Понедельник , 7 июля 2025

Долларсыздандыру – ДАЛБАСА ДАҢҒАЗА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №09 (280) от 05 мар­та 2015 г.

 

Қар­сы пікір

 

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын дол­лар­сыздан­ды­ру және деваль­ва­ци­я­лық болжам­дар­ды төмен­де­ту тақы­ры­бы сарап­шы­лар мен қар­жы­лық шолу­шы­лар­дың наза­ры­на ілік­ті, деп мәлім­деді жуы­қта эко­но­мист Олжас Құдай­бер­ге­нов. Ол, өзінің пікірін­ше, ұлт­тық валю­таға деген сенім­ді қай­та­ра­тын және дол­лар­лық депо­зит­тер­дің тар­тым­ды­лы­ғын төмен­де­тетін бірқа­тар амал-шара­лар­ды ұсын­ды. Бірақ ол айтқан ұсы­ны­стар­ды іске асы­рған күн­нің өзін­де қаза­қстан­ды­қтар дол­лар күй­ін­де­гі өздерінің жинақта­рын дереу тең­ге­ге алма­сты­ра бастай­ды деп күту үлкен күмән тудырады.

Еске сал­сақ, ұлт­тық валю­таға деген сенім­ді арт­ты­ру үшін, Ұлт­тық банк төраға­сы­ның бұры­нғы кеңес­шісі Бас бан­кі­ге келесі­дей ұсы­ныс жаса­ды. Ол бес жыл бой­ы­на сақта­лу мерзі­мі бір жыл­дан аса­тын тең­гелік депо­зит­тер­ге, егер осы жылы тең­ге 6%-дан аста­мға арзан­да­са, бағам айыр­ма­шы­лы­ғы­на кепіл­дік беруді ұсын­ды. Соны­мен бір­ге сарап­шы Қаза­қстан­дық депо­зит­тер­ге кепіл­дік беру қоры­на (ҚДКҚ) дол­лар салым­да­ры үшін ең жоғарғы мөл­шер­ле­мені 1 мамыр­дан бастап, қол­да­ны­стағы 3%-дан 2%-ға дей­ін төмен­де­туді және биы­лғы 1 шіл­де­ден бастап тағы да 1%-ға дей­ін төмен­де­туді ұсынды.

Эко­но­ми­стің есеп­те­уін­ше, деваль­ва­ци­я­ның сал­да­ры­нан жинақта­рын дол­ларға ауы­сты­рай­ын деген салым­шы­лар­дың кез кел­ген сыл­та­уы­ның себебін бұл әдіс жоққа шыға­ра­ды. Аталған шара депо­зи­тор­лар­дың бар­лы­ғын қай­та­дан тең­ге­ге өту­ге эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан ынта­лан­ды­рып, валю­таға деген сұра­ны­сты табиғи түр­де төмен­де­те­ді де, керісін­ше – ұсы­ны­сты арт­ты­ра түседі. Ұлт­тық банк валю­та­лық депо­зит­тер­дің азаю қарқы­ны­на қарай резерв­ті 1,5–2,5 есе­ге арт­ты­ра ала­ды, ал банк­тер, бұры­нғы­сын­ша, тең­ге­мен несие беру қарқы­нын қай­та­дан қал­пы­на кел­ті­ре ала­ды. Сөй­тіп несие бой­ын­ша мөл­шер­ле­мені төмен­де­ту­ге мүм­кін­дік туады.

Бұл ұсы­ны­стар­дың бар­лық игілік­тері мен құн­ды­лы­қта­ры бола тұра, олар ешқан­дай сын көтер­мей­ді. Бірін­ші­ден, бұл шара іске асқан күн­де салым­шы­ларға жинақта­рын валю­та­ның қай түрін­де сақтау таң­да­уын жасан­ды түр­де тары­л­та­ды, өйт­кені ҚДКҚ-ның дол­лар­лық салым­дар­дың мөл­шер­ле­месін төмен­де­ту тура­лы ұсы­ны­сы, шын­дап кел­ген­де, ерік­ті түр­де мәж­бүр­леу сипа­тын­да бола­ды. Осы­лай­ша, билік­тің тең­ге­ге деген сенім­ді арт­ты­руға қабілет­сізді­гі тағы да салым­шы­лар­дың есебі­нен тол­ты­ры­лып, білін­бей қала­ды. Екін­ші­ден, валю­та­лық бағам айыр­ма­шы­лы­ғы­на мем­ле­кет­тің кепіл беруі рет­те­уші­ге қосым­ша мін­дет жүк­тей­ді, нәти­же­сін­де егер де форс-мажор­лық жағ­дай туын­дай қал­са, мем­ле­кет­тің икем­ді бағам сая­са­тын жүр­гі­зу мүм­кін­ді­гін төмен­де­те­ді. Мыса­лы, мұнай баға­сы қазір­гі­ден де күрт төмен­десе неме­се рубль күрт әлсіре­ген жағ­дай­да. Үшін­ші­ден, ұсы­ны­лған баста­ма­лар іске асқан күн­нің өзін­де дол­лар­лық салым­да­ры бар салым­шы­лар дереу тең­ге­ге ауы­са­ды деп айту қиын, себебі Ұлт­тық банк 2009 жылы 4 ақпан­да және 2014 жылы 11 ақпан­да екі рет жап­пай деваль­ва­ция жүр­гі­зу сал­да­ры­нан халы­қтың ұлт­тық валю­таға деген сені­мін түсіріп алды. Енді қаза­қстан­ды­қтар­дың ұлт­тық валю­таға сені­мін қай­та­дан көте­ру үшін, О. Құдай­бер­ге­нов айтқан­дай, 5–6 жыл емес, кем деген­де 10 жыл уақыт керек. Онда да, егер теріс фак­тор­лар­дың ықпа­лы­мен (мыса­лы, мұнай мен басқа да шикі­заттар баға­сы­ның күрт төмен­де­уі, ҚР Ұлт­тық банк алтын-валю­та­лық резерв­терінің сарқы­луы) моне­тар­лық билік қай­та­дан тең­генің құнын жоғалт­па­са, ал билік сөз жүзін­де емес, шын мәнісін­де іс жүзін­де эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру­мен айла­ныс­са ғана. Төр­тін­ші­ден, бұл шара­лар тым кеш­теу ұсы­ны­лып отыр. Олар­ды сонау 2009 жылғы деваль­ва­ци­ядан бұрын енгі­зу керек еді. Ал қазір бұл баста­лып кет­кен қар көш­кінін тоқта­туға тал­пы­ныс жасау әре­кеті сияқты болып тұр.

Бірақ эко­но­ми­стің ұсы­нған амал-шара­ла­рын жүзе­ге асы­ру­дың жағым­ды әсерін жоя­тын сал­мақты­лау іргелі фак­тор­лар бар. Бірін­ші кезек­те бұл – дол­ларға негіз­гі халы­қа­ра­лық резерв­ті валю­та ретін­де бай­ланған Ұлт­тық банк­тің валю­та­лық басқа­ру жүй­есі­мен бір­лес­кен қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның шикі­заттық моделі. Ол шару­а­шы­лық жүй­ені дол­лар­сыздан­ды­руға әсер етпек түгілі, керісін­ше – оның дол­ларға тәу­ел­ділі­гін ушы­қты­рып, мұнай мен басқа да шикі­зат ресур­ста­рын сату­дан түс­кен табыст­ың, яғни ұлт­тық бай­лы­қтың басым бөлі­гін ел сыр­ты­на шыға­руға көмектеседі.

Ал тең­ге дегені­міз не? Оны Қаза­қстан­ның ұлт­тық тең­ге бір­лі­гі деп ойлай­тын­дар қат­ты қате­ле­седі. Тең­ге – аме­ри­ка­лық пре­зи­дент­тер­дің суреті бар көк қағаз­дар­дың туындысы, ал Ұлт­тық банк қазір­гі күй­ін­де – елдің ең басты валю­та айыр­ба­стау пунк­ті, өйт­кені ұлт­тық валю­та­ның эмис­си­я­сын ол ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны қар­жы­лан­ды­руға деген қажет­тілік­ке қарап емес, шикі­зат ресур­ста­рын сату­дан елге түс­кен дол­лар ағы­ны­на бай­ла­ны­сты қояды. Ұлт­тық қор­дағы мұнай дол­лар­ла­рын жинақтай оты­рып, билік олар­ды шетел­дер­дің, бірін­ші кезек­те АҚШ пен Еуро­па­ның қар­жы­лық жағы­нан тұрақты мем­ле­кет­терінің қар­жы құрал­да­ры­на орна­ла­сты­ра­ды. Нәти­же­сін­де, бір жағы­нан, ұлт­тық бай­лы­қты сату­дан түс­кен пай­да­ның негіз­гі бөлі­гі азған­тай ғана пай­ы­з­бен өзгенің эко­но­ми­ка­сын қар­жы­лан­ды­руға кетіп жат­са, екін­ші жағы­нан – нақты сек­тор­дағы қар­жы тап­шы­лы­ғы жағ­дай­ын­да Ұлт­тық банк ел ішін­де­гі ақша жиы­ны­ның ұлға­юын жасан­ды түр­де шек­теп отырады.

Эко­но­ми­ка­ны дол­лар­лан­ды­ру мен неси­е­лер мөл­шер­ле­месінің жоға­ры болуы­ның негіз­гі себебі – Ұлт­тық банк­тің валю­та­лық басқа­руы­ның тап осы зиян­ды отар­лық моделін­де жатыр. Ол шикі­заттық емес сек­тор­дың, шағын және орта биз­не­стің дамуын тежеп отыр. Оның үстіне дағ­да­ры­сқа дей­ін отан­дық банк­тер қызы­қты­рып кел­ген және халы­қа­ра­лық капи­тал нары­қта­рын­да қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­дың бұры­нғы­сын­ша қызы­қты­ру­ды жалға­сты­рып келе жатқан қары­здық қар­жы­лай қара­жат­тар баға­сы шетел­дік құн­ды қағаз­дар­да орна­ла­сты­ры­ла­тын Ұлт­тық қор ресур­ста­ры­ның баға­сы­нан әлдеқай­да жоға­ры күй­ін­де қалу­да. Тек сол айыр­ма­ның кесірі­нен жыл сай­ын елден мил­лард­таған дол­лар шетел­ге жылы­стап кетіп жатыр.

Сон­ды­қтан қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның шикі­за­тқа тәу­ел­ділі­гі жағ­дай­ын­да және құры­лым­дық рефор­ма­лар­дың теже­луі жағ­дай­ын­да тең­ге­ге деген сенім­ді арт­ты­ру­дың жалғыз ғана тиім­ді тәсілі – Ұлт­тық банк­тің валю­та­лық басқа­руы­ның отар­лық жүй­есі­нен бас тар­тып, Қаза­қстан­ның шикі­заттық ресур­ста­рын ұлт­тық валю­та­мен сатуға бір­жо­ла көшу арқы­лы рет­те­ушінің неси­егер сая­са­тын АҚШ ФРЖ мен Еуро­па­лық орта­лық банк мыса­лы бой­ын­ша соңғы инстан­ци­яда жүр­гі­зуін­де. Тек сол ғана тең­генің отан­дық эко­но­ми­ка­дағы рөлін арт­ты­рып, инфля­ци­я­ны азай­туға, тең­гелік депо­зит­тер үлесін ұлғай­тып, ұлт­тық валю­та­дағы неси­е­лер құнын арзан­да­туға және нақты сек­тор­ды қар­жы-қара­жат­пен тол­ты­руға мүм­кін­дік береді. Нәти­же­сін­де бұл әдіс эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­руға және құры­лым­дық рефор­ма­лар­дың жетістік­ке жетуіне көмек­те­сетін болады.

Алай­да ол үшін сая­си ерік-жігер және тәу­ел­сіз эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты жүр­гізу­ге деген тал­пы­ныс қажет. Деген­мен, қазір ол іс жүзін­де мүм­кін емес, өйт­кені валю­та­лық басқа­ру сая­са­тын жүр­гі­зу кезін­де ком­пра­дор­лық класс пай­да бол­ды да, оның тағ­ды­ры, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік және сая­си мәр­те­бесі бұры­нғы бағы­ты­ның жалға­суы­на тіке­лей тәу­ел­ді болып отыр. Сон­ды­қтан да біздің қала­у­ы­мы­зға қара­ма­стан, тіп­ті Ұлт­тық банк бас­шы­сы­ның экс-кеңес­шісі ұсы­нған күр­делі шара­лар­ды қабыл­даған жағ­дай­да да, эко­но­ми­ка мен банк­тер­дің депо­зит­тік база­сы­ның дол­ларға тәу­ел­ділі­гі өзінің жоға­ры дең­гей­де қалуын жалғастырмақ.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн