Понедельник , 7 июля 2025

25 ЖЫЛДЫҚ ЖЫР осы сайлаумен түгесіліп тына ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Шолу

 

Сай­лау кел­се, ел іші бүлі­неді деп ұлы Абай айтып кет­кен­дей, Қаза­қстан қоға­мы мерзі­мі­нен бұрын болар сай­ла­у­ға бола шала бүлініп-ақ жатыр. Бірақ, сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бұл тағы да Қаза­қстан­да қалып­тасқан ішкі-сыр­тқы сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды нақты шешу­ге ықпал етудің орны­на, әншей­ін шаң шыға­ру ғана бола­тын ойын сыңай­лы. Себебі осы­ған дей­ін де болған бір­не­ше кезек­тен тыс сай­лау елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды жақ­сар­тып, сая­си аху­алға өзгеріс әкел­генін қоғам көріп оты­рған жоқ.

 

1990–1991 жыл­дар­дағы сайлау

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесін­де депу­тат­тар­дың дауыс беруі­мен өткізіл­ген тұңғыш пре­зи­дент сай­ла­уы мұнан тура ширек ғасыр бұрын – 1990 жылы болға­нын бүгін­де біреу біл­се, біреу біл­мей­ді. Бұл сай­ла­уда Назар­ба­евқа бала­ма үміт­кер бол­маған. Әлі пре­зи­дент­тік инсти­тут құрыл­маған Қаза­қстан­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев әрі Ком­пар­ти­я­ның бірін­ші хат­шы­сы, әрі пре­зи­дент болып, өтпе­лі билік біраз уақыт­ты бастан кешкен.

Дүни­е­жүзілік қауым­да­стық, әсіре­се Батыс бұл сай­ла­уды тек 1991 жылы мой­ын­даған бола­тын. Бұл тұста Қаза­қстан ядро­лық қару­дан бас тар­тып, Баты­стың көңілі­нен шығып тұрған кезтұғын.

Ал 1991 жыл­дың қазан айын­да жари­я­ла­нып, 1 жел­тоқ­сан күні жал­пы­ха­лы­қтық дауыс беру­мен өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­уда Назар­ба­ев тағы да бала­ма­сыз үміт­кер бол­ды. Дұры­сын­да, сай­ла­у­ға о баста үш кан­ди­дат түсіп, бала­ма­лы сай­лау өтетін болған: пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат­тар­дың бірі – бүгін­гі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, екін­шісі – «Нева­да-Семей» қозға­лы­сы­ның лидері, ақын Олжас Сүлей­ме­нов, үшін­шісі – дис­си­дент, жел­тоқ­сан­шы қоғам қай­рат­кері Хасен Қожахмет.

Бірақ Олжас Сүлей­ме­нов сай­ла­у­ға қаты­су­дан бас тарт­ты, ал Хасен Қожах­мет «халы­қтан тиісті мөл­шер­де қол жинай алмаған­ды­қтан», Орта­лық сай­лау коми­теті оны үміт­кер­лер тізі­мі­нен алып тастады.

Сөй­тіп, Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның өкілі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті ретін­де билік басы­на келді.

 

1995 жылғы референдум

1991 жыл­дан соң, Қаза­қстан­дағы кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­уы Кон­сти­ту­ци­я­лық талап бой­ын­ша 1996 жылы өтуі тиіс еді. Бірақ ол 1999 жылы бір-ақ өткізілді.

Бұл кезең Кеңес Одағы көле­мін­де түр­лі бай­ла­ны­стар үзіл­ген, дағ­да­рыс және қай­та құру кезеңі­мен есте қалға­ны бел­гілі. Осы жыл­да­ры Гру­зия, Әзір­бай­жан бас­шы­ла­ры тақтан тай­ды­ры­лып, Бела­русь пен Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де, Тәжік­стан­да билік ауысты.

Қаза­қстан үшін бұл кезең жап­пай пар­тия құру кезеңі­мен есте сақта­ла­ды. Бірақ, айна­лып кел­ген­де, билік­те­гі пре­зи­дент­тің өкілет­тілі­гін ұзар­ту­дың жолы пар­ти­я­лар ара­сын­дағы бәсе­ке­ле­стік бой­ын­ша емес, рефе­рен­дум арқы­лы іске асырылды.

1994 жылы Қаза­қстан­да Жоғарғы кеңес сай­ла­уы өтті. Ал 1995 жыл­дың басын­да, кан­ди­дат­ты­ққа депу­тат болған Татья­на Квят­ков­ска­я­ның шағы­мы бой­ын­ша, сай­лау қоры­тындысы заң­сыз болып табы­лып, Жоғарғы кеңес таратылды.

1995 жыл­дың наурыз айын­да ҚХА (Қаза­қстан­ның халы­қтар ассам­бле­я­сы) құры­лып, іле-шала, осы ассам­бле­я­ның ұсы­ны­сы бой­ын­ша, пре­зи­дент өкілет­тілі­гінің мерзі­мін ұзар­ту үшін рефе­рен­дум өткізу­ге ұсы­ныс жасал­ды. Оның қоры­тындысы бой­ын­ша, Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің өкілет­тілі­гі 2000 жыл­дың 1 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін ұзар­тыл­ды. Кон­сти­ту­ци­яда алғаш рет басқа­ру­дың пре­зи­дент­тік моделі жасалды.

Осы тұста Қырғыз­стан мен Өзбек­стан­да да пре­зи­дент­тер рефе­рен­дум жолы­мен өкілет­тілік­терін ұзар­тқан еді. (Орта Азия мем­ле­кет­терінің ара­сы­нан сол 90-жыл­да­ры тек Сапар­мұрат Ния­зов қана бір­ден халы­қтық сай­ла­у­ға түс­кен-ді). Ресми Қаза­қстан бол­са, рефе­рен­дум­ды «Орта Азия бой­ын­ша аймақтық ішкі тұрақты­лы­қты сақтау үшін» деп тұжырымдады.

Қаза­қстан­дағы пре­зи­дент­тік сай­лау мерзі­мі 2000 жылға бел­гі­лен­гені­мен, ол тағы да өзгер­ді. Дұры­сы – өзгертілді.

Бұл кезең Қаза­қстан үшін ази­я­лық қар­жы дағ­да­ры­сы­мен тұс­па-тұс келеді. Елде нара­зы­лық бел­гілері таны­ла бастаған соң, тез ара­да қоғам­да жағ­дай бір­ша­ма тұрақты және тыныш болып тұрған кез­де сай­лау өткізу­ге шешім қабылданды.

1998 жылы – «сая­си рефор­ма» жылы деп ата­лып, 1999 жыл­дың қаңтар айын­да мерзі­мі­нен бұрын сай­лау өтті. Өзге сай­ла­у­лар­мен салы­стыр­ма­лы түр­де алған­да, бұл аса тар­ты­сты өткен сай­лау бол­ды. Бұл сай­ла­уда Назар­ба­ев­тың ең күшті қар­сы­ла­сы ретін­де Серік­бол­сын Әбділ­дин танылды.

 

2005 жылғы сайлау

Бұл – заң­да бел­гі­лен­ген өз уақы­тын­да өткен сай­лау бол­ды. Ол кез­де пре­зи­дент­тің сай­ла­у­ал­ды дай­ын­ды­ғы жар­ты жылға жалға­сты. 2005 жыл­дың жаз айын­да пре­зи­дент елдің бар­лық аймақта­рын ара­лап шықты. Бұл кезеңнің өз ерекшелі­гі – кеше­гі Кеңес кеңісті­гін­де түр­лі-түсті төң­керістер орын алған бола­тын. Бұл билік үшін – «төң­керіс ата­у­лы адам­дарға кедей­лік пен жоқ­шы­лық, қан мен көз жастың төгілуін әке­леді, жап­пай тәр­тІп­сіздік орын ала­ды» деп, үрей­ді жар­на­ма­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­ді. Осы жыл­дар­дан бастап қоғам­ды қорқы­тып билеу дәуірі басталды.

 

2011 жылғы сайлау

Кезек­ті сай­лау – 2012 жылы өтуі тиіс еді. Бірақ бір жыл бұрын тағы да сая­си ауыс-түй­істер баста­лып кет­ті. Бұл жолы пре­зи­дент­тің өкілет­тілі­гін бір­жо­ла ұзар­ту тура­лы, яғни мәң­гілік пре­зи­дент етуді ұсы­нған баста­ма­шыл топ пай­да бол­ды. Бір жағы­нан, осы уақы­тқа дей­ін қар­сы­ла­ста­ры­на «дес бер­мей» келе жатқан пре­зи­дент­ті бір­жо­ла мәң­гілік пре­зи­дент ету дұрыс деген наси­хат тарады.

Бірақ мұн­дай ұсы­ныс іске аса­тын бол­са, ол дүни­е­жүзілік қауым­да­сты­қтың сыны­на қала­ты­ны да анық еді. Сөй­тіп, Кон­сти­ту­ци­яға тағы да өзгеріс енгізіл­ді – пре­зи­дент­тің өкілет­тілік мерзі­мі қысқар­ды. Сол кез­де пре­зи­дент сай­ла­у­ын мерзі­мі­нен тыс өткі­зу «қажет­ті­гі» туындады.

2011 жыл­дың сәуір айын­да пре­зи­дент­тік­ке сай­лау мерзі­мі­нен бұрын өткізілді.

 

«Мерзі­мі­нен бұрын…» деген не?

Осы заң­ды бел­ден басу­лар­дың бәрі­нен соң, пре­зи­дент­тік­ке сай­ла­удың кезек­тен тыс өту дүр­ме­гінің бүгін­гі даб­ы­рас­ы­на да таң­да­нуға болмайды.

Бүгін Қаза­қстан қар­жы нары­ғы кезек­ті деваль­ва­ция алдын­да тұр. Үкі­мет үшін деваль­ва­ци­я­ны уақыт­ша ноқта­лай тұру – сай­лау өткі­зу үшін қажет екені де жасы­рын емес. Халық құны құл­ды­рап бара жатқан тең­ге­ге сен­бей, дол­лар сатып алып жат­са, билік «Нұр­лы жол» бағ­да­ра­ла­ма­сы арқы­лы ел эко­но­ми­ка­сын дол­лар­сыздан­ды­ру науқа­нын баста­ды. Шығыс пен Баты­стың ара­сын­дағы тар­тыс күше­ю­де. Қаза­қстан­ның өза­ра сауда­дағы басты әріп­тесі Ресей­ге деген Баты­стың санк­ци­я­сы­ның сал­да­ры қаза­қстан­дық кәсіп­кер­лер­ді де қысып барады.

Жал­пы, «кезек­тен тыс сай­лау» дегені­міз не? Ол қан­дай жағ­дай­да өтуі мүмкін?

Халы­қа­ра­лық түсінік­тер бой­ын­ша, ресми билік орга­ны­ның неме­се билік өкілінің өкілет­тілі­гі бел­гі­лен­ген мерзім­нен бұрын тоқта­уы сал­да­ры­нан өтетін сай­лау «мерзі­мі­нен тыс» болып табылады.

Бірін­ші жағ­дай­да– өкілет­ті орган­дар­дың тара­ты­луы кезек­тен тыс сай­лау өткізу­ге себеп болуы мүм­кін. Ал жеке адам­ның өкілет­тілі­гіне кел­сек, сай­ланған адам отстав­каға кетуі мүм­кін. Осын­дай кез­де және өкілет­ті адам қыз­меті­нен ерік­ті түр­де бас тар­тқан кез­де өкілет­ті тұлға­ның мез­гіл­сіз қаза­сы­на бай­ла­ны­сты кезек­тен тыс сай­лау өткі­зу орын алады.

Кезек­тен тыс сай­лау өткі­зу тәр­тібі әр елдің өзінің ішкі заң­ды­лы­қта­ры­на бағы­на­ды. Мыса­лы, пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­лар­да кезек­тен тыс сай­лау – үкі­мет отстав­каға кет­кен соң өте­ді. Кезек­тен тыс пар­ла­мент сай­ла­уы деген сөз – пала­та­ны тұта­сы­мен қай­та­дан сай­лау деген сөз.

Егер сай­лау бір­не­ше депу­татқа қаты­сты бол­са, ол қосым­ша сай­лау деп ата­ла­ды. Сон­дай-ақ кезек­тен тыс сай­лау – сая­си шешім­дер­ді жүзе­ге асы­ру ғана емес, үкі­мет­те­гі дағ­да­ры­сты шешу­де­гі күрес әдісі де бола ала­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы неме­се үкі­мет пар­ла­мент­ті тара­та оты­рып, өзінің заң­дық өкілет­тілі­гін бекі­те түсу үшін, кезек­тен тыс сай­лау жари­я­лай­ды. Басқа елдер­ді айт­паған­да, Ресей­де Борис Ель­цин­нің отстав­каға кетуі­нен соң жари­я­ланған мерзі­мі­нен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы бұған мысал бола алады.

Бірқа­тар демо­кра­ти­я­лық елдер­де «кезек­тен тыс сай­лау» деген түсінік сая­си тер­ми­но­ло­ги­яда мүл­дем қол­да­ныл­май­ды. Мәсе­лен, АҚШ-та пре­зи­дент өз өкілет­тілі­гі­нен мерзі­мі­нен бұрын бас тар­та­тын бол­са неме­се әлдебір сая­си тар­ты­стар сал­да­ры­нан өкілет­ті қыз­метін тоқта­туға мәж­бүр бол­са, бел­гі­лен­ген пре­зи­дент­тік мерзім аяқталғанға дей­ін, бар­лық мем­ле­кет­тік құзыр­лы жау­ап­кер­шілік вице-пре­зи­дент­ке жүктеледі.

Пар­ла­мент­тік-демо­кра­ти­я­лы Жапо­ни­яда үкі­мет­тің отстав­каға кетуі – кезек­тен тыс пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткізу­ге себеп бола алмай­ды. Керісін­ше, пар­ла­мент сай­лаған жаңа пре­мьер-министр жаңа каби­нет­ті жасақтайды.

Ал біз­де­гі кезек­тен тыс сай­ла­у­лар­дың өзін­дік «ұлт­тық ерекшелік­тері» қан­дай? Біз­де 2010 жылы түр­лі қитұрқы сая­си амал­дар­мен ҚР пре­зи­ден­тіне елба­сы – «лидер нации» деген атақ беріл­ді. Ал мұнан бұрын, яғни 2007 жылы пар­ла­мент бүгін­гі бірін­ші пре­зи­дент­ке сай­ла­у­ға шексіз түсу­ге келісім беру тура­лы шешім қабыл­да­ды. Соған қара­ма­стан, Кон­сти­ту­ци­я­ның 42-бабы бой­ын­ша, бір адам екі мерзім­нен артық пре­зи­дент бола алмай­ды. Бұл енді бүгін­гі пре­зи­дент емес, одан кей­ін­гілер­ге қаты­сты заң тала­бы болмақ.

Деген­мен, бүгін­гі сай­ла­удың, қалай болған­да да, қазір­гі пре­зи­дент үшін соңғы сай­лау екенін сая­сат­та­ну­шы­лар жиі айтып жатыр. Бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­ба­ев­тың айтуы бой­ын­ша, осы кезек­тен тыс сай­ла­удан соң, билік басы­на мұра­гер ізде­сті­ру бел­сен­ді түр­де жүр­гізіл­ме­се, билік­тің бір қол­дан екін­ші қолға заң­сыз өтуі орын алуы әбден мүм­кін көрінеді.

Тағы да тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, біздің елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ішкі дағ­да­рыс жағ­дай­ы­мыз сай­ла­у­ға қарап қалған жоқ. Сон­ды­қтан, тағы сол сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­ба­ев­тың айтуы бой­ын­ша, сай­лау өте­ді, бірақ сай­ла­удан кей­ін ел ішін­де қан­дай жағ­дай орын ала­ды, бұл – үлкен сұрақ…

Гүл­ми­ра

ТОЙБОЛДИНА,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн