қаза­қстан туы­ның 80 пай­ыз көшір­месі. Автор­дың жалғыз-ақ «шебер­лі­гі» – көк бай­рақтағы күн ішіне шаңы­рақтың сұл­ба­сын салған. Қалған күн де, қалы­қтаған қыран да – тудың көшірмесі.

Бұл эмбле­ма­дан Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на арналған сим­вол­дық бел­гіні бай­қау мүм­кін емес. Шама­сы, бай­қау иелері көк тудың көшір­месін көл­бең­детіп, бүгін­гі «ханды» мәз етпек болған сыңай­лы. Себебі сонау 1992 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесін­де Қаза­қстан­ның туы қан­дай болуы керек деп, оннан астам эскиз таласқа түсіп жатқан­да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бір бұры­штан дәл осы туды көл­бең еткі­зе алып шыққан еді. «Маған осы ұнай­ды» деген соң, депу­тат­тар сай­ланға­ны­на апта бол­маған пре­зи­дент­тің көңілін қалдырмаған.

Әрине, бүгін­де «Көк тудың желбіре­гені…» деп, асқақта­та ән салып жүр­міз. Оны мақтан тұта­мыз. Бірақ сол көк туды тігі­нен көте­ретін жағ­дай туған­да (олим­пи­а­да­лық ойын­дар­да, спорт­тық жары­стар­да, т.б.) осы тудағы қыра­ны­мыз тұм­сы­ғын көк­ке қадап, қырын­дап «ұша­ты­ны» көңіл­ге қон­бай­ды. Тіп­ті сол спорт­тық жары­стар­дың көре­рмен­дері: «Күн­нің қасын­дағы шимай нені біл­діреді?» деп сұраған­да, оның қыран екенін түсін­ді­ре алмай әлек болған кез­дері­міз де жиі кездеседі.

Міне, сол «қисық ұша­тын» қыран­ды Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на лого­тип ретін­де тық­па­лап, кон­курс қожай­ын­да­ры ел пре­зи­ден­тіне жағып қалу­дың ама­лын ойла­сты­рған сияқты. Әйт­пе­се хандар киген қал­пақты қой­ып қой­са да, эмбле­ма­ны ессіз деп ешкім айт­пас еді.

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн