Понедельник , 7 июля 2025

Мұның қалай, МИНИСТР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Төте сұрақ

 

  • Мөң­ке бидің: «…Халы­ққа бір тиын пай­да­сы жоқ, ай сай­ын бас қосқан жиын бола­ды…» дегенінің қан­дай­лық шын­дық болға­нын қара­пай­ым халық та аңдаған­дай: дағ­да­рыс билік­тің дығ­ды­рын құр­тқа­лы «Күл­тө­бенің басын­да күн­де жиын»-ның кебін кеп киді ме – киді. Бұған дей­ін де сол бере­кесіз жиын, бәтуәсіз баста­ма­лар бора­ды-ау келіп-келіп. «Кім не айт­ты?» деген­нен гөрі, «кім не айт­па­ды?» деп қай­ы­ра сұрақ қой­саң – сірә, жөн!..

 

Өткен апта­да ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму (ДСЖӘД) мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ва «Қаза­қстан­дық жастар­ды дая­шы және бар­мен болуға үйре­те­міз» деген ұсы­ны­сын талқы­ның тап орта­сы­на тастап кеп жібер­ді. Мұны­мен қоса, ДСЖӘД-ның дөкей бас­шы­сы Дүй­се­но­ва мұның әзір­ге пилот­тық жоба екенін, әрі оны оңтүстік-шығыс елдерінің тәжіри­бесіне сүй­еніп айта­ты­нын жеткізген.

Тіп­ті Тама­ра ханым жастар­ды қыз­мет көр­се­ту сала­сын­дағы қысқа мерзім­ді кур­старға тар­та­ты­нын да мәлім еткен. Әрі аталған маман­ды­қтар­дың айтқанға бол­ма­са, оңай қыз­мет емес екенін айтып: «Оны жоға­ры дәре­желі маман­дар ғана үйретіп шыға­ра­ды… Жастарға оқу тегін, тек жол ақы­сы мен тұрағын өз қал­та­сы­нан төлейді…менің ойым­ша, бұл – біз­ге қажет тәжіри­бе. Оған мей­рам­ха­на иелері мен қонақүй және де басқа да қыз­мет көр­се­ту ұйым­да­ры­ның маман­да­рын тар­туы­мыз керек», – деген.

Осы жер­де жаңағы ДСЖӘД бас­шы­сы мақта­нып айтқан «жоға­ры маман­дық» иелерінің кім­дер екені де бір­жо­ла аны­қта­ла түседі. Яғни, енді­гі осы маман­ды­қты үйрен­гісі келетін жастар­дың су жаңа «супер» ұста­зда­ры – мей­рам­ха­на иелері мен қонақүй маман­да­ры бола­тын көрі­неді. Сон­да мұн­сыз да қонақ­жай, қонаққа бары мен бей­ілін ұсы­ну­ды бір кісі­дей білетін елдің ұрпағы сол «жоға­ры маман­дық» иелері­нен нені үйрен­ген­дей? Тағам толы табақ тасу мен шай­тан толы шарап құю­ды маман­дық деп оқу үшін бе?!

Енді мынаған қараңыз: мини­стр­дің пікірін­ше, даяр­лық кур­ста­ры бір­не­ше дең­гей­де өткізіл­мек. Бірін­ші­ден, арзан қоғам­дық тамақта­ну орта­лы­қта­рын­да дая­шы болу­ды үйре­неді. Арнайы кур­стар­ды бітір­ген маман­дар екін­ші дең­гей­де қым­бат дәм­ха­на­лар мен мей­рам­ха­на­лар­да жұмыс істей ала­тын бола­ды. Ал үшін­ші кезең­де бар­мен маман­ды­ғын игеріп шығуға мүм­кін­дік ала­ды екен.

Күл­кіңіз келе ме, кел­мей ме?! Бұл бір елдің біл­дей мини­стр­лік бас­шы­сы­ның аузы­нан шыққан сөз. Дая­шы мен бар­мен тәр­би­е­леп, елдің бар әле­уетін арт­ты­ра­мын, жастар­дың қаға­нағын қарық қыла­мын деу – халық үшін соны жаңа­лық бол­мақ түгілі, соры сорға­лаған сорақы­лық бол­са керек!

Неге дей­сіз ғой?! Сол министр айтқан оңтүстік пен шығыс елі тұр­мақ, біздің елде бұл маман­ды­қты арнайы кур­стар­сыз-ақ жаста­ры­мы­здың екі-үш айда үйреніп шыға­ты­нын ұмыт­паға­ны­мыз ләзім! Өйт­кені қазір­де жоға­ры оқу орнын­дағы (ЖОО) сту­дент­тері­міздің 50–60 пай­ы­зы онсыз да бар­мен, онсыз да дая­шы ата­нып жүр­гені бесе­не­ден бел­гілі. Әсіре­се ком­мер­ци­я­лық білім алып жүр­ген жастар­дың дені – дая­шы­лық қыз­мет­тен нәпақа­сын тауып жүр десек, артық айтпағанымыз!

Оның үстіне тығы­ры­қтан шығу үшін ел пре­зи­ден­тінің алдын­да көзі­мен жер шұқып оты­рып, кенет «Тап­тым, тап­тым» деп айқай­лай­тын тапқыр­лы­қтың сиық-сық­пы­ты бұл емес: Аста­на мен Алма­ты­да ғана аздап сұра­ныс бар деме­сеңіз, былай­ғы дүң­гір­шек ата­улы­да бәліш пен сам­са сату­дан аспай­тын өңір­лер­де бұл маман­ды­қтар­дың бәсі тіп­тен төмен (халы­қтың қал­та­сы да сол тағам­дар­ды көте­ру­ден артылмайды).

Ал сол тұтас ел маң­дай­ы­на мадақ қылып қадаған қос қала­дағы жаңағы қос маман­ды­қты қажет­сі­неді-ау деген ел туриз­мі ше? Бір Анка­ра­ның бір айлық табысы­нан асар-аспас! Сөй­те тұра, «Қарға қаз бола­мын деп аяғын үсіріп­ті» деген­дей, өзі­мізді бір­ден туриз­мі дамы­ған ел сана­тын­да еле­сте­ту, сол арқы­лы жаста­ры­мы­зды жап­пай дая­шы мен бар­мен маман­ды­ғы бой­ын­ша оқы­тып, жұмыспен қам­ти қоя­мыз дей­тін дүм­білез ой – біз­ге ман­дат бол­ма­са керек!

Сон­да дей­мін, біре­удің әлпеш­те­ген жалғы­зы кім­ге барып жал­пақтаған­дай?! Әдет­те той­ға шығып, дая­шы атанға­ны­ның өзін көл­де­нең көз­ден көп уақы­тқа жасы­ра­тын жастарға келіп: осы маман­ды­қты оқы­ғың келе ме деп сұрап көріңіз? Тіп­тен бұдан ары не деу­ге бола­ды?! Сіз­ше кеше­гі Мағ­жан сен­ген жастар­дан дая­шы мен бар­мен жасау – қия­нат­тың қия­на­ты емес пе, Тама­ра ханым?

  • P.S.: мұн­дай­да елдің үміті ақтал­ма­са, қала­у­лы­сы­на сын бол­са керек: сол үшін де мин­стр­лер­ге ескер­тері­міз – ойнап сөй­ле­мей, ойлап сөй­ле­уді үйре­нетін кез кел­ген сияқты!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн