Понедельник , 7 июля 2025

БІРАЗ ҰЙЫҚТАДЫҚ, енді кішкене тірілейікші…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Ақбе­рен ЕЛГЕЗЕК:

Қаза­қстан­да халық саны 17 417 447 адам. Оның 65 пай­ы­зы қазақтар.

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы мүше­лерінің саны 900 мыңға жуық екен. Яғни, жал­пы халық саны­ның 1,5 пай­ы­зы деген сөз. Ал сол 900 мың мүшенің, Құдай біледі, 80 пай­ы­зы қаза­қтар шығар. Одан көп бол­ма­са деңіз.

Ал енді осын­дай пар­ти­я­мыз бола тұра, Ассам­блея сай­лау тұра­лы ұсы­ныс жасай­ды. Неге?

Ең көп мүше­сі бар «Нұр Отан» пар­ти­я­сы ұсы­ныс жаса­са, әңгі­ме жоқ. Себебі оның 80 пай­ы­зы қаза­қтар. Біреу бір­деңе десе, бұл мем­ле­кетқұра­у­шы ұлт­тың сая­си, тари­хи және басқа да таң­да­уы деп бақы­рай­ып оты­ра берер едік.

Ассам­бле­яға елдің бола­шағы­на бай­ла­ны­сты шешім­дер­ді айтуға кім құқық бер­ді? Жал­пы бұл ұйым­ның сая­сат­та не шаруа­сы бар? Тілін, ұлт­тық салт-дәстүрін сақ­та­сын, көбей­сін, өркен­десін – мәсе­ле жоқ, біз тек соған қыз­мет ету­ге даярмыз.

Ал ел бас­шы­сын таң­дау сияқты стра­те­ги­я­лық шешім­дер­ді қаза­ғы көп ұйым неге бірін­ші боп үн қат­пай­ды? Болар іс бол­ды, сай­лау кім ұсын­са да өте­ді. Бола­шақта ұсы­ныс жаса­ма­са бол­май­тын жағ­дай бол­са, осын­дай мәсе­ле барын жігіт­тер ескеріп жүр­сін дегенім ғой…

 

Өмір­зақ АҚЖІГІТ:

Өткен­де бір жиын­да бір ақын аға­мыз «қаза­қтың өзі сияқты жуас Қой жылы құт­ты бол­сын!» деп баста­ды өзінің сөзін. Жұрт қол соқты. Аға­ның абы­рой­ын түсір­мей­ін деп, өз сөзі­міз­де ол жай­лы үнде­мей кетіп едік, енді елмен ой бөліс­пе­сек болмады.

Қой­дай жуас болға­ны құры­сын! «Жуас», «момын» деген «бей­ша­ра», «сор­лы» деген сөз. «Қазақ қой сияқты жуас» деген сөзді аузы­на алған адам – қаза­ққа жаман­дық тілей­тін адам. Біз жалы­на қол тигіз­бей­тін жылқы­дай асау болуы­мыз қажет. Ұрпағы­мы­зды осы бағыт­та тәр­би­е­ле­у­ге тиіс­піз. Ұлы­мыз да, қызы­мыз да басы­нан сөз асыр­май­тын бол­сын! Марқұм Дүй­сен­бай наға­шым айта­тын­дай: «Өзің ешкім­ге тиіс­пе, тиіс­кен­нің, әсіре­се өзге ұлт­тың, басы­на бәлені үйіп-төгіп жібер, сенің қараң­ды көр­ген­нен қаша­тын бол­сын!». Шешен­дер жақ­сы­лы­қты ұмы­тып кете­ді (мен был­тыр Шең­гел­ді­ден кей­ін «ДАТ»-қа «Шешен­дер неге «кие» деген­ді біл­мей­ді?» деп мақа­ла жаз­дым), бірақ олар өзі­нен 100 есе көп оры­сты тізе бүк­тіріп, қазір оры­стың ақша­сы­на өз елін гүл­ден­діріп жатыр. Ертең сәл бір сәт­ті мез­гіл туа­ды, сол күні Ресей­ден бөлініп шыға­ды. Ал біз өз елі­міз, өз жері­міз­де оты­рып, өзге­ге ақы­мы­зды жегі­зе­міз де, тіп­ті таяқ жей­міз де жүре­міз. Мем­ле­кет­тен бұрын әрбір отба­сы еңбек ететін тұс – дәл осы тұс!

 

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ:

Өткен ғасыр­да Сай­қын стан­са­сы­нан мал тие­у­ге біраз жігіт бар­дық. Шөп дай­ын­дап жатыр­мыз. Ара­мы­зда С. деген, 30-ды алқым­даған, бойы 2 метр жігіт бол­ды. Өзі ұрт­таған­ды жақ­сы көретін… Бір­де оны сырт­тан кел­ген «шабаш­ник» ингу­ш­тер жақ­сы­лап «сый­лап» жіберіп­ті… Содан кей­ін-ақ кеш бата С. айта­тын: «Қой, жата бер­ген жарас­пас, көше­ге шығып, бір мез­гіл бой көр­сетіп қай­тай­ық» деп… Мына сай­ла­уда М.Елеусізовтың өзін «қай­та ұсы­на­мын» деуі Сай­қын стан­са­сын­дағы «бой көр­сетіп қай­тай­ы­нға» қат­ты ұқсай­ды екен.… Халы­қтың тағ­ды­ры шешілетін шара­ны кей­бір «сая­сат­кер­сы­мақтар» осы­лай­ша сай­қы­ма­за­ққа айнал­ды­рып жатқа­нын ұға ма, әлде науқан­ды сай­қы­ма­зақ ету арқы­лы олар халы­қтың мұңы-зары, тіп­тен халы­қтың өзі де олар үшін еш маңы­зды бол­май қалға­нын біл­дір­гені ме? Әлде бұл шынын­да да сон­дай сай­лау ма?

 

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ:

Кей­де өзі­ме де, қаза­қта­ры­ма да қаным қара­я­ды. Ресми ақпа­рат бой­ын­ша қазір Қаза­қстан­да 10 мил­ли­он­нан аса қазақ тұра­ды. Екін­ші орын­да оры­стар 3,7 мил­ли­он. Ал бүгін әңгі­ме болып жатқан ұйғыр­лар 225 мыңға жетер-жет­пес, ал тәжік­тер бар болға­ны 36 мың ғана.

Сон­да неге 10 мил­ли­он қаза­қтың өз еліне өзі қожа болуы­на, тен­тек­ті жөн­ге салуы­на, өзін басқаға құр­мет­те­туіне жағ­дайы жоқ? Осы сұрақ мені әрдай­ым маза­лай­ды. Жау­а­бын кім біледі? Қаза­қстан­ның қожай­ы­ны қазақ болуы үшін не істе­у­ге болады?

 

Дина ТӨЛЕКОВА:

Келісіп алай­ы­қ­шы… Мен билік­ті жақта­май­мын, дат­та­май­мын да. Елде болып жатқан сая­си һәм әле­умет­тік про­цес­стер­ді қалай қабыл­дай­мын – солай жазам. Тағы бір айта­рым, мен кәсі­би сая­сат­та­ну­шы емес­пін. Жай ғана қазақ аза­ма­ты­мын. Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес, өзім­дік аза­мат­тық ұста­ны­мым­ды біл­діру­ге, кей­бір мәсе­ле­лер­ді ашық айтуға құқы­ғым бар. Менің поста­рым кей­бір жағым­паз­дар­дың жүй­кесіне тисе, досты­қтан шыға­рып тастаңы­здар. Рас, Еура­зи­я­лық одақтың құры­луын қол­даған үштік Аста­наға келіп қол қой­ған­ша, бір­деңе­лер­ді шимай­ла­у­шы едім, кей­ін сол мамыр­дың 19-нан кей­ін жары­тып ештеңе жазғам жоқ. Тұңғы­штың мерзі­мі 1–2 жыл­да бітер, кетер деп ойлағам. Сөйт­сем, бұ қарағым сек­сен­ге кел­ген­ше сел­кіл­деп жүретін түрі бар. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын пысқыр­май, сай­ла­у­ға бір­деңе ретін­ше (сан­нан жаңыл­дық) түс­келі отыр. Менің айт­пағым, «сая­сат­пен сен айна­лы­спа­саң, сая­сат сені­мен айна­лы­са­ды» деген­дей, сай­лау про­цесін­де­гі кей­бір дүни­е­лер­ді ашық жазып оты­рай­ық. Халы­қтың үні бар екенін біл­дірей­ік. Мұның менің жеке басым үшін зия­ны бол­ма­са, пай­да­сы жоқ… Бірақ біздің билік біз­бен, біздің қоғам­мен сана­сып оты­руы үшін керек… Біраз ұйы­қта­дық қой! Кіш­кене тірілейікші…

 

Камал ӘБДІРАХМАН:

Жарам­сақтық пен жал­бақта­удан, даңғой­лық пен дарақы­лы­қтан әлем­де­гі ең озық отыз елдің ішіне атой сап кір­гені­міз­ге он бес жыл­дай болға­ны анық. Енді, міне, оты­зың не, қазір екінің біріміз!

Жұма намаз­дың алдын­да «Шалқар» радио­сы­нан «Нұқ пай­ғам­бар» деген сөзді естіп, елең ете қал­дым. Артын­ша жағам­ды ұста­дым. Бір сабаз «Нұр­лы жол – Нұқ пай­ғам­бар­дың кемесі» деп, өңе­ші жыр­ты­лған­ша шыңғы­рып, ән салып жатыр.

О сұм­дық! Адам­зат бала­сы мен тір­шілік ата­улы­сын Алла­ның бұй­ры­ғы­мен апат­тан аман алып қалған Нұқ пай­ғам­барға кім­ді теңеп жатыр­мыз? «Шалқар­дың» жор­нал­шы­ла­ры, құдай-ау, бір уақ ойлансаңдаршы!

 

Фазыл­бек ӘБСАТТАРҰЛЫ:

1990 жыл­дар­дағы көк­жал жігіт­тер­ді («Рыжий Алмаз», Сабыр, Қаны­бек, «Қара Алмаз»…) аңсай бастаға­ны, Қаза­қтың өз жерін­де қор­лы­қтарға шыда­мы тау­сы­ла бастаға­нын біл­діреді. Себебі ол көк­жал­дар­дың кезін­де Қаза­ққа қар­сы шыға­тын өзге ұлт­тар жоқ еді. Көк­жал­дар бәрін рет­теп отырды…

Билік­тің ұлт­тық сая­са­ты Гит­лер­дің соғы­стан жеңіліп жатқа­нын еске түсіреді. Себебі Гит­лер жалған ақпа­рат­тар­дың кесірі­нен жеңілді…

  • (Пікір иелерінің «Facebook» парақ­ша­ла­ры­нан алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн