Суббота , 12 июля 2025

АСТАНА КӨШЕЛЕРІ ала-құла атаудан ҚАШАН АРЫЛАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

Құлаққағыс

 

Сары­арқа­ның төріне жай­ғасқа­лы 17 жыл болған бас қала­мыз – Аста­наға қаты­сты айтар бол­сақ, «елу жыл­да – ел жаңа» деген мәтел­дің мәнісі бол­май қала­ды. Себебі ол қала 10–15 жыл­дың ішін­де өзгеріп сала бер­ді. Әрине, оның гүл­де­нуі халық қазы­на­сы­нан есеп­сіз төгіліп жатқан қыру­ар қар­жы­ның арқасы.

 

Деген­мен, қалай болған­да да, біздің айт­пағы­мыз – осы Аста­на қазақ халқы­ның бас қала­сы­на ұқсай ма деген мәсе­ле. Аста­на­дағы темір-тер­сек­тен құра­с­ты­ры­лған мұна­раға арнап, «Бәй­те­рек» бал­ла­да­сын жазған Несі­п­бек Айтұлы­ның бір өлеңінде:

«Аста­на – ескерт­кі­штің ең ұлысы,

Ұлт үшін құр­бан­дар­дың барлығына…» –

деген жол­дар бар еді. «Бәй­те­ректің» арқа­сын­да Мем­ле­кет­тік сый­лық алса да, Несі­п­бек ақын­ның осы жол­да­рын­да Аста­на­ның «қожай­ы­ны­на» ой сала­тын астар бар. Иә, ұлты үшін жанын да, барын да аямаған, Аста­на орна­ласқан Арқа­ның жерін Алтай-Аты­рау ара­сы­мен қорғап қалған, оның мәр­те­бесін асқақтатқан сол «құр­бан­дар­дың бар­лы­ғын» қала­ның «иесі мен киесі» елеп жатыр ма? Қай­ғы мен қасірет­тен көз ашпаған қаза­ғы үшін қол­дан кел­генін жасап кет­кен ұлт тұлға­ла­рын Аста­на ұмыт­па­са екен дейсің…

Бұл ой қай­дан шықты? Бас қала­ның кей­бір көше­леріне қара­саң, еріксіз осын­дай ойға қала­сың. Мәсе­лен, Сыға­нақ, Сау­ран, Керей мен Жәні­бек көше­лері­мен келе жатып, бір сәт­ке бол­са да өткен тарих­ты тани­сың. Кене­са­ры, Қабан­бай батыр даңғы­лын­да ерлік­тің, батыр­лы­қтың рухын сезін­сең, Рахым­жан Қошқар­ба­ев, Қай­рат Рысқұл­бе­ков атын­дағы көше бой­ын­да елен­ген ерлік жай­лы ойлай бастайсың…

Ал кенет алды­ң­нан Виш­нев­ский, Иги­шев, Кар­бы­шев неме­се Роман­тиктер көше­сі шыға қал­са, «бұлар кім еді, елге не беріп еді?» деп ойла­нып қалуың әбден мүм­кін. Ия, өкініш­ке орай, қаза­ққа алты ала­сы, бес бересі жоқ осын­дай «тұлға­лар­дың» да есім­дері Аста­на көше­леріне ие болыпты.

Күн санап көр­кей­іп, құла­шын кең­ге жай­ып келе жатқан аста­на­мы­зда бүгін­де мыңға жуық көше, ондаған кең даңғыл бар. Солар­ды түген­деп қарай­тын бол­сақ, олар­дың 18‑і Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гер­леріне, 9‑ы қазақ халқы­ның тәу­ел­сізді­гін сақта­уға үлес қосқан жау­жүрек батыр­ларға, 14‑і азаттық үшін күрес­кен тұлға­ларға, 9‑ы Айша бибі, Дома­лақ ана сын­ды ана­ла­ры­мы­зға, 400-ге жуы­ғы тари­хи маңы­зы бар жер-су ата­у­ла­ры­на, 200‑і «Адыр­на», «Айгөлек» сын­ды дәстүр­лі ата­у­ларға беріл­ген. Сон­дай-ақ тари­хи кезең­ге бай­ла­ны­сты 60-қа жуық, әде­би кей­іп­кер­лер­дің ата­уы­мен – 20, әлем­дік тұлға­ларға, Қаза­қстан тарихы­на тіке­лей қаты­сы бар өзге ұлт өкіл­деріне арналған 40-қа жуық көше бар.

Қала­дағы құры­лыс қарқы­ны­на қарап, бұл көше ата­у­ла­ры­ның әлі де арта түсетінін аңға­руға бола­ды. Алай­да осы ата­уға кел­ген­де, өзі­міздікін қой­ып, өзгенікін ұлы­қта­уға көш­кен сияқты­мыз. Бүгін­гі бей­біт күн­ге жет­кізіп, ұлан-бай­тақ жер­ге иелік еткіз­ген ұлт тұлға­ла­ры, батыр­лар мен ұлы дала­ның аңы­зын ұрпақтан-ұрпаққа жет­кіз­ген ақын­да­ры­мыз тау­сы­лған ба? Әлде өткен күн­нің зер­десі сана­мы­здан өше бастаған ба?

Алаш еліне үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­тын есім­дер елор­да көше­лері­нен әлі күн­ге өз еншісін алып тұрға­ны қын­жы­л­та­ды. Мәсе­лен, Целин­ный ауда­нын­дағы, қала­ның шет аймағы болып сана­ла­тын Көк­тал өңірін­де­гі Гер­цен, Бар­тольд, Юрий Мала­хов, Павел Шубин, Крав­цов сын­ды өзге ұлт зия­лы­ла­ры­на арналған көше ата­у­ла­ры жетіп арты­ла­ды. Суво­ров, Сверд­лов, Титов сын­ды елі­міздің әр аймағын­да кеңі­нен таралған көше ата­уын Аста­на­дан да қинал­май таба­сыз. Елор­да­ның көше­сін кезіп жүріп, сурет өнерінің ата­сы болған Әбіл­хан Қасте­ев­тің емес, Репин, Сури­ков сын­ды орыс сурет­шілерінің көше­леріне жолы­ға­сың. Соны­мен қатар, фран­цуз мик­ро­био­ло­гы Луи Пастер, армян ком­по­зи­то­ры Хача­ту­рян, оры­стың әйгілі теңіз­ші-гид­ро­гра­фы Челюс­кин, тіп­ті оры­стың әншісі Вла­ди­мир Высоц­кий­ге де көше бұй­ы­рған. Балоч­ный сын­ды ата­уы түсініксіз­дері де бар.

Көңілі дар­хан халы­қ­пыз ғой. Оры­стың әде­би­еті мен мәде­ни­етіне үлес қосқан «тұлға­ларға» көше ата­у­ла­рын аямай-ақ бер­ген­біз. Тая­у­да Шыңғыс Айт­ма­то­втың есі­мі­мен Аста­на­ның бір көше­сін атау мәсе­лесі үкі­мет­те бекітіл­ді. Қаза­қстан­ды мекен­дей­тін 27 мыңға жуық қырғыз халқы­на деген бұл құр­мет жақын ара­да жүзе­ге асады.

Әрине, Айт­ма­тов – адам­за­тқа ортақ тұлға. Оның тама­ша туын­ды­ла­ры­мен талай қазақ сусын­дап өсті. Айт­ма­то­вқа ат берудің әбес­ті­гі болмас.

Деген­мен, өзгені ұлы­қтап жүріп, таса­да қалған асыл­да­ры­мы­зды еске­русіз қал­ды­рған сияқты­мыз. Мәсе­лен, қаза­қтың мұңын жырға қосқан алып тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев­тің құр­метіне беріл­ген бір көше тап­пай­сыз. Халқы­ның бағы­на туған бұн­дай тұлға­ла­ры­мы­здың қата­ры­нан Қай­ым Мұха­мед­ха­но­вты да атап өту­ге бола­ды. Халық қаһар­ма­ны Қасым Қай­се­нов, қай­та­лан­бас әнші Жәні­бек Кәр­ме­нов сын­ды аза­мат­тар­дың есі­мі Аста­на­ның төрі тұр­мақ, шет ауда­ны­нан да орын таппады.

Есесіне Иор­да­ния королінің құр­метіне беріл­ген Хусейн бен Талал даңғы­лы, Сауд Ара­би­я­сы бесін­ші королінің есі­мі­мен ата­ла­тын Фахд бен Абдулл Азиз көше­сі, Фран­ция рес­пуб­ли­ка­сы­ның негізін құрған Шарль де Голль көше­сі Аста­на­ның «сәнін» кел­тіріп тұр.

Сол сияқты Ашха­бат, Мәс­кеу, Амман, т.б. көше ата­у­ла­рын өзге елге деген құр­мет­пен қой­ыл­ды дей­ік, мей­лі. Алай­да Аста­на­ның бас көше­сі болып сана­ла­тын Орын­борға атау бер­ген­де, оны «Қаза­қтың бірін­ші аста­на­сы Орын­бор» көше­сі деп неге ата­ма­дық? Бүгін­гі шын­дық – Орын­бор басқа мем­ле­кет­тің облыс орта­лы­қта­ры­ның бірі ғана. Енде­ше Мини­стр­лік­тер үйі, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Бас про­ку­ра­ту­ра, ең басты­сы мәң­гілік тәу­ел­сіздік­тің ныша­ны болған «Мәң­гілік ел» три­умф-қақ­па­сы қалай­ша Ресей қала­сы­ның құр­метіне беріл­ген көше­де тұрады?!

Шама­мен 2 жыл­дан кей­ін бас қала­мы­зда өткізілетін ЭКСПО-2017 көр­месіне 5 млн-ға жуық адам келеді деген болжам бар. Яғни, бар әлем­нің наза­ры Аста­на­да бол­мақ. Қаза­қты көп біле бер­ме­се де, руха­ни, мәде­ни ерекшелік­терін тануға кел­ген қонақты әуе­жай­дан күтіп алып, Орын­бор­дың бой­ы­мен жүр­гізіп, Бен Талал көше­сін­де­гі ЭКСПО-2017 көр­месінің ғима­ра­ты­на әкелеміз…

Бұл мысал – басы­мы­зға тиер таяқтың бір ұшы ғана. Ал көр­ме­ге кел­ген қонақтар мен тури­стер Аста­на­ның бел­ді көше­лері­нен қаза­қтың тарихы­на қаты­сы бар тұлға­лар­дың ата­уын тап­пай кет­се, бұл – ел беделіне тиетін таяқтың екін­ші ұшы бол­мақ. Ауыл халқы­ның аузы­нан жыры­лған несі­бесі есебі­нен салы­нған Аста­на «өзгенікін ала­ла­май­мын» деп, өз тарихы­мы­зды өшіріп таста­ма­сын, бұл – басқа тиер шоқ­пар­дың нағыз көкесі болмақ.

Жази­ра СЕРІКҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн